Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет10/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. 1830 ж. шілде монархиясы
2. ХІХ-ХХ ғасырлар ауқымындағы экономикалық дамудағы қиыншылықтар
3. Үшінші республиканың конституциясы (1875)
4. Францияның франко-прусс соғысынан кейінгі сыртқы саясаты.
5. Әскери мемлекеттік-монополистік капитализм
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1.Новая история стран Европы и Америки. Первый период. Учебник. В.Н.Виноградов, А.М.Зверев, Т.М.Исмаилов и др.; Под ред. Е.Е. Юровской и М.М. Кривогуза. М., Высш.школа. 1998.- 316с.
2. Новая история стран Европы и Америки. Учеб. для вузов/ И.М. Кривогуза, В.Н.Виноградов Н.М. Гусева и др. Под ред И.М. Кривогуза. – 3-е изд, испр, М.: Дрофа, 2003- 912с.:
3.Жаңа заман кезеңіндегі халықаралық қатынастар тарихы. 1640-1918жж. І бөлім. Оқулық/ Қ.И. Байзакованың жалпы редакциясымен. –Алматы: Қазақ университеті, 2006. -288б.
Қосымша:
1. Итенберг Б.С. Россия и Парижская Коммуна М., 1971
2.Любина Г.Н. Россия и Франция М., 1996
3.Шури М. Коммуна в сердце Парижа. По не изданным документам архива префектуры коалиций, документам Национального архива. Военно-исторического архива и неопубликованным источникам М., 1970


Лекция 10 Герман мемлекеттері. Германия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Елдің бірігуінің аяқталуы жене Герман империясының құрылуы.
2."Темір канцлер" О.Бисмарк


Вена конгресі шешімімен 1815 жылы құрамында 34 тәуелсіз мемлекет 4 еркін қаласы бар /Бремен, Гамбург, Любек, Франкфурт-на-Майне/ Герман одағы құрылды. Гонновер, Гольштейн, Люксембург билеушісі ретінде одаққа Англия. Дания, Нидерланд корольдары мүше танылды. Австрия мен Пруссия одағы ірі мемлекеттер саналғанымен олардың территориясының бір бөлігі одаққа кірмеуі Германияны біріктіру жолында қиындықтар туғызды. Герман одағы ортақ байланысы жоқ, мемлекеттердін конфедерациясы болды. Бұларды тек неміс екендігі байланыстырды. Одақтың жоғарғы орғаны Одақтық, жиналыс Франкфурт-на-Майнеда мемлекет басшысы өкілдері жиналды. Одақтық жиналыстың тұрақты председателі Австрия өкілі болды. Германияны біріктіруге қадам жасалғанымен, Германияны біріктіру мәселесі шешілмеді.
1858 жылы Солтүстік және орталық Германияның буржуазиялық - либералдықк, қозгалысы Ұлттық, одаққа бірігіп, Германияны Австриясыз біріктіру "Кішігермандық" программасын қабылдады. Пруссия сайлау арқылы жалпыгермандық парламент кұруға шақырды. Герман одағын Австриясыз біріктіру идеясына Австрия қарсы болып, 1866 жылдың 14 шілдесінде Одақ жиналысында Пруссияға карсы одақ, әскерін құруға шақырды. Герман одағындағы мемлекеттер Австрияны қолдады.
Австрия-Прусс соғысы Пруссияның жеңуімен аяқталғаннан соң, 1866 жылы август айының соңында 22 неміс мемлекеті Пруссиямен солтүстік герман одағын құрды. Екі айдың ішінде одақ, конституциясы жасалып, жалпыхалықтық сайлауда сайланған құрылтай жиналысы конституцияны бекітті. 1867ж. 1 июльде күшіне енген конституция бойынша Солтүстік герман одағының басында президент отырды. Ол - Пруссия королі болды. Рейхстаг депутаттарының саны - 297 адам. Пруссия жер көлемі мен халық саны жағынан үлкен болғандыктан депутаттардың басым бөлігі пруссиялыктар болды. Бұл Солтүстік герман одағында пруссиялықтардын гегомондығын бекітіп берді.
1862 жылы Пруссияның канцлері болып келген Бисмарктың келесі міндеті Австрияны жеңіп, оның Германиядағы ықпалын жою болды. Бұл міндетті орындауға прусс армиясының қуаты жетерлік еді. 1866 жылы Италиямен болған құпия одақ туралы келісім Австрияға карсы бағытталды. Австрияға қарсы күресте көрсетер көмегі үшін Италияға Венеция берілетін болды.
Австрия-Пруссия соғысы кезінде Францияның бейтараптығын қамтамасыз ету үшін. Бисмарк Наполеон ІІІ Францияға Белъгияны бөліктерімен Рейн өзенінің сол жағасындағы басқада жерлерді қосып алуына кедергі жасамайтындығын білдірді. Француз императоры бұл ұсынысты кабыл алды.
1866 жылдың көктемінде Бисмарк Австриядан Герман одағына түпкі реформа жүргізуге келісім беруін талап етті. Керек жауабын ала алмаған Пруссия маусым айында өз әскерлерін Гольштейнге қарай жылжытты. Герман одағын Австриясыз біріктіру идеясына Австрия қарсы болып, 1866 жылдың 14 шілдесінде Одақ жиналысында Пруссияға қарсы одақ әскерін құруға шақырды.
Бұл жолы Пруссияға ешқандай ұлы мемлекеттер кедергі жасай алмады. Дегенмен Австрия-Пруссия соғысы Германияны біріктірудегі қадамдардың бірі еді. Германияны біріктіру жолындағы және бір кедергі Европаның орталығында күшті мемлекеттің орнауын қаламаған Франция болатын. 1870-1871ж.ж. Франк-Прусс соғысымен Пруссияның басшылығымен Герман империясын құрудағы соңғы кедергі жойылды. Соғыста жеңілген Франциямен бейбіт келісімге қол қойылғаннан сон, 1871 жылдың 18 қаңтарында Версаль сарайының айналы залында Біріккен Германия империясы жарияланды.
О. Бисмарк үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты Герман империясының алғашқы канцлері Отто фон Бисмарк. /1815-1898/ Ол 90 жылдарға дейін прусстық ландтаг және империя рейхстағына өз ықпалын жүргізе алды. Бисмарк оппозицияны жек көрді, мейлі ол консерватор-юнкерлік, либерал-буржуазиялық, католиктік болсын барынша қарсы шықты.
Бисмарк милитаризмге сүйеніп, дипломатияны шебер пайдаланды. Ол прусстық юнксрлердің мүддесін қорғау үшін, ірі жер аристократиясының сақтап қалу үшін, ірі буржуазияға сүйену қажет екендігін ұқты. Германияда юнкерлік-буржуазиялық империялизмнің қалыптасуы прусстық-юнкерлік монархияның ірі буржуазия мүддесімен экономикалық, саяси мақсаттарының жақындығынан, одақтасуынан туындаған еді.
Отто фон Бисмарк "железный канцлер" атағын бекер алмады. Ол қарсылардың бір жағына саяси, полициялық соққы берді, екіншілеріне экономикалық жеңілдіктер берді, оппозицияның өз ішіне жік салып, бір-біріне айдап салды.
Бисмарк католиктік дінді прусстық-юнкерлік саясатқа бағындыруға тырысты, зандарды орындамағандарын елден қудырды, жазалады. Германияның ХІХғ. 70-80 жылдарындағы сыртқы саясатының негізгі мақсаты-Германия империясының Европа континентінде позициясын нығайту еді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет