Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Білім берудің мемлекеттік стандарттары



бет71/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Білім берудің мемлекеттік стандарттары.
Оқу орындарындағы ең маңызды нормативті құжаттардың бірі-білім берудің мемлекеттік стандарттары болып табылады, солардың негізінде жалпы және кәсіптік білім беру бағдарламалары жасалады. Стандарттар білім беру мекемелерінің барлық түріне міндетті болып саналатын және білім беру ісінің әрбір деңгейінің мазмұнына қойылатын талаптарды, оқушылар мен тәрбиеленушілердің оқыту жүктемелерінің көлемін, білім сапасын тексеретін мемлекеттік бақылау орындарының ережелерін, оқу бағдарламаларының орындалғанын дәлелдейтін құжаттарды анықтайды. Мысалы, Қазақстан Республикаындағы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарттарының мазмұнына әлем туралы (әлем туралы әдеби көркем, аңыз және басқа да ғылыми білімдер элементтері); қызмет түрлері туралы (ойын, т.б,) білімдерді оқушы меңгеруі тиіс.
Стандарт мектеп түлектерінің білім деңгейіне мемлекеттің қоятын минимум талаптарын және оған жетудегі мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды. Қазақстан Республикасы Ата Заңының 30-бабының 4-параграфында : "Мемлекет жалпы білім беру стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орындарының қызметі осы стандартқа сәйкес болуы тиіс" деп көрсетілген. Мемлекеттік стандарт жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім беру ұйымдарында олардың меншіктік түріне және типіне тәуелсіз сақталуы міндетті. Стандартты енгізудің негізгі мақсаты- қоғам сұраныстары мен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес азаматтар білімділігінің орнықты деңгейін қолдау, барлық оқу- тәрбие орындарында білім алуға тең жағдайларды қамтамасыз ету, мектеп түлектерінің білімі мен біліктеріне бірдей талаптар тағайындау.
Мемлекеттік стандарттың негізгі компоненттерінің бірі- базистік оқу жоспары (БОЖ), ол оқыту тілдері әр түрлі мектептердің барлық сатылары үшін типтік жоспарлар жасауға негіз болатын нормативтер кешенін анықтайды. БОЖ мектеп құрылымы туралы, оқу пәндерінің минимал жиынтығы, мазмұндық толымдылық және оқыту жылдары бойынша білім салаларының өзара қатынасы туралы түсінік береді, әрбір пән бойынша минимум оқу жүктемелерін көрсетеді.Онда инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдер ерекшеленеді. БОЖ- ның инвариантты өзегі жеті білім саласынан тұратын мемлекеттік компоненті құрайды: "Филология", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану",''Өнер", "Технология", "Дене шынықтыру". Пәндер бойынша оқу жүктемелерінің көлемін анықтау барысында бүл стандартта әрбір білім саласы ұсынылуының орташа әдемдік мәні ескерілді.
Вариативті бөлік арқылы мектеп компоненті жүзеге асырылады, ол білім беруде демократияландыру ұстанымдарын жүзеге асыруға ықпал етеді, педагогтардың шығармашылық әлеуметтерінің көрінуіне мүмкіндіктер туғызады, оқушыларға қосымша білім беру бағдарламанын таңдауға қүқық береді. БОЖ- ның оқушы компоненті білім алу процесін даралауға, оқуды мотивациялауды дамытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен білім стандарты білім беру мүмкіндіктерін жүзеге асыруға кепілдіктер бере отырып, оқытудың әдістері мен түрлерінің мазмұнын рәсімдемейді, оқу материалының құрамы мен көлеміне қатаң талап қоймайды. Ол өз ішінде сан алуан білім модельдерді жүзеге асуы мүмкін шектерді ғана көрсетеді.
Еліміздегі ең алғашқы білім беру стандарты 1998 жылы дайындалады. Оны жетілдіру білім беру сапасын көтеру қажеттілігінен, өзгермелі әлеуметтік жағдайларға білім мазмүнын сәйкестендіруден туындап отыр. Стандартты қайта өңдеп, жетілдіру қажеттілігінің басты негіздемесі - демократияландыру, ізгілендіру және интеграциялау негізінде Қазақстандағы білім беру сапасын әлемдік деңгейге неғұрлым жақындату болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет