Білімді бақылауға арналған сұрақтар
1)"Дүниетаным" ұғымының мазмұнын ашыңыз.
2)Дүниетаным құрылымы қандай?
3)Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасу ерекшеліктерін сипаттаңыз.
4)Дүниетаным құрылымындағы сенімнің орнын анықтаңыз.
5)Дүниетанымның қалыптасуының негізгі заңдылықтарын сипаттаңыз.
6)Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс-әрекеті арасында қандай байланыс бар?
7)Адамның сенімі мен оның өмір салты арасында қандай байланыс бар?
8)Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасуына іс-әрекетінің әсері қандай? Оқушының іс-әрекетінің негізгі түрлері қандай?
11-тақырып. Тұтас педагогикалық үдерістегі тәрбиенің мәні мен мазмұны
14 дәріс.
1. Тәрбие – тұтас педагогикалық үдерістің бөлігі.
2. Тәрбиенің мақсаты, міндеттері мен мазмұнының өзара байланысы.
3. ТПҮ-дегі тәрбие түрлерінің өзара байланысы
12-тақырып. Тәрбиенің құралдары мен формалары
15 дәріс.
1. ТПҮ қозғаушы тетіктері ретінде тәрбиенің құралдары, формалары, әдістері туралы түсінік, олардың өзара байланысы мен бір-біріне тәуелділігі.
2. Оқушылармен тәрбиелік жұмыс формаларының негізгі топтары.
Тәрбиенің формалары мен әдістері туралы түсінік. Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары және әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялық пен әлеуметтіктің (тұқымқуалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бүл ретте әртүрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тқсілдері дегеніміз жеке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық ироцесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) жқне осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оку-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
-қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
-тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы;
-таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.);
-оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы медагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістердің сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуына байланысты өз ерекшеліктері бар. Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, оқуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас, еңбек т.б.) қолданылады. Әртүрлі іс-әрекетгі қолданғанда ғана жеке тұлғаға толығымен әсер етуге болады. Оқу-танымдық іс-әрекетгі ұйымдастырудың әдістері мен формалары ойын, өнер мен қарым-қатынас қоса жүзеге асырылуы тиіс. Ұжымдық танымдық-іс-әрекетін мұғалім мен оқушының ғана емес, сондай-ақ оқушылардың өзара қарым-қатынасы ретінде қарастыруға болады.
Оку әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяңдамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұқбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Сабақ — оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оку пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |