Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет6/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#14974
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Баќылау с±раќтары:

1.Англияда капиталдың алғашқы қорлану процесінің аяқталуы

2.Ағылшын өнеркәсіп төңкерісінің алғышарттары, хронологиялық шеңбері, нәтижелері, салдары

3.Ауыл шаруашылығындағы капитализмнің «пруссиялық» және «американдық» жолдары


8- лекция. Таќырыбы: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жж Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ, Латын Америкасы мен Ресейдің саяси дамуы

Жоспары:

1.Вена конгресі және «Қасиетті одақ»

2.ХҮІІІғ аяғындағы АҚШ-тың саяси жағдайы

3.1815-1860жж Франция мен Англияның саяси жағдайы



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

История Европы / Под ред М.А.Барга и др.- М., 1994- т.4

Пономарев М.В., Смирнова С.Ю. Новая и новейшая история стран Европы и Америки.Практическое пособие для вузов – М., 2000 – т.1



Лекция маќсаты: ХҮІІІғ аяғы мен ХІХғ 60-шы жж Еуропа мемлекеттерінің, АҚШ, Латын Америкасы мен Ресейдің саяси дамуын қарастыру.
Лекция мєтіні :

Әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың алғашқы онжылдығында АКШ-тың экономикалық даму деңгейі Батыс Еуропадан, әсіресе Англиядан өлі де артта қалып отырған болатын. Оның өнеркәсібі енді ғана аяғынан тұра бастады, бірақ та капиталдың шоғырлануы, ішкі нарықтың қалыптасуы және ағылшынның техникалық жетістіктері өнеркәсіптегі төңкеріске түрткі болды. XVIII ғасырдың 90-жылдарында АҚШ-та жеке фабрика түріндегі кәсіпорындар пайда болса, ал XIX ғасырдың екінші ширегінде фабрикалық жүйе енгізіле бастады.

АҚШ-тың тұңғыш президенті Джордж Вашингтон (1789—1797) кезінде елдің қаржы жүйесі нығайтылып, ұлттық банк құрылды және бірыңғай ақша жүйесі енгізілді.

Жол-көлік торабын құрудың орасан зор маңызы болды. XIX ғасырдың бірінші ширегінде-ақ құбырлар салына бастады. 30-жылдардың басында темір жолдар пайда болды, ал 1860 жылы 30 626 мильге жеткен осы темір жолдардың ұзындығы бойынша дүние жүзінде АҚІП бірінші орынға шықты. 1869 жылы континентаралық жолдар жұмыс жасай бастады.

АҚШ жалпы батыстық бағытта дамыды. 1861 жылдың өзінде-ақ АҚІП аумағында 40 штат болды.

Жаңа жерлерді игеру АҚПІ экономикасының аграрлық сипатына себешпі болды. Жер алу үмітімен Батысқа америкалықтармен қатар өзге елдерден қоныс аударушылар (иммигранттар) да бет алды. Скваттерлік те, яғни жерді өз бетімен басып алу да жалғасын тауып жатты. Ал 1841 жылдан бастап қоныстанушы басып алған жер бөлігін өзіне меншіктенуі жөнінде құжат алуына мүмкіндік туды (бос жатқан жерлерді тартып алу заңы бойынша). Көптеген фермалар «отбасылық» түрде болды.

40-жылдарда басталған соқа, шөпшалғы, баулайтын және басқа да техникаларды шығару ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етті. Отбасылық еңбектің басым болуы және оны механикаландыру еркін штаттардағы америкалық ауыл шаруашылығы дамуының ерекше сипаты болды.

АҚШ-та өнеркәсіптегі жұмысшы табы қалыптасты. Америкалық қоғамға тән сипат алған жағдай жастардың фабрикаларда жұмыс істеуге ұмтылысы болды. Фермерлік шаруашылықты отбасының үлкен балалары мұра қылса, кішілері бөлініп шығып, өз бетінше еңбек етіл, ащііа таба бастады.

Оңтүстіктің күл иеленуші штаттарында плантатор-күл иеленушілер үстемдік етті. XVIII ғасырдың соңынан мақта өсіре бастаған олар, бар өміріне жететін байлыққа, құдіретке және ықпалға ие болды. Мақта әуелде жедел дамыған ағылшын тоқыма өнеркәсібінің шикізат кезі болса, кейіннен АҚШ-тың өзіне де қажет бола бастады. 1793 жылы Эли Уитнидің қарапайым да өнімді түрде мақта тазалайтын машина ойлап табуы АҚІП-та мақта өндірісінің дамуын жеделдетті. Мақта америкалық экономиканың «королі» ретінде шетке шығарылатын басты тауар болды. Мақта өсіруде және жинауда кебінесе қол еңбегі пайдаланылды, сондықтан құлдарды ұстау ете тиімді деп саналды.

Құл иеленуші америкалық плантатор шексіз билік иесі болды, ақсүйек-помещиктің өмірін кешіп, өздерін «джентльмен» санаса да, екінші жағынан олар капиталист кәсіпкерлер еді. Жерге және құлдарға деген жеке меншік дербес еді, оған да капитал бөлінетін. Мақтаға деген мол сұраныс, бос жатқан жерлердің көптігі, қолайлы табиғи жағдай, аз шығынмен құлдарды пайдалану мүмкіншіліггі АҚШ-тың оңтүстігінің плантациялық шаруашылығын өнімді және пайдалы кәсіпке айналдырды.

Мақта плантацияларымен қатар оңтүстікте темекі, күріш және қант плантациялары да болды. Өнеркәсіптің дамуына құл иеленушілік кедергі жасады. АҚШ-тағы жағдайдың ерекшелігі— ондағы қүлдық жүйе бір жағынан «калыпты» капиталистік дамуды тежеді, ал екінші жағынан, фабрикаларды шикізатпен қамтамасыз етіп, кіріске жағдай жасады.

Плантациялық құлдық экстенсивті (сапалық емес, сан жағынан көбею) сипатта болып, жаңа жерлерді көп қажет етті. Өйткені мақта мен темекі жер құнарын тез тоздыратын. Бұрынғы шекарасынан асып жайыла түсу құл иеленуші штаттардың өмір сүру заңдылығы болды. Бос жатқан жерлерді қоныстану бар қоғамның мүддесіне айналғанымен, құл иеленушілер өздерінің оңтүстіктегі «ерекше мүдделерін» қатыгездікпен қорғады.

АҚШ аумағының өсуі. Тәуелсіздік үшін соғыс аяқтала салысымен-ақ Құрама Штаттар жер кеңейту мәселесімен айналыса бастады. Алғашқы он үш штатқа соңғы кезде үндістерден тартып алынған Кентукки (1792), Теннеси (1796) және Огайо (1803) косылды.

Джефферсон әкімшілігі де ірі аумақтарды иеленді. 1803 жылы олар 60 млн ливрге (15 млн доллар) Франциядан Луизиананы сатып алды. Осы пайдалы келісім арқылы АҚШ өзінің аумағын екі есеге өсірді.

1810 жылы Миссисипи мен Перл (Маржан) өзендері арасындағы аймақта америкалық қоныс аударушылар төңкеріс ұйымдастырып, Батон Руж маңайындағы аймақты басып алды. Олар Флориданың батыс бөлігін Испаниядан тәуелсіз деп жариялап, Құрама Штаттардың үкіметінен жаңа тәуелсіз аймақты Одаққа алуы жөнінде өтініш жасайды. АҚШ президенті Джеймс Мэдисонның жарлығымен үкімет әскері осы аймақты басып алып, 1812 жылы құрылған Луизиана штатына қосады.

1817—1819 жылдары Құрама Штаттар Шығыс Флориданы сатып алу жөнінде Испаниямен келіссөз бастайды. Келістге келе алмай, генерал Джексон бастаған америкалық өскер АҚШ-тың оңтүстік шекарасынан өтіп, Флориданы басып алады.

1821 жылы Мексика өзін-өзі билейтін дербес мемлекет болды. Осы уақыттан бастап Мексиканың солтүстік аудандарына АҚШ-тан шыққандар қоныстана бастайды.

1835 жылы Техаста көтеріліс бұрқ ете түсті. Мексикалық әскерлер қуылды. 1836 жылы Техас тәуелсіз республика болып жарияланды. Тоғыз жыл өткеннен соң 1845 жылдың желтоқсанында Техас ез еркімен құл иеленуші штат ретінде АҚПІ құрамына кіреді.

Техастың АҚШ-қа қосылуы 1846—1848 жылдардағы Мексика-Америка соғысын тудырды. Соғыс Мексиканың жеңілуімен аяқталды да, ол өзінің жарты аумағын АҚШ-қа беруге мәжбүр болды. Бұл қазіргі АҚШ-тың Калифорния, Невада, Аризона, Нью-Мексико және Юта штаттары.

1846 жылы АҚШ пен Англия келісімшартка кол қойып, Канададағы ағылшын иеліктері мен АҚШ-тың солтүстік шекарасын бекітеді. Осындай негізде Атлантикадан Тынық мұхитқа дейінгі осы күнгі аумақ қалыптасқан болатын. Жарты ғасыр уақытта ол үш есе үлкейді. Кейінірек, 1867 жылы америкалықтар Ресейден Алясканы сатып алады, ал 1893 жылы Тынық мұхиттағы Гавай аралдарын жаулап алды.



Екі партиялы жүйенің қалыптасуы. Бір орталықтандырылған күшті билік президентпен ғана емес, сондай-ақ Конгреспен, Жоғарғы Сотпен де сипатталады. Жаңа Конституцияның мәтініне сәйкес мемлекеттік құрылым биліктің бөлініс ұстанымдарына негізделді. Жоғары атқарушы билік президентке тиесіленді, жоғары заң шығару билігі Конгреске, жоғары сот билігі — Жоғарғы Сотқа тапсырылды.

1787 жылы қабылданған және бүгінгі күнге дейін күшін жоймаған АҚШ конституциясы саяси партиялар құруды ескеріп, төрт жылға сайланатын президент арқылы қуатты орталықтандырылған билікті бекітті.

АҚШ-тың құрылуының басында Джордж Вашингтон, Бенжамин Франклин, Джеймс Мэдисон, Джон Адамс, Ажксандр Гамилыпон тұрды.

Джордж Вашингтон билік басындағы федералистер партиясына жетекшішк етті. Дж.Вашингтон әкімшілігінің қаржы министрі Александр Гамилътон (1757—1804) жеке өнеркөсіл пен сауданың дамуын жақтады. А.Гамильтон қаржы жүйесін тәртіпке келтіріп, АҚШ ұлттық банкін құру қажеттігіне федералды үкіметтің көзін жеткізеді. Құрама Штаттардың бірінші Үлттық банкі 1791 жылы Құрылып, 1811 жылға дейін жұмыс жасады.

А.Гамильтон елде экономикалық даму саясаты жүргізілуге тиіс деп есептеді. Қоғам А.Гамильтон ұсынысын толық қабылдай қоймады. Америкалық фермерлер мен қаланың төменгі тұрғындары Ұлттық банк кедейлер есебінен ауқаттыларды қамтамасыз етеді деп қауіптенді.

Қарапайым халықты саяси және экономикалық тұрғыдан қорғауды Томас Джефферсон өз мойнына алып федералистерге қарсы оппозициялық қозғалысқа жетекшілік етті. Томас Джефферсон және оны жақтаушылар Американың гүлденуіне өнеркәсіп емес, ауыл шаруашылығы негіз болады деп есептеді. Ол АҚШ-тың саяси Құрылымын демократияландыру қажет деп санады. Оның пікірінше, Америка өз жерінде жұмыс жасайтын және өмір сүретін фермерлер елі болуға тиіс. Ол федералдық

үкіметке емес, штат үкіметтеріне кең көлемдегі билік беру қажет деп түсінді. Гамильтонды жақтаушылар федералистер деп, ал Джефферсонды жақтаушылар демократиялық республикашылдар деп аталды.

1800 жылғы президенттік сайлауда америкалықтар өз дауыстарын Джефферсонға беруді жөн көрді. Федералистер үшін онын жеңісі Құрама Штаттарда демократиялық дамуды құптаушылардың зор табысы деп қаралды.

Қоғам ішінде әлеуметтік-экономикалық әр тектестіктің күшейе түсуі, Батыстың әрі қарай игеріле бастауы үкіметтік бағытты қолдауды қамтамасыз ететін жаңа саяси тәсіл қажет екендігін көрсетті. АҚШ президенті Эндрю Джексон (1829—1837) жаңа Демократиялық партияны басқарды. Бұл партияда Оңтүстік пен Батыс жер иеленушілері, кәсіпкерлер, орта топтар, тіпті солтүстік-шығыстың «төменгілері» де елеулі рөл атқара бастады.

Демократтардың билік құруы 1841 жылға дейін, ұлттық республикашылдардың орнын басқан жаңа Вигтер партиясының өкілі Уильям Гаррисон президенттікке сайланғанға дейін созылды. Екінші рет қос партиялы жүйе қалыптасып, екі партиядан президенттер кезекпен бір-бірін 1860 жылға дейін ауыстырып келді. Демократиялық партияда құл иеленуші Оңтүстіктің ықпалы басым болды. Вигтер партиясы да оңтүстіктегілер арасынан қолдау тауып, құл иеленушілермен ымыраға келуге бейім тұрды.

Оңтүстікке қарсы жаңасаяси күш ретінде, 1854 жылы Чикаго қаласында құрылған Республикалық партия шықты. Бұл партия бүгінгі күнге дейін саяси аренада. Оның жетекшісі Авраам Линкольн америкалық демократияның негіздерін қара құлдарды азат ету және аграрлы мәселелерді шешу арқылы елеулі түрде кеңейтті. Республикалық билік 1861 жылы басталып, 1885 жылға дейін, яғни Ақ үйде жаңа президент-демократ пайда болып, қос партиялы жүйені толық қайта орнатқанға дейін жалғасып келді.

Негізгі партиялардан басқа, ұсақ саяси бірлестіктер, мысалы, жұмысшылар партиясы болды. Америкалық «жұмысшы партиясы» еңбекақыны көбейту, жұмыс күнін азайту сияқты дәстүрлі талаптарды ұсынды.

Құлдықты жою қозғалысы. XIX ғасырдың ортасында АҚШ-тағы саяси күрестегі ең шиеленісті мәселе — құлдық мәселесі болды. АҚШ-тың негізін қалағандардың көпшілігі: Дж.Вашингтон, Б.Франклин, Дж.Мэдисон, Дж.Адамс, Т.Джефферсон құлдыққа қарсы болды. Дегенмен барлық осы атақты адамдар, АҚШ президенті болған күнде де, құлдықты жоя алмады.

XIX ғасырдың басында «Америкалық отарлар қоғамы» Құрылып, олар негрлерді Африкаға қайтару идеясын ұсынғанды. 1820 жылдан бастап солтүстік штаттардан 11 мыңға жуық негрлер отанына қайтарылды.

АҚШ-тың оңтүстігіндегі негрлердің хал-жағдайы басқаша еді. Олар құлдықта болды. Плантаторлар құлдың тегін еңбек күшін пайдаланып пайда тапты, сондықтан да олар құлдық жүйенің басқа да штаттарға таралуына бар күштерін жұмсаса, құлдыққа қарсылар осыған дейінгі құлдық бар штаттармен ғана шектеуге тырысты. Осы Оңтүстік штаттардағы негрлер өздерін қанаушыларға қарсы көтеріліске шыға бастады.

1800 жылдың тамызында Ричмондқа таяу Виргинияда ұста-негр Габриельдің бастауымен негрлер көтерілісі бұрқ ете қалды. Бұл көтеріліс үкімет әскерімен басылып, Габриель және оның 35 жақтастары өлім жазасына кесіледі.

1822 жылы Оңтүстік Каролина үкіметі бірнеше мың негрлер қатысқан астыртын қозғалысты біліп қояды. Бұл қозғалыстың жетекшісі еркін негр Денмарк Визи еді. Бұған қатысушылар астыртын түрде басы үшкір темірлер, найза, басқа да қару-жарақтар дайындай бастаған болатын. Үкімет Д.Визиді және ондаған қатысушыларды дарға асты.

Қара құлдардың көтерілісі тек құлиеленушілердің әрекетімен ғана тына қойған жоқ. 30-жылдардың басынан елде құлдықты жою жөніндегі жалпыұлттық қозғалыстар — аболиционизм кеңінен таралды. АҚШ-та құлдықты жоюды жақтағандарды аболиционистер деп атады (ағыл. abolition—жою). Мұндай қозғалыстар көптеген солтүстік америкалықтардың күш қуатын біріктірді.

Оңтүстік өңірінде ат төбеліндей плантаторлар билік етті. Көп уақытқа дейін олар Америкадағы ең ауқатты адамдар болды: сәулетті сарайлар салғызып, балаларын АҚШ-тың және Англияның жақсы деген университеттеріне оқуға жіберді. Егер Солтүстікте демократия дами түссе, ал Оңтүстікте олигархия —аз ғана топтың билігі қалыптаса бастады. Оңтүстіктің саяси даму жолы Солтүстікке қарағанда басқа бағытта өрбіді.

Құл иеленуші Оңтүстік елдің экономикалық дамуын тежеді, өйткені құлдык елдегі өндірістің төменгі өнімділігін білдірді.

Солтүстікте өнеркәсіп төңкерісі тез қарқынмен жүрді. Жаңа Англия штаты тоқыма өнеркәсібінің орталығы болса, Пенсильванияда металлургия тез дамыды. Солтүстікте салынған каналдардың біреуі ұлы көлді Гудзон өзенімен жалғастырып, Батыстың фермерлік өнімдерінің дүниежүзілік рынокқа шығуын қамтамасыз етті.

АҚШ-тың Оңтүстігі мен Солтүстігі арасындағы шиеленістің пісіп-жетілуі. Өнеркәсіпті Солтүстік нығая түскен кезде, Оңтүстік аграрлы ел болып, дамуы жағынан елеулі түрде артта қалды. Бірақ елдегі билік бұрынғыша Оңтүстік штаттардың қолында болды. Бұл Солтүстікте наразылық туғызды. Плантаторлардың өз шаруашылығын Батыстағы жаңа жерлер есебінен кеңейту ниетіндегі ұмтылысы фермерлермен шиеленіске әкелді. Плантаторлардың құнарлы және үлкен көлемдегі жерлерді сатып алуы қарапайым фермерлердің жер сатып алуын қиындата түсті. Фермерлер жаңа аумақтарда құлдыққа тыйым салуды талап етті. Құлдыққа қарсылар мен құлдықты жақтайтындар арасында әскери қақтығыстар орын ала бастады.

1856 жылдың қазан айында аболиционист Джон Браун өзімен ниеттес 19 адаммен Виргиния құл иеленуші штатындағы аумақта 100 мың қару-жарақ сақталған әскери қойманы басып алады. Браунның көздеген мақсаты қарапайым еді: Виргинияда қара құлдарды көтеріліске шығарып, оларды қарумен қамтамасыз ету және Оңтүстікте жалпы көтерілісті бастауға дайындық жасау. Дегенмен көтеріліске шығу құлдар тарапынан қолдау таппағандықтан, үкімет әскері қару-жарақ қоймасымен қоса браундықтарды қоршауға алды. Қолға түскен Браун мен оның жеті сыбайласын сот өлім жазасына кеседі.

Сол кезеңде, яғни 1854 жылы саяси сахнаға Республикалық партия шықты. Оның қатарында фермерлер, өнеркәсіп капиталистері және жұмысшылар болды. Республикашылдар жер мәселесінде фермердің пайдасына орай тиімді шетттім қабылдауға кедергі тигізетін Оңтүстіктің саясатына наразылардың барлығын өз қатарларына топтастырды. Тек олар құлдықты тез арада жою қажет деген талап қоймады. Олардың басты мақсаты — Батыстың жаңа аумақтарына құл иеленушілікті таратқызбау болды.

Оңтүстік штаттардың аумағы шеңберінде құлдыкты шектеу құлдардың еріксіз еңбегін пайдалануға негізделген плантациялық шаруашылықтың күйреуіне әкелетін еді. Сондықтан да оңтүстік штаттарда құлдықты шектеу жөніндегі республикашылдардың жоспары оңтүстіктік ірі жер иелері үшін қауіп тудырады деп қаралды. Оңтүстіктегілер солтүстіктегілерді құл иеленушілерге қарсы күш жүмсау қажет деген ашык түрдегі үндеулерімен тоқталмайды деп қауіптенді. Олардың көшпілігі АҚШ-тан бөлініп шығып, оңтүстік штаттар аумағында құлдықты заңды түрде бекітетін жаңа мемлекет құруды талап етті. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы шиеленіс Азамат соғысына әкелді.

1861—1865 жылдардағы Азамат соғысы. Авраам Линкольн — АҚШ президенті. Құл иеленуші штаттардьщ Одақтан шығуы. 1860 жылғы президенттік сайлау барысында бір-біріне қарсы тұрған демократтар мен республикашыл партиялар арасындағы қиян-кескі күрес үдей түсті. Демократиялық партия жағынан кандидаттыққа күл иеленушілікті жақтаушы Фредерик Дугласты ұсынды. Ал Республикалық партия—адвокат және публицист Авраам Линкольнді ұсынады. Ол құлдықтың Батысқа жайылуын тоқтату қажет деп санады. Құл иеленушілікті жоюдың белгілі жақтаушысы, ел өнеркәсібінің өркендетілуін қолдаған республикашыл А.Линкольннің мемлекет басшысы болып сайлануы Оңтүстікті АҚШ-тан бөлінуге итермеледі. А.Линкольннің ресми түрде президент қызметін атқарғанына бір апта болғанда, яғни 1860 жылдың 20 желтоқсанында Оңтүстік Каролина штаты өзінің Одақтан шығатындығын мәлімдеді. 1861 жылдың ақпанында он бір оңтүстік штат жаңа мемлекеттің — Америка Штаттары Конфедера-циясының Құрылғандығын жариялады.



Баќылау с±раќтары:

1.Бонапарт диктатурасының орнауы

2.Напалеонның әлеуметтік-экономикалық саясаты

3. «Қасиетті одақтың»құрылу себептері, мақсаты мен қызметі

4.1815-1847жж Франция

5.1815-1860жж Англия



9- лекция. Таќырыбы: 1848-1849жж Еуропадағы революциялар

Жоспары:
1.1848-1851 жылдардағы Франциядағы Революция

2.1848-1849 жылдардағы Германиядағы Революция

3. Австрия империясындағы революция. Венгриядағы тәуелсіздік жолындағы Революциялық соғыс.

4.Италиядағы 1848-1849 жылдардағы революция және контрреволюция.



Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1.История Европы / под ред. М:А.Барга идр. М., 1994.-т.4

2.Политическая история середины ХІХв-1917г / под ред. В.А.Кувшинова М., 1994-т.-4
Лекция маќсаты: 1848-1849жж Еуропадағы революциялар тарихын қарастыру.

Лекция мєтіні :

Қалпына келтіру (реставрация) және халық көтерілістері. 1815 жылғы Напалеонның билікке қайтып оралуы, «жүз күні», тағы да тақтан түсірілуі екінші қалпына келтіруге жол ашты. 1815 жылы шілдеде еуропалық коалициялық армия көшіндегі «күймелермен Бурбондар қайтып оралды» (А.Франс). Ақ террор өрши түсті.

Қалпына келтіру дәуірінде (1815-1830) ел билігі ақсүйектер қолында болды. Сонымен қатар буржуазияның байлығы да өсті, кпаиталистік құрылыс нығая түсті.

1824 жылы ХҮІІІ Людовик дүние салды. Жаңа король- Х Карл деген атпен таққа отырған дворияндық контрреволюцияның көсемі граф Артуа енді ескі тәртіпті толығымен қалпына келтіруді көкседі. Террор асқақтай түсті, кейбір газеттер мен университеттер жабылып, қатаң бақылауға алында.

1830 жылығы шілде революциясы. Шілде монархиясының орнауы. 1830 жылы королб депутаттар палатасын таратып, төрт төтенше үкім шығарды. Бұл ордонанстар (төтенше жарғылар) «1814 жылғы хартияны» жойып, абсолютизмге жол салмақ еді. Осы шешімдер шілде айының аяғында халық көтерілісін туғызды. Көтерілісшілер король сарайын шабуылмен басып алды. «Даңқты үш күндік революция» барысында (26-28 шілде аралығы) Х Карл шетелге кетуге мәжбүр болды. Шілде революциясы Бурбондар әулетін тақтан біржолата тайдырды.

Халық көтерілісі жеңгенімен өкімет басына ірі буржуазия келді. Депутаттар палатасы Бурбон әулетіне туыстас Луи Филипп Орлеанды король етіп жариялады.

Шілде революциясы буржуазиялық революция болды. Сайлау құқығы сәл кеңейтілді.Өкімет басшылығы жер иеленуші ақсүйектер қолынан ақшалы ақсүйектер қолына ауысты. Буржуазиялық монархия орнады.

Капитализмнің дамуы. Халықтың жағдайы. Пролетарлық және республикалық көтерілістер. Қалпына келтіру және шілде монархиясы жылдарында Францияда капитализмнің өнеркәсіп төңкерісі болып өтті. Станокты ірі фабрикалар пайда болды, бу машиналарын кеңінен қолдану, шойын қорыту мен көмір өндіру өріс алды.

Пісіп жетілген революция алдында қаржы ақсүйектерінің билігін, Францияның өнеркәсіптік капиталистік дамуын тежеген шілде монархиясын құлату, кең көлемді буржуазиялық-демократиялық қайта құрулар жүргізу міндеті тұрды.


  1. жылғы Ақпан революциясы. 1847 жылғы экономикалық дағдарыс, сонымен байланысты жұмыссыздық, ауылды жерде картопты құрт жеп шықпай қалуы, аштық, қымбатшылық – осының бәрі ірі қалаларда халық толқуларын туғызған еді. Ірі буржуазия саяси билікті реформалау науқанын бастап, «Революцияны болдырмау үшін реформа керек!» деген ұранмен банкеттер өткізіп жатты.

Парижде революция 1848 жылғы ақпанның 24-күні басталды. Үкіметтің реформаны жақтаушылардың кезекті банкетін тарату әрекетіне қарсы көтеріліске шыққан халық патша сарайын шабуылмен алып, корольдің тағын Бастилия алаңында өртеп жіберді. Мұнымен халық монархияға қарсылығын білдірмек болған еді. Луи Филип Англияға қашып кетті. Буржуазия көтерілісшілер талабына көніп, республиканы жариялады. Революцияның шешуші күші жұмысшылар республика өздеріне әлуметтік азаттық әперді деп үміттенген еді. Еңбек ету құқығы олардың басты ұраны болды. Уақытша үкімет «Еңбекшілердің үкімет комиссиясын» құрды. Оның төрағасы Луи Блан, орынбасары жұмысшы Альбер болды. Еңбек министірлігі немесе Люксембург комиссиясы (олар мәжіліс құрған сарай аты) аталған бұл комиссияда ешқандай билік те, қаржы да болмады. Бұл жұмысшыларды алдау амалы еді.

Буржуазияның шабуылға шығуы. 1848 жылғы Ақпан көтерілісі революцияның ең биік шыңы болған еді. Не ішетін, не болмаса сырттан контрреволюция әрекеттері байқалмады. Бұқара халықтың революциялық екпіні бәсеңси бастады.

Ал Буржуазия қаржы қиыншылығынан шығу үшін мемлекет салығын 5 %-ке көтерді. Ол салықты төлейтін шаруаларға қосымша ақша қалада бүлік жасап, жұмыс істмейтін пролетариатты асырау үшін керек деп, таптар арасына жік салды.

1848 жылы мамыр айында ашылған Құрылтай жиналысы мәжілісінде буржуазиялық республикашылар көпшілік болды. Депутаттар ішінде де, жаңа үкімет құрамында дажұмысшылар өкілі болмады. Луи Блан мен Альбер сырт қалды. Жұмысшылар ақпан күндері қол жеткізген жетістіктерінен айырыла бастады.

15 мамыр күні жұмысшылар поляк ұлт-азаттық қозғалысына ынтымақтастық білдіру үшін демонстрация өткізді. Митинг кезінде бір адам (шамасы арандату мақсатымен) Құрылтай жиналысын таратып, жаңа үкімет құру керек деген ұсыныс жасады. Қатысушылар қатарынан жаңа үкімет құрамына өкілдерінің есімі аталды. Алайда үкімет тез әскер шақырып, демонстрацияны күшпен таратты.

Париж жұмысшыларының маусым көтерілісі. 22 маусым күні үкімет «Ұлттық шеберханаларды» тарату жөнінде жарлық шығарды. Ол шеберханаларда жұмыс істеп күн көріп жүрген 117 мың жұмысшылар соңғы мүмкіндіктернен айырылды. Аштан өлу қаупіне ұшыраған жұмысшылар одан да соғысып өлейік деп шешті. 22 маусым күні көтеріліске шыққан 40-45 мың адам көшелерде үлкен баррикадалар құрып, 4 күн ұдайы соғысты. Саяси көсемдері жоқ (олар түрмеде отырды), әскери басшылықсыз жоспарсыз өткізілген көтеріліс армия мен полиция күштеріне ғаламат ерлігімен ғана қарсы тұрды.

Буржуазия көтерілісті асқан жауыздықпен басты. Маусым көтерілісі күндері шайқастарда және ату жазасынан 11 мың жұмысшы қаза тапты. Ұсталғандардың саны 25 мыңнан, айдауға жіберілгендер 3,5 мыңнан асты.


  1. жылы Париждегі маусым көтерілісі сол кезедгі қоғамды құрайтын негізгі екі таптың – буржуазия мен пролетариаттың арасындағы алғашқы ұлы шайқас болды.

Республиканы құру. Екінші империяны орнату. Маусым көтерілісінен кейін Құрылтай жиналысы жасаған Екінші республиканың жаңа Конституциясы бойынша заң шығарушы жиналыс пен бүкіл халық сайлайтын президент лауазымы бекітілді. Республикашыл буржуазия халық президент етіп олар ұсынған қайраткерлердің біреуін сайлайды деп үміттенді. Бірақ француз халқы бұл саяси сұмдарға аяусыз сабақ берді. 10 желтоқсан күні болған президенттік сайлауда ұлы Напалеонның немере інісі Луи Напалеон Бонапарт сайлауға қатысушылардың 75 % дауысына ие болды.

Француз шаруалары Напалеон есіміне көп үміт артып, оны өздерін феодализмнен азат етуші ауыл еңбектерінің қамқоршысы деп танитын. Бұл, әрине, қате ұғым болатын.

Мемлекеттік төңкеріс. Екінші империяның орнауы. Билік қолына тиісімен Луи Наполеон елде әскери-полицейлік диктатура орнатуға бет алды. Буржуазиялық республикашылар қызметтен қуылды, олардың орнын монархшылыр басты. Армия мен полиция күшейтілді. 1849 жылдың жазында ұсақ буржуазиялық демократтардың бой көрсету әрекеті күшпен таратылды.

1848-1852 жылдардағы Франциядағы таптық және саяси күрес нәтижесімен мынадай қорытынды шығаруға болды: республикалық, демократиялық ұрандармен дүние жүзіне әйгілі болған француз буржуазиялық республикашыларды еңбекші халық мүдделерімен санасқысы келмеді. Сол мүдделер үшін көтерілген пролетариатты қатыгездікпен қырғынға ұшыратты. Сонысымен ол демократияға нұқсан келтірді, таза бір тап үшін күшімен демократия болмайтындығын дәлелдеді. Демократия мылтық күшімен орнамайтындығы, қару қолданған жерде диктатураға жол ашылатындығы паш етілді




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет