Баќылау с±раќтары:
1.Фашизмнің пайда болуы
2.Германиядағы капитализмнің ішін-ара тұрақтануы. «Дауэс жоспары»
3.Юнг жоспары
4.Фашизмнің сыртқы агрессиялық саясаты
4- лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж Италия
Жоспары:
-
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италияның саяси экономикалық дамуы
-
Оңшылдардың дағдарысы және фашизмнің пайда болуы
-
Фашистік террордың басталуы және оларды үкімет басына келуі
-
Муссолинидің үкімет басына келуі және саясаты
-
Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы фашистік Италияның агрессиялық сыртқы саясаты
-
Италия екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.История Италии. М. 1971. Т.3.
2.Италия М. 1983.
3. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960
4.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991
5.Комолова. Н.П. Новейшая история Италии М. 1970.
6.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977
Лекция маќсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Италияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң. Бірінші дүниежүзілік соғыста Италия үкіметі бұлтақ саясат ұстап, 1915 жылы бұрынғы өзінің одақтастарына қарсы, яғни Үштік Одаққа қарсы Антанта жағында соғысты. Сол кездегі Италия мемлекетінің жай-күйі әсеріне ықпал етпей қоймады. Уақыт талабына сай дайындалмай соғысқа кірген итальян әскері майдан даласында бір жеңілістен екінші жеңіліске ұшырады да, соғысқа елеулі үлес қоса алмады. Оның дәрменсіздігін Антанта елдері елемей қойған жоқ. Осылайша Италия үкіметінің Антанта елдеріне сүйене отырып, үлкен территорияны иемдену, халықаралық позициясын нығайту мақсаты орындалмады. Ұзақ соғыс Италияны қанға бөктірді. Антанта елдері Италияны өзіне тең санаған жоқ. Италияға Трентино (Оңтүстік Тироль), Истрия, Триест жері ғана берілді. Аз ғана жерге ие болды, мүддесі орындалмады. Италия «жеңгендердің ішінде жеңілген мемлекет» болып қала берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс Италияға оңай тиген жоқ. 700 мыңдай итальяндықтар соғыс даласында қаза тапты. Соғыс шығыны - 46 млрд. лир, мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің 80%. Сыртқы қарыз 19 млрд. лирге өсті. Шикізат пен жанармайға валютаның жетіспеуі өнеркәсіп өндірісін күрт кемітті. Егістік кысқарды, өнім шықпады, мал басы кеміді. Финанс бұзылды, инфляция күшейді. Жұмыссыздык, халықтың жағдайы тым нашарлап кетті.
Елдегі жағдайдың қиындығымен қатар, Италияның Англия, АҚШ, Франциямен порт Фиуме (Риску) мен Далмацияны бермегені үшін арақатынасы құрделенді. Италияның славян халқы орналасқан территорияға көз тігуі жаңадан құрылған Серб-хорват-словен корольдігімен қатынасын шиеленістірді.
1919 жылдың басына қарай соғыстың аяқталғанына қарамай елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайының еш өзгермеуі, оның үстіне соғыстан қайтқан солдаттардың жұмыссыздықты одан сайын көбейтуі, қымбатшылық қалың көпшіліктің басқарушы топтың саясатына наразылығын тудырды. 1919 ж. 1555 мың адам қатысқан 1871 ереуіл болып өтті. Елде жұмысшының, шаруаның ұсақ буржуазияның, алдыңғы топтың қарсылығы елдің экономикасы мен саяси өмірінде түбегейлі өзгеріс жүргізуді қажет етті.
1919 жылдың басынан бастап, Италияның басқарушы тобынын арасында бірлік болған жоқ. Буржуазиялық диктатура системасында дағдарыс туды, мемлекеттің өкімет органдары бұзылды. Армия мен полицщ елдегі наразылықты баса алатын күш болудан қалған еді. Осы жағдайда басқарушы топтың бір бөлігі социалистік партия, әлеуметтік базасы бәсекеге түсе алатын буржуазиялық партия құруға ұмтылды. Осы мақсатта 1919 жыл қаңтарда Халық партиясы құрылды. Оның программасы: помещик иеліктерің сату арқылы шаруаларға бөліп беру; буржуазиялық-демократиялық реформа жүргізу т.б.
Ал басқарушы топтың екінші бөлігі наразылықты күшпен, зорлықпен басуды ойластырды. Реакциялық ұлтшыл қайраткерлер жұмысшы ұйымдарымен күресетін арнайы бандалар ұйымдастырды. Соғыс кезінде социалистік партиядан шығарылып жіберген Бенито Муссолини «күрескер топтар», ал жазушы Габриэле Д'Аннунцио легионерлердің қарулы отрядтарын құрды. Оларды ірі өнеркәсіп иелері қаржыландырды. Олар 15сәуір 1919 жылы Муссолини отряды социалистік газет «Аванти» («Алға»} редакциясына террорлық шабуыл жасады. . Италия басқарушы топтары халықаралық саясатта да бірауызды болмады. 2 лагерь қалыптасты: бірі ашық агрессорлық, жаулап алушылық саясат; екіншісі соғыстың авантюра саясатының салдарынан сескенген ымырашыл саясат.
Агрессорлық лагерьді ұлттық партия мен оңшыл либералдар басқарды, Лидерлерінің бірі - Соннино кезінде сыртқы істер министрі болған. Париж бейбіт конференциясында премьер-министр Орландо мен Соннино Италияға негізінен славян халықтары мекендеген Адриат жағалауынан территория беруді, Италияның Албанияға протекторат орнатуын, Измир мәселесің шешуді, Орталық және Солтүстік-Шығыс Африкадан отар жер талап еткені| болатын. Муссолини «Пополо д'Италия» (Италия халқы) газетінің бетінде Италия зор территорияға ие болуы керек дегенді насихаттады.
Солшыл либералдар (Нитти, Джолитти) Серб-хорват-словен корольдігімен Истрия, Фиуме мәселесі бойынша келісімге келуге шақырды, Далмацияны аннексиялауға қарсы шықты.
Париж конференциясында Италияның аннексиялық жоспарының жүзеге аспауы және осыған байланысты батыстық одақтастармел тутан қақтығыс Орландо үкіметінің беделін кетірді де, ол 1919 жылы маусымда отставкага кетуге мәжбүр болды. Нитти бастағаы жаңа кабинет Грешгямен құиия келісім жасасты. Ол бойынша Италия Измирге көз тігуін тоқтатып, Фнумо, Далмация мәселесі бойынша қанша талпынса да келісімге келс алмады.
Нитти үкіметі халықтың қысымымен Кеңестік Ресейге деген саясатын өзгертті. Итальян әскері Ресейден қайтарылды. Нитти үкіметінің ымырашыл пиртқы саясаты ұлтшылдар мен фашистердің ашу-ызасын тудьтрды. Ұлтшылдар «Фиуме немесе өлім!» деген ұран көтерді. 12 қыркүйек 1919 жылы ДАннунцио өзінің «легионерлер» отрядымен Фиумені басып алды. Итальян генералы басқарған одақтастардың оккупациялық әскері ешқандай қарсылық көрсетпеді. Фиумеде Д'Аннунцио «республика» жариялады.
16 қараша 1919 жылы парламенттік сайлау өткізілді. Пропорционалдық жүйе негізінде жүргізілген сайлау социалистік партияға зор жеңіс әкелді (5,6 млн. дауыстың 1840 мыңын жинаған), 156 мандаттық орынды иемденді. Ондаған жылдар бойы билік басында болған либералдар жеңіліс тапты. Екінші орынды Халық партиясы алды (1200 мың дауыс, 100 мандат). Алғаш рег сайлау күресіне қатысып, халықтың арасында әр түрлі уәделер бергенімен ол толық жеңіліс тапты.
Дегенмен парламенттік сайлау аяқталса да саяси күрес тоқтамады, өрши түсті. 1920 жылы сәуірде кәсіпкерлердің фабрика-завод кеңестерінің құқықтарын шектеуге тырысқан кәсіпкерлердің әрекетіне қарсы Гуринде жалпы ереуіл болып өтті. Турин жұмысшыллрының күресін солшыл социалистер Грамия, Тольятти басқарды. Турин металлистерінің ереуілін Пьемонттың бүкіл жұмысшылары қолдады. Бірақ 11 күн табандылық көрсеткен ереуіл Жалпы еңбек конференцияның реформистік лидерлерінің әрекеттерінен тоқтап қалды. 1920 жылы тамызда металлист-жұмысшылар жалақыны көбейтуді талап етті. Кәсіпкерлер қарсылық білдірді. Бұл Италия фабрика завод жұмысшыларының үлкен бас көтеруіне түрткі болды. Жұмысшы қозғалысы кеп ұзамай-ақ Солтүстік, Орталық Оңтүстік Италияны жайлады. Революциялык дағдарыс жалпыұлттық сипатқа ие болды.
Қозғалыстың кең етек алуы буржуазияға үрей туғызды. 1920 жылдың маусымында екімет басына келеген Джолитти үкіметі мен кәсіпкерлер қарулы күш қолдануға батылы жетпей, кәсіпорындарда жұмысшы бақылауын енгізу, жалақыны 10-20% көбейту туралы уәде берді. Жалпы ецбек конфедерациясының Д'Арагон бастаған реформистері бұл уәделерді жұмысшылардың үлкен жеңісі деп түсіндіріп, буржуазияның Италия тарихындағы жұмысшылардың наразылығын басып тастауға көмектесті. Халықтың қозғалысынан үрейленген социалистік партияның басшылығы қозғалысты басқаруға дәрменсіз болды және Джолитти мен Д'Арагонның келіскендігін де ашып көрсетпеді. Халық алданды, қымбатшылық өсті, жұмыссыздьщ көбейді.
І920 жылдың күзінде Джолитти үкіметі Серб-хорват-словен корольдігімен даулы мәселелерді уақытша реттеді. 1920 ж. 12 қарашадағы 1'аполль бітімі Фиуме өзінің маңайындағы жерлерімен «Фиуме ерікті мемлекетіне» айналуы керек деп көрсетті. Италия Далмациядан Царь портын, Лдриат теңізінен бірнеше аралдарды иемденді. Д'Аннунцио Фиум жөніндегі келісімді мойындамады тек, итальян үкімет әскері бомбылайтын болған соң ілна оны тастауға мәжбүр болды. 16 ай өмір сүрген Д'Аннунцио «республикасы» өзінің өмір сүруін тоқтатты.
1920 жылдың соңынан монополистік буржуазия жұмысшылардың қозғалысын аяусыз басуға кірісті. Джолитти үкіметі фашистерді үнемі қолдап отырды. Фашистік ұйымдар қатары кулактар, помещиктер, шовинистік ниеттегі ұсақ буржуазиялық элементтер арқылы толыға берді. Қаруланған фашистік бандалар жүмысшы белсенділерін ұрып-соқты, өлтірді, жүмысшы ұйымдарының үйлерін бұзды, өртеді, муниципалитеттерді таратты.
1921 жылы мамырда парламснттік сайлау өткізілді. Нәтижесінде Джолигшдің солшыл партияны әлсіретемін деген үміті аяқталмады.Солшылдармен біріккен фашистер парламентке 35 кандидат ғана өткізе ал социалистер мен коммунистер 138 және Халық партиясы 108 орын алды.Сайлаудың нәтижесі Джолиттидің үлкен жеңілісі еді. Маусымның ол отставкаға кетті. Оның орнына Джолитти тұсында соғыс болған және қарулы фашистік отрядтардың қалыптасуына ат салысқан, бұрынғы социалист Бономи отырды.
1921 жылы шілдеде депутаттар палатасының төрағасы Де Никола фашистер мен социалистер арасында «ымыраласу пактісін» (Пакт умеротворения) жасасу қажет деген ұсыныс енгізді. Бұл ұсыныстың мақсаты жұмысшылардың антифашистік бірыңғай майдан құруына жол бермеу еді. және Социалистік партияның басшылығы Де Никола ұсынысын қабылдап қол қойды. Тек Италия Коммунистік партиясы ғана (1921 жылы бұл пактінің шын бейнесін ашып көрсетті. Коммунистердің партиясына Бономи үкіметі, оны 1922 жылы ақпанда ауыстырған Факт үкіметі фашистерге барынша жәрдемдесіп, Джолитти саясатын жалғастыра «Ымыраласу пактісі» фашистік террорды тоқтатуға әрекеттенген де
Халықтың қысымымен Социалистік партия, Жалпы еңбек конфедерациясы және басқа кәсіподақ ұйымдары 1922 жылы ақпанда Еңбек Одағы (Аллеанцадель Лаворо) құрды. Антифашистік мақсатта құрылғанмен, оның реформистік бағыттағы жетекшілері пролетариаттың бас көтеруін ұйымдастыруды қажет деп таппады. 1 тамыз 1922 жылы Одағы фашистік террорға қарсы жалпы саяси ереуіл ұйымдастырды. Оған мыңдаған адам қатысып, кей жерлерде полициямен, фашистік бандалармен қанды қақтығыстар орын алды. Күрестің белең алған тұсында Еңбек Одағының реформистік лидерлері ереуілді тоқтату жөнінде бұйрық берді Жұмысшылардың біразы бұйрықты орындамаса да, кейбірі ереуілді тоқтатып арандатты. Реформистердің бұл сатқындық әрекеті халықтың ашу-ызысын тудырғаны сонша Социалистік партияның центристік басшылығы реформистермен алшақтатуға мәжбүр болды да, 1922 жылы қазанда и өткен съезде реформистер партиядан шығарылды.
Тамыз ереуілінің жеңіліс табуы фашистердің өкімет билігін қолға алуына жол ашты. Финанс капиталының үстем болуы өнеркәсіп конфедерациясы, әскердегі басшылық, король сарайы, Ватикан -Муссолинидің үкіметті қолға алуына жағдай жасады. Осыларға сүйене отырып, Муссолини 27 қазан 1922 жылы «Римге жорық» жөнінде бұйрық берді. Ертеңіне 28 қазанда фашистік қарулы бандалар Римге енді, оларға ешқандай қарсылық керсетілмеді. Король Муссолиниді үкімет басшысы етіп тағайындады. Италияда фашистік диктатура орнады. Муссолини үкіметі фашистік партиядан, басқа буржуазиялық партиялар топтарынан 10 өкілден құрмлды. Үкіметтің алғашқы айларында-ақ оның реакциялық сипаты айқын болды. Жандармерия (карабинерлер) корпусының саны өсті (60 мыңнан 90 мі.іща дейін), жұмысыздарға берілетін жәрдемақы жойылды, салық түрі көбейді, өсті, барлық жұмыс фашистік ұйымдардың бақылауыпи алынды. Фашистер жұмысшыларды, коммунистерді аяусыз қудалап, террор ұйымластырды. Меселен, 1922 жылдың желтоқсанында фашистср Туринде коммунистердің үйіне басып кіріп, әйел-баласының көзінше коммунист үй иелерін атқан. Осы қанды оқиға итальяндықтардың естерінен шықпады. Сыртқы саясат та агрессорлық жолға түсті.
Елде фашистік диктатура кезеңі басталды. Алғашқы кездегі ерекшелік - диктатураның ескі конституция шеңберінде және ескі мемлекеттік заңдарды еш өзгертпей жүзеге асырылуы болып табылады. Фашистік диктатураның басты көрінісі екі жаңа институттың құрылуы: Үлкен фашистік кеңес және Ұлттық қауіпсіздіктің Ерікті милициясы. Фашистердің өкімет басына келуімен «заңдылық», «заңсыздық» деген үғымдардың мәні бірыңғайлыққа айналды. Заң шығарушы билік орындаушыға айналды. Жиналыс, сөз, ұйым құру шектелді. Италияда фашизм жеңісімен итальян капитализмі тұрақтану жолына түсті. Өнеркәсіп өндірісі өсті.
1923 жылдың сәуіріне қарай Муссолини коалициялық үкіметтен Халық партиясы өкілдерін шығарды, ал шілдеде фашистер парламентте жаңа сайлау заңын қабылдатты, автордың атымен Азербо заңы деп аталады. 1923 жылдың қарашасында жаңа сайлау заңын сенат мақұлдап, король қол қойды. 1924 жылдың қаңтарынан бастап саяси саладағы ең маңызды мәселе парламенттік сайлауға әзірлік болды. Парламентке сайлау 1924 жылы 6 сәуірде жүргізілді. Ұлттық блокқа - 4.5 млн., қалған партияларға - 3.5 млн. адам дауыс берді. Очербо системасы бойынша мандатгарды бөліну нәтижесінде фашистік депутаттар - 374, қалғандары 157-ге ие болды. Соңғысының ішінде 39 орынға ие болған Халықтық партия да бар. Бұл фашистердің өкімет басына заңды түрде 3-ші рет келуі: бірінші - корольдің Муссолини бастаған үкіметті құруға келісім беруі; екінші - парламенттің үкіметке сенім вотумын білдіруі; үшінші - сайлаушылардың фашистік блокқа көп дауыс беруі.
1945-1948 жыддардағы Италиядағы прогресшіл және реакцияшыл күштердің күресі. Фашизмнен азат болған соң жөне соғыс аяқғалғаннан кейін Италияға қарсыласу жылдары қалыптасқан прогресшіл партиялардың бірыңғай майданы терең ықпал жасады. Фашизммен қаһармандықпен күрес жүргізген Италия коммунистік партиясы (ИКП) үлкен беделге ие болды және елдің саяси партияларының арасында бірінші орынға шығып, каяиталистік дүниедегі ең ірі компартияға айналды. ИКП помещиктік жер иеленуді жоюды, өнеркәсіптің негізгі салаларын национализациялауды қамтитын "прогресшіл демократия", республикалық құрылыс жолындағы курес бағдарламасын талдап жасады. Едді қайта кұру жолында күрес жүргізе отырып, коммунистер үкімет құрамына кірді. Саны жағынан екінші орында Италия социалистік партиясы (ИСП) тұрды, ол коммунистік парти-ямен одақтас бодды.
Реакцияшыл күштер 1943 ж. құрылған де Гаспери бас-қарған Христиандық-демократиялық, партия (ХДП) маңына бірікті. Оны АКДІ және Англия, Ватикан және ірі буржуа-зия барынша қолдап отырған еді. Ол елдегі католицизм ықпалын пайдаланып, таптық ынтымақтастықты насихаттап, реформалар жасауға және АҚШ-тың көмегімен экономиканы тез қалпына келтіруге уәде бере отырып, шаруалар, ортаңғы топтар мен жұмысшылардың бір бөлігі арасында үлкен беделге ие болды. Де Гаспери 1945 — 1953 жылдары үкімет басында бодды.
Осы екі лагерьдің шиеленіскен күресі жағдайында прогресшіл қайта құрулар да болып жатты. Монархиялық кұрылыс республикалық ққрылыспен алмастырыцды. 1947 ж. конс-титуцияда жалпыға бірдей сайлау құқығы, азаматтардың тендігі және демократиялық бостапдықгар, ішінара национализациялау мүмківдіктері жариялаңды.
1947 ж. күшіне енген Италиямен бейбіт шартта әскери қылмыскерлерді жазалау және фашистік үйымдарды тарату жөнінде пункттер бодды .Коммунистердің бастамасы бойынша аграрлық реформа жүргізіп, ол реформа жерсіз шаруаларға пайдаланылмай жатқан жерлерді берді, жалақының жылжымалы шкаласы енгізіліп, бағаларға бақылау қойылды.
Күш жинай отырып, реакция шабуылға шықты, бұған халықаралық аренада "қырғиқабақ соғысқа" бет бүру септігін тигізді. 1947 ж. мамырда АКДІ-тың талап етуі бойынша және ИСП-дан бөлініп шыққан социалистердің оңшыл қанатының қолдаымен де Гаспери укімет дағдарысын арандатып, өз кабинетінен коммунистерді, соңдай-ақ, олармен бір блокта болған социалистерді шығарды. Мүның өзі бүкіл ел бойьшша антикоммунистік жорықка белгі берген өзінше бір мемлекетгік теңкеріс болды.
1948 ж. тұңғыш республикалық парламентке сайлау кескілескен таптық курес жағдайында өтті. АҚШ-тың тікелей қол сұғуы, сондай-ақ, Ватиканның кеңінен жүргізген үгіт-насихаты ХДП-ның жеңіске жетуіне жөрдемдесті. Осының нәтижесінде оның үкіметтегі және елдегі монополиялық үстемдігі ұзақ уақыт сақталып қалды.
Экономикалық даму. ХДП-ның режимді қаталданды-руға бағыт ұстауы. 50-жылдардаң бастап 1964 жылғы құлдырауға дейін созылған және итальян "экономикалық ғажайыбы" деп жарияланған, ел шаруашылығының шапщаң дамуы бастады (өнеркәсіптік өндірістік өр жылдық өсімі орта есептеп алғанда 10 пайызға жетті). "Маршалл жоспары" бойынша берілген америкалық көмек экономикалық өрлеуге ал-ғашқы түрткі болды. Еддің "Ортақрынокқа" кіруі зат өткізу мүмкіндігін кеңейтті. Мемлекеттік-монополистік капитализмнің нығаюы, фашизм кезеңінен едеуір дәрежеде мұра болып қалған ірі мемлекеттік сектордың болуы шаруашьшық жағынан өсуге септігін тигізді.
Алайда экономикалық өрлеудің қарама-қайшы сипаты болды. Капитализмге тән қарқындардың өсуінің әркелкілігі ез өсерін тигізді, бұл қарқын 60-жылдарда құлдырай бастады және дағдарысқа алып келіп, атышулы "ғажайыптың" түбіне жетті. Америка капиталының баса-көктеп енуі Италияның АҚШ-қа экономикалық жағынан төуелділігін күшейпі. Терең диспропорциялар, аддымен ауыл шаруашылығының елеулі артта қалуы, сондай-ақ, өлі де жарты және жартылай феодаддық күйде қалған "Оңтустік меселесі" сақталып кадды. Бірақ басты қарама-қайшылық монополиялардың өсе түскен байлығы мен еңбекшілердің хал-жағдайы арасындағы кереғарлық болып қадды. Елде жаппай жұмыссыздық басталды. Еңбек өнімділігі шапшаң, ал жалақы баяу өсті. Еңбекшілердің жағдайлары тутас алғанда жақсарғаны-мен негізінен "экономикалықғажайыптан" үстем тап пайда тапты.
ХДП-ның ішкі саясатыңда ез бағдарламасына сөйкес ішінара реформалар, бірақ соның өзінде де бар болғаны өте-мөте кідіртуге болмайтын жағдайларда жөне жаппай баскөтерулердің қысымымен жасалды. Еңбекшілердің баскөтеруіне "христиандық" үкіметгердің жалпы жауабы де-монстранттарды жазалау, арнайы құрылған моторлы полиция "челеренің" көмегімен қанды қырғын жасау, мажоритарлық сайлау заңын енгізуге әрекеттену еді.
50-жыддары Италияда Италъян әлеуметтік қозғалысы партиясы болып саналатын неофашизм пайда бодды, үкіметтің әрекетсіздік жене тіпті өсіре оңшыддарды көтермелеу сая-сатының 1960 ж. жазда жоғары нүктесіне жеткені соншалық, неофашистердің съезін өткізу көзделген Генуя еңбекшілері компартияның және көсіподақгардың шақыруы бойынша көшеге шықты. Ашуыза кернеген демоистранттар үкіметгің отставкаға кетуін талап етті. Барлық жерде фашистік отрядтармен, полиция және өскерлермен қақғығыстар больп жатты. Ел азамат соғысы шегінде тұрды. Тек осыдан кейін ғана реакция шегінуге мәжбүр болды. Генуяда съезд болмады.
Италия НАТО-ны қүруға тек қатысып қана қойған жоқ, сонымен бірге АКДІ милитаризміне есікті айқара ашты, Ита-лияны НАТО-ның оңтүстік қанатының стратегиялық орталығына айналдыру бүкіл елдің сыртқы саясатын АКДІ-қа толығымен бағындырумен қатар жүрді. Бұл бағыт итальян-совет қатынастарының нашарлауына алып келді.
Италияның Батыс Еуропаның экономикалық интеграци-ясына қатысуы елдің экономикасын дамыту мүдделеріне сай келді. Алайда бұл үдеріс еңбекшілердің мүдделерін ескерместен, солардың есебінен дамыды. Италия Еуропалық экономикалық серіктестікте екінші дәрежелі орынға ие бодды. "Ортақ рыноктын" басқа елдері тауарларына кедендік шекаралардың ашық болуы көбіне итальян ұсақ жеке меншікшілері үшін шама жетпейтін бәсекелестікті білдіретін еді. Кептеген ескі кәсіпорындардың жабылуы, автоматтандырудың енуі жұмыссыздықгың өсуіне алып келді.
Бақылау сұрақтары:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық және саяси
2.Муссолинидің диктатурасы
3.Италияның агрессивті сыртқы саясаты
4.Италия және Мюнхен келісімі
5-лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж Испания
Жоспары:
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Испанияның саяси экономикалық дамуы
1931-1936 жылдардағы буржуазиялық демократиялық революция
1931- жылдағы 9- желтоқсандағы революция
4. Генерал Франсиско Франко фашистік диктатурасының орналуы
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960
2.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991
3.Александров В.В.Новейшая история стран Европы и Америки 1945 -1986 гг. М. 1988
5.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977
6.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.
7.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)
Лекция маќсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Испанияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні
Испания - Европаның оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Территориясы - 504,78 мын шаршы км. Испания Африканын солтүстік жағалауындағы Сеут және Мелилья қалалары, оған жақын жатқан Велес-де-да-Гомер Алу Семас, Чафоринай аралдарын басқарады. Испания 1712 жылғы Утрехт келісімі бойынша ¥лыбритания иемденген Гибралтарға суверенитеттілікті өзіне қайтаруды талап етуде. Астанасы -Мадрид. ірі қалалары: Барселона, Валенсия, Севилья, Сарагос, Бильбао, Малага. Испания әкімшілік-территориялық жағынан 50 провинцияға бөлінген, оған 17 автономиялық облыстар кірген: Каталония, Баскілер елі, Галисия, Андалусия, Валенсия, Эстремадура, Кастилья, Леон, Кастилья-Ла-Манча, Астурия, Наварра, Мурсия, Риоха, Арагон, Кантабрия, Мадрид, Балеор аралы, Канар аралы. Халқы - 39,6 млн. (1995 жылғы санақ бойынша). Оның ішінде испандықтар, каталондықтар, негізінен олар Солтүстік, Оңтүстік Америкада, Батыс Европада тұрады. Ресми тілі - испан тілі. Елдің кейбір аймақтарында каталон, баскі, галисиялық тілдерді қолдану заңдастырылган халқының басым көпшілігі католик дініне табынады. Конституция бойынша шіркеу мемлекеттен бөлінген, олардың арасын 1979 жылдан бастап Ватикан реттеп отырады. Ақшасы - песета. ¥лттық мерекесі 12 қазан -Испан ұлтының күні (Х.Колумбтың 1492 ж. Американы ашқан күні). Испания - парламенттік монархия. Мемлекет басшысы - король. Соғыстан кейінгі Испания. 1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Испания ұстанған бейтараптық саясатты елдің буржуазиясы мен помещиктері баю үшін пайдаланды. Соғысушы екі жақтың да стратегиялық шикізат, азық-түлік тапсырыстарын орындау зор пайда келтірді. Елдің экономикасында өнеркәсіптің үлесі артты: жалпы капиталы 500 млн. песетті құрайтын жаңадан 500 кәсіпорын ашылды. Көмір өндіру 67% өсті, металлургия, әсіресе болат қорыту саласы дамыды. Ірі буржуазияның қоғамдық және саяси өмірде ықпалы өсті. Бурбон монархиясының сүйеніші болып есептелінетін буржуазиялық-помещиктік блок монополистік капиталдың мүддесімен жер иеленуші аристократия мен шіркеу князьдерінің мүдделеріне қарағанда көбірек санасатын болды.
Осындай жетістіктерге қарамастан Испания әлі де ауыл шаруашылығында феодализмнің саркыншактары сақталған және өнеркәсібі баяу дамыған артта қалған ел болып қала берді. Испан экономикасының дербес дамуына шетел, әсіресе ағылшын капиталы жол бермеді. Өйткені ағылшын капиталы Испаниядағы шетелдік капиталдың жартысынан көбісін иемденетін.
Халықтың, әсіресе қарапайым халықтың жағдайы Испания соғыс кезінде бейтараптық саясат ұстанғанымен ауыр болды. 1914-1918 жылдары азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының бағасы 107% өсті, ал нақты жалақы соғысқа дейінгі деңгейде қалып қойды. Африкандық отарлардағы халықтың жағдайы адам төзгісіз болды. Соғыс аяқталғаннан кейін согыс кейнде соғыс тапсырыстарын орындаған жүздеген завод-фабрикалир жабыллы, жұмыссыздар көбейді.Экспорт күрт қысқарды, песета 25% құнсызданды.Соғыс,соғыстан кейінгі дағдарыс жұмысшыларды тым күйзелтіп кетгі. Осының салдарынан елді жаппай ереуілдік қозғалыс жайлады. 1918 жылы -463, 1919 - 900, 1920 - 1060 ереуіл болып өтті. Ереуілге шыққандардың саны - күннен күнге көбейді. Егер де 1918 жылы 109 мың адам болса, 1920 жылы 245 мыңға жетті. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, қымбатшылықты жоюды талап етті. 1918-1920 жылдары ғасырлар бойы помещиктер мен католиктік шіркеу езіп келген испан шаруалары да бой көтерді.
Қазан революциясының, большевиктік партияның әсерімен 1920 жылы 15 сәуірде Мадридте Социалистік жастар федерациясының жиналысында Испания коммунистік партиясы құрылды.
1920 жылдың екінші жартысында консерватор Дато басқарған либералдар мен консерваторлардың коалициялық үкіметі халықтың наразылығын барынша басып-тастауға ашық бағыт алды. 1920 жылы қарашада үкімет Каталонияға генерал Мартинес Авидоны азаматтық губернатор, генерал Арлегиді полицияның бас инспекторы етіп тағайындады. Олар өз жұмыстарын Еңбектің Ұлттық конфедерациясының 64 жетекшісі тұтқындау мен жұмысшылардың белсенді топтарына қастандық істеуден бастады. Олардың оғынан республикандық депутат Франсиско Лайрет сияқты демократиялық лидерлер қаза тапты. Испанияның барлық жерінде жұмысшылар мен олардың ұйымдарына қарсы террор басталды. Басқарушы топ оларға қарсы жандермерияны, полицияны, әскерді қолданды.
8 наурыз 1921 жылы анархистер министрлер Кеңесінің төрағасы Датоны жақтырмай қалды. Жаңа кабинетті консерваторлар партиясы лидерлерінің бірі Альендесоласар басқарды. Бірақ та бұл үкімет те билік басында ұзақ тұра алмады. 1921 жылдың жазывда Марокко халқына қарсы отарлық соғыста испан әскерінің жеңілуіне байланысты саяси дағдарыстың шиеленісуі Альендесоласар үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті.
Альендесолар орнын консерваторлар партиясының екінші лидері Маура басты. Ол Мароккодағы оқиғаны жете біліп, комиссия арқылы шиеленісті бәсеңдетуге тырысты. Алайда халық қозғалысы толастамады. Компартияның шақыруы бойынша Мароккодағы соғысқа қарсы Бильбао жүмысшыларының жаппай ереуілі жарияланды. Үкіметтің Бильбао порты арқылы Мароккоға әскер жіберу жоспары іске аспай қалды. Марокко апатының айыптысы король Альфонс және оның жақындары деп тексерген комиссия дәлелдегенде, саяси жағдай одан әрі өршігіп кетті. Әшкерелеу бурбондар монархиясын қолдап отырған либералдық және консервативтік партияларға соққы болып тиді. 1922 жылы наурызда Маураны Санчес Герра ауыстырды, сол жылдың желтоқсанында либерал-демократ Гарсиа Прието бастаған үкімет құрылды.
Толастамаған жүмысшы қозғалысын басу үшін контрреволюция негізінен реакциялық көңіл күйдегі офицерлерден құрылған «қорғаныс хунтасын», Каталония буржуазиясының қаруланған отрядтарын, т.б. с.с. Осындай наразылық өршіп тұрған уақытта және Анволь жанындағы жеңілістің себепші іексерудің қорытындысы елде тек саяси дағдарысты шиеленістіріп қана қоймай, бүлік үйымдастырушылардың әрекетін де жандандырды. 13 қыркүйек 1923 жылы Каталония әскери округінің қолбасшысы генерал Мигель Примо де Ривера, әскерлер мен каталондық ірі буржуазияға сүйеніп, Барселонада өкіметті басып алды.
Примо де Ривера. Примо де Ривера-и-Орбанеха (Ргіто <Іе Кіүега у ОгЬапф), маркиз де Эстелья (йе Екіеііа), Мигель (8.І.1870-16.Ш.1930) -Испанияның мемлекеттік қайраткері, генерал. 1893, 1909-1913 жылдардағы Мароккода, 1895 жылы Кубада, 1897 жылы Филиппиндағы соғыс қимылдарына қатысқан. 1902 жылы Барселонадағы жұмысшы қозғалысын басуды басқарған. 1915-1917 жылдары Кадистің әскери губернаторы, онан соң Валенсияда, Мадридте және 1922-1923 жылдары Каталонияда әскери округты басқарған, генерал-капитан. —Үкімет отставкаға кетуге мәжбүр болды, Мадридке келген Примо де Ривераға король Альфонс XIII өкімет билігін өз қолымен тапсырды. Өкімет билігін қолына алған Примо де Ривера үкімет орына генерал мен адмиралдардан күрылған әскери директория құрды. Ішкі істер министрі болып Каталония жұмысшыларын аяусыз қырған баскесер Мартинес Анидо тағайындалды. Ерекше жағдай енгізілді, конституция жойылды, кортес таратылды, жергілікті жерлерде билік әскери губернаторларының қолына көшті. Халыққа жолдаған манифестінде диктатор ел терең дағдарысқа ұшырап отырғанын мәлімдеп, бұрынғы тәртіптерді түбірімен жойып, жаңарту жүргізуге уәде берді. Ол жүргізген «жаңартудың» мәні: ереуілдерге, демонстрацияларға, жиналыстарға тыйым салу; КПИ, НКТ заңнан тыс, қатаң цензура енгізу; муниципалитеттерді тарату; өкілдіктер (суд присяжных) сотын жою т.б. с.с. Әскерді өзіне мызғымас таяныш ету мақсатында офицерлердің жалақысын көбейтті. Анволь жанындағы жеңіліс жөнінде тергеуді тоқтатты. Халықты өз жағына тарту үшін «Патриоттык одақ» атты фашистік партияны құрды, Муссолини тәріздес корпоративтік жүйе енгізді. «Ұлт бірлігі» деген ұран көтеріп, ол автономиялық қозғалысты болдыртпауға тырысты, каталон, баск, галисий тілдерінде ресми кұжаттардың жүргізілуіне тыйым салды. Диктаторлық режимнің орнауы дүниежүзілік капитализм дамуының уақытша тұрақтану кезеңіне түспа-түс келді. Барлық капитализм елдерінде, оның ішінде Испания да экономикалық конъюнктура жақсарды. Дегенмен Испанияда диктатордың жүргізген саясаты жартылай феодалдық күрылымды жоймай, кәсіпкерлердің пайдаларының ұлғайғанын көздеді.
1928 жылы карашада король Альфонс XIII және Примо де Ривера Римде болды. Онда Альфонс XIII генералды итальян короліне: «Бүл менің Муссолиниім», деп таныстырды. Ал итальян диктаторы болса оны «Испан фашишінің басшысы және Испания жаңғыртушысы» деп атады. Шынында да Примо де Ривера диктатурасы Муссолини диктатурасының алғашқы жылдарын еске түсіретін еді.
Примо де Ривера Марокко проблемасын өз күшімен шеше алмады. Испания мен Франция арасында бірігіп қимылдау жөнінде келісім болғаннан кейін барып, 1У2(> жылы рифтердің кетерілісі аяусыз басылды.
Примо дс Риіи-ра 1925 жылы оскери директориялық бпскару қолдау тапнагаіі соц, оиы аіамапық үкіметпен ауыстырды. Пірақ Пасқарудың әдістері, мазмүны өзгерген жоқ, диктатор бүрынғысынша шексіз билікке ие еді. Алғашқыда әскери төңкеріске үйреніп қалған халық жаңа режимнің табиғатын түсінген жоқ. Оның үстіне ИСРП және ВСТ лидерлері диктатурамен күресуден бас тартты, репрессиядан тамтығы қалмаған анархо-синдикалистер НКТ тарату жөнінде мәлімдеді. Халықтың арасында әлі де қолдауға ие болмаған Испания Коммунистік партиясы ғана табанды қарсылық көрсетуге шақырды. Диктатураға қарсы демократиялық бостандықты талап етіп, репрессияға үшырағандарына қарамай жазушылар, ғалымдар, студентгер, профессорлар қарсы шықты. Испанияның көрнекті жазушылары - Мигель де Унамуно, Висенте Бласко Ибаньес, Антонио Мачадо еш нәрседен қаймықпастан диктатураның шын бейнесін ашып көрсетті. Диктатураның реакциялық мәні айқындалған сайын оппозиция күші нығая берді. Жүмысшылар қозғалысының жандануы ИСРП және ВСТ басшылығын диктаторды қолдаудан бас тартуға мәжбүр етті.
Анархо-синдикалистер террорды күшейтті. Елдегі монополистік буржуазияның диктатор шетел капиталының жолын бөгеді, монополиямен күресуге кемектеседі деген үміт ақталмады. Сондықтан олар оппозицияға қосылды. Шаруалардың мүддесі (жер алу және помещиктік езгіден азат болу) орындалмады. Шаруалар да күреске көтерілді. Каталондықтар автономия алу үшін қайсарлықпен күресе берді. Елдегі жағдай Примо де Ривераның кортес іспеттес ¥лттық Ассамблея ешқандай билікке ие болған жоқ, жаңа конституция жобасын жасау да жүзеге аспады. Режим күні бітті.
Оның үстіне дүниежүзілік экономикалық дағдарыс 1929 жылы басталған Испанияға да келіп жетті. Примо де Ривера өкіметіне бәрі де теріс қарады. Тіпті оны әскери округ басшылықтары да қолдамады. Сондықтан оған 28 қаңтар 1930 жылы отставкаға кетуден басқа жол қалмады.
Примо де Ривера диктатурасының қүлауының басты себебі Испания экономикасының қүлдырауын тоқтатып, дамыта алмауы, жүмысшы және ұлттық қозғалыстың талабын қанағаттандырып, наразылықты баса алмауы еді.шілдеде) бүлікшілдер әскерінің оңтүстік тобын басқарған. 1936 жылы қыркүйекте әскери хунта мемлекетінің басшысы (каудильо) және ұлтшылдар әскерінің бас қолбасшысы деп жарияланған. 1937 жылы Испандық фаланга - фашистік партияның хефесі (көсемі) болған. 1938-1973 жылдары мемлекет басшысы, премьер-министр, әскердің барлық түрінің бас қолбасшысы. 1973 жылы премьер-министрліктен бас тартып, бірақ қалған орындарды сақтап қалған.
Оның салдарының Испания үшін қайғылы болғандығын мына мәліметтер айқындайды: соғыс барысында 1 миллион адам өлді; 500 мыңнан астам испандықтар жеңгендердің қудалауынан паналап, отанынан кетуге мәжбүр болды. Көрнекті испан экономисі Рамон Тамаместің анықтауы бойынша 1939-1940 жылдары ауыл шаруашылық өндірісі соғысқа дейінгі деңгейінің 21%-ын, өнеркәсіп - 31%-ын құрады. 192 қала мен елді мекендер үйлерінің 60%-ы бүлінді, 250 мың пәтер толық қирады және оның 250 мыңын пайдалану мүмкін емес еді. Ел теміржолдың жылжымалы құрамының жартысынан, сауда флоты кемесінің 30%-ынан, автомашинаның 70%-ының астамынан айырылды. 1939 жылы еңбекшілердің негізгі табысы 1900 жылғы деңгейіне дейін төмендеді. Соғыс алып келген тек материалдық шығынды жою үшін елге 10 жылдан астам уақыт қажет еді.
1936 жылы шілдеде республикаға қарсы бүлік ұйымдастырушылар халыққа олардың басты мақсаты анархиядан шаршаған елге «бейбітшілік, гүлдену және ұлттық бірлік», ал әрбір испан жанұясына - «теңдік пен береке» әкелу деп сендірді. Алайда франкистер өздерінің жауларына қарсы аяусыз террор ұйымдастырды. Республиканы қолдаған барлық саяси партияларға, оның ішінде Испания Коммунистік партиясы (КПИ), Испания Социалистік жұмысшы партиясы (ИСРП), әр түрлі республикандық партиялар, Еңбекшілердің жалпы одағы (ВСТ), Еңбектің ұлттық конфедерациясы (НКТ) сияқты жетекші кәсіподақ ұйымдарына да тыйым салынды. Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда 2 миллионға жуық испандықтар түрмелер мен концлагерлерден өтті. 1939-1944 жылдары төтенше трибуналдың үкімі негізінде және ешқандай үкімсіз 164 мың, (кей мәліметгерде 200 мыңға жуық деп көрсетілген) антифашистер атылған. Франко «үлттық бейбітшілік, бейбіт өмір» уәдесі испандықтар үшін көп жанұяны қайғыға ұшыратты, түрмелер мен мүрделерге айналдырды.
Кейінірек репрессия аумағы едәуір азайғанымен, қатаң електен өткізу режимі «индультос» (помилование, рақымшылық ету) саяси тұтқындардың санын бірте-бірте азайтты, режимге қарсыларды, алдыңғы ойлыларды қуғындау бірде бір күн тоқтаған жоқ. Режимнің репрессивтік зор апаратын үстауға бюджеттің 7-10%-ы, ал білім саласына бюджеттің 5-6%-ы ғана жұмсалды. Бұл аппарат өмір сүріп отырған тәртіпті өзгертуге ұмтылудың қандайы болса да аяусыз басып отырды. Тұтқындар мен айдалғандарды қатал жазалау, демонстрацияны күштеп тарату, көтеріліске шыққан жүмысшылар мен студенттерге қарсы қару қолдану және басқа зорлық-зомбылықтар халық көпшілігінің наразылығын басудың кәдуілгі айла тәсілдеріне айналды.
Франкизм түсында Испанияның барлық сот жүйесі согыс кезіндегі төтенше зандар негізінде әрекет етті. 60-шы жылдардың ортасында жүргізілген кейбір реформалар ешқандай түбегейлі өзгеріс әкелген жоқ, 70-ші жылдардың басында өкімет бұрынғы заң әдісіне қайта оралуды жөн санады. Режим оппозицияны басу үшін елдің кейбір аудандары мен территорияларында төтенше жағдай енгізуді бірнеше рет пайдаланды: 1962, 1963, 1968, 1969, 1973, 1975 жж. Осы жылдары солшыл партиялар мен үйымдар қатаң репрессияға ұшырады. Бұл ұйымдардың мүшелері үшін 20-30 жылдық түрме жазасы кәдімгі «әдетке» айналды. 70-ші жылдардың ортасывда «терроризммен күрес жөніндегі» төтенше заң негізінде «ерекше қауіпті қылмыс» үшін өлім жазасы қалпына келтірілді. Осылайша, режим өзі өмір сүрген жылдары испан қоғамын «жеңгендер» мен «жеңілгендер» деп. бөліп, өзінің қарсыластарына қарсы азамат соғысын жүргізуін тоқтатпады.
Терроризм мемлекеттік саясат дәрежесіне дейін көтерілді. Бүкіл елде бостандықтың барлық түрі жойылды, оның ішінде аз ұлттардың автономия құру құқылығы; кәсіподақтар мен саяси партиялардың заңсыз деп жариялануы т.б. Елде қалыптасқан саяси және мемлекеттік жүйе режим мен оның институттарын сақтауға бағытталды. Ол режимді республика құлаған соң 1939 жылы Испанияның үстем тобы қүрған болатын. Олар Франко өлген соң тарихи аренадан кетті.
Диктатураның өмір сүрген алғашқы кезеңінде оның басқару қүрылымы мен әдістерінде герман нацизмі және итальян фашизмінің саяси мен рухани ықпалы айқын көрінді. Франконың өзі мен режимнің басқа лидерлері өз режимдерінің Европадағы басқа фашистік режимдермен ұқсастығын жасырмады. Екінші дүниежүзілік соғыс барысында фашизм талқандалған соң франкистік режим өзгерген ішкі және сыртқы жағдайларға бейімделе бастады. Франкизм идеологтары оны ұлттық традицияны сақтаған Испанияның өзіндік даму жолы, «демократияның бір бөлігі», «өзгертулерге ашык бағыт алған» деп сипаттады. Франкистік режим өзінің соңғы кезеңінде испания үшін фашистік типтегі реакциялық диктатураға айналды.
1939 және 1970 жылдардағы режимнін арасында айырмашылық болғанымен, олардың көп ұқсастығы бар еді, атап айтқанда саяси, заң, атқару, сот және әскери билік диктатураның өмір сүрген барлық кезеңінде Франконың қолында болды. Франко үкіметтің қызметінің барлық бағыттары мен нормаларын анықтауда, декреттер мен зандарды бекітуде, әскери және азаматтық шенеуніктерді, кортес пен муниципалитеттердің депутаттарын тағайындауда барлық билікке ие болатын. Ол мемлекет басшысы, қарулы күштердің бас қолбасшысы, жалғыз саяси партия - Испан фалангасының, ол күйреген соң режимнің барлық жақтастары біріккен «Ұлттық қозғалыс» партиясының каудильосы болды. 1973 жылға дейін барлық қүрылған үкіметтің Франко басшысы болды. 1969 жылы кортестің төтенше сессиясы мемлекет басшысының мирасқоры етіп, 1931 жылы революция қүлатқан король Альфонс ХІП-нің немересі Хуан Карлосты тағайындауы да, ал 1973 жылы адмирал Карреро Бланконың премьер-министр болуы да Франконың абсолюттік билігін шайқалта алмады.
Достарыңызбен бөлісу: |