Лекция: 20 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ : 64 Барлық сағат саны : 90 Аралық бақылаулар саны:



бет11/17
Дата24.02.2016
өлшемі1.64 Mb.
#16289
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

3. Саяси әрекеттер сипаттамасы. САЯСИ ҚЫЗМЕТ - саяси қаты-настарды өзгертуге немесе оны сақтауға бағытталған белсенділік түрі. Саяси қыз-мет қүрылымы: субъект (жеке түлға, әлеуметтік топ), объект (субъект қыз-меті бағытталған нысан) және әрекеттің өзі. Саяси қызметте екі негізгі бағытты көрсетуге болады: саясатты қалып-тастыру және оны жүзеге асыру. Ал бүл үшін саяси шындық туралы білім және қүндылық бағыт болуы қажет. Осыған сәйкес саяси кызметтің үш түрі калып-тасқан: танымдық, күндылық және тәжірибелік. Саяси қызметті жүзеге асыру кезеңдері: объект жағдайын ба-ғалау, болжау, объектінін нақты өмір сүру жағдайларына ұсынылған ша-раларын икемдеу, шараларды жүзеге асыру және қабылдағаннан кейін түзе-ту енгізу. Саяси шешімдерді дайындау және жүзеге асырудың әртүрлі кезең-дерінде оған түрғындардың барлығы қатыса алады.

САЯСИ КҮРЕС - саяси субъек-тілердің өздерінің нақты саяси нәтиже-леріне жетуі мақсатында мүдделерді қарама-қарсы қою жағдайы. Күрес қарама-қарсы саяси субъектілер қатаң, шешімді қүралдар көмегімен қоғам жүйесін өзгертетін төңкерістік болуы мүмкін. Күрес түсінігі төңкерістік ой-лау мен әрекет теориясының негізгі түсініктерінің бірі.

Саяси күрес реформистік болуы ықтимал. Оның негізгі мазмүны бірте-бірте кезеңдермен сан алуан әлеу-меттік-саяси субъектілердің, қарама-қарсы мүдделерін қанағаттандыруда. Сондықтан реформистік саяси күрес нәтижесін алдын ала болжауға болады.

Саяси күрес түрлері - саяси дағда-рыстар, соғыстар, көтерілістер. Саяси күрес саяси партиялар, электорат, сая­си көшбасшылар арасында өздерінің биліктік өкілеттіліктерін кеңейту төңіре-гінде болуы мүмкін. Сонымен бірге ол партия ішінде, мемлекетаралық, мемле-кет ішінде, т.б. болуы ықтимал.
4. Саяси шешім: дайындау, жете зерттеу және жүзеге асыру. САЯСИ ШЕШІМ - саясат саласын-да нақты нәтижеге қол жеткізу мақса-тында саяси іс-қимылдарды жүзеге асы-руға бағытталған қаулы. Саяси іс-әре-кет субъектісімен қабылданады. Саяси шешім ғылыми негізделуі, уақыт тала-бына сай болуы керек.

Саяси шешім үрдіс ретінде бірнеше кезеңдерді басынан кешіреді: дайын-дық, дайындау, қабылданған шешімді таңдау және жүзеге асыру, қол жеткіз-ген нәтижелерге талдау жасау.

Дайындық кезеңінде саяси шешімді қабылдауға қажет уақыт, ресурс анық-талады. Саяси шешімді дайындау кезе-ңінде мәселені талдауға көп көңіл бөлінеді. Мәселенің өзектілігі, шығу себептері, оның салдары, т.б.

Саяси шешімді таңдау кезеңі ақпа-ратты өңдеуге, оны таңдауды негіздеу-ге пайдаланьшады. Жүзеге асыру кезеңі саяси шешімді жүзеге асыру іс-қимыл-дарынан, оны түсіндіру мен кедергілер-ден арылудан түрады. Қол жеткізген нәтижелерді талдау, бағалау соңғы ке-зең болып табылады. Саяси шешімді қабылдаудағы бүл сатылық оның тиім-ділігін арттырады.



САЯСИ ШЕШІМДЕРДЩ РАЦИО-НАЛДЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕСІ - тиімді таңдау теориясына сәйкес саясат сала-сында барлық адамдар балама мақсат-тар мәнін есепке ала отырып, әрі өз мақ-сатына қол жеткізу үшін тиімді әрекет-тер негізінде өз мүдделерін жүзеге асы-руға саналы түрде және тиімді шешім қабылдауға үмтылады. Жалпы бүл тео­рия шеңберінде жеке таңдау үрдісіне көп көңіл бөлінеді. Тиімді таңдау тео-риясы екі сипатты айрықша көрсетеді:

  1. индивид өзімшіл, яғни өзінің жеке мақсаттарына қол жеткізуді көздейді;

индивид тиімді, яғни ол өзі алатын нәтиже мен шығындарды салыстырып, аз шығын шығара отырып, көп пайда та-буды көздейді. Тиімді таңдау теория сының өкілдері саяси белсенділік мәсе-лесінде шешуші рөлді жеке тұлғаның тиімді мүддесі атқарады деп есептейді. Осы мектептің танымал өкілі "нарықтық демократия" түжырымының авторы А. Даунстың пікірінше: "Кез келген тиімді адам басқа шешімдерді қалай қабылдаса дауыс беруге қатысты шешімді де солай қабылдайды: егер кіріс-шығыстан жоғары болса, онда ол дауыс береді; ал олай болмаған жағдай-да - ол қалыс қалады" /36/. Өзінің теория-сының математикалық дәлелі ретінде А. Дауне тиімді саяси мінез-қүлық фор-муласын үсынады: R= РВ - С + Д, мүнда R - сайлаушының сайлауға қатысуы-нан түсетін таза пайда; Р - сенің дауы-сың шешуші болу мүмкіндігі; В - сай-лауға қатысудан пайда; С - сайлаушы-ның шығыны; Д - дауыс беруден түсетін пайда (тегін тамақ, сыйлықтар, т.б.), әрине, зерттеушілердің басым көпшілігі мүндай зерттеулер дөрекі әрі сайлаудың түрақты дәстүрі қалыптас-қан кішігірім аумақтарда ғана шамамен нәтиже береді деп есептейді.

5. Саяси бағытты анықтау мен іске асырудағы саяси институттардың рөлі. САЯСИ ИНСТИТУТТАР - қүры-лысы жағынан үйымдасқан, бір орта-лыққа бағынатын, ерекше өкілдіктерге ие, атқарушы аппараты бар саяси меке-ме. Мысалы, оған мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, жастар, әйел-дер және т.с.с. үйымдар мен бірлестік-тер жатады. Бүл үйымдардың бәрі тап-тық, топтық, үлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.б. қасиет-терін байланысты пайда болатын көпте-ген әлеуметтік мақсат-мүдделерді біл-діріп, қорғау үшін қүрылады.

САЯСИ ИНСТИТУТТАРДЫҢ ЖАҺАНДАНУЫ - XX ғ. соңында әр түрлі елдердегі бизнес, саяси шешімдер мен экономикалық үрдістер тікелей және жоғары деңгейде бір-біріне тәу-елді әлемдік экономика қалыптасты. Мүндай жаһандық экономикаға ірі эко-номикалық ресурстар мен ірі мүдделік топтар тікелей тартылады. Әлемдік мәдени-ақпараттық сала құрылады. Жа-һандық экономикалық, экологиялық және қауіпсіздік мәселелерін шешетін жаһандық тәртіптегі саяси шешімдерді қабылдай алатын жаһандық жүйе қа-лыптаса бастады (әрі қарай ГСРП, ЖЖШС). Яғни, мәселеге қатынасы бар барлық елдердің қатысуы. Мүндай сая­си шешімдерді қабылдайтын жаһандық жүйені әлемдік өкімет деп те айтады. Мүндай өкімет екі түрде болуы мүмкін: өкілеттілік қағидат негізінде қалыптас-қан ресми өкімет (Үлттар Лигасы, Б¥¥ Қауіпсіздік Кеңесі); немесе массондық түріндегі құпия өкімет түрі.

Бүгінде тор сияқты өрнектелген өкімет туралы айтуымызға болады. Мүндай тор: Б¥Ү Қауіпсіздік Кеңесі, НАТО Саяси комитеті, Дүниежүзілік банк және Халықаралық валюталық қор басшысы, т.б.

Top сияқты өрнектелген өкіметтің кез келген түйіндері бір-біріне тәуелді, бірақ бір-біріне бағынбайды. Басқару сигналдары нұсқау ретінде емес, жоба-лар түрінде беріледі. Әр бастамашы саяси күш бүл торда өзінің жобалары-мен басқа жаһандық саясат субъекті-лерін өздеріне тартады. Сонымен, жа-һанданған торлық саяси жүйеде саяси күрес партиялар күресі ретінде емес, бас­ка екі түрде болуы мүмкін: жобалар күресі мен ресурстар және бастама үшін түйіндер күресі. Әр жоба - өзара қатынас жүйесіндегі тор ішіндегі түйіндердің бір-бірімен қатынас матрицасы.

6. Қазақстан Республикасындағы саяси процестер. Дамыған елдерде демократия қалыптасып алса, тоталитаризмнің орнына келген Казақстан сияқты елдер демократия жолына енді түсе бастады. Бірақ бүл өту жолы бүл елдерде азаматтық қоғамның өлсіздігінен жөне азамат-тардың қүқы мен бостандығын қоргау тетіктерінің жоқгығы-нан ауыр да ұзакка созылуда. Дегенмен кейіи шегінетін жол жоқ, сондыктаң қазіргі заманғы мемлскеттердің демократия-га өту төжірбиесінің маңызы жас мемлскеттер үшін аса зор.-

Польша саясаттанушысы Е.Вятрдіңзерттеулері бойынша мемлекеттердің демократияға бейбіт жолмеи өтуінің негізгі үш түрлі төжірибесі бар. Бірінші форма жогарыдан жасала-тын реформалар арқылы демократияға оту. Бүл жағдайда автаритарлықбилеушілер өз еріктері бойышиа жүйені өзгер-туге бел байлайды. Мөселен, Түркияда Ататүрік, Бразилия 60-шы жылдары осындай жолмен демократиям етті. Екінші түрі бүрынғы автаритарлықрежимнііі іиүгыл күйреп, езінің дәрменсіздігін танытуы. Чехославакияда, Грецияда осылай болды. Үшінші түрі билік басымда тұргандар мен ошгози-цияның келісімі бойынша бірте-бірте реформа арқылы демократиялық жолға түсу. Испаиияда осылай болды.

Қоғамдық дамудың қазіргі замангы тежірбиесі көп елдер үшін демократияға өтудің үшінші жолы қолайлы екенін керсетіп отыр. Тек бүл үшін мынандай жағдайлардың болуы қажет: үкіметтің көпшіліктің мүдделеріне сай келетін реформаны жүргізуге, қоғамның демократиялық жолмен алға басуына кедергі жасайтыи ескі, қарсы күштерді бейтараптандыру кабілеттігі, ақырында когамның езінің де топтасуға, қолдап, қолдау көрсетуге, яғни төменнен қимыл көрсетуге қабілеті болуы керек. Тарихи тожірибе демократияның "жоғарыдан" калыптастырылуы өте сирек болғанын көрсетеді. Көбінше демократия "төменгі жақтың", халықіың қолдап, қысым жасауы, әр түрлі саяси және өлеуметтік топтардың бірлесіп кимыл жасауы, осы арқылы саяси және экономикалық реформаңьщ барысына эсер етуі арқасында орнады.

Қазіргі көп үлтты мемлекеттерде демократияға өту жолының қиыншылыктарымен бірге ерекшеліктері де бар. Осы проблеманы зерттеген көптеген саясаттанушылар көп үлтты мемлекеттердің демократиялық жолға түсуінің ерекшеліктерін зерттеуде. Мәселен, Оксфорд университетінің профессоры А.Степан бүл женінде былай деп көрсетеді: көп үлтты орта жағдайында егер мемлекет түрғындардың бәріне бірдей тең азаматтық қүқыкты камтамасыз ететін саясат жүргізсе, ол қүкьіқгардың жүзеге асуына кепілдік берсе, демократияны ойдағыдай қалыптастыру мүмкіндігі арта түседі. Егер демократияға ету демократиялық емес жүйе кезінде басталатын болса, ол үшін алдымен сайлау өткізіп, легитимдік жүйе жасап алу, онан соң консенсуска, келісімге келу шараларын іске асыру керек.

Осы түрғыдан алғанда біздің Казакртан Республикасында ел Президенті Н.Назарбаевтың коғам өмірін, ел басқару жүйесін оңтайландырып, демократияландыру, барлық ұлттар мен әлеуметтік топтардың ауыз бірлігі мен топтасқандығын, олардың құқы мен бостандығын бірдей қамтамасыз ету арқылы іске асырып жатқан саясаты әбден зерттеуге тұрарлық. Бұл саясат еліміздің Ата Заңында өзінің құқықтық негізін тапқан.

Лекция №17
Тақырыбы: Саяси сана және саяси мәдениет.

(1 сағат)
Жоспары:

1. Саяси сананың мәні.

2. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары.

3. Қоғамдық пікір.

4. Саясат және мәдениет.

5. Саяси мәдениет ұғымы.

6. Саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары.

Лекцияның мақсаты:
Студенттерге саяси сананың мәні, саяси сананы қалыптастырудың жолдары, қоғамдық пікір, саясат, мәдениет, саяси мәдениет ұғымы, саяси мәдениетті қалыптастырудың субъектілері және факторлары туралы түсінік беру.
Лекция мәтіні:
1. Саяси сананың мәні. Саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, аларды тусініп-сезінетін, адамдардың бүл саладагы іс-әрекеттеріне багыт-баедар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жи-ынтыгын айтады. Ол мемлекетгің, қоғамның саяси жүйесінің пай­да болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, үлттық мүдделерді, мемлекет алдындағы мақсатгы жүзеге асырумен байланысты бол-са, қоғамдык сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдделері мен мақсат-тары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақгап қалу міндеттері, бүл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз керіністерін тауып жатады.

Саяси сана эр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:



  1. коғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқгы кұрам-дас бөліктері арқылы саяси шындыкты бейнелеу;

  2. түжырымдамалык түрде субъектінің мақсат-мүдделерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл кызметті іс жүзінде идеология атқарады;

  3. саяси психологияның әр түрлі көріністері аркылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итерме-лейтін психологиялықсебептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден түрады.

Қарапайым (кунделікті тұрмыстық) саяси сана кдлыптасыи жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғүрып, дағ-ды, дәстүрлі нанымдар, тагы сол сияктылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттың тереңіне бойламай, себеп-салдарын сарала-май, кебіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасай-ды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысынажатады.

Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын аныктап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялықтұрғыдан жи-нақтап бейнелейді. Сондыктан ол түжырымдамалар мен көзқара-стардың жүйесі болып келеді. Теориялықсаяси сана қарапайым саяси сананың негізінде пай­да болады және олар бір-біріне ыклал етеді. Ол карапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады.

Теориялык саяси сана карапайым саяси сана сияқты стихия-лык түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауа-ты бар теоретик адамдар ойлап шыгарады.


2. Саяси сананы қалыптастырудың жолдары. Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортактығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-куйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Ол карапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада емірді та-нып-білуіне, хабардарлығына коңіл бөлінсе, мұнда сол жағдай-ларда адамның катынасуына, омірді бағалауына баса назар ауда-рылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, коңіл-күйіне эсер етпей коймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психоло­гия бір денгейде. Сондыктан олар бір-біріне эсер етіп, байланы-сып, жымдасып жатады.

Саяси психология, жоғарыда корсетілгендей, әртүрлі іс-әре-кеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда манызды рол аткарады. Сондыктан саяси бағытгы жоспарлап, оны жүзеге асырарда халыктың саяси психологиясын ескерудің ма-нызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың кандай саяси әрекетке калай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында кырғиқабақтык, тіпті егес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бүл халыктың психологиялық ерекше-ліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.

Саяси сананың қүрамдас болігі және озегі — саяси идеология. "Идеология" деген ұғым гректің идея — бейне және логос—білім деген создерінен шыккан. Ғылыми айналымға, әдебиетке фран­цуз ғалымы және фәлсафашысы А. Дестют де Траси (1754—1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатын-дығы және әрекет ететіндігі жонінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл создің мән-мазмүны өзгерді. Казір идеология деп адам-дардың үлкенәлеуметтікпгоптарының іс-әрекетінебагдар беріп, олардьщмақшт-мүдделерінбмдіретінжәнеқоргайтьінидеялщуменісөзқа-растар жүйесін айтады.

Идеология эр түрлі — саяси, кұкықтык, этикалық, діни, эсте-тикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай иде­ология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орныктыруға не-месе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз максат-мүдделерін білдіреді және корғайды. Саяси идеология — жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі — саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология Агартушылық дәуірдедүниеге кедді. Бұл кез-де адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес коғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алға тартылады. Адам-дардың максатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идея-лар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен коғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді.

Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең ал-дымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:



  1. Идеологияның танымдық ролі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

  2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с негізгі түсініктер туралы мағлұмат-тар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар корсетеді.

  3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяла-рын алға тартып, максат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, коғамды, әлеуметтік топ-тарды оларды іске асыруғажүмылдырады, рухтандырады, шабыт-таңдырады.

  4. Амортизациялыккызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндірутәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Үсы-нылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап кайта серпілуге шакырады.

  5. Бағалау кызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына елшемдік баға берерлік жағ-дай жасайды, үстемдік етіп отырған коғамдық тәртіпке белгілі бір көзкарас тудырады.

Саясаттың кандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол — адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылык тың кұралы. Саяси катынастар саласында олардың іс-әрекетше бағдар береді, еркін калыптастырады, саяси қызметке ұмтылды-рады, белсенділігін арттырады. Саяси кызметке катысушылар-дың іс-әрекетіне максаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.

Саяси идеология теориялык тұрғыда топтың, таптын негізгі мүдделерін танытады, оларға мүраттар, ережелер, рухани бай-лықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол аркылы күрестің нақтылы максаттарын, оларды жүзеге асырудың құраддары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология аркылы тап өзіндік са-наға, жеке тұтастык сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай коғамдастыктын мүшесі болып сезіну — әрбір саяси козғалыс-тың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен катар иде­ология — сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, ас-кақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі кұрбан етуге дейін барады.

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия багдарламала-рында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларыңда, сон-дай-ақтүрлі насихаттык кұжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халыктың ұжымдык еркін оятып, ұйымда-стыру үшін қызмет етеді деген.

Идеологияны, жоғарьща айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді окілдері, идеологтер-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеу-меттанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары аркылы таратылады, ха-лықтың санасына сіндіріледі.

Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдык, революциялык, консервативтік радикалдық, реак-циялық, шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді.

Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нактылы ғылымдардағы сиякты тәжірибе жүзінде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен карайды. Әрине, "еркіндік", "тендік", "достык", "егемендік", "демократия", "адам кұқығы", "азаматтыкқоғам", "күкықтық мемлекет" сиякты ка­те горияларды мінеки деп тап басып корсетуге келмейді. Деген-мен, идеология коғамдык-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондыктан К. Маркс идеялар халык санасы­на сіңгенде материалдык күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жок жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міндеттерді көрсетеді. Адамзат озінің алдына озі шеше алатын міндеттерді ғана кояды. Себебі, міндеттін озі осы шешуге кажетгі материалдык жағдайлар болып отырган кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.

XX ғасырдың орта кезінде америкалык саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) "Идеологиянын акыры" деген еңбегінде идеологиянын дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-тех-никалык прогресс заманында идеологиянын ролі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенток козғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірак одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамытатын козғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқанда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондыктан ескірген "идеологиясыз-дандыру" (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына "қай-тадан идеологиялану" (реидеологизация) ой-тұжырымы алға тар-тылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдің идеоло-гиядан тәуелділігі артып келе жаткандығын білдіреді. Тіпті, "иде-ологиясыздандыру" теориясының негізін калаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдык өмірден идеологиялык фак-тордың жойылмайтындыгын, оның козғаушы күш екенін мойын-дады. Ол ескі идеологиянын әлсіреуі жаңасын кажет етеді деген тоқтамға келді.

Бүгінгі танда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылган жоқ. Керісінше, казіргідей отпелі заманда оның маңы-зы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологиянын деңгейі неғүрлым жоғары болса, солғұрлым саяси кате шешімдер кабылдау ықти-малдығы азаяды. Идеологиянын әлеуметтік негізі неғұрлым аукымды болса, ол әлемдік оркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттык кұндылықтарды бойына неғүрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым емір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің зандылыктарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жакын келеді.


3. Қоғамдық пікір. Саяси идеология бұкаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс-жазу кіреді. Бүгінгі танда олар коғамдык сананы калыпта-стыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г. Лассуэлл (1902—1978) БАҚ-тың мы-нандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды "ре-дакциялау", тандау және түсінік беру; 3) коғамдық пікір калып-тастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың ката рына бесінші етіп оның коғамды саясаттандыруы мен бұкара ха-лықты саяси ағартушылығын косуға болар еді.

БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды окиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Со-лардың негізінде тындаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, партиялар мен козғалыстардың іс-әрекеттері, коғамның эконо-микалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, козқарастары қалыптасады.

Демократиялық коғамда БАК коғамдык пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар оздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарык көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар қүрылады, кылмыстық істер ашыла-ды немесе маңызды саяси шешімдер қабыдданады.

Қазіргі дүниеде БАҚ-ка жол ашу—ыкпалды оппозиция кальщ-тастырудың қажетті шарты. Қоғамдык санаға плюрализм, сез бо-стандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген соз емес. Мысалы, аумақтық түтастықты, халық топтары арасында алауыздықты тұтандыруға жол берілмеуі керек. Саяси окиғаларды шынайы бей-нелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады, коғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұқаралык ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдаланы-луы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жогары үстау, еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей-қорқыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкіц. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ-ты халык санасын күңгірт-тендіріп, оздерінің айла-шарғыларын асырып, кулықтарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің құралы етеді. Онын тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз ха­барларды айтпау, өтірік-өсек, лақаптарды тарату, шындықты толық жеткізбеу, т. т.

БАҚ-тың рөлі, әсіресе Президент, Парламент сайлаулары кезінде артады. Олар үгіт-насихат, жарнама, т. т. аркылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай кырынан көрсетіп, оған кдншалыкты уакыт бөлудін де маңызы зор. Соң-дыктан демократиялык коғамда мүндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудын оз жолдарын іздейді.

Қазіргі заманда саяси идеологияның көптеген түрлері бар. Олардын негізгілеріне либералдық, консервативтік, комму-нистік, социал-демократиялык және фашистік идеологиялар жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет