Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет5/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#14974
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Өнеркәсіп төңкерісі. XVIII ғасырда өнеркәсіпте айтарлықтай өзгерістер болды. Ұсақ тауар өндірісін мануфактура өндірісі ығыстырып шығарды. Оны дамытудың қажеттілігі XIX ғасырдағы ағылшын өнеркәсібін түбірімен өзгерткен механика саласындағы жаңалықтар ашуға әсерін тигізеді. 1733 жылы шұға тоқығанда өздігінен қозғалатын қайықша (челнок) ойлап табылды. 1738 жылы адам қолының көмегінсіз жіп тоқуға арналған машина жасалады. 1764 жылы Дж.Харгривс «Дженни» атты механикалық ұршықты, ал 1771 жылы Р.Аркрайт алғаш рет су доңғалақтары арқылы машинаны қозғалысқа түсіретін тоқыма фабрикасын ашты. 1780 жылы Англияда 20-ға жуық, ал одан 10 жыл өткеннен кейін 150 осы тектес фабрикалар жұмыс істеді.

Өнеркәсіптің басқа салалары да түбірлі өзгерістерге ұшырады. 1765 жылы Джеймс Уатт бу машинасын құрастырып, 1771 жылы оны жетілдірді. Бу машинасын ойлап табу фабрика өндірісінің дамуына аса үлкен өзгерістер әкелді. Өнеркәсіп кәсіпорындарының өзен суларының энергиясына тәуелділігі жойылды, бұл фабрикалардың көбеюіне жағдай жасады. Бу машинасын іске косу үшін көмір қажет болды. Бұл көмір өнеркәсібінің дамуына елеулі ықпал етті.

Өнеркәсіптің дамуы Англияда жаңа калалардың пайда болуына, жолдар мен көліктің дамуына ыкпал етті, жаңа тап — өнеркәсіл пролетариаты дүниеге келді. Осылайша XVIII ғасырда Англияда капитализмнің мануфактуралық сатысынан капиталистік өнеркәсіптің машиналық техникаға сүйенген фабрикалық жүйесіне ету кезеңі — өнеркәсіп төңкерісі кезеңі басталады.

Өнеркәсіп төңкерісі паровоз дөңгелектерінің тарсылымен аяқталды. 1825 жылы Дж. Стефенсон Стоктон мен Дарлигтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді. 1830 жылы 100 шақырымдық жол тоқыма өндірісі дамыған Манчестерді портты Ливерпулмен байланыстырды. 1850 жылы Англия жалпы ұзындығы 50 мың шақырымға жеткен теміржол торабына ие болды. Темір жол, металлургия, машина жасау, тау-кен және құрылыс ісін алга бастырды. Шойын қорыту үш есеге өсіп, екі млн тоннадан асты. Темір жолға байланысты бу машиналарын жасау және вагон құрылысы енеркәсібі пайда болды. Бірінші орынды тоқыма өнеркәсібі сақтап қалды, әсіресе мақта өндірісі британ экспортының 70%-ын құрады. Бірақ ғасыр ортасында машина өндірісі, оның ішінде машина жасау барлық негізгі құрылымда басым түсті. Өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Англия дүниежүзілік шеберханаға айналды, оның бұйымдарымен ешкім бәсекелесе алмады. Шетелге өнім шығару 1850 жылы 1830 жылғы 45 млн фунт стерлингтен 70 млн фунт стерлингке өсті. Лондон дүниежүзілік сауда орталығына айналды.

Жұмысшы қозғалысы. Англияда 30-жылдарда пролетариат бөлініп шығып, өз бағдарламалары және талаптары бар ұйымдарға бірігуге алғаш рет қадам жасады. 1836 жылы бір мезгілде

Лондон жұмысшылар қауымдастығы мен Үлкен Солтүстік Одағы (Лидс) пайда болды. Екі ұйым да өз мақсаттары елдің саяси құрылысын пролетариаттық реформа көмегімен еңбекшілер мүддесіне орай қайта құру екендігін хабарлады. Саяси кесемдер: ағаш ұстасы Уильям Ловетт, журналистер Фергюс О'Коннор, Джеймс 0'Брайен және Джулиан Гарни көзге түсті. Халықтық хартия атты бағдарлама құрастырылды. Ол алты бөлімнен тұрды: ерлер үшін жалпы сайлау құқығы, жабық дауыс беру, саны бойынша тең сайлау округтерін құру, кандидаттар үшін мүліктік цензді алып тастау және т.б. Көптеген митингілерде жүздеген адамдар оның мәтінін жазуға қатысты.

1839 жылы ақпанда Лондонда Хартияның табысқа жетуі үшін күрестің түрлері мен өдістері талқыланған бірінші чартистік конвент жиналды.

XIX ғасырдың 30—50-жылдары Англиядағы пролетариаттың алғашкы бұқаралық, саяси революциялық қозғалысы «чартизм» деген атауға ие болды. Чартизм («сһагіег» — хартия, кұжат) деген ағылшын сөзінен шыққан, онда әлеуметтік таптар мен топтардың саяси талаптары көрініс тапты.

Делегаттар арасында қайшылықты пікірлер туындады: біреулер (Ф.О'Коннор, Дж. 0'Брайен) петиция науқанын жақтады; екіншілері Дж. Гарни басшылығымен Хартияға қол жеткізу үшін бір ғана жол—көтеріліс жасаған дұрыс деп есептеді.

6 мамыр күні 1 млн 250 мың қол қойылған Хартия үлкен көтергішке салыньш, парламентке жеткізілді. Бірақ парламенттегілер Хартияны мойындамады.

12 тамыз күні ереуілге шығу келісілген еді, бірақ халық дайын болмай шықты. Үкімет барлық бастамашылар мен жетекшілерді темір торға қамады.

Оқиғаның шиеленісуі чартистер қатарында алауыздық тудырды. Радикалдар өкілдері оларды тастап кетті.

1840 жылы шілдеде Манчестерде Ұлттық чартистік ассоциация ұйымдасқан түрде рәсімделді. 1842 жылы мамырда жаңа петицияны (3,3 млн қол қойылған) парламент қабылдамады. Жауап ретінде Манчестерде, барлық Ланкаширде және басқа көрші графтықтарда, Шотландияда, Уәльсте және Лондонда ереуілдер толқыны жүріп өтті. Бірақ жоқшылық жұмысшыларды фабрикалар мен зауыттарға қайтуға мәжбүр етті. Жетекшілер арасында алауыздық басталды.

Чартизмнің үшінші және соңғы көтерілуі 1847—1848 жылдарға тап келді және бұрынғыдан өзге жағдайларда дамыды — астық туралы заң жойылды, азық-түлік арзан-дады. Жаңа петицияға 5 млн қол жиналды. Оны парла-ментке апаратын күні (1848 жылы 10 сәуірде) кең көлемдегі шеру ұйымдастырылды. Үкімет әскер топтарын әкелді, тақты корғау туралы заң шығарып, шерушілердің Вестминстер үйіне жақындауына тыйым салды. Үшішпі петицияны қарау үшін парламент арнайы комиссия құрды, онда 5 млн қолдың үшеуі жарамсыз деп табылды. Сөйтіп, парламент үшінші рет жұмысшылар талаптарын қабылдамады. О'Коннор митингіге қатысушыларды үкіметке ашық қарсы шықпауға шақырды. Топ тарады.

Жұмысшылар табының бірінші жеке көтерілуі болған чартистік қозғалыс бәсеңдей бастады. Тыйым салулар мен қуғын-сүргін бәсеңдеудің себебі бола алған жоқ. Англия күрделі әлеуметтік реформалар кезеңіне өтті. Чартистер күресінің сөтсіздігіне, жұмысшылардың жалпы сайлау құқығына қол жеткізе алмауына олардың басқа таптар тарапынан қолдау таппағандығы себеп болды.

Кәсіподақтарды ұйымдастыру. XIX ғасырдың 50-жыл-дары Англияда көсіподақ қозғалыстары үлкей жетістіктерге жетті. Чартизмнің әсері тредюниондарды күшейтті. Еңбек салаларында тред-юниондар қатары кәбейіп, олардың жұмысшы табына ұйымдық әсері артты. Олар жұмысшылардың кәсіпкерлерге қарсы шығуына көмектесті, ереуілдерді басқарды. Капиталистер жұмысшылардың бүл ұйымдарының көзін жоюға тырысты. Мемлекет кәсіпкерлерді қолдап, тред-юниондарды қудалаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланды.

Жаңа көсіподақ жетекшілері өндіріс қожайындарымен серіктестік қатынастар құруға ұмтылды. Ереуілге олар тек қана тредюнион мүшелерінің еңбегі мен өмірін жақсарту үшін капиталистермен келісімге келу мүмкін болмаған жағдайда ғана шықты.

Үкімет пен өнеркәсіп қожайындары көсіподак пікірлерімен санасуға мәжбүр болды. XIX ғасырдың 60-жылдарында тредюниондар өздерін күшті сезінді, олар жұмысшылар үшін парламент реформаларын жүргізуді талап етті. Осылайша көсіподақтар пролетариаттың эконо-микалық және саяси құқығы үшін күрес жүргізу түріне айналды. Жұмысшылар қозғалысы қуатты саяси күш болып есептелді.



Баќылау с±раќтары:

1.Англияда екі партиялық жүйенің пайда болуы

2.Ағылшын парламенттік билеу жүйесінің дамуы

3.ХҮІІ-ХІХ ғғ Англияның сыртқы саясаты


6- лекция. Таќырыбы: ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресей.

Жоспары:

1.ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресейдің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы

2.ХҮІІІғ сарай төңкерістері

3.ХҮІІІғ екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы және отарлау саясаты


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История России / Под ред М.М.Горинова М., 2000

Века А.В. История России .Минск, Москва., 2003

Лекция маќсаты: ХҮІІғ екінші жартысы мен ХҮІІІғ Ресейдің дамуын қарастыру
Лекция мєтіні:

Англияның экономикасы жедел дами бастаған кезде, кейбір Еуропа елдері, оның ішінде Германия, италия, Ресей артта қалды. Бұл елдерде әлі де феодалдық тәртіп үстем болатын.

Феодалдық басыбайлық құрылыс, экономикасының томаға-тұйықтығы, Еуропа елдерімен байланыстарының болмауы – Ресейдің артта қалуының басты себебі осылар еді.

Негізгі бұқара халық – шаруалар помещиктердің, монастрлардың, патша әулетінің меншігінде болатын. Басыбайлылық шаруалардың еңбекке деген ынтасына тұсау салды, сөйтіп елдің дамуына бөгет жасады.

Ресей мәдениет саласында да артта қалды. Бұқара халық арасында ағарту шаралары жүргізілмеді. Мектептер болмады. Ресейдің билеуші тобы, алдыңғы қатарлы білімді адамдарды Батыс Еуропамен салыстырғанда елдің артта қалғандығын байқады. Әскери және өндіріс техникасының мешеулігі, флоттың және теңіз жолдарының болмауы, тіпті мәдениеттің де жұтаңдығы барған сайын айқындала берді.

І Петрдің өкімет басына келуі қарсаңында сарай маңы топтарының арасында күшті күрес жүріп жатқан болатын. Бір топты Алексей михайлович патшаның алғашқы әйелінен туған қызы - ақылды және жігерлі София басқарды, екінші топтың басында патшаның екінші әйелі, Петрдің анасы – Наталья Нарышкина патшайым тұрды. Ұрпақсыз патша Федор Алексеевич өліп, Иван басқару ісіне қабілетсіз болып шыққандықтан патшалыққа 10 жасар Петр лайық деп табылды. 1682 жылдың мамыр айында атқыштар Нарышкинаның көрнекті жақтастарын құртқаннан кейін ағайынды Иван мен Петрдің бірдей патшалық құруын талап етті. Атаққұмар әйел тақты толық иемденуді қалады. Петр балалық шағын Мәскеу түбіндегі Преображенск селосында, құбырларынан жасақталған жауынгерлер тобына басшылық еткен әскери оийындармен өткізді.

1689 жылы атқыштар әскері 17 жасар Петр жағына шықты да, София Новодевичье монастырына қамалды. Сөйтіп, І Петр билігі басталды (1689-1725).

Петрдің сыртқы саясатындағы алғашқы қадамы Ресейді теңіз державасына айналдыру болды. Ол әуелі оңтүстік бағыттан басталды.

Осы мақсатпен азов өзеніне Петрдің тікелей өз басшылығымен құрылған флоттың және артиллерияның көмегімен 1696 жылы Азов алынды.

Азов қамалын алу Ресейдің оңтүстіктегі теңіз жолының тұрақтылығын әлі де толық қамтамасыз ете алмайтын еді. Қара теңіз бен Керч бұғазы түріктердің қолында болатын.

1697 жылы Ресей, Австрия және Венеция арасында Осман империясына қарсы одақ жасалды. Осы одақты бекіту және кеңейте түсу мақсатымен, шетелге 250 адамнан тұратын «Ұлы елшілік» жіберілді (оның құрамында Преображенск полкінің уряднигі Петр Михайлов І Петр патша да бар еді). Елшілік дипломатиялық міндетін атқара алмады. Англия мен Голландия Ресеймен Осман империясына қарсы одақ жасасуға келіспеді. Дегенмен Петр табыссыз болған жоқ. Шетелде жүргенде ол Еуропа елдерінің тұрмыс жағдайы мен танысты.

Солтүстік соғыс және оның нәтижесі. 1699 жылдың жазында Ресей Туркиямен 30жылдық келісім-шарт жасасты. Саксония, Польша және Даниямен одақтасып, Балтық теңізіне шығу мақсатымен 1700 жылдың күзінде Петр Швецияға қарсы соғыс басталады.

18 жастағы швед королі ХІІ Карл Данияны тамыз айында өткен бір шайқаста – ақ жеңіп, бітім жасасуға мәжбүр етті. Бұл жақтан босаған 12 мың таңдаулы армиясын жедел орыс әскерлері тұрған Нарва бекінісіне жеткізді де, 1700 жылдың қараша айында оларға күйрете соққы берді. Швеция сияқты күшті жауға төтеп беруге Ресей әскері дайын емес еді. Сондықтан соғысқа қабілетті армия құру қажет болды.

Ең алдымен Петр тұрақты армия құру туралы шешім қабылдады. 1705 жылдан бастап міндетті әскерге шақыру енгізілді. Барлық дворияндар әскери қызмет атқарып, жалдамалы шетел офицерлерін алмастыруға міндетті болды. Ресейде бірінші Преображенск және Семенов гвардия полктері ұйымдастырылды. Солтүстік соғысы басталған кезде әскер қатарына 40 мың адам болса, 1708 жылы олардың саны 113 мыңға жетті.

І Петр кеме жасау жұмысын Солтүстік соғысына дейін, Азов жорығына дайындық кезінде басталған болатын. Бірінші орыс Балтық эскадрасы теңізге 1703 жылы түсірілді. Балтық флотына арналып барлығы 439 ескекті кеме, 207 желкенді кеме жасалды. Оларда 28 мың теңізші қызмет атқарды.

Армияны қайта қаруландыру Петрді алғашқы ірі жеңістерге жеткізді.

1709 жылы 27 маусым күні өткен Полтава шайқасы орыс әскерлерінің толық жеңісімен аяқталды.

Петрдің бұл жеңісі Ресейді халқаралық аренеға шығарып, оның Еуропадағы рөлін түпкілікті өзгертті.

Полтаав шайқасынан кейін соғыс қимылдары Балтық бойына ауысты. 1714 жылы шілденің 27-күні Гангут мүйісіне Ресей тарихындағы тұңғыш ірі теңіз шайқасы басталды. 3 сағатқа созылған ұрыс Ресейдің жеңісімен аяқталды. Жаудың 10 кемесі адмиралымен қоса қолға түсті.

1720 жылы шілде айында Гренгам аралы түбінде орыс эскадрасы шведтердің әскери-теңіз күшін күйрете жеңді.

Шведтердің әскери күші әбден әлсіреді. 1721 жылы маусым айында Ништадт қаласында бейбітшілік шартына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Ресей Ливляндияны, Эстляндияны алды, Петербург жанындағы Фин шығанағы жағалауларын және Карелияның бір бөлігін қолына қаратты, қолайлы порттар – Рига мен Ревельді (Таллинн) иемденді, бірақ Финляндияны Швецияға қайтып берді. Сөйтіп, Солтүстік соғыстағы жеңісінің нәтижесінде Ресей Балтық теңізіне шығуға мүмкіндік алды, оның экономикасының және мәдениетінің дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

Экономика саласындағы өзгерістер. І Петрге мұра болып ХҮІ – ХҮІІ ғасырлардағы Еуропада өтіп жатқан құбылыстардан алшақтап, тұйықталып қалған патриархаттық Русь тиді. Петр ел өмірінің барлық салаларын реформалауға кірісті.

І Петр жүогізген экономикалық өзгерістердің ішінде өндірістегі жетістіктері неғұрлым нәтижелі болды. ХҮІІ ғасырдың аяғында Ресейдің ірі өнеркәсібі бір кенеп- мата мануфактурасы мен оншақты ұсақ металлургия зауыттарынан ғана тұрса, 1725 жылы ондай кәсіпорындар саны 200-ден асты, олардың қатарына мыс қорыту, шұға тоқу, түсті және қара металлургия, т.б. болды.

Мануфактураның дамуы, басыбайлы шаруашылықты тауар- ақша қатнастарын араластыру, Балтық теңізіне жол ашылуы ішкі және сыртқы сауданың дамуына қолайлы жағдай туғызды.

Мемлекетті басқару ісіне Петр түпкілікті өзгерістер енгізді. Боярлар Думасы мемлекет ісін жүргізе алмады. 1711 жылы Петр оның орнына Сенат құрды. Оның құрамына өзі сенетін 9 адам кірді. Сенаттың құқығы кең болды. Ол барлық мемлекет аппаратының ісіне бақылау жүргізді және басшылық етті, сот жұмысын қадағалады, салық жинау және шығын мәселелерімен шұғылданды, сауда жұмысын басқарды.

Оқу ағарту және мәдениет салаларындағы өзгерістер. Петр реформаларды арнаулы мамандығы бар кадрлар дайындауды, халқыты жалпы ағарту ісін жақсарту және мәдениетін көтеруді талап етті.

Мануфактура, армияға, флотқа және мемлекетті басқаруға қажетті мамандарды дайындау мақсатымен Петр дворян балаларын және кейбір шенуніктерді шетелге оқуға жіберді.

Шетелден алаған әсерінің негізінде Петр Ресейде университет немесе политехникум ашқысы келді. Бірақ іс Петербургте артиллерия мектебі мен Теңіз академиясын, Мәскеуде инжинерлік және навигация мектептерін ашумен ғана тынды. Сол дәуірде өмір сүрген князь Куракиннің айтуынша, математика мектептері және басқа да ілім және қолөнер кәсібін: қалпақ жасау, шұға тоқу, тері өңдеу, гипстен бейнелер жасау, сарай тұрғызу, сәулетті өнерін үйрететін оқу орындары болған.

Ұлы Петрдің кезінде орыс мәдениетінде жаңа қадамдар жасалып, театр ашу, газет шығару, шетелден кітап сатып алу және кітап басу қолға алынды.

Қоғамдық және мәдени өмірге өзгерістер енді. Петербургтің және Мәскеудің ақсүйек қауымы мен бай көпестерге ассамблеялар- биржалар, клубтар, би кештерін өткізу рұқсат етілді.

Осындай өзгерістердің нәтижесінде Ресей басыбайлы елі болып қала отырып еуропалық кескін ала бастады, бірақ өзгерген тек сырт бейнесі ғана еді. Петр өз халқының негізгі құрылысы- феодалдық – басыбайлылық құқықты жоя алмады. Ол ол ма, Петр басыбайлылық құқықтың ең соңғы тежеуін алып тастады. Сондықтанда ұлы ұлы реформатор өлгеннен кейін оның барлық реформалары тоқтап қалды.

Өзгерістер нәтижесінде Ресейде абсолюттік монархия орнауымен аяқталды.

Абсолютизмнің сыртқы көрнісі 1721 жылы 22 қараша күні І Петрдің император лауазымын қабылдау болды. Ресей империяға айналды.

Сарай төңкерістері: 1725 жылы қаңтар айында Ұлы Петр дүние салды Ол не өсиет, не тақ мұрагері жөнінде заң қалдырған жоқ. Осы уақыттан бастап Ресей тағы үшін двориян топтары арасында талас басталды. І Петр құрған дворияндар гвардиясы бұл күресте негізгі күш құралына айналды.

Біраз уақыт І Екатерина патшайым (1725-1727)мен патшаның немересі ІІ Петр (1727-1730) патшалық етті. Іс жүзінде бұл кезде І Петрдің серігі А.Д.Меньшиков билік құрды. 1730 жылы таққа І петрдің жиені, Курляндия герцогиниясы Анна Ивановна отырғызылды (1730-1740). Тарихта он жылға созылған «бироншылар» деп аталатын немістердің озбырлығы басталды.

1740 жылы Анна Ивановна өлгеннен кейін оның жиен немересі, екі айлық нәресте Иван Антонович тақ мұрагері, ал Бирон оның орнына уақытша билеуші болып жарияланды. Бірақ 1741 жылдың қаңтарында гвардия төңкеріс жасады да таққа І Петрдің қызы Елизавета Петрованв отырғызды. Елизавета патша ешқандай өзгеріссіз 20 жыл билік құрды.

ІІ Екетарина патшалық құрған кездегі Ресейдің ішкі және сырқы саясаты. ІІ Екатерина (1762-1796) орыс тағына 34 жыл патшалық құрды. Таққа отыру заңдылығы күмәндә болғандығына қарамастан дворияндар оны «Екетерина анамыз», «Ұлы Екатерина» деп атады.

1762 жылы таққа отырысмен ол «Барлық Ресей дворияндарына еркіндік пен бостандық беру туралы» мнифест жариялады.

1763 жылы шаруаларға иесінің үстінен шағым жасауына тыйым салу жөніндегі жарлық жарияланды.

ІІ Екатерина сыртқы саясты да дворияндардың үстемдігін күшейту мақсатын көздеді. І Петр мақсат еткен Қара теңізге шығу жолын ІІ Екатерина жүзеге асырылды. Бірінші орыс-түрік соғысы 1768-1774 жылдары болды.



  1. жылы Осман Туркиясы Ресейге соғыс жариялады. Орыс әскерлері Молдавия аумағына енді. Оның басына П.А.Румяцев тұрды. Орыс әскерлері Ларга өзені жанында (1770) 30 мыңдық армиясымен түріктердің 150 мыңдық армиясын жеңп шықты.

Осы жылы адмирал Г.А.Спиридов эскадрасы Еуропаны айналып өтіп Жерорта теңізіне кірді де, Чесмен шығанағындағы түрік флотына шабуыл жасап, оны қирата жеңп, өртеп жіберді. Осыдан кейін жасалған келісім- шарттық негізінде Қырым Туркиядан тәуелсіз болды. Валахия мен Молдавияны Ресей өз қамқорлығына алды. Ресей кемелері Қара теңізге емін-еркін жүзу құқығына ие болды.

1783 жылы сәуір айында ІІ Екетерина жарлығы бойынша Қырым Ресей құрамына енгізілді.

1787 жылы туркия Ресейге қайта соғыс жариялады. Осман армиясы мен флоты үнемі жеңілумен болды. Бұл соғыста А.В.Суворов пен адмирал Ф.Ф.Ушаковтың қолбасшылық дарындары жарқырай ашылды.

1788 жылы Қара теңіз флоты түріктедің Днепр-Буг қойнауындағы , одан Фидониси және Тендр аралдарындағы флотилиясын талқандады.

1789 жылы шілдеде Суворов Фокшанана түбінде қыркүйек айында Рымник өзенінде осман армиясын жеіп шықты.

Орыс- түрік соғыстарымен қатар ІІ Екатерина Польшаны үш рет бөліске салуға қатысты. Ресейдің ұлттық батыры, ұлы қолбасшы А.В.Суворов 1794 жылы Т.Костюшконың басшылығымен болған поляктардың ұлттық көтерілісін басты. 1772, 1793 және 1795 жылдардағы бөлістің нәтижесінде Польшаны Ресей, Пруссия және Австрия өзара бөлісіп алды. Ресей Польшаның және Шығыс Еуропа елдерінің бостандығын тұншықтырушы деген атаққа ие болды.



Баќылау с±раќтары:

1.Солтүстік соғыс және оның тарихи маңызы

2.І Петрдің қайта құрулары

3.ІІ Екатеринаның шексіз билігі

4.ХҮІІІғ екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты

7- лекция. Таќырыбы: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада,АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуы.

Жоспары:

1.Өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары мен мәні

2.Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі

3.Ресейдегі басыбайлық құқықтың жойылуы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1
Лекция маќсаты: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жылдарында Еуропада,АҚШ пен Ресейде капитализмнің дамуын қарастыру
Лекция мєтіні :

Өндіргіш күштерін басыбайлықпен самодержавие бұғауынан Ресейдің артта қалушылығы ХІХ ғасырдың ортасына қарай қоғамдық өмірдің барлық салаларында айқын көрінді. ХІХ ғасырдың бас кезінде еркін жалдамалы еңбекке негізделген мануфактура бірінші орынға шықты. 30-40 жылдары елде өнеркәсіп төңкерісі басталды. Мақта өнеркәсібінің алғашқы фабрикалары пайда болды. Бірақ ірі машиналы индустрияның іргетасы – тау-кен өнеркәсібі әлі де басыбайлық еңбек негізінде жұмыс істеді.

Тез қарқынмен дамыған батыс еуропамен салыстырғанда, әлі де өгізге мінген құлдардың – басбайлы шаруалардың еріксіз еңбегі үстем Ресей мешеу қалған еді. Ресейде жаңарулар басталуы үшін сыртқы түрткі күш қажет болды. Осындай оқиға – николайлық Ресейдің Англия және Франциямен әскери қақтығысы - 1853 -1856 жылдардағы Қырым соғысы болды.

Қырым соғысы: 50-жылдардың бас кезінде «Шығыс мәселесіне» байланысты халқаралық жағдай тағы да шиеленісті. Ресей Қара теңізден Жерорта теңізіне шығатын бұғаздар әлсіреген Түркияның қолынан күшті еуропалық мемлекеттерге ауысады – ау деп қауіптене бастады. Англия, Австрия, Франция Ресейді бәсекелес ретінде жоюды көздеп, Түркияны соғысқа айдап салды. Закавказьедегі және Қара теңіз жағалауындағы біраз жерледі алу мақсатында Осман империясының өзі де Ресеймен соғысуға мүдделі болды. Сөйтіп, Ресейге қарсы еуропалық мемлекеттердің коалициясы құрылды.

Соғыс қимылдары Ресей үшін әуелі сәтті болды. 1853 жылы қарашада Синоп шығанағында орыс және түрік флоттарның шайқасы өтті. Орыс эскадрасын көрнекті флот жеткешісі вице-адмирал П.Нахимов (1802-1855) басқарып, жеңіске жетті.

1854 жылы наурыз айында Англия мен Франция Ресейге соғыс жариялады. Ағылшын-француз эскадрасы Одессаны бомбылады, ал екінші эскадра Балтық теңізіне еніп, Кронштадқа қауіп төндірді.

1854 жылы күзде одақтастар Ресейдің Қара теңіз флотының негізгі тірегіне - Севастопольге соққы берді.

Севастополь қорғаушылары ауыр адам шығындарына ұшырады. В.Корнилов,П.Нахимов, В.Истомин сияқты адмиралдар қаза тапты. Орыс әскерлері 1855 жылы қыркүйекте астында 80 мың севастопольдықтар көмілген қаланың түтігіне орналған қалқайған қабырғаларын ғана тастап шықты.

Орыс әскерлерін Карс қамалын алып, закавказьеде ірі жеңіске жеткенімен Севастопольдің құлауы соғыстың нәтижесін алдын-ала көрсетті. 1856 жылы наурызда Париж бітім шартына қол қойылды. Бітім шарттың Ресей үшін ауыр болды.Одан Бессарабияның бір бөлігі «кесіліп» алынды. Севастополь, Евпатория, Керчь үшін Карс Түркияға қайтарылды. Ең ауыры Ресейге Қара теңізде әскери флот ұстауға тыйым салу болды. Ресей Еуропада абройынан айрылды. Қырым апаты Ресейдің феодалдық қоғамдық және саяси мешеулігі әскери артта қалуының себебі екендігін көрсетті. Соғыс патша үкіметін буржуазиялық реформалар жүргізуге, ең алдымен басыбайлық құқын жоюға кірісуге мәжбүр етті, елдегі революциялық ахуалдың пісіп-жетілуін тездетті.

Ресейде басыбайлық құқын жою: Қырым соғысынан кейін бүкіл дүние жүзі алдында Ресейдің техникалық және экономикалық, мешеулігі басыбайлық салдары екендіген көз жетті. Шаруаларды феодалдың қанауы жер өндірушілердің ынтасын тұсаулады, ауыл шаруашылығының дамуын бұғаулады, капиталдың құралуына кедергі жасады, техниканың дамуын және таралуын тежеді, бос еңбек күшін пайдалануды қиындатты.

Қырым соғысы еңбекшілердің жағдайын нашарлатты. Басыбайлық құқын жою туралы мәселе ХІХ ғасырдың ортасында қоғамдық-идеялық күрестің туы болды. Шаруалардың мүддесін қорғаушылардың оларды шын мәнінде босату үшін күрескерлердің алдыңғы легінде Н.Г.Чернышевский мен Н.А.Добролюбов А.И.Герцен мен Н.П.Огарев сияқты революционер – демократтар тұрды.

Басыбайлық құқын жоюдың негізгі заңды құжаты болып табылатын 1861 жылдың 19 ақпаны күні қабылданған «Ережелер» Ресейдің 45 губерниясындағы басыбайлық тәуелділіктен шығатын шаруалардың экономикалық және құқылық жағдайын анықтады. Сондықтан феодалдық- басыбайлық қалдықтарына қарсы күрес, помещиктердің қолындағы жер үшін күрес- реформаланған кезеңдегі шаруалар қозғалысының мазмұны осы болды. 1861 жылғы реформа 1905 жылғы революцияға ұласқаны кездейсоқ емес.

Барлық теріс жақтарына қараиастан, 1861 жылғы реформа Ресей тарихындағы ірі бетбұрыс болды. Ол Ресейдің буржуазиялық монархияға айналу жолындағы қадамы еді. Баяу болса да, бірте-бірте капиталистік өндірістік қатнастар қарқын алып, дами түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет