Баќылау с±раќтары:
1. Ольстер дағдарысы:қайнар көздері, мазмұны,билеуші топтардың саясаты
3.М.Тэтчердің ішкі және сыртқы саясаты
4.Дж.Мейджор үкіметінің саясаты
19- лекция. Таќырыбы: Франция
Жоспары:
-
Соғыстан кейінгі Францияның экономикалық және саяси жағдайы,француз империализімінің әлсіре.Маршалл жосрапы.
-
Франциядағы V республиканың құрылуы.Шарль-де-Голль үкіметінің ішкі және сыртқы саясат.
-
1968 жылғы Франциядағы саяси дағдарыс.
-
Ж.Помпиду үкіметінің ішкі және сыртқы саясат.
-
90- шы жылдардағы Франция.
-
Жак Ширак үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Антюхина-Московченко В.И. Шарль де Голль и Советский Союз. М., 1990
2.Арзакян М.Ц. Де Голль и голлисты на пути к власти.М., 1992
3.Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960
4.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.
5.Сәуірбаева Г . Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)
Лекция маќсаты: ХХғ екінші жартысындағы Францияның даму бағыттарын қарастыру
Лекция мєтіні
Францияның саяси құрылымы азат етіле бастаған 1944 жылдың күзнен, 1946 жылдың күзінде Тертінші Республика конституциясы қабылданқанға дейше аралық тарихқа Уақытша режим деген атпен енді. Бұл ұзаққа созылмаса да, демократиялық жене антифашистік күштер біраз табыстарға жеткен Франция тарихындағы ете манызды кезен болып табылады. Антифашистік коалицияның жеңісі бұрынғы күш арасалмағын түбегейінше өзгертіп.
Соғыстан кейін француз империалишшщ позициясы біршамa әлсіреген еді. Өнркісіп өндірісі 38 пайызға дейін құлап, ал ауыл шаруашылық өнімі соғысқа дейін 60 пайызға ғана жеткен еді. Өнеркәсіптің бүлінгені аз болғанына қарамастан француз заводтарының көпшілігі тоқтаған, шахталар, почта жұмыс істемейді, транспорт жүрмеді Фрапцияның сыртқы саудасы тоқтады. Франк құнсызданды. Франция Англия мен АКШ-қа қарыздар болды. Елде отын, шитат, азық-түлк, күнделікті қажетті товарлар жетіспеді, жұмыссыздық орын алды. Карточкалық система халықты тойындыра алмады. Қала тұрғындары ауылдардан азык-түлік іздеуге аттанды. Алыпсатарлық гулденді.
Француз отарлық империясында ұлт-азаттық қозғалыс кең қанат жайды. 1945 жылғы тамыз революциясыньщ натижесінде президент Хо Ши Мин бастаған Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. «Француздық Үндіқытайдың» басқа eкi елінде - Лаос пен Камбоджада (қазіргі Кампучия) - отаршылдарға қарсы қарулы кетерше басталды. Таяу Шыгыстагы Сирия мен Ливан - бұрынғы мандаттық территорияларда француз әскрлерінің жергілікті халықтармен қарулы қақтығысы болып жатты. 1946 жылы француз әскерлері эвакуацияланды. Сирия мен Ливан тәуелсіздік алды.
Азаттық алғаннан кейін Францияда Қарсылық қозғалысына қатысқандардың беделі орасан зор болды. Уақытша үкімті басқарған генерал де Голль беделі тым жоғары eдi. Оны соцалистік партия мен Қарсылықтың буржуазиялық-патриоттық топтары қолдaды. Демократиялық және жұмысшы қозғалысының зор ерлеуі буржуазиядан жана жағдайға бейімделуді талап eдi. Бұл міндетті орындауға Қарсылықтың, буржуазиялық қайраткерлері кipiдi.
Генерал де Голльдің пiкipiншe ұтлығынан айырылған Франция бола алмайды, Сондынтан да француз патриоттарының басты міндетті өз елінд ұлы держава рангасын қайтару болып табылады. Де Голль «күшті мемлекет», «ұлттарды» топтастыру, ұлылыққа жету бағыты саясатының басты элементі әлеуметтік реформалар жүргізу деп есептеді. Де Голль қажетті реформалар қатарына нeгiзгi демократиялық бостандықтарды қалпына келтіруді ғана емес, өнеркәсіп национализациялау, экономикаға мемлекетік бақылау, әлеуметтік қауіпсіздік жуйесі мен еңбек жағдайын жатқызды. Де Голльдің сыртқы саясаттағы программасы ұлттық теуелсіздік проблемасын көтерді. Батыс Европа мемлекеттернің «Батыс Одақ» немесе «Европа Құрама Штаттарын» құру мақсатында жақындасуы Франция өз тәуелсіздігн сақған, бұл бірлестікте басқару орнын алатын болса ғана жүйелі деп санады.
Соғыстан кейін Франциянын саяси ішкі өміріндегі маңызды саяси оқиға жана конституция жасауға тиіс құрылтай жиналысына сайлау болды. Болашақ конституцияның мазмуны, Құрылтай жиналысының кең өкілеттілігі мен құқықтары жөншдегі мәселе қызу таластар туғызды. Коммунистік партия мен ВКХ Құрылтай жиналысына кең өкiлeттiлiктep беруді ұсынды. Радикалдар партиясы Құрылтай жиналысын шакырмай-ақ 1875 жылғы конституциями қалпына келтіруді талап eттi. Генерал де Голль Құрылтай жиналысының өкілеттілігі шектеп, оны шақыру мәселесін шешуді халыққа беруді (референдум) ұсынды.
21 казан 1945 жылы Францияда соғыстан кейінгі алғашқы сайлау жургізілді және онымен бip мезгілде Құрылтай жиналысы туралы мәселе бойынша референдум өткізілді 96,4 пайыз сайлаушылар 1875 жылғы конституцияны жоюды және Құрылтай жиналысын шақруды қолдап дауыс бердi. 66,3 пайыз сайлаушылар де Голль ұсынған өкімет ұйымдастыру жобасымен келісті. Құрылтай жиналысына сайлау елде жана саяси ахуал туғызды. Коммуниста партия Франция тарихында тұнғыш рет парламентте бірінші орын алып, үлкен жеңіске жетті - 5 млн. дауыс, 152 депутаттық мандат. Екінші орында Социалиста партия - 4,6 млн. дауыс, 142 депутаттық мандат. МРП 4,5 млн. адамнын дауысын жинады - 141 мандат. Оңшыл Республикадағы бостандық париясына сайлаушылардың небәрi 6 пайызы ғана дауыс берді. Осылайша Құрылтай жиналысында коммунистер мен социолистер орнына ие болды (545 мандалтын 294-i). Құрылтай жиналсының басым көпшілігi көнгісi келмеген генерал де Голль 20 қаңтар 1946 жылы күтпеген жерден отставкага кетті. Онан кейінгі жылда ол саясатпен айналысқанына қарамастап үкімет құрамына кірген жоқ. Де Голль отставкаға кеткен соң коммупистер социалистік партияға үкімет құрды ұсынды. Үкімет басшысы болып социалист Ф.Гуэн,сонан соң 1946 жылдың маусымынан МРП партиясының лидері Ж.Бидо болды.Гуэн мен Бидо үкіметіне коммунистердің қатысуы қалың көпшілік талап еткен ірі формаларды жузеге асыруға себепші болды. 1945-1946 жылдарда оңшы топтардың қарсылығына қарамастан ірі 5 банк: Француз банк,Лион крдиті,Бас қоғам, Ұлттық есеп конторы. Ұлттық сауда-өнеркәсібі сақтандыру компаниялары;көмір, электро-энергия мен газ өнркәсіп национализацияланды. Олар бұрынғы национализацияланған кәсіпорындармен ipі мемлекеттік сектор құрды.
Еңбек министрі А.Круачанын инициатинасымен 40 сағаттық жұмыс kүні қалпына кілтірілді, 40 сағаттан асқан жұмысқа жоғары бағада ақы төленді.Жұмысшыларға екі аталық кызметкерлерге үш апталық төленеген демалыс қалпына келтірілді. Морис Торездің басшылығымен шахтерлердің мемлекеттік қызметкерлердің статуты жасалынды. Үкімет шаруашылығы соғыстан бүлінген шараларға ссуда берді, қартайған шаруалар зейнетақы алатын болды. Соғыстан бүлінген экономиканы тез қалпына келтipy ушін компартия мен ВКГ жұмысшылардың «өндіріс үшін күреске» шақырды.
13 қазан 1946 жылы екінші peт өткізілген реферепдумда сайлаушылардың кепшілігі қолдап, жаңа конституцияға дауыс берді. 1946 жылы желелтоқсанда жаңа конституция ресми түрде күшіне ендi. 1946 жылғы француз конституциясы Қарсылықғын солшыл ұйымдарының конституциялық жобаларының көтеген идеясын өмipie енгізді. Ол буржуатялық елдерден демократиялық констпгуцияның бірінен саналды. Конституцияға сәйкес Франция «тұтас,зайырлы, демократиялық және әлуметтік Республика» болып жарияланды. 1946 жылы констичуцияда еңбек ету құқы. демалыс құқы, әлеуметтік қамтамасыз ету құқы,біршама алу құқы сияқты қажетті әлеуметтік құқықлар көрсетілген. Сонымен қатар копсгшуцпяда ерлер мен әйелдерін мен құқықлығы, еңбекшілердің қосылып басқаруға қатысуы, кәсіподақ және еанси қызмет, «заң аясында» ереуіл жасау құқықтары айқындалған. 1946 жылы конституцияға солкиш купиерші талап етемен әлеуметік-экономикалық қайта құқыулар мумкіндігі еттті. «Француз импернясы» дегеп атау «Француз одағы» деген терминмен ауыстырылды. Франция халқының және отар мен тәуелді елдерден халықтардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі жарияланды.
1446 жылғы конститутция бойынша мемлекеттік өкіметінің eкi жоғарғы opганы Ұлттық жиналыс пен Республика кеңесмен тұратын парламент болды. Жалпыхалықтық дауыспенп сайланатын Ұлттық жиналыс ғана заңдар шығара алды. Республика Кеңес заңның қабылдауын кейінге қалдыруға және оны Ұлттық жиналыста айла қарауға жіберу құқын иеленген.Үкімет Ұлттық жиналыс алдында жауапты, оның талабымен отставкаға кетуте міндетті. Республика президентін парламент сайлады, онын барлық актілерін үкімет бекіттi. Жалпы алғанда 1946 жылғы конституция буржуазялық-демократиялық сипатта болды.
Блюм бастаған тек социалистерден туратын бip партиялық укімет құрылды. Ол бip ай ғана өміp cүрді. Соған қарамастан Францияның тағдырында терең iз қалдырған ic icтen үлгерді. 1946 жылы желтоқсанда ол Вьетнамда отарлық соғыс тұтандыруға ceбепшi болды. 1947 жылы желтоқсанда Блюм үкімті социалист Рамадье бастаған коммупистер, социалистер, МРП мүшелер радикалдардың үкіметі кipгeн коалициялық үкіметке орын берді. Екі палатаның біpi бірікен мәжілісінде Франция президенті болып Венсан Ориоль сайланды. Ұлттық жиналистың төрағасы Эррио болды. Уақытша режим куні бітті. Tөpтіншi Республика кезеңі басталды.
Tөртінші республика. Tөpтінші респуоликаның aлғашқы жылдарында Францияның экономикалық жағдайы ауыр болып қала берді 1948 жылы ғана өнеркәсіп өндірісі соқысқа дейін денгейіне жетті. 1949 жылы карточкалық система жойылды, тек 1950 жылы ғана ауыл шаруашылық өнім соғысқа дейінгі деңгейіне жетті. Осы кезенде бюджет жоқтың қасы еді. Мұнан соң экономикалық даму жедел жүрді. Соғыстын салдарларын жою, ғылыми-техникалык, революция, мемлсксттік заказадар мен кредиттер даму қарқынын көтеруге мүмкіндік бередi. 1957 жылы өнеркәсіп көлемі соғысқа дейінгіден екі есе асып түстті. Әсіресе жаңа салалары электротехника, химия, автомобиль жасау тез дамыды да, олардан бұрынғы салалары тоқыма,тері.көмір т.б. едәуір қалып қойды. Осының нәтижесінде ауыр өнеркәсіп үлес салмағы артты.
Өндipicтiң шоғырлануынан Франция басқа капиталиста елдерден қалып қойды. Француз өнеркәсіп ұсақ кәсіпорындар әлі де көп eді.Соғыстан кейін өнеркәсіптің тез қарқынмен өсуінe байланысты француз империализмі өнім өсімқолық сипатын жоғалтты. Шеттелге капитал шығару ссудалық капитал түріне емес,өнім түріне шығарылды. Ауыл шаруашылы өнеркәсіпке Қарағанда баяу дамыды. 1957 жылы оның өнімі соғысқа денгейінен 15%-га ғaнa асьш тусті. Ауыл шаруашылығын механизациялау қарқаты өнеркәсіптi техникамен жабдықтау қарқыньмен қалып қойса да, ауыл шаруашылық аудандарының көпшілігі электірленді. Трактор,автомобиль, комбайн саны кобейді Химиялық тыңайтқыштар көптеп қолданыла бастады. Ауыл шаруашылығының өндірісінеде шоғырлану әжптеуір ұлғайды. 1956 жылы ipi капиталиста шаруашылық eкi соғыс аралығымен салыстырғнда eкi ecе өcтi.
Соғыстан кейінгi кезеңде мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуында үлкен қадам жасалды. Француз мемлекеттік-монополистік капитализімге тән сипат соғыстан кейінгі кезеңде ipi мемлекеттік электордың құрылуы мен экономиканы «программалауды» кең түрде қолдану болды. 1946 -жылы жоспарлау бойынша Бас секретариат құрылды. Ол экономикалық дамуды жоспарлауды дайындау міидетін атқарды. 1947 жылы үкімет Франция тарихында тұнғыш peт модерни зациялау мен реконструкция жоспарын қабылдады.Ол инициаторының атымен «Moннc жоспары» деп аталды.Монне жоспары аяқталған соң, Терттінші республиканың соңына дейін күшін жоймаған «Екінші жоспар» (1954-1957 жж.) деп аталатынжоспар пайда болды.
Аншфиишстік коалицияның жіктелуі және халықаралық. қатынастың шиленсуі коммунистерді үкімет құрамынан құрды және КСРО-ға «жесткий күрес» ұстауды талап еткен француз оңшылдарының әрекетіне жағдай туғызды. Фраицияда саяси күштердің қайта топтасуы басталды. Қарсылық қозғаоысы тарап кетті.1947 жылы сәуірде генерал де Голль жаңа саяси ұйым «Француз халқының бірігуі» (РПФ) деген ұйым құратынын жариялады. РИФ сыртқы саясатында Батыс Европа елдернің саяси және экономикалық одаққа бipiгyiне қолдады, Вьетнамдағы отарлык согысты жактады, байыргы халықтарға «женеi иелік» құқын беру мүмкіндігін жоққа шығармай, Фраицняның отарлардағы саяси, экономикалық,әскери үстемдігін сақтауды талап еті. РИФ басшылары коммунизммен куресуді әу бастан-ақ басты міндетіміз деп санады. Олардың үгіт-насихатында Кенес Одағын «агрессор», «диктатор » етіп айыптау кең орын алды.
Сыртқы министрлер кенеснің Москва мәжбүрледі Англия, Франция және AKШ КСРО-мен есептеспей сепараттық келісімге қол қойды.Онда Англия мен АҚШ Францияға көмір беруді ұлғайтға және Саардың Францияға қосылына қарсы болмайтындықтарына уәде берді. Француз делегатциясы ағылшын-американ саясатының антисоветтік және Вьетнам бағытын мақұлдайтынын білдірді. Француз үкметі Вьтнам Демократиялық Республикасының бейбіт келісім қайтарып, Үндіқытайға экспедитциялық корпус жіберді және Вьетнамда қуыршақ әкімшіліқ қурды. 1947 жылы наурыз-сәуір Рамадье үкімті Мадагаскар apалындағы халықтың көтерілісін басу үшін жаппай репрессия жүргзді. Компартия орталық соғысқа қатты қарсы болды және Вьетнам ДР үкіметімен бейбіт келіссөздер бастауға шақырды. Коммунистер мальгаш халқына қарсы жүргізілген репрессияны айыптады және Рамадье укіметінің бұйрығы бойынша тұтқындалған Мадагаскар депутаттарын босатуды талап eттi.
Үкімет коалициялық партияларының арасында қақтығыс 1947 жылы өз шыңына жетті.1947 жылы 25 ceyipдe нацнонализацияланған Рейн автомабиль заводының жұмысшылары жалақыны көтеру талабымен ереуілге шықты. Коммунистер оларды қолдады. Рамадье үкіметінің құрамына кірген қалған партиялар бағаның өcyiмен күрес жүргзу қажет деп, жалақының көтерілуіне қарсы шықты. Саяси дағдарыс туды. Оны шешудің ең оңай жолы Рамадье үкіметнің отставкаға кетуі мен жаңа үкіметтің Ұлттық жиналысын қалыптастырy еді. Коммунистер осы жолды қолдады. Алайда Рамадье және СФНО-иың парламенттік франциясының лидері Блюм коммунистерді Үкімті шығаруға ұйғарды. 5 мамыр 1947 жылы Рамадье үкіметтен министр-коммунистердің шығарылғандығы желінде декрет жариялады.Ұлттық жиналыс көпшілік дауыспен мұны қолдады. Осылайша сайлаушылардың көпшілігінің ceніміне ие болған Франциядасы ел ipi партия демократиялық пормаларға сәйкес келмесе де үкіметтен ығыстырмлды. Үшпартиялық коалиция күйреді.
Үшпартиялық коалиция күйреген соң социалистік партия мен радикалдық партия Ұлттық жиналыста азшылық болып қалды. Үкімет басында коммунистердің сүйенуінсіз отыру үшін, олар оншыл топтардың кемегін қажет eттi. Парламентті таратуды және жаңа сайлау жүргізуді талап еткен деголльдіктермен социалистердің де, радикалдардың да келіскісі келмеді. Осындай жағдайда Блюм мен Ги Молле коммунизм мен голлизм қауіпіне қарсы күресетін «үшінші күш» коалициясын құруды ұсынды. 1947 жылы қарашада «үшінші күш» үкіметі Рамадье үкіметін ауыстырды. Оны радикалдық партияның керекті қайраткері, 1940 жылы Петен үкіметнің мүшесі болған, онан соң Қарсылыққа қатысқан Робер Шуман басқарды. «үшінші күш» коалициясын елде де, парламентов де көпшілік қолдамады. Сондыктан олар оңшылдарға суйенді. Соғыстан кейін алғаш рет үкімет құрамына өздерін «тәуелсіздермен » деп атаған оңшыл партиялардың екі вилі . «үшінші күш» коалициясыныц үкімет басына келуімен Франция буржуазиялық парламентаризмінің ең нашар дәстүрлеріне - кепшілікке ие болмаған кабинетке, үнемі министрліктердің дағдарысы мен үкіметтің тұрақсыздығына қайта оралды. Олар 1947 жылдың қарашасынан 1951 жылдың маусымына дейін басқарды. Осы уакытта 8 үкімет ауысты.
Өкмет басына «үшінші күш» укіметінін келуіне байланысты Франция саясатында түбегейлі бетбұрыс жасалды. 1948 жылы наурызда Франция Батыс одаққа мүше болды. 1948 жылы жазда Франция 16 мемлекеттің ішінде «Маршалл жоспарының» шарттарын қабылдады. Американ көмегін алудан Франция Англиядан кейігі орында иемдепді.«Маршалл жоспары» уақттысында (1949-1954 жж.) Франция АҚШ-тан 3,2 млрд. доллар алды. Мұнан басқа бұрынғы американ-француз келісімі бойынша 2 млрд-қа жуық доллар алды.
Бесінші республика жылдарындағы Францияның тарихи дамуының маңызды аспектілерінің бірі отарлық империяның құлауы болып табылады. 1958 жылы қыркүйекте отарларда «отар халықтары конституция жобасын қолдай ма?» және «Қауымдастық құрамында қала бере ме?» деген мәселе бойынша референдум ұйымдастырылды. Көп жағдайда отарлың әкімшіліктер осы сұрақтарға мақұлдаған жауап алды. Ұлт-азаттық қозгалыс кең қанат жайған тек Гвинея (Батыс Африкадағы бүрынғы француз отары) халқы 1958 жылғы конституцияны қолдамады және «Қауымдастықтан» шығатынын білдірді. 1958 жылы 1 қазаннан Гвинея тәуелсіз елге айналды, алайда француз үкіметі Гвинеяны қиын жағдайға қалдыру үшін онымен барлық байланысты үзді.
Қалған отарлар 1958 жылы мемлекеттік «Қауымдастық» мүшелері статусын алды. Олар ішкі автономияға ие болды, бірақ француз үкіметі сыртқы саясатқа, қорғанысқа, финансқа бақылауын сақтап қалды. Отар елдердің халықтарын осындай жартыкеш шешім қанағаттандырған жоқ„ Франция бірнеше жылдар өткен соң өзінің бұрынғы отарларының саяси тәуелсіздігімен келісуіне тура келді. Осы жөнінде де Голль былай деп жазады: «поддержание нашего господства в странах, которые больше на это не соглашались, становились таким делом, где ничего не выгрывая, мы могли все потерять». 1 қаңтар 1960 жылы ресми «мандаттық» территория деп танылған Камерун тәуелсіздг ін алды. Оның артынша француздық экваторлық және француздық Батыс Африка құрамына кірген Того сияқты мемлекеттер дербестігін алды. «Африка жылы» деп аталынған 1960 жылы Африкада бұрынғы француз отарларының 14-і тәуелсіздікке қол жеткізді. 1960-1963 жылдары олар Франциямен әскери, экономикалық және техникалық көмек туралы келісім жасасты.
Бұл кезеңде Алжирде соғыс жалғасып жатқан болатын. Алғашқыда де Голль, одан ультраотаршылдар күткендей, Алжир француз жері дап дәлелдеп, алжирлік көтерілісті басу саясатын жүргізді. Алайда уақыт өтіп жатты, шығын ұлғайды, өлгендер көбейді, ал Алжирде жеңіс алыстай берді. Осыған байланысты басқарушы топта алауыздық пайда болды. Ультраотаршылдар соғыс қимылдарын жүргізе беруді талап етті, ірі буржуазияның біразы саяси компромисске келуді қолдады. Оларды президент де Голль жақтады. 1959 жылы 16 қыркүйекте де Голль Алжир өзін-өзі басқара алатын алжирлік территория болып табылады деп ашық жариялады. Өзін-өзі басқару соғыс аяқталған сон жүргізілетін болды.
Ш. де Голльдің сөзі басқарушы топтың келіспеушілігін тереңдетті. Ультраотаршылдар оның сөзін «француздық Алжир» идеясынан бас тартқандық, сатқындық деп қабылдады. ЮНР партиясының негізін салушыларді.іц бірі Ж.Сустель ашық ультраотаршылдарды қолдады. Оны сол үшін үкіметтен және ЮНР партиясынан шығарды, содан соң ол Алжирге қашып, улмрлотаршылдардыц қимыльш басқарды. Премьр-министр Дебре де Ш. де Голльдің сөзіне күмәнданды. 1958 жылы мамырда де Гонлі.ді қуана жылы 24 қаңтарда Алжирден өздерінің басшысының бірі генерал Массюді шақырып алуды сылтау етіп, олар «баррикада апталығы» деп аталынған бүлік көтерді. Алжир астансының бірнеше кварталдары апта бойы олардың қолында болды. Үкімет төтенше жағдай енгізіп, бүлікшілердің қаруын тастауын талап етті. 1 ақпан 1960 жылы коммунистік партия бастаған Францияның барлық демократиялық ұйымдары 1 сағаттық қарсылық ереуілін ұйымдастырды, оған 11 млн. адам қатысты. Ереуіл аумағы бүлікшілерді халық қолдамайтындығын көрсетті. 1 ақпан күні олар капитуляцияланды. Ультраотаршылдардың біразы тұтқындалып сотталды. Оған қатысқан генералдар метрополияға жіберіліп, отставкаға кетірілді.
Үкімет 1961 жылы каңтарда өзін-өзі басқаруға дейін Алжирдегі басшылық системасы мен өзін-езі басқару туралы референдум өткізілді. Екі сұрақтың мәні бір болғандықтан, компартия үкіметтің ұсынған басқару системасын мақұлдамай қарсы жауап беруге шақырды. Мұны Алжирдін өзін-өзі басқару идеясын айыптаған ультраотаршылдар қолдады. Соған қарамастан сайлаушылардын 76%-ы укімет жобасын қолдады. Мұнан соң де Голль үкіметі соғыс қимылдарын тоқтатпай, эмиграцияда жүрген Алжир республикасының Уақытша үкіметімен құпия байланыс орнатты. Француздар жағынан бұл келіссөздерді де Голльдің жеке хатшылығының басшысы Ж.Помпиду жүргізді.
Ультраотаршылдар Қарсылық дәстүріне сүйенгенсіп, жасырын «Құпия әскер ұйымын» (ОЛС) құрды. Олар Алжирге өзін-өзі билеу құқын жақтауиіыларға террористік өрекеттер ұйымдастыруға тырысты. Бұл ұйымды бұрынғы Қарсылық қайраткерлері - Бидо, Сустель және Алжирдегі француз әскерінің бұрынғы қолбасшысы генерал Салан басқарды. 1961 жылы көктемде дс Голль француз үкіметі дербес Алжир мемлекетінің құрылуымен келіседі және Алжир республикасының Уақытша үкіметімен ресми келіссөздер жүргізуге дайын деп жариялаған соң, ультраотаршылдар қайтадан бүлік ұйымдастырды. 1961 жылы 22 сәуірге қараған түні Алжирдегі француз әскерінің қолдауымен ОАС ұйымдары Алжир астанасында өкіметті басып алды. Бүлікшілдер «президент пен өкімет құлатылды» және Алжир көтерілісшілеріне қарсы соғыс қимылдарын жалғастыру мен «Францияны коммунпстік қауіптен құтқару» үшіи билікті әскер қолға алады деп мәлімдсді Салан бастаған бүлік басшылары Парижге парашютистер десантын түсіріп, әскери диктатура орнатуды ойластырды.
Елдегі солшыл топтар бүлікшілдерге тез арада соққы беруге шақырды. 24 сәуір 1961 жылы Францияда бір сағаттық саяси ереуіл ұйымдастырылды, оған коммунистер, социалистер, радикалдар барлық кәсіподақ бірлестіктері, партияда жоқ жұмысшылар мен қызметкерлер қатысты. 12 млн-нан астам адам қатысқан ереуіл қалың көпшіліктің бүлікшілдерге тойтарыс беруге әзір екенін білдірді. Алжирдің өзінде солдаттар мен офицер-республикандықтар бүлікшілдерге бағынудан бас тартты. 25 сәуір 1961 жылы де Голль алғаш және сонгы рет конституцияның 16-бабына жүгінді, бүкіл билікті өз қолына алып, көтерілісті қалай да талқандау қажет деп бұйырды. Бүлікшілдер бөлшектеніп қалды, олардың көпшілігі қаруларын тастап шықты. Біразы шетелге қашты несесе жасрын әрекетке көшті. ОАС-ты ұйымдастырушылар қызметтерінен босатылды, Салып бастаған басшылары сотқа берілді. Дегенмен ОАС-тың құпия топтары Францияда, Алжирде әрекетін жалғастыра берді. Олардың мүшелері көрнекті қайраткерлерді өлтірді, бомбалар жарды, Ш. де Голльге бірнешс рет қастандық ұйымдастырды. Олардың мұндай террористік актілері француз халқының наразылық толқынын туғызды.
Бүлік талқандалған соң француз үкіметі Алжир республикасының Уақытша үкіметімен келіссөздерін жалғастырды. 18 наурыз 1962 жылы Швейцария шекарасындағы Эвиан қаласында өткен бұл келіссөздер бірнеше келісімдерге қол қоюмен аяқталды. Эвиан келісімі бойынша Алжир саяси тәуелсіздік алды, ал Франция уакытша Сахарада соғыс базасын сақтап қалды. Алжирдің европалық халқына қажетті кұқық пен кепілдік берілді, бірақ олардың бәрі Францияға кетті. 1962 жылы сәуірде де Голль жүргізген жаңа реферемдум бойынша сайлаушылардың 90%-нан астамы Эвиан келісімін жақтап дауыс берді.Оны барлық партиялар қолдады. Тек ультраотаршылдар қарсы дауыс беруге шақырды. Олардың соңынан сайлаушылардың 6%-ы ғана ілесті.
Эвиан қол қоюмен Алжирде 7 жылдан астам уақытқа созылған отарлық соғыс аяқталды. Алжир тәуелсіз елге айналды. Француз билігінің,астында енді бұрынғы иелігінің қалдықтары күйреді. Франция билігінің астында енді бұрынғы иелігінің қалдықтары ғана қалды: француздық Сомали (Африкадағы Исса мен Афар территориясы), француздық Гвиана (Латын Амернкасында), Тынық, Атлант, Үнді мұхиттарында бірнеше аралдар еді. Референдумнан кейін де Голльдің Алжир саясатына күмән келтірген Францияның премьер-министр Дебре отставкаға кетті. Оның орнына президенттің жеке хатшыларының басшысы Жорж Помпиду отырды.
Баќылау с±раќтары:
1.Францияның неміс-фашист басқыншыларынан азат етілуі
2.Де Голль үкіметінің саясаты
3.Франциядағы төртінші республика
4.Франциядағы бесінші республика
5. Помпиду және д,Эстеннің президенттіктері
20- лекция. Таќырыбы: Герман Федеративтік Республикасы
Жоспары:
1.Батыс Германия жерінде АҚШ,Ұлыбритания Франция мемлекеттері оккупациялауы және қызмті.Германия бөлшектеу саясаты.
2. Батыс Германиядағы саяси партиялар.ХДС.СВДП,СДПГ,ГКП,Демократиялық саясаты күштері германия біріктіру жолындағы күрс.
3. Герман Федеративтік Республикасы құрлымы.
4. Герман экономикасының жедел даму ерекшліктері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
1.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991
2. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960
3.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991
4.Кредер А.А.Новейшая история ХХ век.М. 1977.
5.Сәуірбаева Г.Европа мен Америка елдерінің тарихы (1918-1990жж)
Достарыңызбен бөлісу: |