Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет38/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Экономикалық жағдайымыз да әлеуметтендіру процесінің бір көзі болып табылады. Өмір деңгейі- адамдардың (халықтың) мәдени және материалдық сұраныстарын қамтамасыз ету дәрежесімен сипатталады. Оған тамақтанудан бастап, киім, құрал-саймандар, қозғалыс құралдары (машина) жатады.Сондай - ақ, тәрбие процесінің өзіде әдеуметтендірудің бір көзі болып табылады.
Тәрбие әлеметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы қызметті қамтиды. Олар мыналар:

  • мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы ғана жүзеге асырылады;

  • қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәдениетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету арқылы жүзеге асыру;

  • қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс -әрекетін және талпынысын иинтеграциялау.

3. Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз -бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәні өте зор баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы.
Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады:

  • жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер)

  • даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).

Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі нәрселерден тұрады:
-морфологиялық белгілері (сыртқы бейнесінің ерекшеліктері);
-функционалды ерекшеліктер (мысалы, қан тобы); -адамға тән бейімділіктер (тік жүріп-қозғалу, сөйлеу қабілетінің дамуы, ойлау, еңбек ету қабілеті т.б.);
-жүйке қызметінің түрі (жүйке процестерінің күші, олардың қозуы мен тежелуі, шапшаңдық-ширақтылық);
-әрекеттіліктің қандай да бір түрінің анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер;
-есту мүшелері, ойлау құрылымы, сезім мүшелері құрылысындағы ерекшеліктер т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет