Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді



бет73/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Білім берудің мемлекеттік стандарттары төмендегідей талаптарға жауап береді:
-білім алушылардың мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін, жалпы мәдени ортаның жағдайын ескеру;
-нәтижесін дұрыс мөлшерлеу;
-білім беру салаларының және сатыларының сабақтастық стандарттарының ережелерін бұзбау;
-жеке тұлғаны дамыту міндеттеріне сәйкес әрбір мектеп сатыларының ерекшеліктерін ескере отырып, білім мазмұнымен қамтамасыз ету;
-білім мазмұнының оңтайлы түрін көрсету;
-оқушы жастардың қызығушылығы мен бейімділігіне сәйкес мемлекеттің, аймақтық, мектептердің білім мазмұнын көрсету,
-мектеп оқушыларының оқу жүктемесін мөлшерлеуге көмектесу;
-тексеру жағдайында жылдам қызмет көрсету;
Білім беру стандарттары оқу жоспарлары мен бағдарламаларын негізге алады. Оқу жоспарлары белгілі бір оқу орындарында оқытылатын оқу пәндерінің құрамын оларды оқыту барысы мен ретін, әрбір пәнге берілген сағат санын (әрбір оқу пәніне бөлінетін апталық сағат саны) анықтайды. Базалық оқу жоспары барлық оқушы жастар үшін ұсынылатын міндетті мемлекеттік білім беру стандартының негізгі деңгейі болып табылады. Бұл орайда мектегі бағдарламасының басқа да (вариативный) түрлері көрсетіледі, ол кейбір мектептерде оқу жоспарының өзгеше түрін құрастыруға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы білім берудің мемлекеттік стандартында вариативті (өзгеше) оқу жоспары үшін мынадай сағаттар қарастырылған:
-тандаған сабағы бойынша: бірінші сыныптар үшін аптасына 2 сағат және екінші-төртінші сыныптар үшін аптасына 3 сағат;
-факультативтер: 5-9 сыныптар үшін аптасына 5 сағат;
-кәсіби пәндер: 10-11 сыныптар үшін аптасына 8 сағат,
-қолөнер курстары: 10-11 сыныптарға аптасына 4 сағат,
-тандауы бойынша курстар: 10-11 сыныптарда аптасына
5 сағат.
Білім мазмұны оқушы жастардың алуға тиісті білімі, дағдылары оқу бағдарламасында көрсетілген оқу жоспарына сәйкес анықталады. Оқу бағдрламасында әрбір пәннің мақсаты мен міндеттері; пәннің сипаты мен құрылысы және пәнаралықбайланысы; оның мазмұнының бірізділігі көрсетіледі. Оқу бағдарламаларының құрылымы негізінен екі түрге бөлінеді. Бағдарламада әр жылдарда оқу пәндерінің кейбір бөлімдерін (күрделі әрі жоғары деңгейде) қайталап оқу көзделеді. Бағдарламаның бұл түрі тек оқушы жастар оқуларын сол оқу орындарында аяқталған жағдайда ғана нәтижелі болады. Оқуларын жалғастырған күрделі деңгейде қайта оқиды. Алайда бағдарламаның бұл түрінде уақыт жағынан ұтылады. Бағдарламаның екіші түрі сызықтық болып келеді яғни, тақырыптар бірін-бірі жалғастырып, оқу материалында қайталау болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет