Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95



бет5/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баќылау с±раќтары:

1.1917-1923жж революциялық қозғалыс

2.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс кезіндегі Испания

3.1936-1939жж испан халқының ұлттық революциялық соғысы

4.Испаниядағы азаматтық соғыстың маңызы

6- лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж Франция

Жоспары:

1.Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Францияның экономикалық дамуы

2.Франция капиталистік тұрақтану жылдарында

3.Елдің ішкі саяси жағдайы

4.Фашистік Германияның оккупациясына ұшырауы

5.Қарсыласу қозғалысы

6.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Франция

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1. История Франции. Т.3. 1973.

2. В.П. Смирнов . Новейшая история Франции. 1918- 1975 . М. 1979.

3. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

4.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

5.Александров В.В.Новейшкя история стран Европы и Америки 1945 -1986 гг. М. 1988

6.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977

9. Киссельгоф И.С.История Франции в годы второй мировой войны. М.1975.
Лекция маќсаты: Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Францияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні

Фрация өзінің басты қарсыласы Германияны талқандаған соң, Батыс Европадағы ең жетекші елге айналды. Ол өзіне Эльзас пен Лотарингияны қайтарды. Франция отарлық империясының құрамына бұрынғы неміс және түрік иеліктері кірді: Африкадағы Камерун мен Тогоның бір бөлігі, Таяу Шығыстағы Ливан мен Сирия. Франция француз империализмінің позициясы мығым болмаса да Европадағы гегемондыққа ұмтылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс Францияға үлкен шығын әкелді. 1300 мың солдат пен офицері өлді, 2800 мыңы жараланды. 10 мындай фабрика-заводтары зақымданды, оның көбі Германия оккупациялаған солтүстік-шығыс департаменттерде. Француз сауда флотының жартысы күйреді. Францияның соғыстағы жалпы шығыны - 134 млрд. алтын франк. Францияға шетелдік капитал салу күрт қысқарды. Ол кредитор елден қарыз алушы елге айналды. Франция өз одақтастарына 60 млрд. франктен астам берешек болды, оның 40 млрд. франкке жуығы АҚШ-қа беріледі.

Соғысган кейін елдің онеркәсіби бейбіт өмірге бағыттауға байланысты Францияда экономикалык дағдарыс басталды. Ол 1918-ден 1921 жылға дейін созылды. Азық-түлік, күнделікті қажет ишарлар бағасы соғыска дейінгі денгейден 5-7 есе, салық 4 есе өсті. Францияда саяси жағдай да керағар болды. Бір жағынан национализм мен шовинизм күшейді, екінші жағынан жұмысшы және демократиялық қозғалыс өрледі.

Соғыстан кейін Клемансо үкіметі ұлттық көңіл күйді күшейтуге тырысты. Ол осы мақсатта Эльзас пен Лотарингияның қайтарылуына байланысты ресми салтанат және Парижде жеңіс парадын ұйымдастырды. Германиямен келісім күні 11 қараша ұлттык мереке деп жарияланды. Перден түбіндегі ұрыс даласынан әкелінген белгісіз солдат қалдығы Елисей алаңындағы Триумфальдық арка түбіне жерленше, мәңгілік от жағылды. Соғыс мүгедектеріне, бұрынғы майдангерлерге айрықша құрмет көрсетіледі. Оларға жеңіліген Гермаия төлентін репарациядан ерекше зейнетақы тағайындалды.

Клемансо үкіметі өзінің басты міндеті большевизм мен Кеңестік Ресейге қарсы күресу деп есептеді. Батыс майданда соғыс қимылдары тоқтағаннан кейін көп ұзамай-ак француз үкіметі Англия мен АҚШ үкіметтерімен бірге Кеңестік Ресейге қарсы соғыс интервенциясын ұйымдастырды. 16 караша 1918 жылы ағылшын-француз эскадрасы Қара теңізге түсірілді. Француз әскері ақ гвардияшыларға көмек көрсетіп жатқан Одесса, Совастополь сияқты қалаларға енді. Француз әскері Англия, АҚШ, Жапоиия әскелерімен бірге Архагельск, Сібір, Қиыр Шыгысқа жіберілді. Франция үкіметі Колчак, Деникин, Враигеь, онан соң ак поляктарға поляктарға көмек көрсеті.

Соғыстан кейін Фрапция халқының басым көпшілігі национализм ықпалында болды. Алайда жұмысшы табы мен интеллигенцияның алдындағы тобы революциялық познцияға ауысты. Қазан ревлюциясының әсерінен металлистер, құрылысшылар,механиктердің экономнкалытық, саяси талаптар қойған ереуілдер елдің барлық жерінде болып өтті.Француз интернационалистері әрекеттерінің басты бағыты Кеңестік Ресейдегі интервенцияға қарсы күреске арналды. Интрвенцияға қарсылар мерзімді басылымдар беттерінде қарсы кампания, демонстрациялар, митингілер ұйымдастырды. Оған француз мәдениетінің көрнекті өкілдері қатысты: жазушылар Анатоль Франс, Ромен Роллан, Анри Барбюс; атактьт физик Поль Ланжевен; суретші Поль Синьяк; көрнекті тарихшылар Альфонс Олар, Алі.бер Матьез. Кей жағдайларда оңшыл социалистер мен центристер де интервенаияга карсы шықты.

Ресейдегі француздық оккупациялық жауынгерлердің ішінде большевиктер үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Сонын ішінде РКП/б/ француздық тобыньщ мүшесі мұғалім Жанна Лябурб та болды. І919жылдың сәуірінде Севастопольде орналаскан француз эскадрасы теңізшілерінің көтерілісі бүрк ете қалды. Теңізшілер интервенцияиы тоқтатуды, елге қайтуды талап етгі. Дәл осы мезгілде Тирасполь мен Одессадагы француз әскерлерінің арасында толқу басталды. 24 соғыс кораблі мен 16 эскери бөлім ереуілге шыкты. Француз үкіметі Қара теңізден өз корабльдерін әкетуге, Ресейден әскерін кайтаруға жәпе интервенциядан бас тарту жөнінде мәлімдеуге мәжбүр болды.

Француз әскерлерінін Ресейден әкетілуі 1919 жылдың сәуірінің соңында аяқталды. Бұл елде жаппай жұмысшы қозғалысының өрлеуіне және революциялық көптеген күйдің өсуіне ықпал етті. 1919 жылдьщ 1 мамырында бүкіл Франция көптеген митингілер, демонстрапиялар, ереуілдер болып жатты. Оған 3 миллионнаң астам адам қатысты. Демонстранттар Кеңестік Ресей мен Кеңестің Венгрияға қарсы ұйымдастырған шет революциясынады, Қара теніз кетерілісіне қатысқандарға амнистия беруді талап етгі. І920жылы Польша үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы соғыс бастағанда француз докерлері мен теңізшілері қару-жарақ пен әскери жабдықтарды арту мен түсірудеи бас тартты, орыс революцясымен тілектестік демонстрациясын өткізді.

Еңбекшілердің Кеңестік Ресейді қорғау күресін домократиялық еркіндікті Кеңес әлеуметтік заңдарды жақсарту, өмір сүруді көтеру күресімен ұштастырды. Ереуілшілерлің иеленген экономикалық талаптары 8 сағаттық жұмыс күшін және жалақыны көбейту болды. 1919-1920 жылдары ереуілдік қозғалыс шырқау шегіне жетті, жыл сайын оған I миллионнан астам адам қылмсты, бұл 1917 жылға қарағанда 3-4 есе көп. Франпуз жұмысшыларының ең ірі ереуілі - 1920 жылы болған» теміржолшылардың ереуілі. Оның ірі қара темір жолды национализациялау талабы қойылды.

Жұмысшы қозғалысынын өрлеуі Социалистік партия мен кәсіподақ қызметіне әсерін тигізді.Соғыстан кейін көптеген жұмысшылар мен солдаттар Социалистік партия мен кәсіподаққа кірді. 1918 жылы ВКТ саны 4 еседен асты,1,5 млн. адамға жетті. Социалистік партия екі жылда 1918-ден 1920 жылға дейін 5 еседен астам өсті. Жалпы Еңбек Конфедерациясында (ВКТ) «революциялық,синдикалистік» ықпал күшейді, олар социалреформистікбасшылыққа қарсы күрес жүргізді. Француз кәсіподақ жалпыұлттық кәсіподақ орталығы құрылды. 1919 жылы жұмысшылар мен қызмткрлердің діни көңіл күйдегі топтары христин еңбекшілердің француз конфедерациясын (ФКХТ) ұйымдастырды. ФКХТ-ның құрылуы француз жұмысшы қозғалысында социал-реформистік ағымды күшейтті.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін француз үкіметі экономиканы әскери-мемлекеттік реттеу жүйесін өлерпі Карточкалық жүйе жойылды, әскери кезеңнің шикізатқа, тапсырыстарға, жұмысшы күштеріне байланысты заңдары тоқтатьыды. Соғыс кезінде құрылған әскери заводтардың біразы жеке адамдарға сатылды. Дегенмен мемлекепік-монополистік тенденция жойылмады. Әсіресе ол соғыс кезінде бүлінген территорияны қалпына келтіруде айрықша білінді. Үкімет өнеркәсіпті қалпыиа келтіру министрлігін құрды және оған кайта құрулар жұмыстары үшін 100 млрд. франкке жуық қаржы бөлінді. Үкімет кәсіпкерлер мен банкирлер ұйымдарымен бірлесе қимылдап, жеке фирмаларға ірі субсидия мен мемлекеттік тапсырыстар берді. Мемлекет кейбір соғыс заводтары мен теміржолдарды басқаруын жалғастыра берді, электротсхника, авиаиия, кеме жасау, химия өнеркәсібінің ірі фирмаларын басқаруға өз өкілдерін қойды.

Клемансо үкіметі Қара теңіз көтерілісінс қатысушыларды аяусыз жазалады: түрмеге жабылды, каторгаға айдалды. Осыған қарамастан үкімет еңбекшілердің кейбір талал-тілектерін орындауға мәжбүр болды. 1919 жылдьгн сәуірінде ереуілдік қозғалыс өріс алған жағдайда үкімет парламентте жұмысшылар талабына сай екі заң қабылдата алды: 8 сағаттық жұмыс күні туралы заң және ұжымдық келісім туралы заң. Алайда оларды іс жүзіне асыру баяу жүрді.

1919 жылдың қарашасында Францияда парламенттік сайлау жүргізілді. Сайлау қарсаңында оңшыл топтар бір сайлау коалиииясына - Ұлттық блокқа бірікті. Оған радикалдардың біразы қосылды. Ұлттық блоктың басты мақсаты: «большевизмге қарсы» және «әлсуметтік тортіпсіздіктерге қарсы» күрес. Ұлттық блоктың санлау программасы: елде «әлеуметгік және діни бейбітшілік» сақтау, «тортіп» орнату, республикалық құрылымды қорғау, бүлінген аудандарды қалпына келтіру, бұрынғы майдангерлер мен соғыс мүгедектеріне қамқорлык жасау, Версаль бітімшартын «қатаң сақтауды» талап ету, нақтылағанда Германияның репарацияиы төлеуі көрсетілген.

Ұлттық блокқа социалистер мен радикалдардың біраз бөлігі қарсы шықты. Социалистік иартияның сайлау қарсанындағы программасында жұмысшылардың көңіл күйіне сай «капиталистік буржуазияға» қарсы күреске шақыру және реформа жүргізу, 8 сағаттық жұмыс күні мен кәсіподақтардың құқғын қорғау, транспорт, металлургиялық заводтар, несие мекемелерініц кейбіреулерін национализациялау, тегін оқу, жаппай қарусыздану сияқты мәселелер көзделген.

Баќылау с±раќтары:

1.Франция үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың экономикалық және саяси салдары

2.Пуанкаре үкіметінің саясаты

3.Э.Эррио үкіметі және оның саясаты

4.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жылдарындағы Франция
7- лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж Ұлыбритания

Жоспары:

Бірінші дүниежүзілік соғыстың Британ экономикасына тигізген зардаптары

Ллойд Джордждың ішкі және сыртқы саясаты

Р. Макдональд үкіметінің ішкі сыртқы саясаты

У. Черчиль үкімтінің екінші соғыс қарсаңындағы сыртқы саясат

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1. Городецкая И.Е. Великобритания М.1974

2. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

3.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

4.Александорв В.В.Новейшкя история стран Европы и Америки 1945 -1986 гг. М. 1988

5.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977

6.Корсаков К.Н.История Великобритании М., 1997



Лекция маќсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Ұлыбританияның саяси-экономикалық дамуын қарастыру
Лекция мєтіні

Ұлыбритания Антанта блогының жетекші державасы ретінде Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс нәтижесінде өзінің көптеген мақсатына жетті. Оның басты бәсекелесі - Германия талқандалды. Англия репарацияның көп бөлігін және Германияның бұрынғы отар иеліктерінен мол үлес алды. Ағылшын отаршылдарының Африка мен Таяу Шығыста позициясы нығая тусті.

Алайда жеңіс Англияға оңайға түскен жок. 750 мың адамы өлді, 1,7 млн. жараланды. Англия ұлттақ байлығының үштен бір бөлігінен айырылды. 40% сауда флоты қирады. Өнеркәсіп өнімін өндіру 20%-ға қүлады. Тұрғын үй құрылысы толық токтады. Сыртқы сауда жағдайы күрт нашарлады. Оның себебі Англияның сыртган шикізат пен азык-түлік тасымалдауы болып табылады, ейткені соғыс кезінде оларды жеткізу қиын еді. Әсіресе соғыс британ финансына қатты зардабын тигізді. Англия соғысқа 10 млрд. фунт стерлингтен астам жүмсады. Соғыс шығынын еңбекшілердін мойнына артқан британ басқарушы тобы салықты 6 есе өсірдІ. Сонда да салықтан түскен қаржы соғыс шығынының үштен бірін ғана жапты. Қалғаны ішкі-сыртқы соғыс заемдарынан түсті. Бұл мемлекет қарызының орасан зор өсіп кетуіне океп соқтырды. Англияның ішкі қарызы 10 есе: 1913 жылы 645 млн. ф.ст. болса, 1919 жылы ол 6,6 млрд. ф.ст. өсті. Соғыстың соңына карай сырткы қарыз 1150 млн. ф.ст. жетті, оның 850 ф.ст. АҚШ-тың үлесіне келетін еді. Вүрын Англия АҚШ банкілеріне кредитор болса, енді қарыз алушыға айналды. ХІХ-ХХ ғасырдың барысыңда ағылшын капитализмі өнеркәсіп монополнясын жоғалтса, бірінші дүниежүзілік соғыс нәтижесінде финанстық үстемдігін ненайырыла бастады.

Британ отарлык империясыньщ да дағдарысы білініп, өсе түсті. Соғыс жағдайында империяньщ сауда-экономикалық байланысының босаңсуы Англияның доминиондары мен отарларында өнеркәсіп өндірІсінің кеңеюіне океліп соқты, бүл жергілікті буржуазия позициясын нығайтты және жүмысшылардың санын өсірді. Қазан революциясының әсерімен Ирландия, Үндістан, Египет және басқа ағылшын иелІктерінде үлт-азаттық қозғалыс кең етек жайды.

Соғыстан кейін пайда болған дағдарыстық тенденциялар Англия басқарушы тобын консервативтік позицияда біріктірді. Британ капиталистерінің ыкпалды тобы соғысқа дейінгі капиталистік тәртіптерді қалпына келтіруге тырысты. Алайда дүние жүзіндегі ірі революциялық өзгерістер жағдайында олар либералдық-буржуазиялық реформизм саясатынан толык бас тарта алмайтын еді. Қазан революциясынан соң ағылшын үкіметі Кеңестік Ресейге қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды және отарлардағы ұлт-азаттық қозғалысты тұншықтыра бастады. Ресей пролетариатының революциялық үлгісінен қорыққан, Англияда большевизм тарауынан сескенген басқарушы топ өзінің халық арасында ыкпалын сақтап қалуға жанталасып, соғыстан кейін терең реформалар жасау кампаниясын бастады. Ол үшін ерекше қайта құру министрлігі құрылды. Сонымен бірге экономикаға мемлекеттік бақылауды жою механизмінің жоспары жасалды.

Лейбористік және кәсіподақ лидерлері күрделі жағдайда әрекет етті. Олар өздерінің уысынан жұмысшы қозғалысын шығармауға жанталасты. Сондықтан олар антикеңестік интервенцияны айыптады, әділеттік, бейбітшілік орнату талабын және жұмысшы бақылауы мен национализациялау жүргізуді қолдады. Соған қарамастан олар соғыс кезінде буржуазиялық саяси және мемлекеттік механизмде қолы жеткен орындарынан айырылғысы қелмеді. Реформистер лейбористік партияның программасы мен уставын дайывдау барысында осы екі міндетгІ шешуге тырысты.

ХІХ-ХХ ғғ. барысында пайда болған ағылшын еңбекшілерінің саяси партиясының 1918 жылға дейін программалык құжттары болмады. Жұмысшы қозғалысының өрлеуі және соғыстың аяқталуға таянғандығы лейборист басшыларын өздері басқарған ұйымның перспективаларын анықтауға мәжбүр етті. 1918 жылы ақпанда қабылданған лейбористік партияның уставы ұжымдық және жеке мүше болуды енгізді. Бұл партияға бұрын либералдарды қолдаған буржуазиялык-радикалдық топтар өкілдерінің ағылуына ықпал етті де, лейборизмнің он қанатын нығайтты.

Британ пролетариатының жалпы тілегін айқындайтын сол қанаттың маңызды жеңісі уставқа оның негізгі мақсатының бірі ретінде өндіріс құрал-жабдықтарына қоғамдық меншік пен өнеркәсіптің әрбір саласы мен қызмет көрсетудің әр түріне халықтық бақылау мен басқарудың ең озық системасын енгізуі болып табылады. (Устав «партияның мақсаттры» 4 бап.). Ағылшын капиталистерін жеңіп алған саяси биліктен тыс өндіріс құралдарын ортақтандыру және пролетариат диктатурасын орнату міндеттерін қойылуы қатты мазасыздандырды. Реформистік лидерлер уставтың «қауіпті» 4-ші бабын жеңілдетуге асықты. Сол жылы жазда мақұлданған «Еңбек және жаңа әслеуметік тәртіп» программасына лейбористер өндіріс құралдарының ортақтандырудың орнына жерді және өнеркәсіптің кейбір салаларын нацинализациялауды көздеген өздерінің соғыстан кейінгі «рекоиструкциялау» вариантын ұсынды. Тиімді жұмысшы бақлауының орнына «демократиялык бакылау» деген айқындалды. Шын мәнінде бұл программа соңиал-реформистік, оның авторы С.Веббанын фабиандык идсясы еді. Ол шаруашылықтың мемлекеттік-монополистік базасында британ капитализмін модернизациялаудың кенейтілген жоспары болатын. Дегнмен лейбористік партия программасында жұмысшыяардың әлеуметтік заңдылықты кеңейту және елдін саяси өмірін демократизациялау талаптары көрсетілген.

Англияда саяси күштердің өзгергенін 1918 жылдың сонында өткен парламенттік сайлау көрсетті. Халықтың арасында таянышын жоғалтқысы келмеген лейбористер үкімет коалициясын тастап сайлауға дербес қатысты. Алайда консерваторлар мен либералдар коалициясы - премьер-министр Д.Ллойд Джордж жақтастары - тараған жоқ. Соғыстың соңына карай буржуазия консервативтік партиянын мацайына топтасқанымен, елдегі жағдай буржуазиялык реформизм әдістерін қолдануды, консерваторлардын әлеуметтік жеңілдіктер мен демагогия жолына түсуге мәжбүр етті. Бұл жолда коалициялық либералдардың лидері Ллойд Джордж еді.

Сайлау қарсаңында Л.Джордж кампаниясы және коалициянын басқа кандидаттары шовинистік көніл күй таратты, соғыстағы жеңісті марапаттады. Онда үкіметтің жүмыссыздықпен күреске қатысқаны да сөз болды. 1918 жылы ақпанда қабылданған сайлау заңы бойынша сайлаушылардың саны 8-ден 21 млн-ға есті, тұнғыш рет жасы 30-дан асқан әйелдер сайлау құқына ие болды. Ллойд Джордж «елді онын батырларына сай етуге» уәде берді. Атап айтқанда, тұрғын үй мәселесін шешуге мемлекетгік көмек және 14 жасқа дейінгі балаларға міндетті түрде мектеп білімін беру көзделді.

Сайлау барысында консервативтік-либералдык коалиция женді. Ол қауымдар палатасындағы 707 орынның 484 депутаттық мандатын женіп алды, оның ішінде 348 орын - консерваторлар, 136 - Ллойд Джорджтың коалициялық либералдары. Ллойд Джордж қайтадан үкіметгі басқарды, конссрваторлар лорд Керзон мен Э.Бонар Лоу, либерал У.Черчилль жоғарғы кызметтерге ие болды. Сайлау Англияда екі партиялық жүйенің дағдарысын білдіреді. Коалицияға кірмейтін либералдардың кейбіреулері XIX ғасырдағы күдіретті либералдық партиянын тікелей мұрагерлері өздерінің лидерлері Г.Лсквитгің басшылығымен тек 26 депутаттық мандат ала алды да ресми оппозициялық партия болудан қалды. Бұл рольді сайлау барысында 2.5 млн. дауыс жинаған және қауымдар палатасында 60 орын иеленген лейбористік иартия алды.
Баќылау с±раќтары:

1.Англия үшін бірінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері мен салдары

2.Ағылшын-американ алауыздықтары

3.Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың Англия мен Британ империясына әсері



8- лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж Ұлыбритания

Жоспары:

1.ХХғ 20-30 жж Ұлыбританияның саяси-экономикалық дамуы

2.Ұлыбританияның сыртқы саяси бағыттары

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Городецкая И.Е. Великобритания М.1974

2. Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

3.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

4.Александорв В.В.Новейшкя история стран Европы и Америки 1945 -1986 гг. М. 1988

5.Новейшая история 1939, 1975гг. М. 1977

6.Корсаков К.Н.История Великобритании М., 1997

Лекция маќсаты: ХХғ 20-30жж Ұлыбританияның саяси дамуы мен сыртқы саяси бағыттарын қарастыру

Лекция мєтіні

Республикалық парламеттік құрылыс бірнеше жылдар бойына қиыншылықпен дүниеге келген Германиямен салыстырғанда Ұлыбтританияда саяси процесс дәстүрлі парламентаризмнің конституциялық шеңберінде өтіп жатты. Соғыста жеңіп шыққанымен, елде, өз қиыншылықтары жеткілікті болды. Соғыстан шеккен зардаптар айтарлықтай еді. Несие берушіден АҚШ пен өзінің доминоиндарының борышкеріне айналды. 1920-1921 ж.ж. эклномикалық дағдарыс өндірістің, Сыртқа шығару мен сырттан тасудың қысқаруына, жұмыссыздықтың өсуіне әкеп соқтырды. Ереуіл қозғалысы қанат жайды. Бірақ Ұлыбританияда бүлік не көтерілістер орын алған жоқ, елдегі өзгерістер біртіндеп, эволюциялық жолмен өркениетті түрде өтіп жатты.

Англияда көптеген онжылдықтар бойына парламеттік сайлаулар нәтижесінде мемлекетті басқару тетігі алма кезек консерваторлар мен либералдардың қолында болып келді. Саяси маятниктің бұл жүйесі қоғамда тұрақтылық орнатты. Елдегі саяси және экономикалық жағдайдың және қалың халық бұқарасының көңіл-күйіндегі өзгерістердің нәтижесінде байырғы дәстүрлі қоспартиялық жүйе 1918-1924 ж.ж. елеулі дағдарысқа ұшырады. Бұл, біріншіден, миллиондаған мүшелері бар тред-юниондарға (кәсіподақтарға) арқа сүйеген лейбористік партияның ықпалының артуынан, екіншіден, дәстүрлі либералдар партиясының (Л.Джордж либералдары мен Г.Асквит либералдарының) құлдырауынан көрініс тапты.

Лейбористік партия аса маңызды парламенттік күшке айналды. 1919 жылға дейін лейбористердің жарғысында маңызды 4пункт болды. Онда партия қоғамдық меншікті қолайды деп көрсетілді. Бұл социалистік принцип ретінде қабылданып, қалың халық бұқарасының арасында партияның беделін көтерді.

Англиядағы саяси күштердің жаңа арасалмағы 1918 жылы және 1923 жылғы сайлаулардың қорытындысына көрініс тапты. Лейбористер 1918 жылы парламентке өздерінің 60 өкілін өткізіп, тұңғыш рет либералдарды үшінші орынға ғыстырып, екінші орынға шықты. 1923 жылы парламент сайлауында лейбористер 4,3, млн дауыс алды. (1910жылы салыстырғанда 11 еседей көп). Сөйтіп, 20-ж.ж. басында лебористер Ұлыбританияның саяси жүйесінде екінші партия есебінде орын тепті. Бұл ертелі-кеш лейбористер үкімет құрады деген сөз еді. Жорамал күткен уақыттан ертерек іске асты.

1924 жылы қаңтарда премьер-министр С.Болдуин сенімсіздік білдірілгеннен кейін (яғни үкәмет саясатына қарсы дауыс беру) кабинетінің орнынан түсетіндігін мәлімдеді. 1924 жылы 23 қаңтарда лейбористердің басшысы Р.Макдональд Ұлыбританияның тарихында тұңғыш рет лейбористік үкімет құрды. Қауымдар палатасында көпшілікке ие бола алмағандықтан, бұл үкімет көп өмір сүре алмады, бірақ бір жылға жетер-жетпес уақыт ішінде жұмыссыздар мен зейнеткерлердің жағдайын жақсартуға бағытталған бірсыпыра шараларды іске асырып үлгерді. Мезгілінен бұрын өткізілген келесі сайлауда жеңіске консерваторлар ие болды.

20-ж.ж британ экономикасының қалпына келтіру қарқыны баяу болды. Бұған оның құрылымдық өзгерістерінің біркелкі еместігі себеп болды. Автомабиль, электротехника, химия өнеркәсіптері сияқты алдыңғы қатарлы сасалар едәуір жылдам өркендегенімен, кеме жасау, көмір өнеркәсібі сияқты дәстүрлі сасалар тоқырауда болды. Британ капиталы сыртқы экспансияны артық көрді.

1926 ж. Англияның тарихындағы ең ірі жанжал орын алды, елдің жұмысшы табының жаппай ереуілі басталды. Бұл ереуіл 1929 жылы кезекті сайлаудың қорытындыларына әсер етпей қоймады. Лейбористер тұңғыш рет қауымдар палатасында консерваторлардан көп орын алып, екінші лейбористік үкімет құрды.



Баќылау с±раќтары:

1.Екінші лейбористік үкіметтің саясаты

2.Англияның сыртқы саясаты

3.Англияның Мюнхен саясаты және оның күйреуі


9- лекция. Таќырыбы: 1918-1939жж АҚШ

Жоспары:

  1. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ –тың экономикалық дамуы

  2. Ішкі саясатта реакциялық ағымның күшеюі

  3. АҚШ Ұлы депрессия жылдарында

  4. Ф.Рузвельт және оның “Жаңа бағыты

  5. Екінші дүниежүзілік қарсаңында АҚШ-тың сыртқы саясаты

  6. Екінші соғыс жылдарындағы АҚШ

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:
1. Зубок Л.И.Яковлев Н. Новейшая история США.М. 1972

2. Краткая история США .М. 1990

3.Хрестоматия по новейшей истории. Т3. М., 1960

4.Актуальные проблемы новейшей истории .М. 1991

5.Александорв В.В.Новейшкя история стран Европы и Америки 1945 -1986 гг. М. 1988
Лекция маќсаты: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ–тың саяси-экономикалық дамуын қарастыру

Лекция мєтіні

Бірінші дүниежүзілік соғыс Америка Құрама Штаттарының экономикасының өсуіне қолайлы жағдай туғызды. Елдің территориясында соғыс қимылдары жүрмеді, соғыс әкелетін бүліншіліктер мен қайыршылықты бастан кешірмеді. Американ әскері 1918 жылдың жазынан ғана соғысқа кірген болатын. 22 қаңтар 1917 жылы Германия су асты соғысын үзіліссіз жүргізетінін мәлімдеді. Бес американ кораблі суға батырылған соң, 2 сәуір 1917 жылы В.Вильсон конгреске соғыс туралы декларация қабылдауды талап еткен мәлімдеме жасады. 1918 жылдың қазанына қарай құрамында 1 млн. 750 мың солдат пен офицері бар американ әскері Францияда шоғырланды. АҚШ әскери корабльдері британ флотына су асты блокадасын бұзуға көмектесті, ал 1918 жылдың жазында американ бөлімдері немістердің құрлықтағы шабуылында шешуші роль атқарды. Соғыстың соңына қарай қатысқан Америка Құрама Штатының соғыстағы адам шығыны: 50 мыңға жуық қаза болып және 230 мыңы жаралы қайтса, соғыс шығыны: 25.7 млрд. долларды қүрады.

Американ буржуазиясы әскери тапсырыстардан зор пайда тапты. Жаңа ірі капиталдың салынуы АҚШ-тың өнеркәсіп потенциалын нығайтты. 1920 жылы АҚШ дүниежүзілік өндірісте автомобильдің - 85 пайызын, мүнай - 67 пайызын, қара металл - 60 пайыздан астамын құрады. АҚШ болатты Ұлыбританиядан 4.5 есе, Франциядан 14 есе көп өндірді. Америка Құрама Штаттарының 1914-1920 жылдары үлттық байлығы 2.5 есе өсті.

Соғыс мемлекеттік-монополистік капитализмнің күшеюіне ықпал етті. Соғыстың соңында АҚШ қарыз алушы мемлекеттен кредит беруші елге айналды. Американ капиталының экспорты күрт өсті. Антанта елдерінің АҚШ-қа соғыс қарыздары миллиардтаған долларды құрады. Американ капиталистері соғысқа дейін европалық бәсекелестері үстемдік еткен елдерде өзінің экономикалық және финанстық позициясын нығайтты. АҚШ-тың 1922 жылы шетелдегі инвестициясы 7 млрд. долларға жетті. (Бүл 1913 жылы 2.6 млрд. доллар болатын).

АҚШ-тың дүниежүзілік экономикада үлесінің күрт өсуі дүниежүзілік саясат аймағына араласуына жағдай туғызды. Монополистік буржуазияның экспансионистік ұмтылуын қолдаған президент В.Вильсон бастаған демократиялық партия үкіметі дүниежүзілік лидерлікті жеңіп алу бағытын жүргізді. АҚШ-тың империалистік экспансия программасына бел шеше кіріскені В.Вильсонның 8 қаңтар 1918 жылы конгрессте жасаған «14 бабында» айқындалған. Соғыстан кейінгі кезеңнің дүние қүрылымы программасын ұсына отырып, АҚПІ империалистері дүние жүзін бөлудің өзіне тиімді келісімдерін жасауға тырысты. Олар европалық державалардың позициясын әлсірету мен Азия, Африка және Латын Америкасы елдерінде американдық ықпалды күшейту мақсатында «ашық есік» және «бірдей мүмкіндік» принциптерін халықаралық тануға қол жеткізуге барынша ұмтылды.

1919 жылғы Париж бітім конференциясында американ делегациясы осы мақсатты жүзеге асыруға жанталасты. Алайда олардың бұл ойына

Англия мен Франция өкілдері қарсы шықты. Американ ұсынысы жүзеге аспады. Бұл американ империализмінің сыртқы саясатта әлі де әлсіз екендігін көрсетті. Ол кезде АҚШ өзінің европалық бәсекелестерінен әскер мен флотының қуаттылығынан, басқа елдермен әскери-саяси байланыстарының мығымдылығынан біршама артта еді.

1919 жылғы Париж конференциясында В.Вильсонның дипломатиялық жеңілісі монополистік капиталдың ықпалды топтарының арасында наразылық тудырды. Республикандық партияның көрнекті қайраткері Генри Кэбот Лодж бастаған күшті оппозиция оқшаулану туы астында әрекет етіп, Версаль келісімін ратификациялауға және АҚШ-тың Ұлттар Лигасына кіруіне қарсы шықты. Г.Лодж «қол еркіндігі» ұранын ұсынып, АҚШ-тың бірте-бірте европалық империалистік әріптестерінен әскери-саяси артықшылыққа ие болатынына сенді.

Алайда оқшаулану қозғалысының империалистік бағытымен қатар, монополияға оппозиция ұсақ буржуазия көзқарасын білдіретін демократиялық бағыты да болды. Демократиялық ағым лидерлері-сенаторлар Р.Лафоллет, У.Борд, Дж.Норристер империалистік саясатқа және АҚШ-тың Европа ісіне араласуына қарсы шықты.

Оқшауланушылардың біріккен әрекеттерінің нәтижесінде АҚПІ Версаль келісімін ратификациялаудан және Ұлттар Лигасына кіруден бас тартты. 1920 жылғы сайлауда республикандықтар жеңіске жеткен соң оқшаулану бағыты Гардинг үкіметінің ресми курсына айналды. Ұлттар Лигасындағы Вильсондық «халықаралық ынтымақтастық» ұранына қарсы республикандықтар европалық елдермен әскери-саяси одақтасудан бас тарту принципі мен сыртқы экономикалық экспансияны жандандыру программасын ұсынды. 1921 жылдың тамызында АҚШ пен Германия арасында бейбіт келісімге қол қойылды. Америка капиталы Орталық және Оңтүстік Америка, сондай-ақ Қиыр Шығыс елдерінің экономикасына енді. Мұның бәрі Құрама Штаттарының Англия, Жапониямен арақатынасын тым шиеленістіріп жіберді.

1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясында АҚШ өзінің бәсекелестеріне қарағанда көптеген жеңілдіктерге ие болды. Конференцияға қатысушы державалар Тынық мүхиттағы отарлық иеліктеріне тиіспеу және теңіз қаруларын шектеу туралы келісімдерді және Қытайға «ашық есік» доктринасын бекітті. Мүның бәрі халықаралық қатынастар жүйесінде АҚШ-тың саяси беделінің өскендігін сипаттайды.

АҚШ Кеңестік Ресейге қарсы басқа империалистік мемлекеттер сияқты саясат жүргізді. АҚШ-тың басқарушы тобы Қазан революциясы қарсаңында революциялық қозғалыстың дамуын тоқтатуға,'Ресейді соғыстан шығармауға қолдан келгеннің бәрін жасады. Петроградтағы американ елшісі Фрэнсис большевиктер партиясына қарсы репрессия жүргізуді, В.И.Ленинге өлім жазасын кесетін сот процесін бастауды талап етті. АҚШ қаржысына Ресейде большевиктерге қарсы үгіт-насихат жүргізетін 17 газет шығарылды. Революция жеңісі американ жоспарының толық күйреуін көрсетті. АҚШ Қазан революциясы жеңе салысымен-ақ Кеңестер республикасына қарсы күрес жолына түсті, 1918 жылы оған қарсы интервенция бастады. Қызыл

әскер интервенттерге ойсырата соққы берді. Мүнан кейін АҚШ-тың басқарушы тобы Ресейдегі ішкі контрреволюцияны барынша қолдады. Олар Кеңестік республиканы дипломатиялық оқшаулау және экономикалық блокада орнату бағытын үстады.

АҚШ-тың экономикалық өрлеуі өндіріс пен капиталдың шоғырлану процесін тездетті. Монополистік бірлестіктердің қуаты күшейді: 20-шы жылдардың басына қарай индустриядағы жүмысшылардың жартысынан көбі және елдің өнеркәсіп өндірісінің үштен екісіне жуығы ірі монополия үлесіне тиді. Алып трестердің үстемдігі буржуазиялық мемлекетті нығайтты. Елдің экономикалық ресурстарын соғыс қажетіне мобилизациялау мақсатында 1917-1918 жылдары әскери өнеркәсіп басқармасы және оның бірнеше салалары құрылды. Олардың қызметі: әскери сұраныстарды бөлу, өнеркәсіп кәсіпорындарын шикізат, отын, транспорт және жұмыс күшімен қамтамасыз ету. Еңбек қатынастарына мемлекеттің араласуы күшейді. 1918 жылы кәсіпкерлер мен кәсіподақ өкілдерінен капитал мен еңбек арасында «ынтымақтастық» және елде «таптық бейбітшілікке» жету мақсатында әскери еңбек басқармасы құрылды.

Мемлекеттік-монополистік капитализмнің дамуы буржуазиялық идеологияның осыған сәйкес формасының қалыптасуына әкеп соқты. В.Вильсон үкіметі XX ғасырдың басында пайда болған мемлекеттің экономикаға араласуын және жекелеген либеральдық реформаларды жүргізуді көздеген неолиберализм идеологиясын басшылыққа алды.

Капитализмнің жалпы дағдарысын тудырған тап күресінің шиеленіскен жағдайында және Қазан революциясының идеялық әсері ірі капитал үстемдігін нығайту үшін буржуазиялық реформизм саясатын ең қажеттілікке айналдырды. Президент В.Вильсон жұмысшыларға ұйым құру, ереуілдер жасау, ұжымдық келісімдер құқын беру жөнінде конгрессте бірнеше рет ұсынғанды. Осылайша оның ойынша еңбек пен капитал арасында таптық ынтымақтастық жағдайын орнату мүмкіндігі туады. Вильсон өз сөздерінде неолиберализм идеологиясының таптық мәнін ашып көрсетгі. Ақ үйдің басшысы «демократиялық қоғам» жағдайында кез келген қайта құрулар өмір сүріп отырған қоғам ішінде жүзеге асырылуға тиіс және қоғам шеңберінен шығудың барлық әрекеті аяусыз басып жаншылады деп мәлімдеді. Осындай философияны басшылыққа алған В.Вильсон үкіметі репрессия жолына түсті. 1920 жылы Әділет министрі М.Пальмер жарлығымен бүкіл елде «радикалдарға» қарсы қуғындау-тұтқындау ұйымдастырылды. Алдыңғы қатарлы интеллигенция мен жұмысшьшардың мыңдаған өкілдері түрмеге жабылды, елден қуылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет