Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95



бет8/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баќылау с±раќтары:

1.АҚШ үшін екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері

2. «Қырғи-қабақ соғысы» саясаты

3.АҚШ-тың Латын Америка елдеріндегі саясаты

4. «Эйзенхауэр доктринасы»

5.Дж.Кеннеди саясаты



16-лекция. Таќырыбы: Америка Құрама Штаттары

Жоспары:

  1. 80-90 жылдардағы АҚШ-тың саяси экономикалық дамуы

  2. 1992 жылғы президенттік сайлау

  3. У.Клинтонның ішкі және сыртқы саясаты

  4. 2000 жылғы президенттік сайлау. Дж.Буш

  5. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі оқиға.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Сивачов Н.В. Новеишая история США М, 1980г

  2. Актуальные проблемы новеишей истории М. 1991г

  3. Новейшая история стран Европы и Америки М, 1988г

  4. С.М.Мәшімбаев «Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» А, 2007ж

  5. Уткин.А.И. Американская стратегия для ХХІ века М, 2000г


Лекция маќсаты: ХХғ 80-90 жылдардағы АҚШ-тың саяси экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні

1992 жылғы президенттік сайлау. Демократтардың үкімет басына келуі.

Президенттік сайлау қарсаңында сайлау Республикалық партия рейганомика саясатын жалғастыруға шақырды. 1991 жылғы Иранға қарсы соғыс республикалық партияның сыртқы саясатындағы батыл іс әрекет деп бағаланды. "Қырғи-қабақ" соғыс саясаты аяқталғанымен, АҚШ дүниежүзілік өктемдікке ие, әлемдегі ең ірі держава ретіндегі ел болып қалыптасты. КСРО мен социалистік жүйенің құлауы АҚШ-тың сыртқы саясатындағы ірі жеңісі ретінде қаралды. Сайлауда Джордж Буштың кандидатурасын ұсынды.

1992 жылы АҚШ-тың сыртқы саясаттағы жеңістеріне қарамастан, Д.Буштың ішкі саясатында айтарлықтай кемшіліктер жіберілді. Бюджеттік тапшылық көлемі 290 миллиард долларға өсті. Мемлекеттік қарыз 4 триллион долларға жетті. 1965 жылғы еңбекшілерге арналған жеңілдік - дәрігерлік көмек көрсету заңы толық жүзеге асырылмады. Бұл жеңілдікті - дәрігерлік көмекті халықтың 20%-ы пайдалана алды. Мемлекеттік бюджеттен аз қаржы бөлініп, дәрігерлік көмекті 40 миллион адам ала алмады. Дж.Буш әлеуметтік салада реформалар жүргізбеді. Ішкі саясаттағы кемшіліктер - республикалық партияның сайлауда жеңіске жете алмайтынына көздері жете бастады.

1992 жылғы президенттік сайлауға Арканзас штатының губернаторы, жас ұрпақтар өкілі, демократ партиясынан шыққан Уильям Клинтон ұсынылды. Сайлау қарсаңында Дж.Буштың сыртқы саясатын қолдай отырып, дәстүрлі демократиялық партияның ішкі саясаты - әлеуметтік реформалар жүргізу арқылы ішкі дамуды қалпына келтіру керектігін қолдады. Демократиялық партия үміткері бюджеттік тапшылықты қысқарту, қатал қаржы саясатын жүргізіп, АҚШ қоғамында өсіп отырған қылмыс жасаушыларға қарсы күресті күшейту негізгі мақсат екенін сайлаушыларға түсіндірді.

1992 жылы қараша айында кезекті президенттік сайлау өтті. Сайлау қарсаңында, болжанғандай, демократиялық партия жеңіске жетті. У.Клинтонды қолдап 44 миллион адам дауыс берді. Штаттардан 370 сайлаушы қолдау жасады. Республикалық партия үміткері Д.Бушты қолдап 38 миллион адам дауыс берді. Штаттардан 168 сайлаушы қолдау жасады. Демократтар АҚШ парламентінің қос палатасында көпшілік болды. АҚШ-тың 42-президенті болып Клинтон сайланды.



2000 жылғы президенттік сайлау. Д.Буштың жеңісі Сайлау қарсаңында демократиялық партиядан үміткер вице-президент Альберт Гор өзінің бағдарламасында "үшінші жолды", яғни либерал-консерваторлық саясатты жалғастыратынын білдірді. Мемлекетгік реттеуді шектеу арқылы үнемді ішкі саясат жүргізуді уағыздады. 2000 жылғы сайлауға республикалық партия 1988-1992 жылдардағы АҚШ президенті Д.Буштың баласы - Техас губернаторы Джордж Буш кішіні ұсынды. Сайлау қарсаңында республикалық партия консерваторлық ішкі саясатты жалғастыру, әлеуметтік салаларды құтқару, денсаулық және білім беруді жетілдіру реформаларын жүргізуге уәде берді. Жалпы екі партияның бағдарламаларының бір-біріне ұқсастығы, сайлаушылар үшін айтарлықтай айырмашылығы болды. АҚШ-та кім президент болады, онша ойландырған жоқ. Сондықтан да сайлау қарсаңында күрес ашық жүрді.

2000 жылы қараша айында президенттік сайлау өтті. Сайлау бюллетеньдерін санау кезінде айырмашылық өте аз болды. Сайлау кезінде көптеген кемшіліктер жіберілгендігі анықталды. Әсіресе, Флорида штатында сайлау бюллетеньдерін санау ұзаққа созылды. Жоғарғы сот 12 желтоқсан күні сайлау бюллетеньдерін санаудың аяқталғандығын жариялады. Флорида штатындағы 25 сайлаушының даусы республикалық партия пайдасына шешілді. Бұл Д.Буштың жеңіске жетуін қамтамасыз етті.

А.Горды қолдап 50,996 мың адам, Д.Бушты қолдап 50,456 мың адам дауыс берді. Штаттағы сайлаушылар даусының басым бөлігін демократиялық партия ала бастады. Флорида штатындағы республикалық партия - 271 дауыс, Альберттор 266 дауыс алды. Бар болғаны бес дауыс артықшылықпен республикалық партия жеңіске жетті. Уәкілдер палатасында республикалық партия - 221 депутат, демократиялық партия 212 депутат орнын жеңіп алды. Сенатта депутаттар 50-де 50 болды. Республикалық партияның сайлаудан кейінгі жағдайы онша болған жоқ. Д.Буштың саяси қарсыластары сенімсіздікпеп қарады.

АҚШ-тың 43-інші президенті Д.Буш кіші әкімшілігі ішкі саясатта мемлекеттік қарызды азайтуға, федералдық шығынды және салық мөлшерін төмендетуге, сыртқы саясатта АҚШ-тың әлемдік үстемдігін нығайтуға және мүддесін тұрақтандыруға уәде берді. Соғыс шығындарын азайтып, әскери қару-жарақтарды жетілдіруді қолға алды. Ұлттық қорғану жүйесін дамыту мақсаты болды.

2001 жылы 11 қыркүйекте ислам фундаменталистері азаматтық ұшақтарды қолға түсіріп, Нью-Йорк қаласындағы американдықтардың мақтанышы болған "егіз екі биік" үйге шабуыл жасап, құлатты. Бұл үйде дүниежүзілік сауда орталығы орналасқан еді. Вашингтондағы әскери соғыс департаменті орналасқан Пентагон үйіне шабуыл жасады. Бұл күн АҚШ халқы тарихындағы ең бір қайғылы күнге айналды. 1941 жылы 7 желтоқсандағы Гавай аралындағы Перл-Харборда АҚШ-тың соғыс теңіз базаларын жапон бомбаларының жойып жіберуінен кейінгі ұлттық қайғы күні болды.

Д.Буш бұл оқиғадан кейін дүниежүзілік терроризмге күрес жариялады. Бен Ладенді нөмірі бірінші террорист деп жариялап, халықаралық деңгейде іздеу жариялады. Ауғанстандағы моджехеттерге қарсы соғыс жариялады. Д.Буштың бұл саясатын дүниежүзілік қоғамдастық толық қолдады. Ирактағы Саддам Хусейн билігіне қарсы өш алу саясатына дайындық жүргізді. АҚШ-тың стратегиялық саясаты сайлаудан кейін де ешқандай өзгеріссіз қалды.



Баќылау с±раќтары:

1.Л.Джонсонның саясаты

2.АҚШ-тың Вьетнамға қарсы соғысы

3.Р.Рейганның ішкі және сыртқы саясаты

4.Дж.Буштың ішкі және сыртқы саясаты

5.Б.Клинтоннің саясаты


17- лекция. Таќырыбы: Ұлыбритания

Жоспары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық даму

2. Үшінші лейбористік үкіметтің ішкі және сыртқы саясаты.

3.Бртан отарлық саясатының күйреуі

4. Британ АҚШ қатынастыр

5. Ортақ рынок және Ұлыбритания Суэц дағдарысы

6. М.Тэтчер үкімерінің ішкі және сыртқы саясаты

7. Т. Блэр үкіметінің сыртқы саясаты


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1. Огден К. Маргарет Тэтчер . Женщина у власти .М. 1992

2. Городецкая И.Е. Великобритания М.1974

3.Консерваторы у власти: опыт Великобритании М., 1992

4.Корсаков К.Н. История Великобритании. М., 1997



Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси-

экономикалық дамуын қарастыру


Лекция мєтіні

Европанын солтүстік-батысында Британ аралдарында орналасқан мемлекет. Территориясы - 244,1 мың. шаршы шақырым. Ұлыбритания бақылауына 6 мли. халқы бар 14 отар және тәуелді территориялар жатады. Соның ішінде Европада Гибралтар, Оңтүстік Амернкада Фолкленд, Бермуд, Ангилья, Кайкос сиятқгы тағы басқа аралдар бар. Астанасы - Лондон. Ірі қалалары Бирмингем, Лндс, Глазго. Ұлыбритания әкіишілік-территориялык 4 тарихи-географиялық облыстарға бөлінген: Англия, Уэльс, Солтүстік Ирландня, Шотландия. Ресми тілі - ағылшын. Діні - англикандық. Ақшасы - фунт сгерлинг. Ұлттык мерекесі - королеванын туған күні. Ұлыбритания -парламенттік монархиялы иемлекет.

Соғыста Ұлыбритания жеңген мемлекет болғанымен, жағдайы жақсы емес еді. Экономикалық және финанстық қиындықтарға қарамастан өнеркәсіп өндірісі соғыстан кейін дамыды. 1945 жылы шілдедегі парламент сайлауының нәтижесінде лейбористік партия үшінші рет ел басына келді. 1945 жылы 26 шілдеде лейбористік партияның жетекшісі Клемент Эттли үкіметгі жасақтады. 1946-1949 жылдары сайлау қарсаңындағы уәдесіне сәйкес лейбористік үкімет национализациялау жүргізді. Ең алдымен 1946 жылы Ағылшын банкі национализацияланды. Елдің тарихында тұңғыш рет мемлекеттік банк құрылды. Онан соң, көмір және газ өнеркәсібі, электростанция, телеграф пен радио байланысы, азаматтық авиация, ішкі су мен темір жол транспорты, алыс жолдарға автокөлік тасымалы, 1950 жылы болат қорыту өнеркәсібінің бір бөлігі пационализацияланды. Жалпы алғанда национализациялау соғыс кезінде мемлекет қатты араласқан бөлігін ғана қамтыды.Соғыстан кейінгі жылдары Англия дүниежүзілік экономикалық позицияда өзінің экономикасын қалпына келтіру үшін күресті. 1948 жылы өнеркәсіп өнімінің жалпы индексі соғысқа дейінгі дәрежеге жетті. Дүниежүзілік рынокта капиталистік елдерге экспорттаудан өз үлесін қалпына келтірді. 1946 жылы 1927 жылғы кәсіподақ туралы заң жойылды. 1945-1948 жылдары әлеуметтік сақтандырудың жаңа системасы ендірілді. Мұнан басқа жұмыссыздыққа, ауыруға, баланы бағуға жәрдемақы, жесірлер мен жасына қарай (әйелдерге 60 жастан, ерлерге 65 жастан) зейнетақы төлеу енгізілді. 1948 жылғы маусымда Ұлттық денсаулық қызметі құрылды, халыққа тегін медициналық көмек көрсету енгізіліп, осылайша мемлекеттік денсаулық жүйесі жасалды. Лейбористік үкіметтің әлеуметтік саладағы жүргізген шараларын бүкіл халық қолдады.Алайда лейбористік партия финанстық және экономикалық жағдайды жақсарту үшін қаржы көздерін іздестірді. 1948 жылдың басында күнделікті қажет товарлардың бағасының өсуіне қарамастан жалақыны өсіруге тыйым салынды. Үкімет 1949 жылы балаларға тегін және арзан тамақ беру мен оқушылардың автобустарда тегін жүруін тоқтатты. 1949 жылы лордтар малатасының өкілеттілігі мен құқын шектеген заң бекітілді. Бұл шаралардың жүргізілуін лейбористік лидерлер мен идеологтар үшінші лейбористік үкімет Лшлияны «жалпыға береке мемлекетіне» айналдыру «революциясын» жасады, Англия 1951 жылы «барлығы жүмыс істейтін» капиталистік емес ел болатын еді деп дәлелдеу үшін пайдаланды. «Демократиялық социализм» деп аталытын теория, яғни капиталистік қоғамда революциялық қайта құрусыз социализмге жету теориясы жасалынды.

Соғыс жылдарында Англияның басқарушы тобы КСРО-мен соғыстан кейінгі кезеңдерде ынтымақтастықты жалғастыра беруге келісті. Алайда олар соғыс КСРО-ны әлсіретіп, батыс елдерге тәуелді етеді деп ойлады. Соғыстың аяғында қарай ағылшын саясатында КСРО қатынасында жаулық сипат үдей түсті. Англия империализм күшінің жинақталу процесіне белсене қатысты. 1949 жылы НАТО ұйымына кірді. Лейбористер сыртқы саясат силасында АҚІІІ-пен одақтасу позициясында қалды, Англияда Черчилльдіц Фултонда реакциялық саясат елдің прогрессивтік күштерінің қарсылығын тудырды. Осы жылдары бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы кең етек алды. 1949 жылы маусымда Британ бейбітшілікті қорғау комитеті қүрылды.Британ империясының ыдырауы ұлы тарихи қайта құрулар процесінің бірі болып табылады. Англия Үндістан, Бирма, Цейлон және Азия мен Африканың басқа елдерінің тәуелсіздігін тануға мәжбүр болды. 1947 жылы 400 млн. халқы бар Үндістан тәуелсіздігін алды. Осы оқиға Британ империясы тарихында түбірлі бетбұрыс болып, оның ыдырауының бастамасын салды. Үндістанмен қатар Цейлон да тәуелсіздігін алды. Ұлыбритания Палестинадан кетуге мәжбүр болды және Иорданияға тәуелсіздік берді. Дегенмен британ жалауы дүниежүзі бойынша желбіреуде еді.1951 жылдың екінші жартысында Англияда финанс, энергетика, азық-түлік жағдайы нашарлады. Лейбористік партия ағылшын сайлаушыларының қалың көпшілігінің арасында ықпалын толық жоғалтып алғысы келмей парламентке таратты да, 25 қазан 1951 жылы сайлау белгіледі. 1951 жылғы кезектен тыс сайлауда консерваторлар жеңіске жетті: қайтадан 77 жасқа толған Уинстон Черчилль премьер-министр болды. Осы кезге дейін консерваторлар 1945 жылғы сайлаудағы жеңілісінен елеулі қорытынды шығарған еді.

У.Черчилль үкіметі лейбористік үкімет міндеттерін орындап, национализацияланған кәсіпорындардың бұрынғы иелеріне компенсация төледі.Консерваторлар тұсында национализацияланған кәсіпорындардың қызметін анықтауда ірі монополиялардың ролі артты, осы кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшыларды қанау күшейді, үкіметтің инвестиция программасы орындалмады.Консерваторлар экономиканың национализацияланған саласының қызметін қысқартуды бастады. Мұнай монополиясы мен жекеменшік автотранспорт компанияларының мүддесіне сай тиімсіз деген сылтаумен теміржол тораптарын қысқарту жоспары жасалды. 1953 жылы монополияға тиімді жағдайда 55 болат және шойын балқыту кәсіпорындары сатылды. Осылайша екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Ұлыбританияның мемлекеттік кәсіпкершілігі өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтті. Бірінші кезеңде (1946-1951) лейбористер капиталистік национализациялауды жүзеге асырды, нәтижесінде мемлекеттік кәсіпорындар секторы қальштасты. Екінші кезенде (1951-1961) национализацияланған кәсіпорындардың қызметі монополияның экономикалық және саяси үстемдігін нығайтуға бағыттады. Осы процесте мемлекеттік монополистік баға саясаты шешуші роль атқарды. Сонымен қатар үкімет органдары национализациялау идеясына нұқсан келтіруге тырысып, национализацияланған кәсіпорындарды «тиімсіз» деп үнемі түрте берді. Национализациялауға қарсылықтың бір айғағы 1948 жылы ағылшын парламентінің лордтар палатасы 6 ай бойы национализациялау туралы билльді талқылап, осы шараның жүзеге асырылуын тежеді. 1953 жылы национализациялауды болдырмау туралы билльді осы палата 25 минутта талқылады.

Комсернативтік үкмет ағылшын жұмысшыларының жағдайына шабуылына үдетті. Ол жалақының өсуін тежеу, лейбористер тұсында қол жеткізген кейбір жеңілдіктерді жою саясатын жүргізді. Үкіметтің тегін медециналық көмекті жою, денсаулыққа бөлінетін мемлекеттік шығынды тоқтатуға. 6 мен 15 жастағы балаларды тегін әрі міндетті түрде оқыту реформасын аяқтамау саясаты жұмысшыларды мазасыздандырды. Ұлыбритания капиталистік елдердің ішінде соғыстан кейін «жалпы береке мемлекет» концепциясы туындаған бірінші мемлекет еді. Өз саясатына қарсы шыққандарды консервативтік үкімет тұтқындады, қудалады, қарулы күшті пайдаланды. Лейбористік партияның оңшыл лидерлері мен тред-юниондар «ресми емес» ереуілдерге қарсы шығып, елдегі наразылық қозғалысын тежеді.

Ұлыбританияның сыртқы саясаты «үш айналым» концепциясына негізделді. Біріншісі, Англия АҚШ-тың басты партнері, екіншісі, Батыс Европаа державаларындағы негізгісі, үшіншісі, ұлттар қауымдастығындағы лидері. Англияның басқарушы тобы сыртқы саясатта екі партиялық негізде жүргізілді тырысты (үкімет басында қай партия отырса да мейлі). Ұлыбритания және басқа батыс елдерінің басқарушы топтары КСРО-ның герман проблемасын демократиялық реттеу туралы ұсынысына тойтарыс беріп, гитлерлік Германияиың талқандалғанына тоғыз жыл толған күні ФРГ НАТО-ға қабылданды. Осымен Англия 1942 жылы жасалған ағылшын-кеңес келісімін үзді. 1952 жылы мамырда У.Черчилль үкіметі мен басқа мемлекеттер ФРГ қарулы күштерін құруды көздеген Батыс Германиямен екі келісіміне кол қойды. Ол Европалық армияның негізгі көзі болады деп есешелінді.

Черчилль үкіметі атом қаруы саласында зерттеуте баса назар аударды. АКШ Англия мен АҚШ ғалымдарының бірігіп жүргізген зерттеулерін Ұлыбританияға беремін деген уәдесін орындамады. Өйткені соғыстан кейін АҚШ атом зерттеулері бойынша информацияны басқа елдерге таратуға тыйым салға заң қабылдады. 1946 жылы қабылданған Англияның атом қаруы программасы аяқталып, Австралияның солтүстік жағалауында 1952 жылы қазанда атом бомбасы сыналды. 1954 жылы «өзінің» сутегі бомбасын жасау жұмысы басталды. Оның алғашқы сынағы 1957 жылы Тынық мұхитта өткізілді.1957 жылы ағылшын-американ үкіметтері «өзара байланыстылық» доктринасын жасады.

50-ші жылдардың ортасында У.Черчилльдің саясаткер ретінде күні өткені білдірді. 1955 жылы 5 сәуірде У.Черчилль королевадан отставкаға өтініш жасады. Отставка қабылданды. 6 сәуір 1955 жылы Антони Иденге жаңа үкіметті қалыптастыру тапсырылды. Конституциялық мерзімінің аяқталуына 1,5 жыл қалғанда Иден 1955 жылдың 26 мамырына парламенттік сайлау берілді. Сайлау қарсаңындағы кампания кезінде консервативтік партия плакаттарында Иденнің «Бейбітшілік үшін жұмыс істеуші» деген сөзбен суреті басылып ілінді. Сайлаудың нәтижесінде консервативтік үкіметтің позициясы нығайды оның басшысы А.Иден сайлау қарсаңында уәделеріне қарамай соғысты дайыйдау бағытын күшейтті.

Ағылшын үкіметінің сыртқы саясатында басты назар Таяу және Орта Шығысқа аударылды. Лондон басшылары Англия бақылаған Суэц каналы оның стратегиялық коммуникациясының маңызды бөлігі болып табылатын Египетпен қатынасқа ерекше қарады. Ағылшын басқарушы тобы Египеттің ұлттық мүддесімен ноне халықтың талабымен санасқысы келмеді. Англия 1955 жылы АҚШ кемегімен Египетті Бағдат пактісіне тартты. 1956 жылы 26 шілдеде Египеттегі азаттық революциясының 4 жылдығын тойлау күндері президент А.Нагер Александриядағы митингі кезінде Суэц каналы компаниясын национализациялау туралы жариялады. Египет үкіметінің заңды шешімі Ұлыбритания басқарушы тобының қарсы реакциясын туғызды. Олар арабтық Шығыста даулы мәселелерді қарумен шешуді тырысты.1956 жылы ағылшындардың басым көпшілігінің қарсылығына қарамастан Англия Франция және Израилмен бірге Египетке қарсы агрессия бастады. Египетті басып алу ағылшын халқының қатты наразылығын туғызды.

Лейбористік партияның парламенттік фракциясы барлық конституциялық қүралдарды қолданып, үкімет әрекетіне барынша қарсы шығуға бел байлады. Лейбористік фракцияның позициясы қауымдар палатасының мәжілісін тоқтатуға дейін барды. Суэц қақтығысы барысында Ұлыбритания коммунистік партиясының Саяси комитеті Суэц каналын национализациялау туралы жариялады, олар Египетпен соғысқа да қарсы ойын білдірді. Бүкіл ел бойынша етек алған қалың көпшіліктің соғысқа қарсы ұлттық қозғалысы қарулы күшке де әсерін тигізіп, Иден үкіметінің позициясын әлсіретті. 6 қараша 1956 жылы Иден қауымдар палатасында Англияның Египеттегі қарулы күшіне соғысты тоқтату жөнінде бұйрық берілгенін жариялады. 19 карашада Иден үкіметі отставкаға кетті. А.Иден кабинетінің орнына 1956 жылдың соңында Гарольд Макмиллан бастаған жаңа консервативті үкімет келді.

1949 жылдан бастап Англияда бейбітшілікті жақтаушылар қозғалысы пайда болды. Бейбітшілік үшін қозғалыс - парламенттен тыс жалпы қозгалыс, халықаралық шиеленісті, қарусыздандыруды, ядролық қаруға тыйым салуды, жаңа дүниежүзілік соғысты болдырмау үшін біріккен саяси кезқарасы мен әлеулгеттік жағданы әр түрлі адамдар қатысады. Бұл күреске Суэц соғыс қақтығысы тұсында ұсақ буржуазия, буржуазиялық интеллигенция, ірі буржуазияның біраз бөлігі және аристократия өкілдері қатысты. Ядролык қарулануға қарсы күрес бір жақты ядролық қарусыздану талабына ұласты.


Баќылау с±раќтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстың Ұлыбританияға әсері

2.Англияның НАТО-ғы ролі

3.50жж төрт консервативті үкіметтің ішкі саясаты



18- лекция. Таќырыбы: Ұлыбритания

Жоспары:

1.1974ж лейбористердің билікке келуі

2.М.Тәтчердің саясаты

3.Дж.Мейджордің келуі



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Огден К. Маргарет Тэтчер . Женщина у власти .М. 1992

2. Городецкая И.Е. Великобритания М.1974

3.Консерваторы у власти: опыт Великобритании М., 1992

4.Корсаков К.Н. История Великобритании. М., 1997
Лекция маќсаты: ХХғ соңғы ширегіндегі Ұлыбританияның даму бағыттарын қарастыру
Лекция мєтіні

70-жылдардың соңында лейбористік партиясының мемлекеттік бюрократиялық үстемдігі жеңіліс тапты. Лейбористер елдегі ұлттық мәселені шеше алмады. Солтүстік Ирландия мәселесі ұлттық бас ауруына айналды. Шотландия мен Уэлс автономиялық құқық лу үшін күресін жалғастырды. Каллагэн үкіметіне сенімсіздік білдіріп, 1979 жылы 3 мамырды сайлау өткізуге шешім қабылдады. Мемлекеттік реттеу саясатынан бас тарта отырып, жеке кәсіпкерлікті қолдау саясаты консерваторладың сайлауда жеңіске жетуіне әкелді.

Экономикалық дағдарыстан шығу жолында Тэтчер үкіметі антикризистік және антиинфляциялық шараларды жүргізуге кірісті. 1981-1982 жылдарда «шоковая теория» реформасы экономикалық дағдарыстан біртіндеп шыға бастады. АҚШ-тың экономикасына ағылшын инвестициясын енгізуге бірінші орынға шықты.

1980-1982 жылдарда Тэтчер үкіметі кәсіподақ ұйымдарына қарсы қатал заңдар шығарды. Кәсіподақ федерациясына еруіл ұйымдастыруға тыйым салынды. Елде тәртіпсіздік пен терроризм кең етек алды. Ағылшын қалаларында ішкі тәртіп бұзылды. 1984 жылдары Лондон, Бирмигем, Бистоль, Ливерпуль қалаларында стихиялы қозғалыстар кең етек алды. Еңбекшілер мен полиция арасындағы қақтығыстарда адам өлімі көп болды. Солтүстік Ирландиядағы қақтығыстарды басу үшін қосымша ағылшын әскерін жіберді. Солтүстік ирландия католиктеріне қарсы қатал қудалану жүргізді. Ирландия түрмелерінде аштық жарияланып, парламент мүшесі Бэндистің өліміне қарамастан, ағылшын үкіметі ешқандай да шара қолданбады.

80-жылдың екінші жартысында Тэтчер үкіметінің денационализациялау бағдарламасын елде жұмысшылардың қарсылық қозағлысын туғызды. 1984 жылы Ұлттық көмір өнеркәсіп басқармасы, 20 көмір шахталарының жабылуы 20 мың көмір жұмысшыларының ереуіліне ұласты. 1984 жылы наурыздан 1985 жылға дейін, бір жылға созылған. Көміршілердің жалпы ұлттық ереуілін бір жылға создырды.

1986 жылы көмір және тау-кен жұмысшыларының ереуіліне қарсы «қоғамдық тәртіп» заңды қабылданды. Бұл заңға елдегі демократиялық қозғалстар қарсы болып, азаматтық құқық пен еркіндікті шектеу деп бағаланды. Ұлыбританйядағы жалпы ұлттық ереуілді Солтүстік Ирландиядағы католиктер қолдаы.

1982 жылы Солтүстік Ирландияда консерваторлық үкімет өзінің басқару жүйесін жалғастырды.

Еңбекшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту шарларын жүргізе отырып, елдегі саяси жағдайларды реттеу кезеңінде жаңа парламенттік сайлау өтті. 1987 жылы 11 маусымда парламенттік сайлауда консерваторлар 42,3 % дауыс алып, 376 депутаттық орынға ие болды.

90-жылдарда Ұлыбританияның экономикалық дамуы жоғарғы деңгейге жетті. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 4 %- ға өсті. Жаңа технологияның енгңзілуі өндіпргіш күштердің өсуіне әкеп соқты Тэтчер үкіметінің салық саясатындағы жеңлдіктер айтарлықтайжеңіске әкелді. Банк қайтарымының жоғары болуы ішкі инвестицияның өнеркәсіптеге салынуын өсірді.

90-жылдардың басында Ұлыбритания экономикасындағы құрылым өзгерістерінің бірі мемлекеттік секторының қысқаруы болды. Мемлекеттік несие-қаржыны реттеу экономикасының қарқынды дамуына жол ашты. Әлуметтік саясатта мемлекеттік реттеудің сақталуы өндірістің жедел дамуына жол ашты. Экономикалық -әлуметтік дамудың жоғарғы деңгейі ұзаққа бара алмады. Ұлыбританияның экономикалық-әлуметтік дамуныда 90-жылдарда дағдарыстық белес басталды.

90-жылдарда консерваторлар партиясының ішінде жаңа басшылық үшін күрес күшейе бастады. 1990 жылы күзде консерваторлар партиясының төрағасына соғыс министірі М.Хэзлайн өзінің кандидатурасын ұсынды.

Консерваторлар үкіметінің сыртқы саясатының басты бағыты халқаралық бәсеңдеу саясатынан бас тартып, АҚШ-тың «қырғи-қабақ» соғыс саясатын қолдау болды.1980 жылдардың басында Аргентина мен ағылшын елдері арасында көп жылдардан бері кезек-кезек талас болып келе жатқан Фолкленд (Мальвин) аралы үшін соғыс басталды.

1982 жылы 2 сәуірде Аргентина өзінің билігін қалпына келтіру үшін аралға азғантай әскери десант түсіріп, ағылшын генерал губернаторы Р.Хантты орнынан алып, еліне қайтарды.

Сәуір айында Фолкленд (Малвин) аралына ағылшын соғыс кемелері жетіп, соғыс қимылдары басталды. 21 мамыр 14 маусым аралығында соғыс болып, Аргентина әскері аралды тастап шығуға мәжбүр болды.

Тетчер үкіметі АҚШ әкімшілігінің агрессиялық саясатын қолдауды жалғастырды. 1986 жылы Таяу Шығыс пен Ливияға қарсы АҚШ-тың әуелден бомбылауын, Иранға қарсы соғыс әрекеттерін қолдап отырды. Консерваторлар Пәкістандағы, Ауғанстандағы моджехеттердің іс-қимылдарын қолдаы.

80-жылдардың басында ағылшын-кеңес қарым-қатнасы біршама өзгерістер әкелді. 1984 жылы желтоқсан айында жоғарғы Кеңес делегаттарын басқарып барған М.С.Горбачев пен М.Тетчер арасында келіссөздер жүргізді. Консерваторлар үкіметі атынан М.Тетчер КСРО елімен байланстарлы дамытуға келісті.

Консерваторлар үкіметінің сыртқы саясатындағы негізгі бағыт Қытай Халық Республикасымен қарым-қатнасты дамытуға айтарлықтай көңіл бөлді. КХР-мен Ұлыбритания аралында әскери салада келісім жалғастырылды.

Ағылшын-қытай келіссөздерінің барысында 1997 жылы Гонконг (Саянган) қаласын Қытайға қайтаруға келісті. 1987 жылы 28 наурыз – 1 сәуірде М.Тетчер Мәскеу қаласына келіп, М.С.Горбачевпен келіссөздер жүргізді. Кездесуге екі жақты қарым-қатнастарды дамытуды, халқаралық қатнастардағы маңызды мәселелерді тақылады. Қару-жарақты қысқарту, химиялық қаруларды жою, қысқа және орта қашықтықтағы зымырандарды жою мәселелерін, дау-жанжалды бейбіт жолмен шешуді қолдады. Ұлыбритания үкіметінің сыртқы саясаты оңшыл бағытты қолдап, атлантизм саясаты сыртқы саясаттың нігізгі бағыты болып қала берді.

90-жылдардың басында Ұлыбританияның саяси дамуына біршама өзгерістер болды. Консерваторлар партиясы үкіметті басқарғанымен, парламентте көпшілік бола алмады. Консерваторлар партиясының ішкі дамуында жік туа бастады. 1993 жылы мамыр айында қаржы министрі Н.Лэмантте үкіметтік саясатына қарсы болып, үкімет құрамынан кетеді.

Үкімет мүшелерінің арасында жіктің болуы Мейджордың беделін түсіріп, парламентті тарату мәселесі қойылды. 1990-1991 жылдардағы жергілікті сайлауда лейбористер сайлаушылар арасындағы беделін қалпына келтіре бастайды.

Ұлыбританияда либерал партиясының беделі өсті. Нарықтық экономиканы дамыту, Еуропалық Одақ пен Ұлыбритания арасындағы ынтымақты жетілдіру жаңа бағдарламаның негізгі идеясы болды.

Ұлыбританияда сайлаудан кейінгі саяси тұрақтылық экономиканың тұрақты дамуына мүмкіндік жасады. Үкімет ішкі саясатта нақты реформаларды жүргізу арқылы инфляцияны азайтуға, өнеркәсіп өнімдерін шығарудың өсуіне әкелді.

Мейджор үкіметінің екінші кезеңне ішкі экономикалық саясатта тэтчеризмнен бас тартқан жоқ. Тэтчер үкіметі кезінде басталған электр энергиясын және көмір өнеркәсіп орындарын жекешелендіруді (приватизациялауды) жалғастырды. Үкіметтің бұл саясатына 1993 жылы көміршілер қарсы болып, ереуілдерге шықты. Жекешелендіруге қарсы күресетін кейін көміршілерге көмек ретінде жалақыларына қосымша 900 миллион ф.ст. технологияны модернизациялауға, 150 миллион ф.ст. көмек қаржы төлегеннен кейін ғана 50 шахтаның 34 шахтасын жекешелендіруге көндірді. Теміржол және байланыс салаларын жекешелендіруге еңбекшілердің қарсы шығуына байланысты үкімет бас тартуға мәжбүр болды.

Мейджор үкіметі әлуметтік көмекке бөлінетін мемлекеттік бюджетті өсіріп отырды. Әсіресе, білім және денсаулық саласында мемлекеттік көмек арқылы жеке білім алу мен денсаулық салаларындағы үлесін азайтты. Халықтың 97 % - ы өздерінің балаларын мемлекеттік мектептерде оқытты. 90 %-ы ұлттық денсаулық қорының көмегіне сүйенді.

Мейджор үкіметінің сыртқы саясатында, ағылшын-орыс қарым-қатнастарында жаңаша дербес саясат жүргізді. Мейджор КСРО-ның құлауын қолдай отырып, сепаратизмге қарсы болды. 1991 жылы Ресейдегі қарсы бүлікті қолдамай айыпталды. Ресейді КСРО-ның орнындағы ел ретінде мойындады. 1993 жылғы Мәскеудегі қазан айындағы демократияны жаңарту қозғалысында Ельцинге қолдау білдірген Мейджор болды. Ресейдегі шешендер соғысын ішкі мәселе ретінде түсінді. 1992 жылы қараша айында Б.Ельцин Ұлыбританияға барды. Ельцин мен Мейджор арасында жан-жақты келіссөздер жүргізді. 1994 жылы Ұлыбритания королі Елизавета ІІ тұңғыш рет Ресейге келді.

Мейджор үкіметі бұрынғысынша атлантизм саясатын жалғастыра отырып, АҚШ-тың Еуропадағы сенімді одақтасы ретінде қала берді. 1990 жылғы АҚШ-тың Иракқа қарсы «Құмдағы дауыл» операциясына белсенді қатысты. Парсы шығанағында халықтар күштер құрамында 45 мың британ әскері болды.

Ағылшын-американдық қарым-қатнастарда Еуропадағы Косово дағдарысы жылдарында ағылшындар да АҚШ-тың Югославияға саясатын қолдамады. 1995 жылы сәуір айында Мейджордың Вашингтонға барған сапарында Босния дағдарысын шешеудегі АҚШ-тың саясатын қолдауға көрінді.

90-жылдары Ұлыбритания мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатнастар өте қатал саясат жүрді.

1994 жылы лейбористер партиясының төрағасы Д.Слит кетіп, қайтыс болғанан кейін, партия конференцияда Э.Блэр 57 % дауыс алып, төраға болып сайланды.

1994 жылы лейбористер партиясының конференциясында Э.Блэр «жаңа лейборизм» идеясын жариялады. Партияның бағдарламасындағы «төртінші бапқа» өзгеріс енгізуді ұсынды.

Лейбористер партиясының идеологиялық қайта құру идеясы сайлау қарсаңындағы күресте ірі жеңіске әкелді. Консерваторлық партия сайлау қарсаңында айтарлықтай үгіт-насихат жұмысын жүргізе алмады, экономиканың өрлеуі негізгі қызмет болғандығын жариялай алды. Либерал демократтар сайлау алдында радикалдық реформа жүргізуге шақырды. Шотландия ұлттық партиясы Шотландияға толық тәуелсіздік алуға шақырды.

90-жылдардың соңында Ұлыбритания экономикалық дамуы бірқалыпты жағдайға түсті. Өнеркәсіп орындарының құрылымы өзгерістерге ұшырап, бәсекелік қабілеттері артты.

Ұлыбританияның ішкі дамуында инвестициялық жоғарғы деңгейде сақталды. Ұлыбританияда 13 мың шетел компаниялары жұмыс атқарды. Жоғарғы технологияда жұмыс істейтін халықаралық компаниялар жұмыс істеді. 1997-1999 жылдарда ұсақ кәсіпкерлерге, корпарацияларға салынатын салық мөлшері азайтылды. Табыс салық мөлшері 20 % - ға дейін төмендетілді. Батыс Еуропа елдері арасындағы тікелей салық мөлшері ең төменгі деңгейде болды. Бірақ қосымша және «тұтыну» салығы жоғары деңгейде қалдырылды. Еңбекшілердің сатып алу қабілетінің төмендеуіне әкелді.

90-жылдарда лейбористер үкіметі мемлекеттік тапшылықты төмендету үшін күрес жүргізді. Ұлыбританияда қаржы-волюта саясатының дұрыс жүргізілуі инфляция деңгейінің 3,4 %-ға азаюына дейін барды.

Э.Блэр үкіметі әлуметтік саясатта айтарлықтай жетістіктерге жетті. 1998 жылы Гордон Браунның үш жылдық әлуметтік инфрақұрылымын қаржыландыру бағдарламасын қабылдады.

Мемлекеттік бюджеттен білім беруге, кәсіптік техникалық білімге, жастарға жұмыс беруге және денсаулық салаларында қаржы көп бөлінді. Телефон байланысы мен көлік жүйесін модернизациялауға, қосымша жобаларды дамытуға, бала мен анаға көңіл бөлді. 1999 жылы нашақорлыққа қарсы күресу бағдарламасын қабылдады.

1999 жылы лейбористер үкіметі Лордтар палатасына сайлау реформасын жүргізді. 1999 жылы қазан айында лордтар палатасында сайлауда реформаны 221 дауыс қолдап, 81 дауыс қарсы болып бекітті. Реформа бойынша мұрагерлік лордтар палатасынан шығарылды. 2000 жылы арнаулы комиссия өмірлік лорддардың үміткерлерін іріктей бастады. Бұдан былай мұрагерлік лордтар палатасына өмір бойына іріктілік, лордтардың шыққан тегіне емес, елге атқарған қызметі арқылы комиссия шешіміне іріктелетін болды. У.Черчилль мұрагерлік лордтар палатасында өлгенше Пэр болып кетті.

Солтүстік Ирландия мәселесі Ұлыбританияның ішкі саясаты ретінде қарастырылып, өз шешімін таба алмай келген болатын Э.Блэр үкіметі бұл мәселені шешуде нақты қадамдар жүгізді. Ольстер партиясы Шинн Фейн мен келіссөздер жүргізе келісті. Ұлыбритания – Ирландия келісімдері кезінде арандатушылықты, террорды тоқтатуға келісті. 1998 жылы Солтүстік Ирландия мәселесін шешуге үш жақты келіссөздер жүргізілді. Ұлыбритания, Ирландия және АҚШ уәкілдері қатысты. Ұзақ жылдардағы келісімдердің барысында Солтүстік Ирландияның Ұлттық ассамблеясы депутатарының тең қатысуымен шешім қабылдауға берлілді. Католиктер мен протестанттардан тең депутаттар сайланды. Бейбіт келісімдерді 1998 жылы 22 мамырда Солтүстік Ирландияда өткен халықтық референдумда бекітті. 2000 жылы Блэр үкіметі Солтүстік Ирландия мәселесіне араласуға уәде берді. Экстеремизм мен терроризмге қарсы күресте Солтүстік Ирландия үкіметіне көмектесті. Бейбіт келісім Солтүсті Ирландия мәселесін бейбіт шешуге тағы да бір мүмкіндік туды.

Ұлыбританияның сыртқы саясаты дәстүрлі атлантизм саясатын жаңа бағытта жалғастырды. АҚШ-пен «ерекше қатнасты» дамыта отырып, Клинтон әкімшілігімен достық қатнасты орнатты. АҚШ-тың антитеррористік саясатын және Ауғанстан мен Суданды бомбылаудан қолдады. 1998 жылы ағылшын-американдық бірлескен соғыс қимылдарын жүргізіп, Ирактың маңызды аудандарын әуеден бомбылады. 1999 жылы Югославияға қарсы ағылшын-американдық әскері Косоводағы соғыстарға қатысты. Югославия президенті Милошевичке арандатушылықтарды жүргізді. Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) ұйымының шығысқа қарай ұлғайтылуын қолдауы, 90-жылдардағы АҚШ-саясатын қолдауы ағылшын-орыс қарым-қатнастарының бірқалыпты дамуына кері әсер етті. 1998 жылғы Берлингеме қаласындағы «жеті елдің» басшылығымен Ресейдің «сегіздік» кезесуін қолдады. 1999 жылы Путиннің Ресей президентіне үміткер болуын Э.Блэр қолдады.

Ұлыбритания және Еуропалық Одақ елдер арасындағы ынтымақтастыққа жаңаша көзқарастарды қалыптастырды. 1997 жылы Э.Блэр басқа Еуропа елдерімен бірге Амстердам келісіміне қол қойып, Еуропалық ынтымақтастықтың әлуметтік хартиясына кірді. Амстердам келісіміне қол қоя отырып, әлуметтік саясатты дамытуды, адам құқықтарын қорғауды, азаматтық институттардың жұмыстарына белсенді қатысуды қолдады. 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы террорлық актыдан кеәін Ұлыбритания халқаралық терроризмге қарсы күресті батыл қолдады. ХХІ ғасырдағы АҚШ президенті Д.Буштың Ирактағы Саддам Хусейін диктатурасын құлатуға АҚШ-тың агрессиялық саясатын қолдап, Иракта ағылшын әскері соғыс қимылдарына қатысты. ХХІ ғасырдың басында Ұлыбритания АҚШ-тың Еуропадағы сенімді одақтасы ретінде жалғасты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет