жылдардағы Германиядағы Революция.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Германия. Үш ғасыр бойы саяси ыдырау, экономикалық тоқырау, феодалдық шырмауда болған Герамнияға француз революциясы, Энгельс бейнелеп айтқандай, «Германия деген бейберекеттілікті жарып өткен жайдың оғындай болған еді».
Герман мемлекетінің Францияға қарсы интервенцияға қатысуы, соғыс оқиғаларының Германия жеріне көшуі, революцияның ықпалы бұл елде феодализімнің күйзелісін туғызды. 1792-1794 жылдары Майнц қаласында алғашқы республика өмір сүрді. Рейін өзенінің бойындағы жерлерде, Оңтүстік-Батыс Германияда феодализм жойылды, буржуазиялық кодекс енгізілді. Пруссияда 1807 жылы жоғарыдан басталған реформалар өткізілді, шаруалардың басыбайлығы жойылды. 1813 жылы Наполеон империясы кірген кезде неміс халқы ұлт-азаттық өрлеуден үлкен үмітті еді. Бірақ Германияның азат етілуі ұлы төңкеріске күшпен биліктерін сақтап қалды. Вена конгресі Германияның мемлекеттік бытыраңқылығын бекітті. Герман одағы атты конфедерация 34 мемлекет пен 4 ерікті қаладан (Гамбург, Бермен, Любек, Майындағы Франкфурт) тұрды.
Феодалдық қалдықтар мен саяси бытыраңқылық елдің өнекәсібі мен саудасының дамуына кедергі болды. Алайда буржуазиялық қатнастар біртіндеп өріс алды. 1834 жылы Пруссия Кедендік бірлестікке 20 шақты мемлекеттің басын қосты, елдің шығысы мен батысын байланыстыратын темір жолдар салына бастады.
Демократиялық және жұмысшы қозғалыстары. 1813 жылғы революциялық ахуалды неміс буржуазиясы пайдалана алмаған еді. Бытыраңқы ұсақ мемлекеттерде көсемдік жүргізетін қуатты буржуазия қалыптасты. Неміс буржуазиясы жақсылықты жоғарыдан күтті.
Демократиялық қозғалыстар студент жастардан басталды. 1817 жылы Иена қаласының студенттері ұсынысымен жастар Варбург замогі жанына (кезінде реформация көсемі Лютер жасырған жер) реформацияның 300 жылындағы және Лейпциг шайқасындағы жеңістің 4 жылдығын атап өтті.
Король билігі мен реакцияға қарсы айтылып, революциялық әндер шырқалды. Осы жерде «Бүкілгермандық студенттер одағы» құрылды. 1819 жыдары осы ұйымның мүшесі Карл Занд реакцияшыл драматург әрі тыңшылықпен айналысқан жазушы А.Коцебуге қанжар салып өлтірді. Бұләрекетке орай «Қасиетті одақ» полицейліу жазалар қолдану, университеттері уақытша реакция асқақтады. Бірақ мұның бәрі елдегі революциялық қозғалысты тұншықтыра алмады. 1832 жылғы Франциядағы шілде революциясының ықпалымен Гамбах замогінің қирандысы төңірегінде елді біріктіру және конституциялық еркіндік талабымен ірі манифестация болып өтті.
Неміс халқының 40-жылдарда үлкен өзгерістер қарсаңында тұрғандығы байқалды. 1844 жылғы Силезия тоқымашыларының көтерілісі бұл елде жұмысшы табының қалыптаса бастағандығын білдірді.
Революцияның басталуы. Наурыз оқиғалары. Париждегі ақпан революциясынан соң іле-шала 1848 жылы Францияға таяу Оңтүстік-Батыс Германияда революция басталды. Ақпанның соңғы күндерінде Баден, Гессен-Дармштадт, Вюртемберг, Бавария және шығыстағы Саксонияда халық бой көрсетулері болып өтті.
Пруссиядағы оқиғалар да Францияға таяу Рейін бойындағы Кеьн қаласынан басталып , біртіндеп Берлинге де жетті.
Берлинге Париж революциясының жеңгендігі жөнінде хабар жетісімен халық толқулары басталды. Наурыздың 19-на қараған түнде бүкілхалықтық көтеріліс тұтынып, баррикадалық шайқаста король армиясы жеңілді. 19-ы күні король халық жеңгенін сезіп, «Менің сүйікті берлиндіктерімен!» деген (үндеу жариялап, жаңа үкімет құрылатындығын, ландтаг шақырып, конституция сыйлайтындығын мәлімдеді.
Берлин жеңісі нәтижесінде банкир Кампгаузен үкімет басына келді., халық саяси үйірмелер мен одақтар құруға мүмкіндік алды, жұмысшылар қаруланды. Сөйтіп, халық көтерілісінің арқасында үкімет билігіне ескі басқару тәртібіне бейім пруссиялық буржуазия келді.
-
жылдың көктемі мен жазындағы революциялық оқиғалар. Буржуазияның шегіншектеуі. Алғашқы жеңістерден соңғы революцияның тағдыры екі ірі герман мемлекеттері – Австрия мен Пруссияға тәуелді болды. Австрия Италия мен Венгрияға қарсы ауыр соғыс жүргізіп жатты да, германдық мәселелерге қолы тимеді. Сондықтан оқиғалар негізінен Пруссиядағы революция барысына байланысты өрбіді.
Геманияны біріктіру мәселесі наурыз айының аяғында шақырылған парламентке дайындық жиналысында қарала бастады. Бұл жиналыстың буржуазиялық-либералдық көпшілігі демократтар ұсынған Германияны бітұтас және демократиялық республика етіп жариялау ұсынысын қабылдамады.
Германияның біртұтастығы жолындағы 1849 жылдың көктемі мен жазындағы демократиялық – республикалық халық көтерілісі. Неміс халқы қайткенмен соңғы сөзді Франкфурттық Ұлттық жиналыс айтар деп күткен еді. Ұзақ мәжілістер ақырында 1849 жылдың наурызында парламент Конституцияны қабылдады. Германия біртұтас, екі палаталы рейхстагы бар Конституциялық империя деп жарияланды.
Империя тағы мен тәжі Пруссия короліне ұсынылды. 1849 жылдың мамыр – шілде айларында әр уақытта тұтынған халық көтерілістері орын алды. 4-9 мамырда Саксония астанасы Дрезденде, мамырдың ортасында Рейін шет аймағындағы Эльберфельд, Бармен, т.б. қалаларда маусымда Баденде халық көтерілістері болып өтті.
-
жылдардағы Германиядағы халық көтерілістерінің жеңілуінің себептері олардың бытыраңқы әрі бір уақытта болмағандығынан, бірліктің жоқтығынан еді.
Австрия империясындағы революция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс.
Революцияның міндеттері мен себептері. Тарихи жағдайларға байланысты. Австрия көп ұлтты империя болып қалыптасты. 1792-1815 жылдары соғыс пен қиыншылықтарды басынан өткізген Габсбургтер әулетінің империясы Оңтүстік және Оңтүстік – Шығыс Еуропадағы кішігірім халықтарға үстемдігін орнатты. Онда тұратын 34 млн халықтың жартысынан көбі славиандар болатын (чехтар, словактар, хорваттар, поляктар, сербтер, украиндар) 5 млн. Мадиярлар және соған жуық италияндықтар мен валахтар болды. Осы халқытардың әрқайсысын габсбургтер шенеуніктер мен әскерилердің полиция аппаратының күшімен басқарылды.
1848 жылы Германия мен Италияның алдында елді біріктіру міндеті тұрған болса, Австрия империясы алдында көптеген халықты Габсбургтер езгісінен азат ету мақсаты тұрды. Бұл жерде феодализімге қарсы күрес пен ұлт-азаттық күрестің мақсаттары ұштасып жатты.
Революцияның басталуы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс пен ауыл-шаруашылық өнімдерінің шықпай қалуы империяда революцияға жағдай туғызды. 1815 жылдан бастап елде әскери полициялық тәртіп орнаған еді.
Венадағы революция 13 наурыз күні бүкіл халықтың жаппай көтерілісімен басталды. Армияның көпшілігі Италия мен Венгрияда еді. Әскериліктер толқуда болды. Халық қаһарынан қорыққан император Меттернихті тез арада қызметінен босатты, ол болса әйелше киініп, астанадан қашуға мәжбүр болды. Үкімет амалсыздан студенттердің академиялық жасағы мен буржуазиялық ұланға қару ұстатуға рұқсат берді. Конституция қабылдауға уәде берді.
Үкімет тез арада конституция қабылдады. Австрия империясы «біртұтас әрі бөлінбейді» деп жариялады. Монархия өзінің абсолюттік билігін сақтап қалды. Жұмысшылар мен халықтың тек азшылығы ғана сайлау құқығын алды. Бұл әділетсіздікке халқытың наразылығы мамыр айының ортасында үлкен толқулар мен саяси шиеленске әкеп соқтырды. Үкімет академиялық жасақ пен Ұлттық ұранды таратуға әрекет жасады Бұған қарсы Вена халқы түгелдей баррикадаға шықты. Осыдан кейін император мен үкімет Тирольдегі Инсбрук қаласындағы әскер қанатының астына тығылды.
Италия мен Венгриядағы революциялық көтерілістер Вена халқының жеңіске жетуіне және Австрия шаруаларының бас бостандығын алуына сеьеп болды.
Венгрияда революцияның басталуы. Венгриядағы революцияның себебі бүкілхалықтық басыбайлыққа қарсы наразылық пен халық құқығының шектеулі болды. Ұлттық қохғалысты кедейленген мадияр дворияндары мен интеллигенция бастады. Ұлттық қозғалыстың революциялық-демократиялық бағытын Венгер сеймінің көрнекті шешені Лайош Кошут, ақын Шандор Петефи, жазушы Михай Танчич басқарды.
Венгриядағы революция 15 наурыз күні Пешт қаласында басталды. Ол жалпы Ұлттық сипат алды. Көтерілісшілердің гиміні ретінде Ш.Петефидің «Ұлттық әні» шырқалды.
Австрия императоры Венгрияда автономиялық үкімет құруға келісуге мәжбүр болды.
1848 жылдың маусым айындағы Прагадағы көтеріліс. Ұлттық қозғалыс империяда славияндар тұратын ең дамыған аймақ Чехияны да қамтыды. Маусым айының басында ақсүйек славиян қайраткерлері Прагада реакцияшыл панславиандық сьезд шақырды. Бұл кезде қалада жұмысшы және демократиялық қозғалыс күшті өріс алған болатын. Үкімет Прагаға әскер күшін топтады. Демократтар оларды қаладан әкетуді талап етті. Екі арадаға шиеленіс 12-17 маусымдағы көтеріліске әкеп соқты.
Контрреволюцияның шабуылы. Венадағы 1848 жылдың қазан айындағы шайқас. Революцияның тағдыры көбіне шаруалардың ұстанған бағытына байлансты болды. Италиядағы соғыс, Вена мен Венгриядағы көтерілістер нәтижесінде австриялық шаруалар феодалдық тәртіпті өздері жоюға мүмкіндік алған еді. 1848 жылдың маусым айында империяның құрылтай рейхстағы шаруалардың феодалдық міндеткерліктерін сатып алу тәртібін бекітті.
Үкімет қазан айында Венада тұрған әскерлерге Венгрияға қарсы шығуға бұйрық берді. Вена демократтары монархия жоспарының зұлымдығын сезе бастады.
Венгриядағы революцияның шырқау кезеңі. Венадағы көтерілісті талқандаған император үкіметі енді бүкіл күшін Венгрияға аударды. Венгрияда Лайош Кошут басқарған қорғаныс комитеті құрылды.
Бүкіл халықтық көтеріліс, қару-жарақ жасау революцияға қарсы шыққандардың бәрін аяусыз жазалау – 1793 жылғы революцияға тән сипат алды, Венгрия революциясының да басты сипатына айналды.
Венгер революционерлері тез арада хорваттар, сербтер және басқа мадиярлар езгісінде отырған халқытардың тәуелсіздігін жариялау қажеттігін ескермеді. Соған қарамастан Еуропаның түкпір-түкпірінен Венгрияға тәуелсіздігі үшін күресуге дайын революционерлер мен демократтар келіп қосылып жатты.
-
жылдың күзінде император әскерлері басым болғандықтан революцияшылдықтар астанадан шегініп, Кошут үкіметі Дереценге көшті.
-
Жылдың наурызында Габсбургтер империясы жаңа конституция қабылдады. Венгрия мәңгілік империя құрамында болды деп жарияланды. Бұл акт венгер халқының жаңа Ұлттық көтерілісінің өрлеуін туғызды.
-
жылдың сәуірінде сейім Венгрия толық тәуелсіз мемлекет, ал Габсбургтер әулетінің венгер тағына құқығы толық жойылды деп жариялады. Осыдан бастап венгерлердің революциялық әскерінің атақты жеңімпаз жорықтары басталды. Бүкіл Венгрия азат етіліп қана қоймай, империяның астанасы Венаға қауіп төнді. Австрия императоры Франц-Иозеф патшалық Ресейден көмек сұрады. Алақандай революцияшыл Венгрияға қарсы екі алып- Австрия және Ресей империялары күш қосты.
1848-1849 жылдардағы революцияны сәтсіздікке ұшыратты. Шаруалар бейтарап қалды. Славиян халқытарының артта қалған кертарпа күштерін Габсбургтер демократиялық революцияға қарсы айдап салы. Патшалық Ресей үкіметі қас жауы екендігін көрсетті.
Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция.
Жаңа замандағы Италия. Революцияның себептері. Италия жаңа заманға мемлекеттік бытыраңқылық күйде өтті. Елдің басым бөлігі Испанияның қол астында болды. Тек Савойя герцогтігі (Пьемонтты қоса алғанда), Венеция мен Папа мемлекеті дербестігін сақтап қалған еді.
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда Голландия, Англия және Франциядағы мануфактуралардың күшті дамуы итальян тауарларын әлемдік рыноктан ығыстырды. Италияняі ішкі саудасы кеден кедергілерінің көптіщінен зардап шекті. Селолық жерлерде қанудың феодалдық түрлері басым болды.
ХҮІІІ ғасырда Франциядағы революция итальн қоғамының барлық топтарына әсерін тигізді.
1815 жылғы Вена конгресі шешіміне орай Италияда бұрынғы феодалдық абсолюттік билік қалпына келтірілді. Италия шетелдік езгіге қайта түсті. Ломбардия мен Венеция Австрияға қосылды. Апеннин түбегінде Австрия билеп-төстеуші өктем күшке айналды.
20-жылдары Италияда құпия карбондық қоғамдар құрылу қозғалысы өршіді. 1820-1821 жылдары Неаполь корольдігі мен Пьемантта революция басталып , ол күшпен тұншықтырылды. 1831 жылы Парма, Модена және Папа аймағында революциялық көтерілістер болды. Оларды Австрия басып-жаншыды.
ХІХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап бүкілиталияндық азаттық және демократиялық қозғалыстың жаңа түрі – мадзинизм қозғалысы басталды.
«Жас Италиян» барлық мемлекеттерде өзінің жасырын ұйымдарын құрды. Сондықтан ол бүкіл Ұлттық, революциялық ұйымға айналды. Бірақ алғашқы көтеріліс әрекеттері сәтсіз болды.
«Жас Италиян» уағыздары италиандықтардың Ұлттық сана-сезімін көтерді. Ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты елді біріктірудің бағдарламасы болды.
40-жылдары алғышарттары пісіп-жетілген Италия революциясының алдында Германиядағыдай, ең алдымен елді біріктіру мәселесі, содан кейін феодалдық шырмауларды жойып, буржуазиялық қатнастарға жол ашу елдің өндіргіш күштері мен мәдениетінің дамуын қамтамасыз ету міндеті тұрды. Бірақ соның бәрін шешу үшін ең алдымен итальян халқының басты езушісі әрі тонаушысы Австрия империясының билігін құлату керек еді.
Революцияның басталуы және барысы. Астықтың шықпай қалуы мен экономикалық дағдарыс қалың бұқараның мұқтаждығы мен ауыртпашылығын күшейтіп, революциялық ахуалдың артуына жағдай туғызды.
-
жылдың қаңтар айында Сицилияда көтеріліс басталып, ол бүкілхалқтық сипат алды. Оқиға оңтүстікті де шарпып, Неаполь короьі (біріккен Сицилия королі) либералдық үкімет құрып, Конституция қабылдауға уәде беруге мәжбүр болды.
1848 жылдың ақпан-наурызында сол сияқты оқиғалар орталық итальян мемлекеттерінде де болып өтті. Бәрінде де монархиямен ымыраласуға даяр либералдық үкіметтер құрылды.
Милан мен Венециядағы көтеріліс. Австрияның қол астындағы Лобардия мен Венецияда революция Венадағы халық көтерілісі жеңгендігі жайлы келісім басталды. 5 күнге созылған, 18-22 наурыз күндеріндегі баррикалдалық қанды шайқас барысында Миландағы халық көтерілісі австриялық 15 мыңдық армияны жеңіп шықты. Австрия фельдмаршалы Радецкий қаланы тастап шығуға мәжбүр болды. Бірақ, жеңістің нәтижесінде Милан үкіметінің басына либералдар келді. Бұл мадзинишілдердің қателігі еді.
Негізгі мақсат – елді азат ету еді. Сол бүкілхалықтық тілекке орай Италияның барлық үкіметтері Авчтрияға соғыс жариялады.
Рим, Тоскана және Венециядағы революциялар. Сонымен, 1848 жылдың күзінен бастап Венеция, Флоренция және Рим итальян революциясының үш орталығына айналды. Итальян буржуазиясы мен либерал- дворяндар корольдер мен князьдер жағында тқрды. Революциялық қозғалысты республикашыл демократтар – мадзинишілдер басқарды.
1849 жылдың қаңтарында Римде Құрылтай жиналысы шақырылды. Ол папны мемлекет билігінен аластап, Римді республика деп жариялады.
1849 жылдың көктеміне қарай Еуропадағы революция бәсеңдей бастады. Интервенттердің күштері бірігіп шабуылға шыққанда Рим, Венеция, Флоренция әрқайсысы жеке-дара қарсылық көрсетті. Рим республикасын тұншықтыру үшін Франция президенді Луи Наполеон Бонапарт өз әскерін жіберді. Рим ерлікпен шайқасты. Оның қорғанысын халық батыры Джузеппе Гарибальди басқарды. Бірақ күш арасалмағы тең емес еді. 1849 жылы шілде айының басында Рим құлады. Одан сәл бұрын австриялықтардың шабуылынан Флоренция тізе бүкті. Ал құрлықпен де, теңізбен де қоршалған Венеция тамыздың аяғында ғана австриялықтар күшімен алынған еді.
Баќылау с±раќтары:
1.ХІХғ 40 жж Еуропа елдерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының ерекшеліктері
2.Франция, Германия, Австрия империясы мен Италиядағы революциялардың себептері мен мақсаттары
3.1848-49жж революциялардың барысы мен өзара байланысы
4. 1848-49жж революциялардың жеңілу себептері, сипаты, ерекшеліктері мен маңызы
10- лекция. Таќырыбы: Италияның бірігуі
Жоспары:
-
1848 – 1849 жылдардағы Аппенин түбегі мемлекеттерінің саяси экономикалық жағдайы.
-
Италия мемлекеттерінде бірігу жолындағы күрестің күшеюі. Рисорджименто.
-
ХІХ ғасырдың соңындағы Италия мемлекетінің құрылуы.
-
1876 жылғы “Парламенттік төңкеріс”. Солшылдардың ішкі және сыртқы саясаты.
-
Ф.Криспидің авториторлық және империялық бағыты.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер:
-
История Италии. Т.2. М., 1971
-
Гарибальди. Дж. Мемуары. М., 1965г.
-
Кандолеро Дж. История современной Италии В 4 т. Перситн 1958-1979 г.
-
Невлер В.Е. К истории воссоединения Италий. М., 1936
-
Ковамская М.И. Италия в борьбе за национальную независимость и единство. М., 1981.
-
Невлер В.Е. Джузеппе Гарибальди . М., 1961
-
Авуре А.Я. Гарибальди 1807 – 1892 г.г. М., 1957.
Лекция маќсаты Италия мемлекетерінің бытыраңқылықтан бір орталыққа біріккен қуатты мемлекетке бірігу үшін жүргізген соғыстарын баяндау.
Лекция мєтіні :
1846 жыл Италия мемлекеттерінде саяси-экономикалық дағдарыс 1848-1849 жылдары үлкен революцияға әкеліп соқты. Ұлттық тәуелсіздік және Италияның бірігуі үшін күрестің алдыңғы шебінде шаруалар бұқарасы мен қала кедейлері болды. Бұл қозғалысқа либералды дворяндар, кәсіпкерлер студенттер, қол өнершілер, пролетариат қатысты. Европа державалары Аппении түбегіне интервенциясы одан әрі ушықтыра түсті Елдің бытыраңқылығы нәтижесінде революциялық толқулар әр кезеңге өтіп реакциялық күштер үшін қолайлы жағдай қалыптастырды және революциялық толқуларды оқшауландырып тез басып тастап отырды.
1848 жыл 12 январда Сицилияның әкімшілік орталығы Палермада халық көтерілісі басталып революцияға ұласып басқа қалалар мен облыстарға тарады. Қараусыз халық жақсы қаруланған король әскеріне елеулі қарсылық көрсетті. Неапалитан әскері аралдан кетіп Сицилияда уақытша либералды үкімет құрылды., Ол бурбондарға бағынудан бас тартты. Сицилия революциясы Неапалитан королдгініде әсіресе Колибри мен Неопольде демонстрация мен көтерілістерге ұласты. 29 январда 1848 жылы король Фердинант І амалсыз конституция жариялап екі платалы парламент құруға, Сицилияның автономиясын тануға және тар шеңберде тануға мәжбүр болды. Неапалитан королі өзгерістер Пьемонт, Папа облысына, орталық Италия герцоргтарына тарады. Бұл толқулар ұлттық тәуелсіздік, елді біріктіру азаматтық құқық пен конституция қабылдау талабын қоса жүргізілді. Осы революциядан соң 1848 жылы февраль – март айларында Папа облысында Токсанада, Пьемонтта конституция жарияланып, екі палаталы парламенттер құрылып, үкімет құрылды. Австриядағы Вена революциясынан кейінгі антиавстриялық күрес Ломбардия, Венецияда күшейді. 17 март 1848 жылы Венеция республикасы жарияланып, уақытша үкіметке Рисорджиментоның беделді қайраткері Д. Манин келді. Австрия әскерлері шекара аймағына әкетілді. 18-22 мартта Милан қаласы Барикада орнатып Австрия Габусбургтар Фельдмаршалы Радецкий әскері қолға түсті.
Сардиния корольдігін басқарған ымырашыл – либералдар біріккенге дейін – ақ жаңа корольдікке өз билігін нығайтты. Олардың топтары тарихқа “оңшылдар” деген атпен енді. Ымырашыл – либералдардың сол қанаты және бұрынғы демократтар “солшылдар” деп аталды. 1861 жылы 6 маусымда Кавур өлді. Оның орнына Беттино Риказоли тағайындалды. Бұл оңшылдар үкіметі елді 15 жыл басқарды. Оңшылдар үкіметінің алдында кезек күттірмейтін мәселелер тұрды: финансты сауықтыру; мемлекеттік аппараттың жұмысын қалпына түсіру; жаңа провинцияларда әкімшіліктер құру; армияны қайта құру; жол салу т.б. с.с. Үкімет осы жағдайдан салықты өсіру және тәркіленген шіркеу жерлерін сату арқылы шығуға тырысты.
Осы кезеңде Оңтүстік Италияда жалпы қозғалыс басталды. Бұл қозғалыс Оңтүстік шаруалардың 1860 жылы жер үшін бастаған күресінің жалғасы еді. Осы қозғалыстарды басу үшін үкімет жаппай террор мен төтенше заңдар қолданды. Жазалаушы экспедициялар жіберді. Көптеген адамдар өлім жазасында түрмеге кесілді. Жаппай қозғалысқа қырғындай тиген, экономикадағы қиындықтарға малтыққан жаңа мемлекет Рим мен Венеция облысының тағдырын ойламады. Италияны біріктіруді толық аяқтау революциялық қозғалыс күштердің қолында еді.
1862 жылдың жазында Гарибальди Римді азат ету жорығына дайындала бастады. 27 маусымда ол Капрерден волонтерлер отрядын ұйымдастыру үшін Сицилияға келді. Ол “Рим немесе өлім” деген ұран тастады. Сицилия халқы өз азат етушісін қуана қарсы алды. Гарибальдиге жан – жақты еріктілер ағылды. Наполеон ІІІ –і гарибальди жорығы туралы естіп, франция Папа үкіметін қорғайды және Римнің Италияға қосылуына жол бермейді деп мәлімдеді. Виктор Эммануил ІІ –і Гарибальди жорығын бүлік деп бағалап, Гарибальдиге кімге – кім қосылса қатты жазаланады деп прокламация тартты. Алайда бұл патриорттарды тоқтата алмады.
Гарибальди Палеомодан матиркке жүзу үшін Катинге бет алғанда оның отрядында 4 мың адам бар еді. Бірақ материкке Гарибальди мінетін екі немесе сыймағандықтан 2 мың адам жетті. Калабрия жағалауында оларды премьер – министр Раттацци бұйрығы бойынша үкімет әскері күтіп тұрды. Бауырларын өлтіру соғысынан қашқан Гарибальди өз отрядын тауға әкетті. 29 – шы тамызда Аспромонт тауында оны король әскері қуып жетіп, оқ астына алды. Гарибальди волонтерлерге атпауды бұйырды. Олар тыңдамады. Гарибальди екі әскер арасында тұрып, атысты тоқтатуға тырысты. Осы жерде сол жақ белі, оң аяғына балтырына оқ тиді. Атақты орыс хирургі М.И.Пирогов Гарибальди аяғын кесуден аман алып қалды. Партизан көсемі қолға түсті.
Демократиялық күштерді жеңген басқарушы топ Гарибальди мен оның серіктерін соттау керек пе, әлде қажет пе?, мәселесіне жауап бере алмады. Министрлер Кеңесінің осыған байланысты бірнеше рет мәжілісі болды. корольдің өзі Гарибальдиді, серіктерін әскери сотқа беру жөнінде декретке қол қоюдан қорықты. Халықтың қысымымен Гарибальди мен оның серіктері босатылды.
Гарибальдиліктерге амнистия берілуі Раттации үкіметінің беделін жақсатпады. Аспромонт ісі парламентте қызу айтыс туғызды да, Раттации 1 желтоқсанда отставкаға кетті. Аспромонт жорығы сәтсізаяқталғанмен Италияны толық біріктіру күресіне қатты әсерін тигізді. Халық Савойя династиясының ұлттың үмітін жүзеге асыратынына сенбей қалды. Аспромонт жорығының маңызы жөнінде Мадзини былай деді: “Он показал всему имру, что в Италии не прекратится революционная борьба до тех пор, пока Рим мне станет итальянски”.
Италия басқарушы топтарының саясаты барған сайын реакциялана түсті. Тоғыз жылда 9 рет уаысқан үкімет тарихқа “консортерия” деген атпен енді. Оңшыл либералдардың шағын тобынан тұратын консортерия Наполеон ІІІ – нің алдында құлдық ұрды. 1864 жылы олар Француз императорымен ұлттық сатқындық актісін жасады. Италия мен Франция арасында Сентябрь конвенциясына қол қойылды. Бұл келісім бойынша Италия Папа мемлекетінің тұтастығын сақтауға және патриоттардың жорығынан қорғауға міндеттенді. Франция Папа өз әскерін құрған соң, 2 жыл ішінде әскерін Римнен әкететін болды. Конвенцияда Италия астанасы басқа қалаға ауыстыру жөнінде құпия келісім болды. осы баппен Италия Наполеон ІІІ – ге өзінің Римді астана деп есептемеймін деген кепілдік берді.
Сентябрь конвенциясы бүкіл елде наразылық тудырды. 20 қыркүйекте Туриннің патриоттық күштері “Рим – астана жасасын!”, “Үкімет жойылсын!” деген ұрандармен демонстарцияға шықты. Ертеңіне Кастелло алаңында солдаттармен қанды қақтығыс болды. 5 адам өлді, 50 адам жараланды. Демонстрация толастамады. 22 қыркүйектегі қақтығыста 21 адам өлді, 100 адам жараланды. Турин оқиғалары консортерия саясатын халықтың құптамайтынын көрсетті, премьер – министр М.Мингетти отставкаға кетті.
1865 жылы Италия астанасы Туриннен Флоренцияға көшірілді. Дегенмен басқарушы топ Рим мен Венеция мәселесін шешу қажет еді. Олар бұрынғысынша бұл мақсатқа династиялық келісімдер арқылы жетуді ойлады. Халықаралық жағдай осы кезде Италия үшін тиімді еді. Италия үкіметіне көмекке Наполеон ІІІ мен Бисмарк келді. 1865 жылы Австрия мен Пруссия арасындағы қатынасы шиеленіскенде Пруссия Италиямен жақындасу жолдарын іздестірді. Пруссияға Австрияға қары одақ қажет болды. бисмарк Австрия екі майданда соғысса жеңіледі де, Прусси дегеніне жетеді деп есептеді. Осы себептен ол Италияға антиавстриялық одақ жасауды ұсынды. Мұны итальян басқарушы тобы қуана қарсы алды да, Наполеон ІІІ – мен келісуді жөн деп санады. Наполеон ІІІ –і мұны қолдады. Наполеонның ойы екеуінің арасында арбитр ролін атқарып, Пруссидан Рейн маңайынан жеңілдік алу болатын. Солай дей отыра, Наполеон Австрияның әлсіреуін, Италияның күшеюін қаламады. 8 сәуір 1866 жылы Берлинде Италия мен Пруссия арасында құпия келісімге қол қойылды. Бұл бойынша егерде Пруссия мен Австрия арасында соғыс болған жағдайда Италия Австрияға соғыс дариялайды. Екі жақта Италия Венецияны алғанша, ал Пруссия Германиядағы мүдделі жерін алып, сепараттық бітім жасағанша соғыс қимылдарын тоқтатпауға келісті.
16 маусымда Пруссия соғыс бастады. 20 маусымда Виктор Эммануил әскері Венеция облысының шекарасынан өтті. Король Гарибальдидің беделін пайдалануды ойлады. Гарибальдиліктердің саны 38 мыңдай, олармен бірге итальян әскерінің саны 250мың адамнан асты. Австрия әскерінің Венеция майданындағын саны 150 мың бірақ олар күшті стратегиялық позицияны алып жақсы қаруланған. Осы себептен 24 маусымда Кустоцца түбінде ұрыста генерал Ла Мармор бастаған итальян әскері қатты жеңіліске ұшырады. Гарибальдиге онша маңызды емес майдан - Оңтүстік Тироль тиген еді. Гарибальди осы жерде австриялықтарға ойсырата соққы берді. 3 шілдеде Садова түбіндегі ұрыста прусс әскері австриялық әскерді тас – талқан етті. Австриялықтардың жеңілуі итальян әскерін шабуылға көшірді, итальян флоты теңізге шықты. Алайда флот командашысы адмирал Персаноның жігерсіздігі мен Лисса аралының жанындағы ұрыста флот жеңіліске ұшырады. Осындай жағдайда Наполен ІІІ –і соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныс жасады. Наполеон ІІІ –нің аралығымен 26 шілдеде Прусия Италиямен келісспей Австриямен бітімге келді. Осы бойынша Асвтрия Францияға, Венецияны, Франция Венецияны Италияға берді.
1861 жылғы италия королығына құрылуы елдің бірігу процес імен ұлтың тәуелсіздігін жетуінде алкен мәні бар зор оқиға болды. Италияны бірігуін тарихта Рисорджимента деп атады. 1866 жылы австро прус соты мәнінде Трусися жағынан соғысты. Австриядан Каненция облысын қайтарып алды. 1870 жылы франко прусс соты барысында Франція өз әрекеттерін поп облосоның барысында Франція өз әскерін поп облысынан әкетуге мәжбүр болды. Риммин Поп облысы Италия корлдігіне қосылып Рим оған рухын астеканасына айналды.Италияны біріктіруші Пеомонт королы Сорден диностияларының өкілі Виктор Эммануил Италия королі болып жарияланды. Ол үлкен билікке ие бола отырып үкіметті құрып, қарулы күресті ұйымдастырды және сыртқы саясатты жүпргізді. Крорль жайында король туысқандарынан сарай партиясы қырылды. Олардың құрамындадворян әулеттері, жоғары шенді офицерлер, сановниктер болды. 1848 ж Пьемонт конституциясы бойынша король билігі шектелді. Бұл Конституция бойынша азаматтық құқық, бостандық, жеке меншік, сөз баспасөз бостандығы, жиналыс өткізу бостандығы сақталды. Сословиялық артықшылықтар жойылды. Конституция бойынша екі палаталы парла мент жоғарғы палата Сенат король бұйрығы мен өмір бойына тағайындалды, бұлар генерлибет, мәдениет, ғылым қайраткерлері, жоғарғы дін иелері болды. Төменгі палата депутаттар палатасы сайлабалы болды. Парламент ролі елде онша күшті болмады. Италияда католик шіркеуі беделі әлі де болса күшті болды. Папа заңнан жоғары ьұрды. Папаның иелігі шектеліп ол Ватикан шіркеуі мен Латеран сарайына ғана ие болды.
Италия корольдығының алғашқы онжылдығында үкімет басында самаркау – либерал топтар “оңшылдар” буржуазияланған дворяндар, сауда – финанс, өнеркәсіп буржуазия Солтүстік (Пьемонт, Ломбердия) өкілдері болды. Оңшылдар партиясы басқаруы кезіде әлеуметтік экономикалық мәселелерге көп көңіл бөліп ел ішіндегі региондар мен провинциялар арасындағы кедергілерді жоюға күш салды. Елде бірыңғай кеден салығы, ортақ ақша айналымы жүзеге асты. Ұлттық банк құрылды. Темір жол мен тас жолдар, порттар, тилгреф линиялары салына бастады. Бұл елде индустрия дамуына үлкен қолайлы жағдай туғызды. Елдегі кәсіпкерлер мен банкирлер, нарықтық жағдайдың дамуына жағдай жасады. Бұл елдері қауымның ыдырауына әкеліп соқты. Сицилия мен Оңтүстік Италия ірі иеленуші феодалдық жер иеленусақталды. Олар ондаған мың га жерлерге ие болды. Латиффункциялар арзан шаруалар, ботрактер еңбегін пайдаланды. Қалың шаруалар,бұқараны әхуалы өте нашар болды. Олар жүгері нанын жеді, ауру малерия, т.б. өте көп таралды. Пьемонт, Ломбардия солтүстік аудандарда ауыл шаруашылығында капиталистік жедел дамыды. Солтүстік пен Оңтүстік арасында қатынас нашар болды. Андаған жыл бойы Неаолитон королдығы, Италияға бағынбай қарулы күресін тоқтатпады. Оңшылдардың сыртқы саясаттағы бағыты Европа үлгісіндегі мемлекет құру болды. Оңшылдар үкіметі ашық есік саясатын жүргізді. Қызыл теңіз жағалауында ассам колониясын 1891 ж иеленіп кейінен Эрстрия деп аталды.
Жаңа мемлекет үкіметіне көреген саясаткерлер жетіспеді. 1871 ж оңшылдар лидері Ф. Де Санктие реформа мен демократияландыру елді саясатын жүргізуге шақырды. Ол мемлеекет құрылыстағы кемшілік тұстарын көрсетіп берді. Ол Италия Конституциясының іс жүзінде өмірде іске аспай жатқанын батыл айыптады. 1876 ж парламент сайлауында оңшылдар жеңілді. Солшыл күштер партиясы халықты соңына ерте білді. Елде демократиялар мен митинглер болып азаматтық неке, мемлекеттік мектептер ашылды. 1880 жылы шаруалардан салық жинау азайтылды. 1882 жылы жаңа сайлау заңы қабылданды. Солшылдар елдегі сыртқы саясатта колониялдық жаулап алу соғыстарын барынша қолдады. Бұл 1882 жылы Австрия – Венгрия, Германия үштік одақ жасауға алып келіп соқты.
Италия Солтүстік Шығыс Африкадағы отаршылдық әрекетті үдете түсті. 1885 жылы Италия Сомали, Эфиопия, Массауа жерлерін отарлап алды. Солшылдар Италияның индустриясын барынша қолдады. Ел шаруашылығын жағдайы өте нашар болды. 4 мың шаруалар өте аз табыс алды. Елде жұмысшы саяси ұйымдары құрылды. Бокунин идеясын жоқташы анархистия ұйымдар да пайда бола бастады. Елде Марксистік ағымын насихаттай бастады. Олар Ан тонио Лабриоля Ф.Турати т.б. халықтың қалың табына /идикалдар республикалар/ беделі күшейе түсті.
Халықтық үкімет саясатына деген сенімі жоғалып оған наразылық күшейе түсті. 1887 ж елде экономикалық дағдарыс басталды. Итальян әскерлері Эфиопиода жеңіліске ұшырады. Солшылдар өз ішінде топтар арасында тайталастар күшейе түсті. Бұл Гарибальдидің досы, сицилиядан шыққан Рисоржиментоның көрнекті өкілі Криспидің беделін өсіре түсті. Криспи үкіметтің жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатын сынай отырып Италия армиясы мен флотын нығайтып, мемлекеттік күшейтіп Италия империясын құру жоспарын жасады. Елдегі әлеуметтік жағдайларды жақсартуды жақтады. Бұл саясат оны елдегі барлық саяси к үштердіғ қолдауына әкеліп соқты. Үкімет басына келген соң Ф.Криспи ішкі істер министрлігін өз қолына алды. Сыртқы істер министрі қызметінде қоса атқарды. Парламент беделін төмендетіп, елдегі мәселелерді парламентсіз шеше бастады. Парламентте қылмысты кодекс пен қоғамдық қауіпсіздік заңын қабылдатты. Елдегі ереуілді тоқтатып, кейбір басылымдарға тиым салды. 1891 – 1893ж.ж. елдегі саяси жағдай Криспиді отставкаға кетуге мәжбүр етті. Министрлер кеңесі төрағасы Ф.Криспидің қарсыласы Д.Джолитты сайланды. Ол елдегі консерветивтің күштердің қарсылығына ұшырады. Рим банкісіне Италия Панамасы деген үлкен дау оны отставкаға кетуге мәжбүр етті. 1893 жылы үкіметті және Ф.Криспи басқарды, ол елдегі халық толқуларын аяусыз жазалады. 1892-1894 ж.ж. Сицилия шаруалар мен батрактар манифестациясы күшейді. Олар салық төлеуден бас тартып, муниципалитеттерді басып алды. Осымен бір мезгілде Мессине, Палермада т.б. қалаларда қала тұрғындары толқуы болды. Бұл қозғалыс басында Сицилия еңбекшілері одағы – фаши Сицилия фаши болды. Олар король портреті мен құдай ана суретін көтеріп нан мен еңбек жұмысты талап етті. 1893 жылы фашилер Сицилия социалистік федерациясын құрды. 1895 жылы Италия социалистік партиясы осы негізде құрылды. 1895 жылы Миланда Италия республикасының партиясы құрылды. Ф.Криспи Сицилияға тұрақты әскер жіберіп фашилерді таратып оның 2 мың мүшесін тұтқындады, олардың көрнекті өкілдері Де – Феличе мен Боско ұзақ мерзімге сот үкімімен түрмеге жабылды.
Қоғамдық қауіпсіздік заңына сүйеніп Ф.Криспи Социалистік партияны заңнан тыс деп оны жапты. 1895 жылы Ф.Криспи жақтастары кезектен тыс парламент сайлауын өткізуге әрекет жасады. Бірақ оның авантюристік сыртқы саясаты кедергі жасады. 1888 жылы Австрия-Венгрия жасалған одақ оны франциямен қарым – қатынасын әлсіретті. Франция Италияның Африкадағы белсенді әрекетін жақтамады. Қызыл теңіз ауданында Италия Африкаға тереңдеп ене бастады. А.Коста социалист бір тиын да бір солдатта Африкаға бармайды деген ұран тастады. 1896 жылы 1 мартта 17 мыңдай Италия корпусы Манелика 100 мыңдай әскерімен соғыста талқандалды. 5 мартта парламент мәжілісінде Ф.Криспи орнынан алынды. 1902 жылы қайтыс болды.
Достарыңызбен бөлісу: |