Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ



    1. Курстың мақсаты: Пәндi оқытудың мақсаты – студенттердi жаңа және қазіргі замандағы Еуропа мен Америка елдерiнiң тарихы мен, негiзгi дүниежүзiлiк маңызды тарихи оқиғалармен таныстыру. Европа мен Америка елдерiнiң тарихын оқып үйрену – тарихтың қағидалары негiзiнде, тарих ғылымының ең соңғы жетiстiктерi негiзiнде бұл елдердегi жаңа дәуiрдегi экономикалық, саяси және мәдени даму заңдылықтарының негiзiн ашуға мүмкiндiк бередi. Курсты оқып үйрену буржуазиялық революциялар туралы, капитализмнiң орнауы, оның монополиялық сатыдан өсуi туралы оқып үйретедi.

    2. Пәндi оқытудың мiндеттерi:

  • Курсты оқытуда студенттердiң таным дүниесiн оятып қалыптастыру;

  • адам мен дүниежүзiлiк ғылымның дамуындағы жалпы-тарихи объективтiк заңдылықтарды ашу;

  • қоғаммен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуындағы бiлiмнiң маңыздылығы түсіну,

  • қоғамдық процестердiң дамуын талдауда тарихи амалдың методологиясы,экономика мен саясаттың себеп-салдарлық байланысын:адамзат тарихының өткенiнен тағылым алу:

  • елiмiздiң бүгiн және болашақта дұрыс жолмен дамуы үшiн адамзаттың қазіргі замандағы тарихи тағылымын терең бiлiп, бүгiнгi күнге ой өлшемiмен байланыстыра бiлу, игi дәстүрiнен сусындау.

    1. Пән мұғалiмнiң мақсаты мен мiндеттерi:

Студенттердi жаңа пәндi оқып игеру нәтижесiнде қазіргі заман адамзат дамуындағы негiзгi кезең екендiгiн, бұл дамудың негiзгi заңдылықтарын терең түсiну керек. Әртүрлi халықтардың сол кезең дамуындағы ортақ белгiлерi мен негiздерiн ұға бiлуi тиiс.

Болашақ тарихшы-педагог фактiлер мен еркiн iс жүргiзiп және ой негiздерiне талдау жасау, тиiстi қортынды жасай бiлудi толық меңгеру.



    1. Студенттерге талап қою:

Пәндi оқып үйрену барысында студент бағдарламалық материалдағы бiлiмдi жан-жақты және жүйелi түрде меңгеруi тиiс. Қарастырылып отырған кезеңдегi тарихи оқиға, фактiлердi еркiн таңдай бiлуi және негiзгi, қосымша әдебиеттермен тынбай iзденiп дайындалуы тиiс. Алған бiлiмдерiмен бүгiнгi күнмен байланыстырып, үнемi творчестволық ойлауын, қызметiн жетiлдiрiп отыруы керек.
4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Ежелгі дүние тарихы

Тарихнама

Отан және шетел тарихы




2

Орта ғасыр тарихы

Азия және африка елдерінің қазіргі заман тарихы



3

Дүние жүзі діндер тарихы


5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


курс



Қорытынды

бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

3

135

30




10







95

5

Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

Кіріспе

1













3

2

1918-1938жж Германия

1




1







3

3

1918-1938жж Германия

1




-







3

4

1918-1939жж Италия

1




1







3

5

1918-1939жж Испания

1




1







3

6


1918-1939жж Франция

1




1







4

7


1918-1939жж Ұлыбритания

1




1







3

8


1918-1939жж Ұлыбритания

1













3

9


1918-1939жж АҚШ

1




1







3

10

1917ж қазаны мен 1939жж Кеңес мемлекеті

1




1







3

11

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж)

1




1







3

12

Екінші дүниежүзілік соғыс (1939-1945жж)

1




-







3

13

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясаттың циклдері

1




1







3

14

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыстың даму тенденциясы

1




1







4

15

Америка Құрама Штаттары

1













3

16

Америка Құрама Штаттары

1













3

17

Ұлыбритания

1













3

18

Ұлыбритания

1













3

19

Франция

1













3

20

Герман Федеративтік Республикасы

1













3

21

Польша

1













3

22

Румыния

1













3

23

Венгрия

1













3

24

Чехословакия

1













4

25

Герман Демократиялық Республикасы

1













4

26

ХХІ ғ басында жаңа өркениет жолындағы дүние жүзі

1













4

27

1945-1990жж аралығындағы Кеңес мемлекеті

1













4

28

1945-1990жж аралығындағы Кеңес мемлекеті

1













4

29

90жж Ресей Федерациясы

1













4

30

90жж Ресей Федерациясы

1













4

Барлығы

30




10







95



9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ
1-лекция. Таќырыбы: Кіріспе
Жоспары:

1.Пәннің мазмұны, міндеттері және хронологиялық шектері

2.Еуропа және Америка елдерінің бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі саяси дамуының негізгі бағыттары

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Актуальные проблемы новейшей истории М. 1991

2. Хрестоматия по новейшей истории Т3. М., 1960

3.Актуальные проблемы новейшей истории М. 1991

4.Новейшая история 1939- 1975гг. М. 1977

5.Кредер А.А.Новейшая история .ХХ век М. 1977.

6.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)
Лекция маќсаты:Қазіргі заман тарихының ерекшелігін түсіндіру.

Лекция мєтіні :

Қоғам дамуының ХІХ ғасыр соңы мен ХХ ғасыр басындағы қорытындылары. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдыңғы екі-үш он жылыдықтың ішінде Еуропа мен Солтүстік Америкада әлуметтік-экономикалық, саяси және рухани өмірдің барлық салаларында аса ірі өзгерістер орын алды. Дүние жүзі тарихының бұл өтпелі кезеңінің мазмұны капиталистік буржуазиялық қоғамның орнығу кезеңінің аяқталып, буржуазиялық револютциялар дәуірінің өткендігімен айқындалады.

Партиялар мен талаптардың күресі ашық сипат алды. Консерватизім, либерализм, социализм және марксизм басты идеялақ ағымдар есебіне толық қалыптасып тиісті партиялар түрінде саяси көрініс тапты. Саяси өмірдің алғы шебіне әлуметтік мәселелер, мемлекеттің әлуметтік қызмсеттері, еңбек пен капитал арасындағы жұмысшылар мен кәсіпкерлер және мемлекеттік билік арасындағы қайшылықтар шықты. ХХ ғасыр соңында кәсіп одақтар қарқынды дами бастады. Қоғамды демократияландыру үшін шіркеудің рөлінің әлсіреуі, негізінен алғанда оның мемлекет пен зайырлы биліктен бөлінуі, сонымен қарат қоғамдық сананың еркіндік алуы, зайырлы мектеп принциптерінің орнығуы, жалпыға бірдей бастауыш білім беру сияқты құбылыстардың маңызы зор болды.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында басты капиталистік елдерде ірі демографиялық өзгерістер орын алды. Еуропа халқы 1870-1914ж.ж. аралығында 300 млн-нан 450-ға млн дейін өсті. Еуропа елдерінің көпшілігінде өмір сүру деңгейі едәуір артты. Аталған жылдар ішінде еуропалық елдерден мұхиттың арғы жағына 26 млн адам қоныс аударды, оның жартысы АҚШ пен Канадаға жайғасты. Бұл қоныс аудару тасқынында Ұлыбритания, Германия, Ресей, Австро-Венгрия, Италиядан шыққандардың үлес салмағы басым болды.

Бұл әлуметтік шиеленісті бірсыпыра бәсеңдеткенімен, қарқынды индустрияландыру мен қалалардың күрт өсуінің әлуметтік мәселелерін шеше алмады. 1880ж. Еуропа халқының саны 1,5 млн асатын 8 қала болса, 1914 жылы олардың саны 29 жетті.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік қоғамда маңызды өзгерістер орын алды, бірақ капитализімнің негізгі белгілері - жеке меншік, нарық қатнастары, пайда, бәсеке, экономикалық шешім қабылдау еркіндігі және т.б. сақталып қалды. Капиталистік жүйенің ішкі заңдылықтарымен, құрылып келе жатқан дүниежүзілік рынокпен, дүниежүзілік шаруашылықпен, өзгеріп отыратын мемлекет қызметтерімен анықталатын даму бағыттарының ауқымы өзгерді.

ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында индустриялды елдердің азғана тобының арасында Африкадағы, Азиядағы және Тынық мұхиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. Қорытындысында ХХғ. Басында отаршы елдердің арасында дүниежүзін территориялық бөлісу аяқталды.

ХІХғ. 80-шы жылдары басына дейін еуропалық отаршы елдердің Африкадағы территориясының 90 пайызына осы уақытқа дейін отаршылдардың етігінің табаны тимеген болатын. Ал 1900 жылдың тұсында Африканы жеті еуропалық ел түгелдей өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Оңтүстік Африкада – Родезия және басқалары Англияның отарларына айналды. Англия Египет пен Суданды да басып алды.

Франция Батыс Африканы және Орталық Африканың бір бөлігін, Мадагаскарды иемденді. Германияның үлесіне Шығыс пен Оңтүстік-Батыс Африкадағы территориялар мен Того, Камерун тиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, ал Бельгия Конгонды басып алды. Басқа мемлекеттер аз сыбағамен қанағаттанды. Міне, осындай негізде дүниежүзілік рынок қалыптасты. ХХ ғасыр межесінде отарларды қайта бөлісу үшін күрес басталды.

ХХ ғасырдың басында индустрияландырудың негізгі есебінде ауыр өнеркәсіптің жедел қарқынмен дамуы негізінен аяқталды. Темір жол құрылысының кең өріс алды.

ХХ ғ. басында бірнеше алдыңғы қатарлы елдер Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия, технолгиялық кәмілетке жетті. Оларда индустриялдық қоғам қалыптасты. Осы он жылдықта жедел индустрияландыру жолында Швеция, Италия, Ресей, Австор-Венгрия, Канада, Жапония, сияқты елдер түсті. Бірақ еуропа елдерінің басым көпшілігінде еңбекке жарамды халықтың тең жартысынан көбі ауыл шаруашылығында жұмыс істеді. Азия мен Африкада, бірсыпыра Латын Америкасы елдерінде индустрияландыру әлі бастала қоймаған еді.

Көмір мен болат индустриясы дәуірінің аяқталуы экономикадағы жаңа процестермен байланысты. Капиталистік экономикалық даудың басты бағыты жаңа технолдогиялар мен жаңа техникаға, өндірістің жаңа салаларына бұрылды.

ХХ ғ. басында рыноктік өзін-өзі реттеу мен қоғамның өздігінен ұйымдасуының жеке шаруашылық нұсқасы сарқылып бітті. ХІХ ғасырыдң соңынан бастап біртіндеп аралас рыноктік- мемлекеттік экономика қалыптаса бастады. 1913жылы ішкі жалпы өнімдегі мемлекеттік шығындардың үлесі Ұлыбританияда, Францияда және Италияда шамамен 12,5 % болса,, Германияда 18 % болды. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында экономикалық дамудың біркелкі еместігі артып, бұрынғы «дүниежүзінің шеберханасы» Англия мен өнеркәсіп револютциясының екінші кезеңіне одан бұрынырақ бейімделген Германия, АҚШ, Жапония аралығындағы қайшылықтар шиеленісі түсті. Кейбір еуропа елдері мен АҚШ-тың технологиялық даму дәрежесі индустриялдық қоғамның күнбе-күн өсіп отырған қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алғышарттар жасауға мүмкіндік береді. Өндірістік дамудың қарқыны ХІХ ғ. екінші жартысында жыл сайын Германияда 3,8 %, АҚШ-та 5,4, %, жапонияда 6 % Ұлыбритания мен Францияда 2 % құрады. Жалпы алғанда индустриялды елдерде өндірістің артуы халықтың өсуінен кем дегенде екі-үш есе артық болды. ХХ ғ. басында шорғырланған экономикалық күш-қуаты іске асырудың екі жолы анықталған.

ХХ ғ. басындағы реформизм. Экономикалық және қоғамдық дамудың жаңы обьективтік қажеттіліктері мен әлуметтік қозғалыстар, тап күресі күн тәртібіне мемлекттің жаңа рөлі туралы мәселе қойды. Мемлекеттің рөлі, мемлекттік саясат және оны іске асыруға әртүрлі таптар мен саяси партиялардың қатысуы туралы мәселе индустриялды мемлекеттердің біріне айналды. Мұнай реформаларының бастамшысы Германия болды. 1880 жылы Бисмарк үкіметі әлуметтік қамсыздандыру жоспарын іске асыра бастады. 1913 ж. Барлық Еуропа елдерінде өндірісте жарақат алғаны үшін өтемақы төлеу туралы заң қабылданып, қамсыздандыру мен мұқтаждарға жәрдем көрсетудің әртүрлі жүйелері енгізілді. 1911 жылы Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. (Басқа елдерде кешірек Германияда – 1927 ж. АҚШ-та 1935ж. Кейін). 1913ж. Швеция индустриялды елдердің ішінде бірінші болып елдің барлық халқын қамтитын зейнетақылық сақтандыру сызбасын енгізді. 1910-1913 ж.ж халыққа білім беру ісіне жұмсалған шығындар АҚШ-та, Германияда, Ұлыбританияда, Францияда, Италияда, Жапонияда ішкі жалпы өнімнің (ІЖӨ) 2-2,7 % құрады.Денсаулық сақтауға жұмсалған шығындардың да көлемі шамамен осы дәрежеде болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталардың қарсаңында Батыстың индустриялды елдерінде ересек халықтың 9/10 сауатты болды, ал білімнің орташа деңгейі 8 жылға теңесті.

Сөйтіп, ХХ ғасыр басында дамыған капиталистік елдерде өоғам мен өндірістің құрылымында, ұлттық байлыққа сапалы өзгерістер іске асты. Индустриялдық өркениет қалыптасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет