Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет21/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
америка европа лекция

Бақылау сұрақтары:
1. Үшінші республиканың саяси жүйесі мен блоктық стратегиясының қалыптасуы
2. "Партиядан тыс" үкіметтердің дағдарысқа қарсы саясаты және экономиканы мемлекеттік реттеу идеясы
3. Халықтық майдан козғалысының мәні жене бағдарламасы
4. Соғыс карсаңындағы Францияның сыртқы саясаты
Әдебиеттер тізімі:
Негізгі:
1. Новейшая история стран Европы и Америки. Под ред. А. М. Родригеса. Часть 3. М., 2001.
2. Новейшая история стран Европы и Америки. В.В. Александров. М.,1986.
3. Новейшая история зарубежных стран. Европа и Америка. Часть: 1-2.М.,1993
4.История новейшего времени стран Европы и Америки (1918–1945). М., 1984.
5. Язьков В.Ф. История стран Европы и Америки в новейшее время (1918–1945): Курс лекции. М., 1998.
6. Кредер А.А. Новейшая история ХХ века. М., 2000.
7. Новейшая история отечества: В 2-х томах. Т. 1, 2. М., 1999.
Қосымша:
1. Всемирная история. 1961-1983. М., Т-8-13.
2. Смирнов В.П. Новейшая история Франции. 1918–1975. М., 1979.
3. Франция. М., 1982.


Лекция 21 Италия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италияның әлеуметтік-экономикалық жене саяси жағдайы
2.Италия фашистеріңің бағдарламасы мен идеялары. Б.Муссолини

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстан Италия жеңген ел қатарында шықты. Италия соғыста өзiнiң негiзгi бақталасы Австрия-Венгрияға соққы бердi. Соғыста жеңген ел қатарында шыққанымен, Версаль бiтiмiнде Франция мен Ұлыбритания Италияға толық еркiндiк бермедi. Бiрақ та соғыста жеңген ел ретiндегі Италия қозғалысында ұлы держа-валық саясат үстем болды. Италия буржуазиясы Балқан түбегiнде және Жерорта теңiзiнде өзiнiң үстемдiк саясатын жүргiзудi көздеген едi. Балқан түбегiнде Антанта елдерi Ита-лияның емес, Сербияның үстемдiгiн қолдады. Бiрiншi дүниежү-зiлiк соғыс Италия буржуазиясын саяси дағдарысқа әкелдi. Ұлы держава құру идеясы iс жүзiне аспады. Франция мен Ұлыбри-тания жеңген ел ретiнде өздерiнiң Еуропадағы билiгiн нығайту үшiн Италия буржуазиясын менсiнгiсi келмедi. Италияда ұлы державалық ойды жүзеге асыру үшiн күрес жүргiзетiн буржуазиялық саяси партиялар жоқ болды.


1922 жылы Неаполь қаласында өткен фашистер съезiнде, үкiметке ашық ультиматум қойды. Фашистер әскерлерін мобилизация жасады. Сөйтiп, Неаполь қаласынан Римге жорық ұйымдастыруға кiрiстi. Үкiмет амалсыздан отставкаға кетуге мәжбүр болды. Италияда төтенше жағдай жарияланды. Король үкiметтiң кетуiн қолдамай, Муссолинидi шақырып, үкiмет құруға шақырды. 1922 жылдың 22 қазанда фашистiк отряд салтанатты түрде Рим қаласына келiп, Муссолини үкiмет басына отырды. Италияда фашистiк диктатура орнады. Еуропада тұңғыш рет фашизм үкiмет басына келдi. Италияда соғыстан кейiнгi либералдық-парламенттiк жүйе тарады. Саяси дағдарыс, революциялық күштердiң жеңiлуi, антифашистiк қозғалыстың әлсiздiгi, Италия буржуазиясының фашизмдi қолдауы, Италияда демократияның жеңiлiс табуына әкелдi.
Италиядағы «Маттеотти дағдарысы». Италияда фашистiк диктатураның құрылуы, буржуазиялық демократияның кейбiр басқару жүйесiнiң уақытша сақталуына әкелдi. Парламент сақталды, саяси партиялар ашық жұмыс iстедi. Муссолини үкiметi құрамында либералдар да сақталды. Бiрақ та фашистiк диктатура бiртiндеп өзiнiң саяси құрылымын өз қолдарына ала бастады. 1923 жылы жаңадан сайлау реформасын жүргiздi. Бұрынғы демократиялық сайлау орнына, мажоритарлық жүйесiн енгiздi. Сайлауда 25% дауыс алған партия депутаттардың орнын қамтамасыз ете алатын болды
Италия парламентiнiң орнына құрылған Үлкен фашистiк кеңес (ҮФК) заң шығарушы институтқа айналды. Оның төрағасы Муссолини болып тағайындалды. 1923 жылы Ұлттық қауiпсiздiк милиция – ерекше фашистiк қарулы ұйымға айналды. Олардың мүшелерi Корольге және Муссолиниге таза жұмыс атқаруға уәде бердi. Жергiлiктi басқару жүйесi префект әкiмшiлiгiнде фашистiк партия өз бақылауын орнатты.
1924 жылы сәуiр айының 6-ы күнi Италияда парламент сайлауы болды. Сайлау мажоритарлық жүйе арқылы өткiзiлiп фашистiк партия депутаттардың орнын алды. Оппозициялық партиялар орынға ие болды. Алғашқы парламент отырысында унитарлық социалистiк партиясының депутаты Джакомо Маттеоти сайлау қорытындысын қатты сынға алып, фашистердiң террорлық жолмен жеңiске жетiп отырғанын дәлелдеп сөз сөйледi. Бұл оның соңғы сөзi едi, оны 1924 жылы маусым айының 10-ы күнi көшеде кетiп бара жатқан жерiнен ұстап алып, өлтiрiп тастады. Маттеотидың өлтiрiлуi елде саяси дағдарысты тереңдеттi. Антифашистiк қозғалыс кең етек алды. Парламенттегi оппозициялық партиялар депутаттары шығып кетiп, бөлек Авентиндiк блок құрды. Ежелгi Римдегi плебей топтары кезiнде патрицийлерге қарсы болып, Авентин жотасында жиналып, содан өздерiн авентиндер деп атаған едi. Авентин блогы антифашистiк қозғалыстың орталығына айналды. Бiрақ та Авентин блогын социалистiк партияның оң қанаты қолдамады.
Италияның саяси дамуына айтарлықтай ықпал жасайтын жағдай мемлекет пен Ватикан арасындағы қатынас едi. 1929 жылы Италияның фашистiк үкiметiмен Ватикан арасындағы Латеран сарайында келiсiм болды.
Бұл келiсiм бойынша: 1. Рим папасы Италия үкiметiнен алатын 1750 млн лир компенсациясынан бас тартты. 2. Италия үкiметi Ватиканның тәуелсiздiгiн мойындап, қасиеттi Петр шiркеу айналасындағы ауданды мойындады. 3. Ватикан шiркеуi-нiң жанұя және неке мәселесiнде толық еркiндiгiн мойындады. Мектептерде католик шiркеуi өз ықпалын жүргiзуге келiсiм алды.
Италияның фашистiк диктатурасы бұл келiсiм арқылы өз идеологиясында католик ықпалын қалыптастырды. Мұның Италия қоғамы үшiн маңызы өте зор болды.
Италияда фашистiк үкiмет орнағаннан кейiн-ақ, сыртқы саясатта ұлтшылдық бағыт ұстады. Муссолини үкiметi жерорта теңiзiнде үстемдiк орнату, Балқан түбегiндегi елдерге ықпал жасау саясатын iске асыру үшiн күрестi. 1924 жылы Италия мен Югославия арасындағы келiсiм бойынша Фиум аралын өзiне қайтарды. 1924 жылы қаңтар айында Италия Кеңестiк Ресейдi мойындап, елшiлiк қатынас орнатты.
30-жылдары Италия сыртқы саясатта империалистiк бағытты ашық жүргiзе бастады. Ел экономикасының тез дамуы жаңа соғысқа дайындалу үшiн қару-жарақтың жаңа түрлерiн шыға-рып, қарулануға мүмкіндік туғызды. Италияда фашистiк үкiмет соғысқа дайындалуды негiзгi мақсат етіп қойды, империялық көзқарас идеологияның негiзгi үгiт-насихатына айналды.
Мемлекеттiк аппарат ұлы державалық сыртқы саясатты жүзеге асыру үшiн жұмыс iстедi. 1933 жылы Муссолини елдегi әскери басшылықты өз қолына алды. Халықты соғысқа дайындап, жаппай қарулану күн тәртiбiне қойылды. Тiптi 1934 жылы Муссолини Аветрияны жаулап алуға дайындалды. 1934 жылдың соңында стратегиялық маңызы зор, Африкадағы Эфиопия елiн жаулап алуға дайындық жүргiзе бастады. Франция мен Германия арасындағы келiспеушiлiктi пайдаланып, 1935 жылы қаңтар айында Италия мен Франция арасында жасырын келiсiмге қол қойылып, Франция үкiметi Италияның Эфиопияны жаулап алу ойын қолдап, сенiм бiлдiрдi. 1935 жылы қазан айының 3-і күнi 500 мың әскерiмен Италия Эфиопияға соғыс жарияламастан шабуыл жасады. Италия – Эфиопия соғысы басталды. Италия өзiнiң агрессиялық саясатын тұңғыш рет жүзеге асырды. Әскери күш жағынан Эфиопиядан бiрнеше есе көп әскерiмен 1936 жылы ол елді жаулап алды. 1936 жылы мамыр айының 9-ы күнi Муссолини Италияның Эфиопияны толық басып алып жеңiске жеткендiгiн Венециан сарайының балконынан халыққа жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет