Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет72/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Жалпы орта білім мазмүны
Жалпы білім беретін оқу орындарында жалпы орта білім кезең - кезеңмен үш сатыда меңгеріледі:

  • нормативтік оқу мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш сатысы (1-4-сыныптар);

  • нормативтік оқу мерзімі 5 жыл болатын оқытудың негізі сатысы (5-9-сыныптар);

  • нормативтік оқу мерзімі 2 жыл болатын оқытудың жоғарғы сатысы (10-11- сыныптар).

Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары
1 Базистік оқу жоспары білім салалары пен пәндер бойынша
оқушылардың оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемін, білім салалары мен оқу
пәндерінің құрамын, сыныптар мен оқу сатылары бойынша білім мазмұнын
меңгеруге жұмсалатын уақыт мөлшерін анықтайтын нормативтерді
тағайындайды.
2 Базистік оқу жоспары білім мазмұнының инварианты және
вариативті (мектеп, оқушы) компоненттерге бөлінуі есебінен оны қалыптастыру
бойынша жалпы білім беретін оқу орнының және білім беру саласындағы
орталық атқару органдары өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін белгілейді.
Базистік оқу жоспарында басқару ұйымдары мен оқу орындары анықтайтын білім мазмүнының көлемі (сағат санымен) ерекшеленіп көрсетілген.
3.Базистік оқу жоспарының инвариантты бөлігі жалпы орта білімнің
базалық компонентін құрайды. Инвариантты бөлік оқушыларды жалпы мәдени
және ұлттық мәнді құндылықтармен таныстырады, олардың бойында қоғамдық
мұраттарға (барлық оқушылар үшін міндетті сабақтар) сәйкес келетін жеке
тұлғалық сапаларды қалыптастырады.
4. Базистік оқу жоспарының базалық (инвариантты) бөлігі- әр сатыдағы
жалпы орта білім мазмұнының базалық компонентінің құрамы мен құрылымын сипаттайтын оқу жүктемесінің бөлігі.
Базистік оқу жоспарының базалық бөлігіндегі пәндер оқушыларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтармен таныстыруды көздейді, сол арқылы жеке тұлғаның қалыптасуына және дамуына жағдай туғызады.
5.Жалпы орта білім мазмүнының инвариантты бөлігіне бастауыш саты
деңгейінде "Филология", "Математика", "Жаратылыстану және қоғамдық",
"Өнер","Технология", "Дене шынықтыру" деп аталатын алты білім саласы енеді.
6.Базистік оқу жоспарының вариативті (жылжымалы) бөлігі жалпы
орта білімнің мектеп және оқушы компоненттерін ескереді. Жалпы орта білім
мазмүнының вариативті бөлігі оқушылар дамуының жеке тұлғалық сипатын
қамтамасыз етеді, олардың өзіндік ерекшеліктерін, оқушылар мен олардың ата-
аналарының білімдік сұраныстарын ескеруге мүмкіндік береді.
Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігі жалпы білім беретін оқу орындарына оқушылардың мүддесі мен қабілеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жалпы орта білім мазмұнының көлемін өздері анықтайтындай мүмкіндіктер туғызады.
Білім берудің мемлекеттік стандарттың мазмұнында:

  1. Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспары

  2. Жалпы орта білім беретін оқу орындары оқушыларының дайындық
    деңгейлеріне қойылатын талаптар

  3. Жалпы орта білім беру сатылары туралы құжаттар

4.Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттарының сақтаулын бақылау.
5. Жалпы білім беретін оқу орындарының базистік оқу жоспарын қаржыландыру
Білім берудің мемлекеттік стандарттарының негізгі қызметтері-азаматтардың толық білім алуы мен оның сапасын жоғарлатуы, Республикадағы оқыту кеңістігі бірлігі қызметтерін сақтау, білімнің гумандық қызметтері және оны басқару болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет