Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 10 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 95



бет7/11
Дата25.02.2016
өлшемі1.29 Mb.
#20419
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Баќылау с±раќтары:

1.Екінші дүниежүзілік соғысқа АҚШ-тың араласуы

2.Гитлерге қарсы коалицияның құрылуы, оның сипаты мен қайшылықтары

3.Тегеран конференциясы

4.Қырым (Ялта) конференциясы және оның нәтижелері

5.Потсдам конференциясы



13 лекция. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясаттың циклдері

Жоспары:

1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қатынастар

2.Кеңес-Америка қарым-қатынастары

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Дедерикс М.Р. Хилари Клинтон и власть женщин.М., 1995

2. Замятин Л.М. Горби иМаги: записки посла о М.Горбачеве и М.Тэтчер М., 1995
Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі дүниежүзілік саясаттың циклдерін қарастыру

Лекция мєтіні

Екінші дүниежүзілік соғыс жүріп жатқан кездің өзінде-ақ дамығын капиталистік елдер, ең алдымен АҚШ, Еуропада Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін орын алған қаржы былығына орын бермеу мақсатымен алдын-ала қаржы және валюталық тұрақтандыру шараларын қабылдаған болатын.

1944 ж. Бретон-Вудсте (АҚШ) Біріккен Ұлттардың конференциясында 44 елдің өкілдері бретонвудс валюталық жүйесін құрады. Конференцияға қатысушылар басқа валюталардың курсы бағытталған доллардың тіркелген алтын мағынасын белгілеуге келісті. Халықаралық волюта қоры мен Халқаралық қайта құру және даму банкі құрылып, олар банк мүшесі елдерге несие беріп отырды. Екінші бір маңызды шара- ол АҚШ-тың Батыс елдеріне экономикасын қалпына келтіру үшін көмек беруі жөніндегі «Маршалл жоспары» (АҚШ-тың мемлекеттік секретарының атымен) болды. 1948-1952 ж.ж. арасында бұл көмектің көлемі 13 млрд доллар болды.

Валюта курстарының тұрақтандырылуы экономиканы қалпына келтірудің маңызды алғышарты болды.

Соғыстан кейінгі экономиканы қалпына келтірудің және ұзақ уақыт өрлеудің екінші бір ең маңызды себебі – ол дүниежүзілік сауда үшін қолайлы жағдайлардың жасалуы болды. Бұл қолдау мен кедендік соғыс саясатын дүниежүзілік сауданы либералдандыруға көшу болды. Либералдандырудың бұл ұзаққа созылған процесі барысында көптеген елдер, ең алдымен АҚШ, соғыстан бұрынғы оқшаулану мен қолдаушылық саясатынан бас тартып, ашық дүниежүзілік рынок пен тұрақты валюта курстары саясатына көшті.

1947 жылы 23 индустриалды ел Сауда мен тарифтер туралы Бас келісімге (СТБК) қол қойды. Келісім кеден салықтарын азайту және сауданы либералдандыру жөніндегі келіссөздер мен келісімдердің бірінші кезеңін ашты. Тек АҚШ-тың бір өзі сол кезде тауар енгізуге баж төлемін 50 % қысқартты. Бұдан кейін келіссөздер жалғаса берді, олардың соңғы кезеңі 1995 ж. СТБК орнына Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымының (БСҰ) құру мен аяқталды, қазір оған дүниежүзі елдерінің көпшілігі мүше.

Дүниежүзілік сауданың тез дамуы соңғы үш он-жылдықтағы эклномикалық дамудық себебі мен салдары болды. 1948ж. 1960д. Дейін дүниежүзілік сауданың жыл сайынғы өсімі 6 % болса, 1960 ж.-дан 1973 ж. Дейін ол 9 % көтерілді. Еуропада 1950-1970 жж. арасында сауда көлемі 18 млрд-тан 129 млрд долларға дейін өсті. Бұл басым көпшілігінде дамыған елдер арасындағы сауда болды, өндірістің индустриалды елдерінде тар ұлттық шеңберден бұрынғы жылдарға қарағанда еркін, ауқымы кең дүниежүзілік рынокқа шыққандығын білдірді.

Экономикалық өрлеудің себептерінің бірі – жаңа техникамен технологияны өндіріске енгізу болды. 30-жж. Экономикалық дағдарыстары мен соғыс жылдарындағы құрал-жабдықтар тозды және жинақталған тәжірибе мен ғылыми-техникалық білімдердің негізінде жаңарту өндірісті арттырудың ең маңызды алғышарттарының біріне айналды.

Соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда жаңа бұйымдар мен тұтыну тауарларын көптеп шығару жолға қойылды. Механикаландыру, биотехника және химияландыру ауыл шаруашылығына төңкеріс жасады.

Жанармай мен энергия болмас кез-келген механизмнің мешел екендігі белгілі жайт. Соғыстан кейінгі экономикалық дүмпудің қозғаушысы не болды? Әрине, мұнай! Мұнай экономикалық өрлеудің басты күшіне айналды. 1950-1973 ж.ж. арасында мұнай өндіру 6 есе арттырылды. Таяу Шығыста, Парсы шығанағы ауданыныда, Солтүстік Африка мен Азияда аса бай және өндірісі арзан жаңа мұнай көзері ашылды. 60-ж.ж. аяғындағы энергетикалық дағдарыс қарсаңында мұнайдың баррель 1,5 доллар тұрды. Еуропа экономикасына соғыстан кейінгі жылдарда көмірді өндіру мен пайдалану кеміп кетті. Өзінің экономикалық қажеттернің жартысынан көбін Еуропа мұнайдың есебінен қанағаттандырды. Мұнай мен арзан шикізат негізінде нефтехимия және өңдеу өнеркәсібі гүлденіп, нидустриалды және дамушы елдерде моторландыру мен механикалындыру іске асырылды.

Ақырында экономикалық өрлеудің саяси факторын атап өту қажет. Барлық индустриаллды елдердің алдында Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік шығындарды сақтау керек пе, сақтаған күнде қандай дәрежеде немесе экономиканы реттеудің рыноктық механизмінің жағдайларына оралу керек пе деген мәселені шешу қажеттілігі тұрды. Мемлкеттік реттеу мен мемлекеттік меншіктің кейбір құралдарын және жеке меншік пен жеке кәсіпкерлік иниституттарын пайдаланатын «аралас экономика», яғни орталық жол таңдалынды.

Экономикалық бірігуді іске асыру Еуропа үшін жаңа құбылыс баолды. 1951 ж. Еуропалық көмір және болат бірлестігі құрылып, оған 6 елден қара металлургия, көмір және темір рудасы өнеркәсіптері біріктірілді. Нәтижесінде бірлестікке мүше Бельгия, Италия, Люксембуг, Нидерланды, Франция, ГФР қалпына келтіру мен дамытуға қажет ауыр өнеркәсіп өнімдерін кеден салығынсыз алу мүмкіншілігіне ие болды. 1957 ж. Аталған 6 ел Еуропалық экономикалық қоғамдастықтың («Ортақ рынок») құрды, онда тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмысшы күштерінің еркін қозғалуын біртіндеп қамтамасыз ету қарастырылды.

Батыс елдернің бұл экономикалық стратегиясы шаруашылық байланыстарын интернационалдандырудың обьективтік себептерінен басқа екі ұлы держава –АҚШ пен КСРО-ның дүниежүзілік аренада теке тіресімен, олардың саясат, экономика және идеология салаларындағы күресімен анықталды. АҚШ Еуропа елдеріне олардың экономикасы мен демократиялық режимдерін қалпына келтіруде көптеген көмектерін өзінің өркениетті коммунистік қауіптен сақтап қалудағы дүниежүзілік жауапкершілігін орындауы деп есептеді.

Баќылау с±раќтары:

1.1946ж Париж бейбіт конференциясы

2.Дүниежүзілік саясаттағы ұжымдық қауіпсіздік идеясы

3.АҚШ-ғы «ұстамдылық» саясаты

4.Трумэн доктринасы

5. Ауған соғысы мен КСРО


14 лекция. Таќырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыстың даму тенденциясы

Жоспары:

  1. «Береке мемлекетінің» қайнар көздері

  2. 70жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс және «береке мемлекетін» сынау

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Блей Р. Британская перестройка // Мировая экономика и международные отношения (МЭМО),

1989 № 6

2.Антюхина-Московченко В.И. Шарль де Голль и Советский Союз. М., 1990


Лекция маќсаты: Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыстың даму тенденциялары туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні

50-жж. басында Еуропа елдері негізінен өндірістің соғыстан бұрынғы деңгейін қалпына келтірді. Кейінгі 50-60 ж.ж. Батыс елдерінің көпшілігінің экономикасы өте жылдам қарқынмен дамыды. Сол кездің өзінде-ақ «итальян ғажабы», «батыс герман ғажабы», «жапон ғажабы» деген жағдайдың ерекшелігін білдіретін терминдер пайда болған еді. 1948-1963 ж.ж. экономикалық дамудың орташа жылдық қарқыны өте жоғары болды: Францияда – 4,6 %, Германия Федеративтік Республикасында – 7,6 %, Италияда – 6 %, Голландияда – 4,7 және т.б. Ұлыбритания біршама артта қалды. (2,5 %). Дамудың бұрын болмаған жоғары қарқынын кейбір елдердің үкіметтерінің саяасаттарының ерекшеліктернің есебіне жатқызуға болар еді, бірақ, батыс елдерінің экономикасының тезірек қалпына келтіріліп, жаңаруына кейбір халқаралық жағдайлар әсер еткендігін естен шығармау қажет.

ХХ ғасырдыі бірінші жартысы дамыған капиталистік елдердің экономикасының мемлекеттік реттеусіз қалыпты өмір сүре алмайтындығын сенімді түрде дәлелдеді. Мұны барлық саяси ағымдардың жақтаушылары: камунистер де, социал-демократтар да, либералдар да, консерваторларда және экстеремистерде (әрине, әрқайсысы әртүрлі) мойындады. Айырмашылық мемлекеттік реттеудің және оның әлуметтік бағытын, мемлекеттің классикалық капитализм дәуірінің базалық элементтері – жеке меншікті, рынокты реттеуші есебінде тауарлы-ақшалай айырбас қатнастарын, бәсекені, жеке еркіндік пен бастаманы қаншалықты дәрежеде тежеп немесе сақтайтындығын түсінуде болды.

КСРО-да меншікті мемлекет қарамағына алу, жоспарлау, бөлу, яғни бүкіл әлуметтік және экономикалық өмірді мемлекеттендіру демократияның жойылуына және тоталитарлық комунистік режимнің орнауына алып кеді. Бұл процесс Шығыс Еуропаның барлық елдерінде, Қытайда және Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін дүние жүзілік «социалистік жүйені» құрушы барлық мемлекеттерде жүзеге асырыла бастады.

Батыс елдерінде экономиканы мемлекеттік реттеу мен қоғамдағы әлуметтік қатнастарды тұрақтандырудың басқа қағидалары қолданылды. Рыноктық қатынастарды, бәсекені және тұтынушылық сұранымын реттеуді, бұрын айтып кеткеніміздей, 30-ж.ж. өзінде- ақ ағылшы экономисі Д.М.Кейнс («тиімді сұраныс» теориясы) тұжырымдаған болатын.

Дағдарыс жағдайында өндірісті ынталандыру үшін «сұранысты арттыру», яғни мемлекеттік шығындарды көбейту, салықтар мен банк пайызын азайту, ал экономика мен инфляцияның «қызып» кеткен жағдайларында шығындарды азайту, салықтар мен банк пайызын көбейту ұсынылған болатын. Мемлекеттік реттеудің бұл шаралары «тоқта – жүре бер» қағидасы деп аталады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан соң реттеудің бұл механизімі барлық индустриалды елдерде қолданылып, 50-60 ж.ж. жұмыс пен қамтамассыз етудің салыстырмалы жоғары дәрежесі тұрақты сақталып тұрды.

Мемлекеттік ретеу мен экономикаға мемлекеттік араласу саласындағы тиісті реформалардың сипатына келер болсақ, мәселе мұндай араласудың дәрежесіне, оның әлуметтік мазмұны мен бағытына байланысты болды. Мемлекеттік реттеу мен әлуметтік инженерияняң бұл механизмдерін тоталитарлық та, либерелдық-демократиялық та саяси режимдер бірдей пайдалана алатын еді.

Мемлекеттік дамудың бір үлгісі тоталитарлық мемлекеттерге балама болды да, «әл-ауқатты мемлекет» деп аталды.

«Әл – ауқатты мемлекет» 50-60 ж.ж. Батыс елдерінде жаңа қоғам қалыптасты. Оның ерекшеліктері адамдардың өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, жаппай тұтынудың мөлшерінің артуы және әлуметтік жағынан қорғалғандық болды. Жаңа өмір сүру деңгейінің бірі – ол тұтыну шығындарының құрылымындағы өзгерістер болды. Мысалы, 1970 жылы француздар жеке табыстарының 25,6 %-ін тамаққа, 35,3 %-ін әртүрлі қызметтерге «көлік шығындарын қоса) жұмсады. Ағылшындар 1960 жылы тамаққа – 25,4 % 1970 жылы 20,7 %, 1985 жылы 14 % жұмасады. Қызмет көрсету саласында жұмсаған шығындар, керісінше, 1960ж.-20,7 %, 1985 ж. – 39 %-ке дейін өскен.

«Әл-ауқатты мемлекеттің» екінші бір белгісі мемлекеттік және қоғамдық әлуметтік көмек жүйесінің дамуы, білім берудің, денсаулық сақтаудың дамуы, кедейшілік, жұмыссыздық, көп балалылыққа берілетін көптеген жәрдем ақылар, зейнетақы мен стипендиялармен қамтьамасыз ету болды.

Жаппай өндіру және жаппай тұтыну. 1913 жылы тамызда Фордтың зауытында алғашқы автомобиль конвейерлерінің іске қосылуымен «көмір мен болат» индустриясы деп аталған өнеркәсіп өндірісінің типінің жаңа, қорытындылаушы кезеңі басталды. Өнеркәсіптің экстенсивтік даму кезеңі жаппай өндірістің материалдық-техникалық негізі ретінде конвейерлік-тасқынды өндіріспен толықтырылды. Бірақ 20-30 ж.ж. жаппай өндірудің бұл типі тіпті, АҚШ-та да жаппай тұтынуды ойластырмаған еді, сол себепті 30-ж.ж. артық өндірудің экономикалық дағдарыстарына әкеп тіреді.

Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінің үкіметтері тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана Кейнстің «тиімді сұраныс» теориясын іс жүзінде қолдана алды. Еңбекақының, әлуметтік шығындардың артуы, әртүрлі жәрдемдерді мемлекеттік бөлу және басқа да шаралар жиынтық сұранысты арттырып, ұзақ уақыт пйдалана алатын маңызды тауарларды (тоңазытқыштар, кір жуатын машиналар, автомабильдер, радиоаппаратура, тұрғын үй және т.б.) көп тұтынушының пайда болуына себепші болды. «Өндіру-тұтыну» жүйесіндегі нық осы құрылымдық өзгерістерге байланысты Батыс елдерінде 50-60ж.ж. экономикалық өрлеу мен өсудің жоғары қарқынының салыстырмалы ұзақ кезеңі, жұмыссыздықтың толық жойылу деңгейіне жету мүмкін болды.

Бұл экономикалық өрлеудің нышаны 20 ж.ж. АҚШ-таға сияқты автомабиль болса, 80-ж.ж. басында олардың саны 100 млн-ға жетті. Ұлыбританияда жекеменшік автомабильдердің саны 60-ж.ж. екі есеге артып, 1970 ж. 11,5 млн болды. 1970 ж. әрбір 1000 француз жұмысшысының үлесіне 631 автомабильден, 769 телевизордан, 844 тоңазтұыштан келді. Көп жылдық болашақ тұрғысынан алып қарағанда ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар рыногының жағдайы 70-ж.ж. ортасында қанығу шегіне таяп келіп қалған еді.

Батыс Еуропаның ауыл шаруашылығында да терең өзгерістер орын алды. Технология мен билтехнологияның, ауыл шаруашылық машина құрылысының қуатты дамуы соғыстан кейінгі онжылдықтар ішінде ауыл шаруашылығын механикаландыру мен химияландыру аяқтауға, жұмыс қолын азайтуға мүмкіндік берді.

Өндіріс пен ауыл шаруашылығынан босаған жұмыс қолдары қызмет көрсету, білім беру, денсаулық және әлуметтік қамсыздандыру салаларына жайғасты.

Алдыңғы қатарлы елдердің экономикаларының жедел дамуының тағы бір себебі, «үшінші дүние» елдерінде өндірілген мұнай мен шикізат материалдарының салыстырмалы арзандығы болды.Бұл Еуропалық елдерге 50-60ж.ж. әжептеуір мөлшерде энергия мен қамтамассыз етуде көмірден мұнайға көшуге мүмкіндік берді.

Батыс елдерінде 1970 ж. Кемелденген индустриалды қоғам кезеңі аяқталды.



Баќылау с±раќтары:

1. «Демократиялық» және «дәстүрлі» қоғамдар, олардың ерешеліктері

2. «Береке мемлекетінің» қайнар көздері

3. 70 жж дүниежүзілік экономикалық дағдарыс

4. «Консервативтік толқын» және оның нәтижелері
15-лекция. Таќырыбы: Америка Құрама Штаттары

Жоспары:

1.АҚШ үшін екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижелері

2. «Қырғи-қабақ» соғысы

3.70-90жж АҚШ



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.Американские президенты: 41 портрет. Ростов-на-Дону, 1997

2.Американский электорат-новые тенденции. М., 1992

3.Дедерикс М.Р. Хилари Клинтон и власть женщин. М., 1995


Лекция маќсаты: Америка Құрама Штаттарының дамуы туралы түсінік қалыптастыру
Лекция мєтіні

АҚШ соғыстан экономикалық және әскери жағынан капиталистік дүниедегі ең қуатты мемлекет болып шықты. Мұнда капиталистік дүниедегі өнеркәсіп өнімдерінің жартысынан көбі өндірілді. Америка әскерлері Германияға, Жапонияға, Италияға және басқа да елдерге орналастырылды. Жер шарының түкпір-түкпірінде 500-ден аса американ соғыс базалары жасақталды. Америка флоты күндіз-түні мұхиттар мен теңіздерді жүзіп жүрді. АҚШ атомдық қаруға бірден-бір ие болды. Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты 1945 ж. 12 сәуірде қызметке кіріскен АҚШ Президенті Гарри Трумэн АҚШ өзіне дүниежүзі үшін жауапкершілікті алды деп мәлімдеді: «Бейтараптықтың», оның бергі жағына, 30-ж.ж. оқшауланудың күні артта қалды. Осыдан бастап АҚШ дүниежүзілік саясаттың орталығына айналды.

Бейбір өмірге оралу реконверсия немесе кері қайта құру деп аталды және мемлекеттік саясат пен ондағы милион американдықтардың өміріне түбегейлі өзгерістер енгізді. Милиондаған солдаттар отбасыларына бейбіт өмірге қайта оралды. 1947 ж. Армия қатарында 12 миллион солдаттың тек 1 миллионы ғана қалды. Армия қатарына оралған солдаттарды жұмысқа орналастыру соғыстан кейінгі қайта құрудың негізгі мәселелерінің бірі болды.

Соғыстан кейінгі қайта құруда көп дау туғызған мәселелердің бірі соғыс кезіндегі салынған мемлекеттік зауыттардың келешегі туралы мәселе болды. Соғыстың 5 ж. Ішінде мемлекет өндіруші өндірістің зауыттарын салуға 17 млрд доллар жұмсап, 2800-нан аса кәсіпорын салдырған болатын. Бір жылдан кейін олардың барлығы 250 корпорация жарты бағаларына сатып алды.

Ірі бизнес АҚШ-тағы өндіріс капиталының басты өкілі болды, мұнда Еуропадан ерекшелігі бұл сасада мемлекеттік сектор жоқ еді. Дегенмен соғыстан кейінгі жылдарында мұнда ұсақ және орта кәсіп орындарының секторы да едәуір өріс алды. Елде 9 млн жеке меншік фирмалар жұмыс істеді.

Г.Трумен әкімшілігінің ішкі саясаты қайшылықтарға тола болды. 1946 ж. Қосымша сайлаулар мен қайта сайлаулардың нәтижесінде демократтардың реформистік саясаты мен рузвельттік реформалауға қарсы шыққан республикашылардың позициялары күшейе түсті. 1947 ж. Конгрес кәсіподақ қызметін және ұйымдар құру, ереуілдер ұйымдастыру құқын елеулі мөлшерде тежеген Тафт-Хартли заңын қабылдады. Бұл АҚш саяси өмірінің жалпы оңға бетбұрыс жасағандығының көріністері болды. Бұған кеңеске қарсы науқандары, көріністері болды. 1948ж. Президент сайлауында Г.Трумен «әділетті бағыт» бағдарламасын ұсынды. Сайлау алдында Трумен тафт-Хартли заңына тиям салып, оны жоюға, әлуметтік қамтамассыздандыруды кеңейтуге уәде берді.

«Қырғи қабақ» соғыстың басталуы, КСРО мен теке тірес Еуропадағы капитализімнің іргетасын қайта қалпына келтіруге қамқорлық жасау елдің ішіндегі реформашылдық әрекеттердің қанат жаюына мүмкіндік бермеді. Ақырында, АҚШ 1950жылы маусымда басталған Корея соғысына араласты.

1952 жылы президент сайлауның қарсаңында демократиялық партия елге Рузвельт саясаты қалдырған реформашылдық мұраның көп бөлігінен айырылып қалған болатын. Көп жылдар бойына оппозицияда болып келген республикалық партияға үкімет басына келу мүмкіндігі туды. Республикашылар бұрын ешқандай патияға қатысы жоқ атақты генерал Д.Эйзенхауэрді кандидат болуға шақырды. Ол Кореяға барып, көпшілік қолдамайтын соғысты тоқтатуға уәде берді. Бұл сайлауда республикашыларға жеңіс әкелді. Д.Эйзенхауэр президенттікке 1956 ж. Қайта сайланды. Осы жылдары (1952-1960) республикашылар партиялардың арасында саяси бағыт саласында ешқандай елеулі айырмашылықтар байқалмады.

60-ж.ж. реформашылдық. Д.Эйзенхауэр әкімшілігі 50ж.ж. аяғында сенатор Маккарти басқарған сенаттың қосалқы комиссиясы тарапынан демократияшыл қайраткерлерді шектен тыс қалдыруға тиым салды. Аты дүние жүзіне соғыс қаупін төндірген дүдәмел тұжырымдары мен тығыз байланысты мемлекеттік департаменттің басшысы Даллес қызметінен кетті.

Америкаға жаңару қажет болды. 1960ж. Президент сайлауы қарсаңында демократтар оысыны ұсынды. Олар Джон Кеннеди ұсынған – «жаңа шептерге» деген ұран мен жеңіске жетті. Кеннеди мемлекеттің экономикалық және әлуметтік қызметін белсендіру жөніндегі кейнсшілдік теорияны қолдады. Оның «жаңа шептер» жөніндегі әлуметтік –экономикалық бағдарламасы «тиімді сұраныс» туралы кейнсшілдік теорияның арнасында болды және жаппай өндіріс пен жаппай тұтынудың тепе-теңдікте болуын көздеді.

1963 жылы 22 қарашасында Кеннедидің өлтірілуі Ақ үй басшысының ауысуына әкеп соқтырды. Ол вице-перзидент Линдон Джонсон еді. Ол өзінің алдыңғы президенттің саясатын жалғастырды. АҚШ-та аса маңызды әлуметтік реформалар жүйеге асырылды. «Кедейлікпен күрес» бағдарламасының негізінде табысы аз отбасыларына көмек көрсету туралы заң қабылданды, арзан үйлер салу, білім беру жүйесін дамыту бағдарламалары іске асырылды, жасы ұлғайған азаматтарға медициналық қауіпсіздендіру енгізілді, ал табысы кедейшілік деңгейінен төмен отбасылар медициналық көмек көрсетуде жеңілдіктері мен пайдаланылатын болды. Нәсілшілдік кемсітуге шектеу қою жөнінде де маңызды дәне өмірге сай келетін заңдар қабылданды.

70 ж.ж. Америак, Бұл жылдары бүкіл дүние жүзі сияқты АҚШ-та ғылыми –техникалық революцияның жаңа кезеңінде экономикалық және әлуметтік саясаттың нәтижесінде пайда болған дүниежүзілік экономикалық және құрылымдық дағдарыстарға байланысты ірі құрылымдық өзгерістерді басына кешірді. Сонымен бірге осы кезде АҚШ-та саяси жанжалдар мен Ветнамдағы жеңілісі үшін күйзеліс (ветнам синдромы) орын алды.

1968 ж. Сайлауда республикашылар жеңіске жетті. Ричард Никсон президент болып сайланды. 1972ж . ол бұл орынға қайта сайланды, бірақ 1974 ж. Президент орнынан кетуге (демократтардың штаб-пәтеріне Никсонның адамдарының тыңдаушы қондырғылар орнатқандығына байланысты Уотергейт жанжалы) мәжбүр болды. 1976 жылы президент болып демократиялық паритияның кандидаты Джимми Картер сайланды. Американ үкіметтерінің экономикалық саяасатында кейнсілшіктен бастап, неоконсерватизмге дейін маңызды ауытқушылықтар орын алды. 70ж.ж. әртүрлі көмек көрсету жүйесі өріс алды: табыстары кедейліктің ресми деңгейінен төмен отбасылар мемлекеттен арнайы көмек алып тұруға құқылы болды., бұл жәрдемақылар әлуметтік өауіпсыздандыру жүесін толықтырды. Одан басқа азық-тұлік тағамдарын үлестіру жүйесі жұмыс істеді. Биліктің әр-түрлі тармақтарынан көмек алушы адамдардың жалпы саны 70 ж.ж. ортасында 33 миллионға жетті. Дәл осы кезде Никсон әкімшілігі кәсіподақтарға қарсы қатаң саясат жүргізіп, олардың белсенділігін тежеуге арналған бінеше заңдар қабылданды.

Р.Рейган үкіметі (1980-1988ж.ж.). Республикашылар партиясының жеңісі және президенттік қызметке Калифорнияның бұрынғы губернаторы және голливуд актері Р.Рейганның сайлануы ішкі және сыртқы саясат салаларында консерватизмге бұрынғыданда белсенді бетбұрыс жасаумен ерекшеленді. Рейган әкімшілігі шығындарды азайту мен бюджеттік пепе-теңдіктің қатал монетарлық саясатын жүргізді. 1983 жылы американ экономикасы дағдарыстан шығып, оның жаңа технолгия мен ғылыми зерттеулерді өндіріске енгізу жолындағы жедел дамуы басталды.

Рейган әкімшілігі кәсіподақтарға қарсы бағытталған қатаң саясат ұстады. Президент Рейганның сыртқы саясатында екі кезең анық байқалды. 80-ж.ж. бірінші жартысында АҚШ сыртқы саясатында теке-тірес процестері басым болды, КСРО-мен екі арадағы қарама –қарсы тұрушылық, әсіресе 1979 ж. Кеңес іскерлерінің Ауғанстанға енгізілуі, 1981ж. Польшада соғыс жағдайы жарияланғаннан соң, сонымен бірге Оңтүстк- Шығыс Еуропаның кейбір социалистік елдері мен КСРО-ның батыс аудандарында СС-20 ракеталарын жаңа кезеңі басталып, оның космосқа таралу қаупі тұрды. АҚШ Батыс Еуропаға қанатты ракеталар мен орта қашықтық ракеталарын орналастыра бастады.

АҚШ пен КСРО басшыларының Рейкьявиктегі кездесуінен кейін өзгеріс басталды. 1986 ж. Желтоқсанда Вашингтонда КСРО мен АҚШ арасында орта және қысқа қашықтық ракеталарын жою туралы шартқа қол қойылды. Содан соң 1991ж. Буш әкімшілігі кезінде Мәскеуде екі елдің стратегиялық шабуыл қаруларының үштен бірін қысқарту туралы шартқа қол қойылды. Бұл стартегиялық мақсаттарға қару-жарақтардың қысқартудың басталуы екі ел арасындағы қарама-қарсылықтан бейбітшілік пен ынтымақтастық жолдарын іздестіруге бетбұрыс болды. Бұған 1988 жылы ақпанда кеңес әскерлерін Ауғанстаннан әкету мен 1989-1991ж.ж. бұрынғы социалистік елдердегі демократиялық революциялар әсер етті, нәтижесінде жаңа геосаяси жағдай орнап, «қырғи қабақ» соғыс аяқталды.

1988 жылы президент сайлауында республикашылар тағы да жеңіске жетті. Рейганның саясатын оның кезінде елде вице-президент қызметін атқарған Дж.Буш жалғастырды.

Президент Б.Клинтон және оның бағдарласасы. 1992ж. Президент сайлауында демократиялық партия мен оның кандидаты Билл Клинтон жеңіске жетті. Қолайсыз экономикалық жағдайларда билеуші партияның жеңліс табуы Америак үшін дағдылы жағдай. Билл Клинтон «рейганомиканы» қатты сынға алып, саясаттың «үшінші жолын» ұсынды. Мұнда Рузвельттің «жаңа бағытының» тәжірибесі мен 60-жж. Либерализм қоса, либералдық жолдардың ең таңдаулы дәстүрлері біріктірілген болатын.

Клинтон жариялаған «үшінші жол», «рейганомиканы» қайта құруды және мемлекеттің неокейнсшілдік белсенді әлуметтік саясат бағытына оралуын ұсынды. 8жылдан астам уақыт бойына экономика тұрақты дамып (1998ж.- 3,6 %) отырды. Клинтон әкімшілігінің тұсында жекеменшік секторде 14 млн жаіа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздық соңғы 25 жыл ішіндегі ең төмен көрсеткіш деңгейіне дейін азайды. 1996 жылдан соң АҚШ бюджетінің үштен екісі «адам ресурстарын» дамытуға жұмсалды. 1999 ж. Ақш-тың бюджет дефицитін жоюға қолы жетті.

Мұндай экономикалық жағдай республикашыларға 1998 ж. Аралық сайлауда Клинтон президенттігінің дағдарысын және «лайықсыз мінез-құлқы» үшін импичмент құқығын жеңіске жетуге пйдалануға мүмкіндік бермеді.

1990ж.ж. АҚШ экономикалық және ғылыми-техникалық даму мен әлуметтік қамсыздандырудың тиімді механизмін жасай алды. Осы негізде демократиялық және республикалық партиялардың ұстанымдары жақындаса тұсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет