Космостың Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін әсері ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып келген. Бүгінде бұл жаратылыстану ғылымдарында адамдар өмірінің космостық әсерлермен байланысы қарастырылып, есепке алынған.XX ғ. Алғашқы үштігі яғни орыстың әйгілі психиатры В.М. Бахтерев, геофизик П.П. Лазарев, биофизик А.Л.Чижевский әлеуметтік ортадағы қарым-қатынастың бізге берілетін әлемдік энергияның мөлшеріне байланысты екендігін айта келіп, "қоғамдық құбылыстардың геофизикалық және космостық құбылыстармен байланысын зерттеу, бізге адамзат қоғамының заңдарын ғылыми негізде зерттеуге мүмкіндік туғызады"- деді.
А.Л. Чижевский тарихи құбылыстардың топталу дәуiрі Күн әрекетінің максимум топталу кезеңіне сәйкес келеді дейді. Мысалы: Американың ашылуы, Англядағы, Ресейдегі революция және т.б. Бұл мәліметтер бізге космос әлеуметтендіру процесінің мегафакторы ретінде әсер ететінін дәлелдейді.
Планета, әлем - бұлар да әлеуметтендірудің мега факторы болып табылады. Планета - бұл, аспан денелерін білдіретін астрономиялық ұғым. Ең ірі планеталардың бірі болып табылатын Жерде тарихи даму процесінің нәтижесінде ондағы адамдардың әлеуметтік өмірінің әртүрлі формалары қалыптасты.
Әлем -бұл, біздің планетамыздағы адамдар қауымдастығының жиынтығын білдіретін әлеуметтік-саяси ұғым.
"Планета" және "әлем" түсініктері бір-бірімен өзара байланысты және өзара тәуелді.
Әлемнің даму процесі планетаның жағдайына әсер етеді. Бұл әсерлер, әсіресе XX ғасырда ауқымды планеталық- әлемдік прессалар мен проблемаларға көпшілікті ойландыра бастады. Олар экологиялық, экономикалық, демографиялық, әскери-саяси проблемалар. Бұл проблемалар жасөспірімдерді әлеуметтендіруде өз ықпалын тигізді. Мысалы, Жер шарындағы атомдық қаруды қолданудың қауіп тудыруы және т.б.
Макрофактор (макро-үлкен деген мағынаны бiлдiредi), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттiң әлеуметтенуге әсерiн түсiнемiз. Ел-бұл, мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін. Бір елдің құрамында бірнеше кішкентай мемлекеттер болуы мүмкін.
Табиғи-климаттық жағдай адамдардың өмірі мен әлеуметтенуіне тікелей және қосалқы әсер етеді. Географиялық және климаттық жағдай елдегі адамдардың пайда болған қиыншылықтар мен қайшылықтарды жеңе білуге немесе жеңілділіктерге бейімделуге мәжбүр етеді.
Мишель Монтень : "адамдар өздері өмір сүйетін ортаның климатына байланысты азды-көпті жауынгер, азды-көпті ғылымға, өнерге бейімді болады",-деген. Географиялық жағдай мен ауа райы адамдардың орналасу тығыздығы мен баланың туылуына да әсер етеді. Мысалы, екі аралда өмір сүретін Куба мен Исландия елдерінің территория ауданы бірдей болғанымен, адамдар саны әр түрлі. Кубада адамдар саны Исландиялықтарға қарағанда 20 есе көп. Өйткенi, климаттық жағдай елдегі адамдар денсаулығына да әсер етеді.
Этнос-бұл, тұрақты мәдени ерекшеліктері бар, ұлттық сана мен мінезі, менталитеті бар тарихи қалыптасқан адамдар тобы. Мінез-құлқы мен психикасының ерекшеліктері адамдардың этникалық болмысына сай екі құрамдас бөлімнен тұрады. Олар: биологиялық және әлеуметтік-мәдени.
Биологиялық ерекшелік халықтың көптеген жылдар көлеміндегі өміріндегі жағдайлар нәтижесінде қалыптасады. Ғасырлар бойы халықтар белгілі бір ауа-райына бейiмделедi, ауыл шаруашылығының белгілі бір түрін кәсіп етуге дағдыланады.
Этнос, ұлт-тарихи-әлеуметтік-мәдени құбылыс. Менталитет - бұл, белгілі бір табиғи-климаттық және тарихи-мәдени жағдайдағы адамдар тобына тән ұжымдық көзқарастарының деңгейі мен рухани байлығы. Этностың менталитеті қоршаған ортаны көре білу қабілеті мен қабылдай білу қабілетін анықтайды.
Ұлттық менталитеттің адамның әлеуметтену процесіне әсерi қай жағынан болсын өте жоғары. Әсіресе ұлттық менталитеттің отбасы тәрбиесіне әсері ерекше. Зерттеулер бойынша отбасы құруда жастардың шешімінен бұрын ата-ана рұқсаты керек пе дегенде 80% өзбектер, керек деп жауап берсе, эстондықтардың 80%-i керек емес деп жауап береді. Бұл ұлт менталитетінің бірдей ситуацияға көзқарасы мен оны қабылдай білу ерекшелігінiң бiрдей емес екендiгiн көрсетіп отыр. Менталитеттің тәрбиеге әсері де ерекше, әр ұлт өз еркшелігі арқылы тәрбие мақсатын жүзеге асырады.
Қоғам-саяси-әлеуметтік түсінік. Ол еліміздегі адамдардың өзара әлеуметтік қарым-қатынасының, отбасының құрылымының, әлеуметтік, жас ерекшеліктің, кәсіби және т.б. реалды топтардың жиынтығы арқылы сипатталады.Қоғамдағы саяси идеология мен заңдар, өмір сүру ережелері және т.б. әлеуметтендіруге үлкен ықпалын тигізіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |