Қазақ мәдениетіндегі «құт» ұғымының аксиологиялық мәні мен мазмұны
Ортағасырлық түркі философиядағы «бақыт» ұғымы «ырыс», «береке» түсініктерімен қатар «құт» сөзі арқылы беріледі.
Қашқари өзінің «Сөздігінде» оны ешқандай тәржімесіз береді: «Құт-құт, бақ-дәулет». Махмұт Қашқариде «құт» – бақыт сөзінің тек бір қырын ғана ашып отырғандығы, бірақ оны тек Тәңір беретіндігі айтылады.
Жалпы құт ұғымының мәні мен мазмұны көпжақты: ол рухты немесе жанды, мүмкіндік пен өмірлік күшті, байлық пен игілікті де білдіреді.
Қазақ мақал-мәтелдегі «құт» ұғымы
«Құр жатқан - Тәңірдің құтынан қағылады»,
«Қонақ келсе - құт келеді»,
«Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің - бір ісі артық»
Қоғамдағы рухани құндылықтар ішінен әл-Фараби «ізгі қасиет» феноменін ерекше атап көрсетеді
«Ізгі қасиеттің екі түрі болады –этикалық және интеллектуалдық.
Интеллектуалдық ізгі қасиет – ақыл-парасатқа жатады, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық.
Этикалық ізгі қасиет – жанның ұмтылысына байланысты, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік»
Абу Насыр ибн
Мухаммед әл-Фараби
(870-950)
«Қайырымды
қаланың тұрғындары туралы трактат»
Фәлсафа дәстүріндегі этикалық өлшем
Фарабидің этикалық құндылықтар туралы ілімі
Әл Фараби құндылықтар әлемін қайырымды қаладан іздейді: «өзара көмектесу мақсатын қойған қала қайырымды қала болып табылады…»
Әл Фарабидің қайырымды қала туралы ілімі
Барлық қалалардағы бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын болса, бүкіл жер жүзі осылайша қайырымды болмақ»
Жүсіп Баласағұнның пікірінше, төрт құндылық– әділет, дәулет, қанағат, ақыл бір -бірімен үндескен жағдайда ғана ел бақытқа жетеді
Достарыңызбен бөлісу: |