Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97


ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ



бет2/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#14974
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


3. ПӘННІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТІ, ОНЫҢ ОҚУ

ПРОЦЕСІНДЕГІ РОЛІ



    1. Курстың мақсаты: Пәндi оқытудың мақсаты – студенттердi жаңа замандағы Еуропа мен Америка елдерiнiң тарихы мен, негiзгi дүниежүзiлiк маңызды тарихи оқиғалармен таныстыру. Европа мен Америка елдерiнiң тарихын оқып үйрену – тарихтың қағидалары негiзiнде, тарих ғылымының ең соңғы жетiстiктерi негiзiнде бұл елдердегi жаңа дәуiрдегi экономикалық, саяси және мәдени даму заңдылықтарының негiзiн ашуға мүмкiндiк бередi. Курсты оқып үйрену буржуазиялық революциялар туралы, капитализмнiң орнауы, оның монополиялық сатыдан өсуi туралы оқып үйретедi.

    2. Пәндi оқытудың мiндеттерi:

Курсты оқытуда студенттердiң таным дүниесiн оятып қалыптастыру:

  • адам мен дүниежүзiлiк ғылымның дамуындағы жалпы-тарихи объективтiк заңдылықтарды ашу:

  • қоғаммен жеке адамның дүниеге көзқарасының дамуындағы бiлiмнiң маңыздылығы:

  • қоғамдық процестердiң дамуын талдауда тарихи амалдың методологиясы:

  • экономика мен саясаттың себеп-салдарлық байланысын:

  • адамзат тарихының өткенiнен тағылым алу:

  • елiмiздiң бүгiн және болашақта дұрыс жолмен дамуы үшiн адамзаттың жаңа дәуiрдегi тарихи тағылымын терең бiлiп, бүгiнгi күнге ой өлшемiмен байланыстыра бiлу, игi дәстүрiнен сусындау:

    1. Пән мұғалiмнiң мақсаты мен мiндеттерi.

Студенттердi жаңа пәндi оқып игеру нәтижесiнде жаңа заман адамзат дамуындағы негiзгi кезең екендiгiн, бұл дамудың негiзгi заңдылықтарын терең түсiну керек. Әртүрлi халықтардың сол кезең дамуындағы ортақ белгiлерi мен негiздерiн ұға бiлуi тиiс.

Болашақ тарихшы-педагог фактiлер мен еркiн iс жүргiзiп және ой негiздерiне талдау жасау, тиiстi қортынды жасай бiлудi толық меңгеру.



    1. Студенттерге қойылатын талаптар:

Пәндi оқып үйрену барысында студент бағдарламалық материалдағы бiлiмдi жан-жақты және жүйелi түрде меңгеруi тиiс. Қарастырылып отырған кезеңдегi тарихи оқиға, фактiлердi еркiн таңдай бiлуi және негiзгi, қосымша әдебиеттермен тынбай iзденiп дайындалуы тиiс. Алған бiлiмдерiмен бүгiнгi күнмен байланыстырып, үнемi творчестволық ойлауын, қызметiн жетiлдiрiп отыруы керек

4. КУРСТЫҢ ПОСТРЕКВИЗИТТЕРІ МЕН ПРЕРЕКВИЗИТТЕРІ


Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған шешім, хаттамасы №___ күні


1

Ежелгі дүние тарихы (Батыс)

Халықаралық қатынастар тарихы

Отан және шетел тарихы




2

Орта ғасырлар тарихы (Батыс)

Азия мен Африка елдерінің қазіргі заман тарихы




5. ЖҰМЫС ОЌУ ЖОСПАРЫНАН К¤ШІРМЕ




Кредит саны


Курс

Жалпы сағат саны

Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар


Қорытынды бақылау


лекция


Прак/сем


сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

№1-3 кредит



135

30




8







97

Емтихан

6. ОҚУ САБАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:

Жұмыс бағдарламасында (силлабус) сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет

Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.

Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.



7. СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ЕРЕЖЕЛЕР :

Сабаққа кешікпеу керек.

Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

Сабаққа іскер киіммен келу керек.

Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.

8. ОҚУ САЃАТТАРЫНЫЊ ТАҚЫРЫП БОЙЫНША БӨЛІНУ КЕСТЕСІ




Тараулар атауы,

реті


Аудиториялыќ сабаќтар

Аудиториядан тыс сабаќтар

лекция

прак

сем

лабор

ОБС¤Ж

С¤Ж

1

Кіріспе

1




1







3

2

Ағылшын буржуазиялық революциясы

1




1







3

3

Солтүстiкамерикан революциясы.АЌШ-тыњ ќ±рылуы.

1




1







3

4

Ұлы Француз революциясы .

1




1







3

5


ХҮІІ-ХІХғ 60-шы жылдарындағы Англияның саяси дамуы.

1




1







3

6

ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресей.

1




1







4

7

ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада,АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуы.

1




1







3

8

ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жж Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ, Латын Америкасы мен Ресейдің саяси даму

1




1







3

9


1848-1849жж Еуропадағы революциялар

1




1







3

10

Италияның бірігуі

1




1







3

11

АҚШ – ғы Азамат соғысы .

1




1







3

12

ХІХғ аяғы мен ХІХғ 60жж Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыс

1




1







3

13

1801-1860жж Ресей

1




1







3

14

ХІХғ 40-60жж жылдарындағы халықаралық жұмысшылар қозғалысы

1




1







4

15

ХҮІІғ аяғы мен ХІХғ 60жылдарындағы мәдениеттің дамуы

1













3

16

Индустриялық өркениеттің жаңа кезеңі (1870-1918жж)
















3

17

Париж коммунасы
















3

18

ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы алдыңғы қатарлы Еуропа елдерінің,АҚШ пен Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы
















3

19

1870-1914жж алдыңғы қатарла Еуропа елдерінің,АҚШ пен Ресейдің саяси дамуы

Германия

















3

20

Франция
















3

21

Англия
















3

22

Англия
















3

23

Италия
















3

24

АҚШ.
















4

25

Ресей
















4

26

ХІХғ аяғы мен ХХғ басындағы Латын Америка елдері
















4

27

ХІХғ соңғы ширегі мен ХХғ басындағы халықаралық жұмысшы және социалистік қозғалысы
















4

28

1871-1914жж халықаралық қатынастар
















4

29

Бірінші дүниежүзілік соғыс
















4

30

ХІХғ 70жж мен ХХғ басындағы мәдениет
















4

Барлығы

30




8







97






  1. ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫ




  1. лекция. Таќырыбы:

Кіріспе

Жоспары:

1.Жаңа тарих курсының мазмұны мен оқыту мақсаттары

2.Жаңа тарих дәуірінің хронологиялық шеңбері және оның кезеңделуі мәселелері

Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:


  1. Хрестоматия по новой истории. Под. Ред. А.А. Губера. М., 1963

  2. Новая история. Под. ред. Нарочницкого. М., 1986


Лекция маќсаты: Жаңа тарих курсының мақсатын , міндеттерін, мазмұнын қарастыру

Лекция мєтіні :

Адамзат өзінің дамуында бірнеше кезеңдерді бастан өткізді. Әр бір кезең уақыттың – ежелгі дүние, орта ғасырлар сияқты белгілі бір бөлігін қамтиды және алғашқы қауымдық, қул иеленушілік, феодалдық сияқты қоғамдық құрылыстардың кезекті даму сатысы ретінде сипатталады.

Қазіргі тарих ғылымында жаңа тарих пен капитализмнің туып, орнығу дәуірлерін айтамыз. Сонымен бірге бұл – материалдық және рухани мәдениеттің, өркениеттің (цивилизация) дамуындағы жаңа саты.

Капитализім феодализммен салыстырғанда қоғамның өндіргіш күштерінің дамуына үлкен серпін берді. Кәсіпкерлік пен рухани іс-әрекет еркіндігі, өмірдің барлық саласындағы бәсекелестік қоғамның саяси өмірдегі демократиялық құрылым – осының бәрі феодализімге қарағанда капитализімде динамикалық даму мүмкіндіктері анағұрлым молырақ екендігін, өз бетімен даму үшін икемділік қасиеттері қажеттігін көрсетеді.

Жаңа тарих дәуірі адамзаттың дамуындағы заңды үрдіс. Ежелгі дүние тарихынан көне Шығыс өркениеті Грекия мен римнің ұлы мәдениетіне жол салғаны белгілі. Бұл мемлекеттердегі құлиеленушілік құрылыс біздің заманымыздың ІІІ-ҮІ ғасырларында жойылды. Азияда ертерек, Еуропада бірінші мыңжылдықтың ортасында экономикалық жағынан неғұрлым тиімді, шаруалар еңбегіне негізделген құрылыс – феодализім орнады. Алайда бұл барлық жерде бірдей өткен жоқ. Континенттің көп жерінде және аралдарда әлі де алғашқы қауым жағдайында тұрып жатқан халықтар болды. Колумб ашқанға дейінгі Америка халқында біздің заманымызға дейінгі неолиттік мәдениет болғаны, Бұл – бүкіләлемдік тарихи заңдылықтардың біртұтастығын дәлелдейді, барлық даму орталықтан басталады дейтін теорияны жоққа шығарады.

Бұрынғы Еуразияның материалдық және рухани мәдениеті жетістіктерін бойына сіңірген еуропа феодалдық дамудың бір мың жылдық дәуірінде Шығыс елдерімен деңгейлес сияқты еді. Тіпті ХҮ ғасырдың ақырына шейін Еуропа Шығысқа қарағанда өркениеттің кейбір жетістіктерінен, мысалы Қытайдан артта қалған еді. Бірақ 1500 жылдан бастап ғаламат өзгеріс басталды: бір ғасырдың шеңберінде (ХҮІ) Еуропа мәдениеті қарыштап дами бастады.

Орта ғасырларда Еуропа үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Бұл континенттің жетістіктеріне жер жыртатын құрал-сайман, соқа, доңғалағы сумен айналатын қуатты диірмен, темір қорыту және өңдеу, кеме жасау және теңізде жүзу, кітап басу, т.б. жатады.

ХҮ-ХҮІ ғасырлар аралығындағы кезең интелектуалдық (рухани ғылыми) гүлдену уақыты деп есептеледі. Бұл Леонардо да Винчи мен италияндық Қайта өрлеу дәуірі. Феодализім мен абсолютизмге қарсы батыл күрес заманы басталды.

Кереметі сол, Еуропа неғұрлым жоғары өндіріс тәсілдеріне – капитализмге көшуге қабілетті болып шықты. Ал кезінде дүние жүзіне оқ-дәрі мен магнитті инені, жібек мата, қағаз жасау тәсілін үйреткен Шығыс бұл жерде капитализмге өтуге дайын болмай шықты.

Оның себептері қандай?

Еуропаның алға басуын тездеткен екінші жайт- ұлы географиялық ашулар. Американың ашылуы және Африканы айналып өту жолын табу өсіп келе жатқан буржуазияға жаңа іс-әрекет серпінін берді. Шығыс Үндістан мен Қытай тауарлары, ашылған аралдар байлығы, Американы отарлау сауда мен тауар алмасу ісін алға бастырды.

ХҮІ ғасырдың соңында Нидерланды революциясы, ХҮІІ ғасырдың ортасында ағылшын революциясы жеңді. Сауда капиталы дамыған кішігірім ел Нидерландыға қарағанда, 1640-1689 жылдардағы ағылшын революциясы мануфактуралық өндіріс дамудың нәтижесі дейміз. Бұл капиталистік қатнастардың бекуіне негіз болды.

Осы кезден бастап Еуропа буржуазиясы шаруалармен және қолөнершілермен одақтаса отырып, феодализм мен абсолютизмге үлкен соққы берді. Еуропада буржуазиялық және буржуазиялық ұлттық қозғалыстар мен революциялар жиеленді. Соның нәтижесінде ХІХ ғасырдың 70-жылдарында континенттің ең ірі елдерінде капитализм біржолата орнықты.

Бұл даму процесінің маңызды өзгерісті бөлігі Англияда ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде басталып, 100 жылға созылған, кейін басқа елдерді де қамтыған өнеркәсіп төңкерістері болды. Қолөнермен мануфактуралардан машиналық өнеркәсіпке ауысу бүкіл өндіріс тәсілдерін өзгертті, капитализмге өзіндік экономикалық база жасады. Әлуметтік қатнастарда да үлкен өзгерістер болды. Капитализмнің негізгі таптары - өнеркәсіптік капиталистер (құрал-жабдықтар иесі) және өндіріс құралдарынан аластатылған жұмысшылар-пролетарлар қалыптасты.

Өте қуатты қаржы капиталы отарларды бөлісуді аяқтап, оларды және нарық пен шикізат қорлары кеңестігін қайта бөлісуге кірісті. Империалистік соғыстар басталды.

Бүгінгі жаңа замандағы тарихты кезеңдерге бөлу мәселесі, тікелей осы ғылым саласының күрделі мәселелерінің бірі ретінде саналады. Ал, оның төңірегіндегі туындап отырған шетел тарихымен айналысатын ғалымдар арасындағы ұстанымдармен пікірталасы, әр дәуірлердегі пайымдауларға қатысты өзіндік жетістіктері талқылау мен негізге алу төңірегінде де өрлеп отыр. Әсіресе, шетел елдерінің тарихын зерттеу ғылыми орталықтары біраз уақыт өлшемінде қалыптасқан, немесе кеңестік мүмкіндіктерді мұра етіп алаған орыс тарихшыларының бүгінгі ортақ шешімдерімен сабақтар болса, 1934 жылғы И.В.Сталиннің нұсқауымен қабылданған әдеттегі жаңа және қазіргі заман тарихын кезеңдерге бөлу дәстүрінен бас тартудың алға қойылып отырғандығын айтуға болды. Жалпы осыған дейін Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман кезеңдері тарихын оқытудағы негізге алнып келген дәстүрлі кезеңге бөлу, өзінің әдістемелігі жағынан шын мәнінде түбегейлі емес және тарихи мәліметтерге қарама-қайшылау болғаны да рас.

Еуропа және Америка елдерінің жаңа уақыт ауқымында дамудың алғашқы белесін сипаттауға негізделген осы оқу құралы. ХҮІІ ғасырдың басы мен ХІХ ғасырдың басындағы тарихына арналып отыр. Бұл келісімді атау ,ана. Алайда, бұл дәуір толғақты оқиғалар мен аумақты қоғамдық нысаналардың жүзеге асуы, халықтардың өміріндегі - жаңа өркениеттіліктің қалыптасуы мен ерекшеленеді.
Батыстық жаңа өркениеттілік негізінен Атлант мұхиты жағалауларына орналасқан Еуропа және Америка елдері қалады.

Міне, осы тұжырымдамаға Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихының алғашқы кезеңі ХҮІІ ғасырдан бастап ХІХ ғасырдың басындағы атланттық өркениеттің дағдарысқа ұшрап, еуропалықтардың өздері пайымдайтын жаңа мәдениетпен, ғылымға және қоғамдық қатнастарға бағышталған батыстық өркениет деген ұғымның қалыптаса бастауы негізделген. Жаңа заман тарихының алынып отырған уақыттағы жетістігінің маңызды тұс, адамдарджың қоғамдық құрылымындағы табиғатты бағындыру ұранымен атқарған әрекетінің біршама табыстарға қол жеткізгендігі. Сонымен қатар, жаңа өркениеттің пайда болуы мен дамуы индустриялды түрінің қалыптасуымен тығыз байланыс орнатты.

Жаңа заманддың маңызды жетістіктері феодалдық сананы қирату және адам мен адамзат бостандығы құқығының салтанат құруы болып табылады. Бұл батыстық әлем келбетін өзгерткен аумақты құрылым күштерін байланстырғанымен, меншіктің және биліктің азғана топтың қолында шоғырлануына ыңғайлана, халықтар мен көптеген жеке тұлғалардың қордалануына әлі де болса кедергі келтіре алмады.

Жаңа тарихты танып білу «шынайы социализмнің» күйреуінен кейін басталған қоғамдық ғылыми танымның жаңа кезеңдегі негізі қаланған жаһанды өркениеттілікке қайта оралуы мен байлансты өте өзекті мәселе. Оның зерттелуі маңызды құндылықтарға қол жеткізуге, әсіресе азамат және адам бостандығы мен құқығының барлық ауқымына, оының кең сипатталуына қажетті демократия мен нарықтық шаруашылыққа, оларсыз өндіріс тиімділігін арттыру, жеке тұлға бостандығы мен әл-ауқатының жақсатуын қамтамасыз етілмейтіндігіне бағытталады.

Мұндай құндылыққа қол жеткізу үшін жаңа заманға әр түрлі идеологиялық кертартпалықтардан таза тәсілдермен қару қажет.

Тарихтың кезеңге бөлініп қарастырылуының сұранысы туған тұстағы оның шындығын ашуды мақсат тұтқан пікірталас ауқымы кең. Ол тарихшылармен бірге қоғамтану ғылымдарының басқа да өкілдерімен қатар, экономистері де толғандырады. Тарихшылардың көбісі ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Ұлы жағрапиялық ашулармен, Ренесанс және Реформация дәуірінен жаңа кезеңдегі бастағанды жөн дейді.

Бүгінгі заман кезеңіндегі өркениеттілік ұғымының ара салмағын түсіну мен оның жалпы танымдық дамуы обьектісі жаңа заманнан қалыптасқан нақты анықтамаларға ие. Тарихты зерттеу әрқашан сұрыпталған жаңа теориялы әдістемелік тәсілдерге сүйенуді қажет етеді, өйткені тарихтың нақты танымдылығын жете меңгеруге қол жеткізбейінше кезеңге бөлу мәселесін түсіну де мүмкін емес.

ХХ ғасырдың басындағы ұлтшылдық бағыттағы батыс тарихшыларының зерттеу әдістемесіне келер болса, олардың кез-келген ғасырлық мәселелер жиынтығын оның өркениеттік жетістіктеріне қарай салалық сипаттамасы деңгейінде қарау тәсілдеріне сүйенетінін көруге болады.

Көптеген онжылдықтар көлемінде КСРО-да жаңа заманды оқып-үйрену және тану капиталистік формация жөніндегі маркстік-лениндік пайымдауларға сүйенетін міндетті бағдарға сай жүргізілгені айтылып өтті. Ендігі бағдар – жаңа өркениеттіліктің қалыптасуын, сонымен қатар қоғамдық тұлға дамуының әлуметтік-экономикалық және материалдық базасын ұлғайтуды, эволюция диалектикасы ауқымымен кеңейту қажет дейтін тұжырыммен қорытындылауға да болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет