Лекция:: 30 Практикалық: Семинар: 8 Лабораториялық: обс¤Ж: СӨЖ: 97



бет3/14
Дата24.02.2016
өлшемі1.67 Mb.
#14974
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Бақылау сұрақтары.

1. Қазіргі таңда жаңа заман тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі қандай.

2. Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихының алғашқы кезеңі.

3. Жаңа заманның маңызды жетістіктері.

1.Индустриялық өркениеттің пайда болуы

2.Буржуазиялық революциялар мен олардың негізгі түрлері

3.Жаңа заман дәуірінде әлеуметтік құрылымдардың өзгеруі

4.Жаңа заман дәуірінде саяси жүйелер эволюциясы


2-лекция. Таќырыбы: Ағылшын буржуазиялық революциясы

Жоспары:

  1. Революция қарсаңындағы Англияның саяси – экономикалық және әлеуметтік дамуы.

  2. Революциялық ой – пікірдің қалыптасуы.

  3. Абсолютизмнің дағдарысқа ұшырауы.

  4. Революцияның барысы, басталуы, себептері. Азамат соғысы.

  5. Парламенттік республиканың орнауы.

  6. Стюарттар билігінің қалпына келтіруі.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Хрестоматия по новой истории. Под. Ред. А.А. Губера. М., 1963

  2. Новая история. Под. ред. Нарочницкого. М., 1986

  3. Английская буржуазная революция. Под. ред Е.Косминского. Т. 1,2М., 1954

  4. Лавровский В.М. Проблемы исследования земельной собственности в Англии. 17-18 вв. М., 1958.

  5. Барг И. Кромвель и его время. М., 1960

  6. Новая история стран Европы и Америки. М., 2004


Лекция маќсаты: XVII ғасырдың 40 жылдарындағы Англиядағы буржуазиялық революцияның себептері, басталуы және барысы туралы түсінік беру.

Лекция мєтіні :

XVII ғасырдың 40 жылдары саяси жағдай шегіне жетіп, абсолютизмді құлату үшін күрес басталды. Стюарттар және ол қорғаған феодалдық тәртіптің мемлекет ішінде капиталистік қатынастар дауында негізгі кедергіге айналды. Экономика мен саяси өмірде тосқауылдар қойылды. Жаңа өндіргіш күштердің дамуы мен ескі феодалдық өндіріс қатынастары арасындағы қақтығыс Англиядағы буржуазиялық революцияның басты себебі болып табылады.

Қысқа парламент таратылғаннан кейін, соғыстың созылуы қаржыны қажет етіп 3.11.1640 жылғы шақырылған парламент құрамында сайлауда жеңіске жеткен буржуазия мен жаңа дворяндар көп болды. Сондықтан парламент көп кәсіркерлікке бостандық, репрессияға тосқауыл сұрады. Парламентсіз басқару кезіндегі ендірілген салық түрлерін жойды. Халық толқуынан қорыққан король бірнеше талаптарды мойындады. Парламент шақыруымен, парламентсіз басқару орнап, абсолюттік монархия жойылды. Парламент корольдің 1629-1640 жылдары, заңсыз қысыммен жинаған салық түрлеріне тиым салды. Парламентті өз қалауынсыз таратуға болмайтын қаулы қабылдады. Корольдың жақын кеңесшілері Страффорд пен лод қамауға алынды. Мамыр айында Лондондағы халық толқуларынан кейін король Карл І 10 мамырда корольдің парламентті тарату құқын жойса, 12 мамырда Страффордты өлім жазасына кесуге келісім беруге мәжбүр болды. жаңа парламент шіркеу эпископтарының билігін шегеруді, атқарушы үкіметтің парламент алдында жауапты болуын талап етті.

1641 жылдың 22 қарашасында бүкіл абсолюттік құрылысты айыптаған жаңа дворяндар мен бржуазия жазған арыз – құжаты Ұлы Ремонстрация парламентте қабылданады. Король жеке билеушілігіне қайшы келеді деп санаған король, оны бекітпеді. Парламентті таратып, көсемдерін ттқындауды талап етеді. 1642 жылы 3 қаңтарда халық назразылығы милиция құрып, парламентті қорғайды. Парламент қарулы күштерді корльге қалдыруды толық жояды. Бұл оқиға корль мен парламен арасындағы соңғы айырылысу еді. 1642 жылы қаңтар-тамыз аралығында король Лондоннан солтүстікке кетіп азамат соғысын бастауға дайындалды.

Тамыз айында парламентке азамат соғысын жариялады.

Парламентің қарулы күштері соғыс ісіне үйретілмеген халық жасақтары, қолөнершілер, ұсақ саудагерлер, дамыған графтықтардың еректі шаруалардан тұрса, ал корль жағынада сауда компанияларының жоғарғы тобы, ағылшын іркеу иелері, корольдің монополиясының қызметкерлері соғысты.

Граф Эссекс бастаған парламентік әскер корль күшін талқандауға мүделі болған жоқ, олар Карл мен келісімгекелуге тырысты. Армия мен парламенттегі индепенденттер шешуші қимылды талап етті. Осы негізде индепенттер мен пресвитериандар арасында қайшылық шиеленісті. 25 қыркүйек 1643 жылы парламент Шотландия мен Салтанатты Лига мен Ковенанқа қол қойды. Англияда пресвитериандық шіркеу жүйесі енгізілді. 1644 жылдың басында шотланд әскері шекарадан өтті, бл парламент әскеріне табы әкелді. 2 маусым 1644 жылы парламент әскері Марстон- Мурх түбінде роялистер әскеріне соққы берді.

Индепендентердің лидері Оливер Кромвель жаңа үлгідегі тұрақты әскер құра алды. 11 қаңтар 1645 жылы әскер құру туралы актіге қол қойды. Оның құрамы алғашқыда 6 мың атты әскер, 1 мың драгун, 14,5 мың жаяу әскерден тұрды. Бұлар негізінен бай емес джентрилерден, шаруалардан, қолөнершілерден, мастерлерден жасақталды. Кромвель әскері 1645 жылы 14 маусымда Нэйзби түбінде роялистерді талқандады. Карл І солтүстікке қарай қашып, шотландықтарға берілді. Роялистерді жеңу парламенттке демократиялық бағыттағы реформа жүргізуге түткі болды.

Пресвитериандар мен королге біртұта күйінде қарсы шыққан армия ішнде офицерлер мен солдаттар күресі левеллерлер идеясын- ұсақ демократиялық буржуазиясы идеологиясын қолдады. Левеллерлер жалпы саяси теңдікті қалады. Сондықтан оларды теңестірушілер деп атады. Олар неге лорд 20 депутат ал, кейде біреуінде де жібере алмайды?,-деп сұрайды. Олардың әлуметтік экономикалық бағдарламаларында метрополияларды, десятинаны, қоршауды жою, сот ісі мен құқықты демократияландыру, шіркеуді мемелекетен бөлу болды.Левеллердің маңызды құжаты Халықтық келісім деп аталады. Көсемі Джон Лильборн (1616-1657) Адал Джон деген атпен белгілі. Левеллерлер сондай -ақ буржуазиялық республика орнауын сайлау құқын кеңейтуді, сауда, сөз , ар бостандықтары берілуін талап етті. Армияның солшыл революциялық күштерінен құралған левеллерлер өз алдарына: корль билігі мен лордтар палатасын жою, жоғарғы билікті қауымдар палатысына беру; сайлаушылар алдындағы жауапкершілік; парламентті жыл сайын сайланып отыратын органға айналдыру; ар бостандығы; қызметкерлердің жауаптылығы мен ауысып отырушылығы; Англия адамдарының тең праволылығы; сөз, жиналыс, петиция, одақ бостандығы; жекеменшікті пайдалану бостандығы т.б. мақсаттар қойды.

Левеллерлер программасы революциялық буржуазияның жүйеге келтірілген програмасы болып табылады.

1647 жыл ағылшын революциясы буржуазиялық – демократиялық жаңа кезеңіне өтті. Революциялық инициатива халық қолына көшті. Парламенттің королімен қайткенде де компромисске келуге тырысуы, монархия мен екі палаталық парламентті сақтауы, революциялық армияны тарату жөніндегі шешімі бүкіл елде халықтың наразылығын тудырды. Оның үстіне төменгі офицерлер мен солдаттар көп айлар бойы жалақысын ала алмаған еді. Полктарда насихатшыларды сайлау жүргізілді. О. Кромвель, Пйртондардың конфликті басуға ұмтылуынан нәтиже шықпады. Бағынбаушылық өсті, сондықтан парлмент мамырдың соңында Армияны тарату жөнінде бұйрық берді. Бұл қатты қарсылық тудырып, Кромвель мен Ферфакс парламенттік юасым көпшілік пресвитериандардан қатынасты үзуіне алып келді. 1647 жылы маусымда Кромвельдің бұйрығы бойынша король тұтқындалып, армияның Бас штабына әкелінді. өздеріне тиімді жағдайда индепендентердің лидерлері Карлмен келіссөз жүргізді. Олар Армияда ықпалын өсіру мақсатында Кеңеске әр полктан екі офицерден, полковниктен бастап барлық жоғарғы шендерді мүше етті. Бұл солдаттар мен төменгі офицерлердің арасында наразылық тудырды. Олар Парламент алдына лондон милициясын қаруландыруды тоқтатуды, жалақыны төлеуді, корольмен қайшылықты жоюды талап еткен ультиматум қойды. Осыған жауап ретінде офицерлер – индепеденттер конституция жобасын – Ұсыныстар тарауын жасады. Онда өмір сүріп отырған Парламент таратылсын, екі жылдық өкілеттігі бар жаңа парламент шақырылсын, сайлауға салық төлейтіндер қатыстырылып, депутаттық орын теңдей бөлінсін, монархиялық құрылым және лордтар палатасы сақталсын, милиция мен қарулы күштерді басқару парламент қолына көшсін, епископтық пен пресвитериандық міндетті емес, петиция беру еркінлігі, қажетті товарларға салық жойылсын, саулаға шектеу қойылмасын деген нақты талаптар қойылды. Осы талаптар негізінде феодалдық рыцарлықты ұстау толық жойылған жоқ, сот органдарына реформа жүргізілді, армияның барлық қарыздары төленді, жалпы амнистия жарияланды.

Осы келісімпаз жоба корольге табыс етілді, алайда ол қабылданбады. Лондонда роялистік элементтер мемлкеттік төңкеріс жасауға шешім қабылдады. 6 тамыз 1647 жылы Армия астанаға енді. Ұсыныстар тарауы жарияланды. Осы тұста левеллерлер өз программасын орындауды талап етті. Олар елдің конституциялық құрылым жобасын көрсеткен “Армия ісі”, “Халық келісімі” атты құжаттар жариялады: корольдік билікті жою, екі жылда бір сайланатын бір палаталық парламент, халық алдында дапутаттар мен қызметкерлердің жауаптылығы, салық алудың прогрессивті формасы, қоршалған жерлерді өз иелеріне қайтару көзделді. 28 қазан 1647 жылы Петниге Армия Кеңесі жиналды. Кеңестегі қызу талас левеллерлер арасында келіспеушіліктің бап екендігін көрсетті. Мемлекет құрылымы, бостандық, халық құқылығы жөніндегі мәселелерде бір – бірімен келіспеді. Мәжіліс тоқтатылды. Армия Кеңесі өз өмір сүруін тоқтатты. Бұл пресвитериан – роялистік реакцияның күшеюіне әкеп соқты. 1647 жылдың қарашасында Карл І Уайт аралына кетіп, желтоқсанда шотландиялық пресвитериандармен құпия келісімге қол қойды. Бұл құпия ашылғанда парламент корольмен барлық қатынасты тоқтатты.

1648 жылы көктемде ІІ-ші азамат соғысы басталды. Бірақ ол ұзаққа созылмады. Роялистердің нашар ұйымдастырылған аз күшін Кромвель Уэльс, Престон түбінде талқандады. Ферфакс ұзақ айқастан соң, Кольчестрді алды. 164 жылдың қыркүйегінде соғыс қимылдары негізінен тоқтады. Қауымдастыр палатасы пресвитериандардың ықпал етуімен корольмен тағы да келіссөз жүргізе бастады. Олар Парламентке қарсы бағытталған барлық декларацияларды, жою, заң алдында барлығы тең үш жылға шіркеуге пресвитериандық құрылым ендіру, милицияны басқаруды 20 жылға парламентке беру деген сияқты талаптар қойды. Карлдың таққа қайтып келу қаупі төнді.

Бұл жағдай индепенденттерді левеллерлермен жақындастырды. Левеллерлер парламентке жолдаған қыркүйектегі петициясында: қауымдар палатасының үстем болуын қамтамасыз ету, заң, алдындағы бәрінің теңдігі, ар бостандығы, заңдарды жеңілдету, феодалдық сословиелік жеңлдіктерді, шіркеу десятинасын, қосымша салықтарды жою, король мен лордтар басқаруына тоқтату т.б. талап етті. Сонымен қатар левеллерлер жекеменшікті жоюға қарсы болоды. Осы принципиалдық негіз индепенденттермен жақындастырды.

Карлмен келіссөз нәтиже бермеген соң, пресвитериандық парламент халық қозғалысын басуға ұмтылуынан соң, Армия шешуші әрекетке көшті. Король Херс түрме – бекінісіне әкелінді. 2 желтоқсанда әскер Лондонды алды. 3 желтоқсанда полковник Прайд өз солдаттарымен пресвитериандарды қауымдар палатасының мәжілісіне жібермеді. Парламенттен король жақтастарын қуу оқиғасы тарихта Прайдтық тазалау деген атқа ие болды. Жоғарғы сот Карл Стбарттың қылмысын қарады.

Арада көптеген пікірталастардан кейін 4 қаңтар 1649 жылы қаумдастар палатасы жабық есік жағдайында Англияны республикаға айналдырған шешім қабылдайды. Қауымдастар палатасы осы шешім негізінде өзіне мемлекеттегі жоғарғы биліктің өтетіндігі туралы төмендегідей шаралар белгіледі. 6 қаңтарда палата жаңа формасына байланысты жаңа үлкен мемлекеттік мөрдің жобасын жасау жөнінде комиссия тағайындады. 27 қаңтар күні қауымдастар палатасына бұдан былай барлық сот ісінде, сондай – ақ барлық шешімдерде және басқа құжаттарда “король атына ” деп басталатын сөздің орнына “ағылшын бостандығын сақтаушылар, парламент билігі атынан” деген сөздң ендіру қабылданды. Сол күні парламент талқылауына корольдің парламент келісімінсіз жарияланған кез келген құжатын заңсыз, сатқындық деп жариялаған акт қабылданды.

17 наурыз 1649 жылы король билігі қажетсіз және қауіпсіз ретінде жойылды. Екі күннен кейін лордтар палатасы да оның тағдырын кешті. Лордтар палатасы қауымдастар енгізген 1649 жылдың екінші қаңтарында корольді соттау туралы ордонансын бекітуден бас тартқандығы үшін таратылды. 19 мамырда республика жарияланды. Декларацияда: Бұдан былай, Англия парламенттегі халықтар өкілдері мен басқаралатын болады –деп көрсетіледі.

Республиканың заң шығарушы билігін бір палаталы парламент атқарды. Атқарушы билік құрамында 41 мүше бар оның 31 –і парламент мүшесі болып табылатын/ Мемлекеттік кеңес атқарды. Оның ішінде армияның жоғарғы офицерлері /Ферфакс, Кромвель, Айртон, т.б./ болды. Жоғарғы кеңес мүшелерін 5 пэр, жоғарғы аристократияның өкілдері графтар – Пемброк, Солсбери, Денби т.б. құрады.

Мемлекеттің Кеңес парламент орган ретінде құрылып және алғашқы кезеңде парламентке түгелдей тәуелді парламент комитетінің ролін ғана атқаруы тиіс еді. Оның мөрінде ағылшын парламенті тағайындаған Мемлекеттік Кеңес мөрі деп жазылған. Алайда өз қызметінің бас кезінде – ақ Мемлекеттік Кеңес республикадағы маңызды және ықпалды органға айналды.

Жаңа республика демократиялы болмады. Республика орнаған соң левеллерлер жаңа режимді сынады. 1649 жылдың алғашқы айларында лильборн екі памфлет жариялады. Ол онда: парламент халыққа шынайы құқық пен ерік берген жоқ деп көрсетті. Елді Кромвель бастаған Армияның жоғарғы тобы мен беделді юристер басқарды, парламент мүшелері жеке бастарының мүддесін ойлады. Левеллерлердің іс- әрекетін соғыстың әсерінен ашынған, жағдайы нашарлаған халық қолдады. Республикадағы өкімет орта буржуазия мен орта жаңа дворяндар қолында болды. олар өкіметті сыртқы жауымен бірге халық қозғалысын басу үшінде қолданды. Левеллерлер қозғалысы басылды. Дж.Лильборн сотталып, қуғындалды.

Левеллерлердің қала мен деревня кедейлерінің мүдделеріне қайшы әрекеті 1649 жылы нағыз теңестірушілер қозғалысын тудырды. Осы жағдайда 1649 жылдың көктемінде жаңа қозғалыс “нағыз теңестірушілер” немесе диггерлер (жер қазушылар) пайда болды: кедей шаруалар, жұмыссыздар, қайыршылар т.б. көсемі Джерард Уинстенди. Ол 1649 жылдың көктемінде Серри графтығындағы Әулие Георгий төбешігіне бірнеше кедейлерді жинап, юос жатқан жерді өңдеп, әр түрлі егін екті. Қарапайым теңдік түрінде бірнеше қожалықтар пайда болды. Алайда барлығы да талқандалды, қудаланды. Дж. Уинстенди: Құдай алдында адам тең – деген діни идеологиядан жекеменшікті әділетсіз, деп түсіндіреді. Мүлік теңдігін насихаттады. Бос жерлерді басып алып, егін салғандықтан, оларға “жер қазушылар - диггерлер” аты берілді.

Өздерінің бейбіт түрде қойған талаптарының орындалмайтынына көзі жеткен левеллерлер 1649 жылы көктемде Солсбериде көтеріліс ұйымдастырды. Кромвель мен Ферфакс оларға қарсы каваллерия күшін жұмсап, 14-15 мамырда талқандады. Англияда күзге қарай левеллерлер қозғалысы толық талқандады. Екі қозғалыстың да күшпен басылуы индепенденттердің революцияны тереңдетудің кез келген түріне қарсы екендігін көрсетті.

Ағылшын республикасының алдында индепенденттің дженти мен буржуазия билігін нығайту тұрды. Оппозицияны талқандаған олар Ирландия мен Шотландиядағы роялистік қауіп ошағын талқандауға тиіс еді. 1649 жылы шілдеде Кромвель армиясымен Ирландияны жаулап алуға аттанды. Ирландия қанға боялды. Ирландияны басып алудың, екі маңызды нәтижесі болды. Ирландия жері тоналды, ол арқылы қоғамның жаңа таптары байыды. Солдаттар мен офицерлерге жалақы орнына Ирландиядан жер бөліктері берілді. Ақшаға зорыққан олар жерді арзан бағаға сатты. Осылайша ирланд жерлеі арқылы контрреволюциялық күшке айналды. Стюарттар реставрациясын қамтамасыз еткен лендлордтардың жаңа тобы қалыптасты.

Ирландияны тонау халықтық революциялық армияны басып алушыға айналдырды. Халықтың революциялық инициативасы жойылды. Дегенменде, роялистердің қаупі жоғалған жоқ. Карл І-нің баласы Шотландияда үш мемлекеттің короліболып жарияланды. Карл ІІ – і ковенант қабылдап, Шотландияға пресвитериан шіркеуін орнатуға келісті. Ағылшын республикасына қауіп солтүстіктен туды. Кромвель 3 қыркүйек 1650 жылы Денбар түбінде шотландықтардың үлкен күшін талқандады. Армияны басқарған жас король қашып кетуге мәжбүр болды. кромвельдің даңқы өсті. Оның жеңістерінен соң Ағылшын републикасын ипания, Германия, Швеция, Франция, Итальян қалалары ресми таныды. Алайда республиканың ішкі жағдайы нашарлай берді. Халық реформаны талап етті.

Халық арасында бақарушы топтың әрекетсіздігіне наразылық өсті. Армия да өзгерістер қажет етті. Осындай жағдайда халық толқулары мен феодалдық құрылыстың қайта орнауынан қауіптенген буржуазия мен Кромвель 1653 жылы 20 сәуірде Ұзақ парламентті таратып, өкіметтің жаңа органын белгілейді. Кіші немесе Бэргон парламенті 4 шілде 1653 жылы мәжілісін бастады. Қасиетті адамдардан тұратын Кіші парламент халық мұқтажын қроғағандықтан 1653 жылы 12 желтоқсанда таратылып, 16 желтоқсанда Кромвель лорд – протектор жарияланды. Бұл индепенденттік республиканың буржуазия мен жаңа дв оряндар қолдауынан айырылғанын, халықтың қарсылығын білдіреді. Жаңа конституция бақару құралы мемлекетті әскери округтерге бөлді. Олрд – протекторға армия мен флот бағынды. Ол шет елдермен келісім жасап, указдар шығара алды. Мүліктік ценздің өсуі сайлаушылар санын азайтты. Бақару формасы жағынан басқаруға контрреволюциялық әскери – диктатура болды.

Протекторат сауда мен отарлау мәселесінде ірі жеңістерге жеткенімен ішкі әлеуметтік – саяси өмір тұрақтамады. Жоғарғы топ ғасырлар бойы өмір сүрген монархияны қайтаруды көздеді. Кромвельге к ороль титулын ұсынады. К ромвель ұсыныстан бас тартқанымен, 1657 жылы Бағынышты петиция және кеңес конституциясын протектор билігін мұрагерлік де жариялайды. Лордтар палатасы қалпына келтірілді. Бұл монархия ны қайта қалпына келтіруг жасалған қадам еді. О. Кромвель екі рет парламент шақырғанымен, екеуін де мемлекеттік форманы өзгерткісі келді деген айыппен тартты. 1658 жылы Кромвель қайтыс болғаннан соң, әскеде беделі жоқ баласы Ричард ел басқаруға жарамай 1659 жылы протекторлықтан бас тартты. Протекторлықты сақтау үшін құрылған әскери – полицейлік режимде құлады.


Баќылау с±раќтары:

  1. Революция қарсаңындағы өнеркәсіп пен сауданың дамуы

  2. Ауыл шаруашылығындағы аграрлық қатынастар

  3. Революция қарсаңындағы саяси жағдайдың қалыптасуы

  4. Пуританизм – революцияның идеологиясы

  5. Революцияның басталуы

  6. Оливер Кромвельдің диктатурасының орнауы

  7. Диггерлер қозғалысы

  8. Англиядағы 2 – ші республика. Стюарттардың билікке келуі


3-лекция. Таќырыбы: Солтүстiк-американ революциясы.АЌШ-тың ќұрылуы.

Жоспары:

  1. Ағылшын отарларының экономикалық және саяси дамуы.

  2. XVIII – ғасырлардың 70 – ші жылдарындағы метрополия мен отарлар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі.

  3. “Тәуелсіздік декларациясы”

  4. Тәуелсіздік жолындағы күрестің басталуы.

  5. Соғыстың барысы.

  6. АҚШ Конституциясы қабылдануы. АҚШ – тың құрылымы.

  7. Тәуелсіздік жолындағы күрестің қорытындылары және тарихи маңызы.


Пайдаланатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. История США. В 4 – т. М.1984-1987 г.г.

  2. Краткая история США. Перс анг. М. 1993 г.

  3. Аптекер Г. Американская революция. 1763-1815. М.1980 г.

  4. Аптекер Г. История американского Народа. Колониальная Эра. М. 1961 г.

  5. Болховитинов Н.Н. Война за независимость и образование США. М.1976г.

  6. Розовский М.И. Бенджамин Франклин. 1709-1790 г.г Л:1965 г.

  7. Согрин В.В. Джефферсон. Человек, мыслитель, политик. М.1989 г.

  8. Фурсеико А.А. Американская революция и образование США. Л. 1978 г.

  9. Яковлев Н.Н. Вашингтон. М. 1976 г.

10.Новая история стран Европы и Аме рики. М. 1998 г
Лекция маќсаты: Солтүстік Америкадағы ағылшын отарларының пайда болуы және олардың тәуелсіздік үшін күресі. Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы мен АҚШ – тың құрылуы.

Лекция мєтіні

Американы Колумбтың ашылуымен және оны Европалықтардың игере бастауымен Солтүстік Америкада өркениетке қадам басталды. Әсіресе ағылшын колониялары 160 жылдан астам өмір сүріп Батыс жарты шарда дербес мемлекеттің пайда болуына әкеліп соқты. Жалпы тарихта батыс жарты шарды игеріп оның мол байлығына ие болған испансдар еді. Олардан соң Франция оташылары Америкаға кем бастады. Қымбат бағалы металдар, құнарлы топырағы, жергілікті халықтың әлі де рулық қоғамда өмір сүрді. Колонизаторларға еркін қимылдауға мүмкіндік берді.

Ағылшын Лондон жәнре Плимут жеке акционерлік компаниялары Яков І стюарттан қаржы Солтүстік Америка ға барып қоныстана бастады. Т жаңа жердің иесі король болды , колонистер оның бағыныштысына айналды. Ағылшындардың тұңғыш рет Солтүстік Америкадағы мекені форт, поселке Джеймстаун 1607 ж май айында қазіргі Вирингия штатында пайда болды. Алғашқы колонистердің тұрмысы өте ауыр болды, олардың көпшілігі штықтан аурулардан, жергілікті үндіс тайпаларымен қақтығыста қаза болды. тек 1616 ж темекіні Англияға әкеліп сату олардың беделін арттырып ол жерге жаңа қоныс аударушыларды көптеп келуге мүмкіндік жасады. 1625 ж король колонисі меншігі деп жариялап оған өз губернаторын тағайындады. Вирингияның қоғамдық құрылысы әлеуметтік қатынастары басқа колонияларға үлгі болды. алғашқы он жылдықтарда онда колониалдық әкімшілік губернатор, орта тап ағылшын – джеитрилары, акционерлік компениялары болды. олардың барлығы тек құқықты азматтар еді. Халықтың төменгі табы компанияларға контрактпен келгендер, олар мерзімі біткендер жер ала бастады. Жер алып байығандар жергілікті аристократияны құрады. Темекі өсіретін плантациялық шаруашылық өте көп жұмысшы күшін талап етті. Ерікті колонистер мұндай жұмысқа бармады. 1619 ж бастап Вирингия штатын еріксіз құлдарды алып бара бастады. Ірі шаруалар күту мүмкін емес еді. Индеецтер де ерікті болды.

Солтүстік Америкадағы Вирингия колониясынан басқа ерікті колониялардың типі пайда бола бастады. Король ағылшын аристо к раттарына, феодалдарға Солтүстіктен жер бере бастады. 1632 ж Карл І Балтимордың екінші лорды Сессил Кольвертке Вирингия штатының солтүстігін хартиямен берді. Мэриленд штаты пайда болды. Ол Балтимор лордының жеке меншігі болып есептелді. Ол жерде шексіз билік жүргізді. 1681 ж Карл ІІ аристократтар жанұясы Ульям Пенноға Пенсильвония жерін берді. Келесі жылы Пенн Америкаға келіп Филодельфия қаласын негіздеді. Лорд Балтимор Мэриленд штатына катлоиктерді әкелсе, Пенн протетантарды көптеп әкеле бастады. Бірақ екі колонияда дін еркіндігін сақтады. Пенсильвания штатына неміс менноциттер де көптеп келді.

Колониялардың қожайындары қоныс аударшылардың көптеп келуіне мүдделі болды, себебі олардан жер рентасын ендіреді. Бірақ плантацияда құл еңбегі кеңінен пайдаланылды. Солтүстік және оңтүстік Каролина, Нью-Иорк деп аталды. 1685 ж. герцорг Иоркски Яков ІІ король деп аталды, колониялар король меншігі болып жарияланды. Нью – Джерси, Джорджия колониясы пайда болды. Солтүстік Шығыс бөлігінде француз колониясы пайда болды.

1620 ж сентябрьде бір топ пуритан – сеператистер діні қудалауға ұшырап “Мэифлауэр” кораблімен Плимут компаниясымен келісіп Массачусетс штатына жаңа Плимут қаласын негіздеді. Келесі жылдары қоныс аударушылардың жаңа легі келіп қоныстана бастады. Бұл колонистер азаматтық “қоғам” құрды. Мэйфлауэр кемесі бортын да олар жалпы болашақ үшін жаңа заңмен өмір сүруге әрекет етті. Колонистер сайланбалы үкімет губернатор жалпы фримендер жиналысын енгізді. Ерікті колонистер жерді өзара келісіп бөліп ала бастады.

Солтүстік Америкада феодализм терең тамыр жая алмады, себебі жерге деген монополия жоқ болатын. Феодальдық және плантациялық шаруашылықтың айырмашылығы болды. Солтүстік Америкада феодальдық қатынастарды күштеп енгізу перспективалы болмады, себебі адамдар ерікті болатын. Плантациялық шаруашылық сервенттер мен құлдар еңбегіне негізделді. Құл саудасы да табыс көзінің бірне айналды. Колонияларда үндістермен тең емес сауда да өрістеді. Ауыл шаруашылығы 80% халық фермерлер болды. Шеткі аймақтарда өзінен - өзі асыраушы патриархалдық шаруалар да болды.

Америкада басқарудың олигархиялық типі қалыптасты. Ұрпақтан – ұрпаққа беделді кландар семьясы басару тізгініне ие болды. Колонистер бірнеше рет губрнаторлардың шексіз билігіне қарсы көтеріліске шықты. Бұл қозғалысқа оппозициядағы жоғарғы таптар да қосылды. 1681-1691 ж.ж. плантатор Нотаниэл Бэкон Вирингияда көпес Дженкоб Лейслер Нью – Иоркта көтерілісі күшпен басылды. Оған қатысушылар сайлау құқы мен демократиялық талаптар қойды.

Жаңа Англияда алалық митинг үлкен роль атқарды, бұл шіркеу қоғамының алғашқы мүшелерінің традициялық жиналысынан бастау алды. Митинглерге ерікті колонистер сайлау құқы болмаса да қатысты. Бұл митинглердің мақсаты әр түрлі топтар арасында саяси тепе – теңдікт сақтау жолында үлкен роль атқарды.

Ерікті қоныс аударушылардың – колонистердің материалдық жағдайы орта европалықтарға қарағанда әжептеуір жақсы болды. Алғашқы қоныс аударушылар аштықты онша көрмеді. Тарихи антопометриялық зерттеулер қоныс аударушылардың ұрпақтары европалықтарға қарағанда бойы ұзын болды жақсы тамақтанды, олардың рациондарында етпен овощ мол болды. колонияларда Англиядағы Тюдорлар мен Стюардтар заманындағыдай қаңғыбастар да аз болды. европада соғыстар мен төңкерістер көп болып адам шығыны көп болса, колонияларда халық тыйыш өмір кешті. Олар метрополиялардың салығынан көп зардап шекті.

Европадан тағы бір ерекшелігі мұнда ерікті еңбекпен іскерлікке мол жағдай жасалды. Протестанттық сенім адамдарды еңбек мәдениетіне тәрбиелейді, құдай алдында ешкімге қиянат жасамауды қырғынға ұшырату кең көлемде жүргізілді. Еркін колонистерді метрополия үкіметі бағындыруы қиынға соқты.

Америкалықтар саяси, экономикалық, дінм бостандыққа ие бола отырып метрополияның саясатына король мен парламентке сенімсіздік білдіре бастады.

Тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғышарттары:

Солтүстік Америка колонияларының (1775-1783 ж.ж) тәуелсіздік жолындағы соғысы Америка мен Англиядағы қиын процесеттердің заңды жалғасы болатын. XVIII ғасырдың ортасында колонияларда шаруашылық қатынастар, ішкі сауда мықты дамыды, экономикалық байланыстар күшейді. Флот, орманы т.б. сыртқа темекі, күріш, мақта өсіру басталды.

Халық саны тез өсіп 1688 ж 200 мың. 1775 ж. 2,7 млн адамға оның 18 % негрлер болды.

Колониялар бірақ Англия короліне тәуелді болып Европаның көптеген еллерінен қоныс аударушылар ағылып келді, әсіресе Ирландия мен Германия дан көп келді. Колониялардың әлеуметтік – экономикалық дамуында порттар Бостон, Нью – Иорк, Фильяделфия, Балтимор, Чорлстан, т.б. үлкен роль атқарды. Мәдениет пен ғылым өркендей бастады. Колониалдық колледждер базасында әлемге әйгілі университеттер Гарвард, Ииель, Пристон, Колумбия т.б. Қоныс аударудың соңғы кезеңінде үлкен талантты, дарында ғалымдар, ойшылдар өсіп шықты. Беиджамин Франклин, Джон Адамс, Джаимс Мэдисон, Томос Джефферсон.

Экономикалық даму барысында ұлттық рухани даму дәрежесі жетлді.

XVII ғасырда колониялар король парламенттін қамқорлыққа зәру болса, XVIIІ ғасырда керісі.ше болды. колониялар тәуелділікке ұмтылды, бірақ 1756-1763 ж.ж. Англия Франциямен жеті жылдың соғыс нәтижесінде күшейіп шығып Солтүстік Ам ерканың бірден – бір қожайыны болып қала берді. Олар Канада мен Францияның басқа отарларын басып алды. Метрополияның колониялардың эконоимкалық дербестігін шектеуі тәуелсіздік жолындағы соғыстың алғы шарты болды.

Парламент колонияларға басқа державалармен саудаға тиым салды, және өңдеу өнеркәсібіне тиым салды. 1763 ж Аппалог тауларынан ары қоныстануға тиым салу. 1764 ж жаңа бож салығы, 1765 ж 10мың король солдатын Америкаға жіберу, осы әскерді ұстау үшін герб салғын енгізді. Герб салығы барлық құжаттарды рәсімдеу баспа істеріне салық салу үлкен қарсылық туғызды. Колонстер бұл салыққа ғана емес, Англия парламентінде өз өкілдері жоқ екенін мәлімдеді. Халық көшеге шығып митингілер өткізді. Бейбітшілік ұлдары (сыны свободы) клубын ұйымдастырды. Олар бірде бір салық жинау шыға ррұқсат бермеді. 1770 ж 5 мартта Бостон қаласында колонистер мен солдаттар арасында қатығыс болды. Көптеген колонистер қаза болды. “Бейбітшілік ұлдары” клубы мұны сәтті пайдаланып Англиядан келетін товарларға бойкот жариялады. 1773 ж индесцтер киімін киген колонистер Бостондағы ағылшын шайын суға лақтрыды.

1774 ж Филадельф ияда бірінші континентальды к онгресс шақырылып оған барлық колония кеңестерінен өкілдер барды. Мұнда “Құқық деклорация” қабылданып онда к олонистердің құқықтары мен өзін - өзі бақаруы өмірі мен бостандығы анықталды.

Бұл әрине тәуелсіздікті жариялау емес еді, бірақ оны жариялау қарсаңы болатын. Соғыс 19 апрель 1775 ж Америкадағы ағылшын бас қолбасшысы генерал Гейдж Бостон маңындағы патриоттардың қару-жарақ қоймасын асып алуға жасаған әрекеттінен басталды. Онда барған әскерлер фермерлердің қарсылығына тап болды. алғашында ағылшындар жеңіп, қайтып келе жатқанда патриоттар тосқауылдан оқ атып үш солдатты өлтірді.

1775 ж май айындағы екінші Континентальдық конгресс американ үкіметін құрды. Бұл үкімтте де метрологиямен келісуге ұмтылушылар болды. конгрес жаңа армияны жасақтауды майдан етіп қойды, қарулы күштер қолбасшысы ірі вирингия плантоторы, тәрбиелі әскери полковник Джордж Вашингтон сайланды. Июнь айында әлі жасақталып үлгермеген ерікті американотрядтары Бостон жанындағы Банкер – Хиль елді мекенінде ағылшындарға үлкен соққы берді. Томос Пейнней “Здровый мысль” памфлеті әскер жасақтауда үлкен орль атқарды. Онда метрополиядан мүлде қол үзуге шақырды. Егер Англиядан тәуелділік алмасаң онда олармен соғысу керек емес деді. Америкада республикалық басқару америка болашағына үлкен маңызы болады деді.



4 июль 1776 ж Томас Джефферсон жасаған Тәуелсіздік Деклопациясын қабылдады. Бұл докумен сол дәуір америка емес әлем тарихы үшін аса зор маңызы болды. бұл практика жүзіндегі адам құны декларациясы болатын. Декларация адамдар тең болып жаратылған деп басталатын. Тарихта тұңғыш халықтың өмір сүру суверинеті мен құқықтарын белгілеп декларация ағылшын королі мен парламентін қаралап олар халықтың бостандығы мен құқын шектеуші екенін баса көрсетіп енді колониялар тәуелсіз штаттар болып өзі ішкі сыртқы саясатын жүргізеді, басқа мемлекеттер мен одақ жасауға, соғыс жариялауға, бейбіт келісімдер жасап сауда қатынастарын жасауға құқықты деп жариялды. Бірақта жолдамасы жұмысшылар, арендаторлар, ұй қызметшілері, құлдар, күйеуі бар әйелдер сол кездегі көзқараспен азаматтық істерге қатыспады, саясатқа араласпады. Тәуелсіздік идеясын кейбір қолдамаушыларда болды. Олар Англиядан қол үзгісі келмеді. Бұлар саудагерлер, король чиновниктері олар англиядан іскер байланысқа ынталы болды. Ағылшындарға паналады. Американ көпестері тәуелсіздікті жоқтап оны қаржы жағынан қолдады. Деклерацияны жақтап бірінші қол қойған Бостон көпесі контрабандист Джон Хэнкок болды. Көптеген қарапайым халық тәуелсіздікті демократиялық сеніммен өмірлік жағдайымыз жақсарады деп сенді. Тәуелсіздік жолындағы соғыс өте ауыр болды, штат әскерлеріне бірнеше рет сәтсіздіктер болды. британ әскерлері колонистерге қарағансда үйретілген әскери тәжірибелері мол болатын. Дж. Вашингтон өз армиясын шебер босияға біліп кей жағдайда ол шегінуге де мәжбүр болды. ол ағылшын әскерлерімен шешуші шайқастан қашты. Вашингтон әскерлері қаруы нашар, онша болмады. Лояместер көп жағдайда сатқындық жасап кетті. Англия үшін де өте қиын болды себебі үлкен күшті алып келу мүмкін болмады. 1775 ж король Георгий Россия империясы Екатериня ІІ 20 мыңдық корпус жіберуін сұрап өтініш білдірді, бірақ ол әйел патша оны жәберуден бас тартты. Неміс княздары аз ғана әскер жібере алды. Соғыс аяғына қарай Америкада 56 мың ағылшын солдаты болса американдықтар 20 мың әскері болды және оларды партизан отрядтары қолдады. 1776 ж күзде Нью-Иорк түбінде Дж Вашигтон өз әскерін ірі шайқастан сақтап қалды. Нью-Джерси штатында жауға елеул соққы бере алды. 1777 ж күзде ағылшындар Американ астанасы Финадельфияны алды. Бірақ 7 жыл ағылшын корпусы Саратаго түбінде штат әскерлері қоршауына түсіп қолға түсті. Б.Франклин 1778 ж ф ранциямен Англияға қарсы одақтасты. 1779 ж Испания Англияға қарсы соғыс жариялады. 1790 ж Голландия Англиямен соғысты. Англия халықаралық изоляцияға ұшырай бастады. Россия мен Австрия алғашында нейтрал позиция үстағанмен санынан англияның теңіздені сауда кемелерін тонауын әшкереледі. Американың тәуелсіздігі үшін күрескен ірі тұлға лардан Меркец де лофейет, россия дворяны Г.Х. Веттер фон Розеиталь, польшада Тозеуш Костиошко болды. 1780 ж Ағылшындар үлкен жеңіске жетті. Чорстан қаласын алды, Оңтүстік Кермикадағы американ әскерлері жеңілді. Вирингия штатында ағылшындар үлкен қарсылыққа тап болды. Американ француз флоты 8 мың адамды лорд Корнуллисти корпусын Иорктоуин (Виринчан)қолға түсті. Бұл соғыс тағ дырын шешті. 1782 ж Парижде 1783 ж 3 сентябрьде АҚШ пен Англия арасында бейбіт келісім АҚШ-тың Англия тәуелсіздігін таныды.

АҚШ тәуелсіз мемлекет батыс шекарасы Миссисипи Оңтүстік Флорида, Канада Англияға қарады. Бұрынғы колониялар штаты құқын алды, республика формасын алды. 1776-1780 ж.ж. конституциялар қабылданды. Азаматтық үкіметтің жұмысы үшін негізгі заңдарға баса назар аударылды. Көптеген штаттарда сайлау үшін мүлік цензі алынып тасталды. Губернаторлар сайланып қойылды. 13 штаттың 10-да Легислатура (пер-т) екі палатадан тұрды. Алғашқы кезеңде мемлекет құрылысы штаттардың дербес конференциясы болды ол штаттардың өзара келісімі негізінде болды. 1781 ж Конфедерация статьясы және мәңгі одақ заңы бекітілді. Континентальды конгресс үкіме т болып есептелді. Президент , Жоғарғы сот, сенат болмады. Бұл үкімет номинальды үкімет болды, әр штат өз басшысы, өз қаржысы, өз кеден бекеті болды. көреген саясаткерлер федеративті мемлекет жасау жолына кірісті. олар ортақ консультац иясы бар күшті мемлекет құру идеясын ұсынды. Соғыстан кейінгі экономикалық қиындықтардан соң штаттар арасында сауда, қаржы мәселені қиындады. Конфедерация үкметі бюджет банк болмады. Кейбір штаттар құнсыз ақша айналымға шығарды. Бір орталыққа біріккен мемленкет өмір талабына айналды. 1986-87 ж.. Массгусете штаты фермерлері көтерілісі болды. Даниядағы Шейс батыс шығыс графтарды басып алды.

1787 ж Дж Вашингтон, Б. Франклин, Александр, Гамильтон Джеймс Мэдисон бастаған беделді азаматтар федеральды конституция жобасын жасауға кірісті. президенттік басқару тәуелсіз сот системасын енгізу қажет болды. 1788 ж жаңа конституция өз күшіне енді.

АҚШ құрылу процесі революциялық жолмен болды. сыртқы жаулармен күрсеу ішкі жедел өзгерістерге алып келді. АҚШ жаңа заман дәуіріндегәі алғаш демократиялық республикаа болды. кейбір селоларда құлдық т.б. сақталды. Бұл революция террорды қолданбады, бірде – бір губернатор жазаланбады, лоялистер елден өз еркімен кетті.

Колонистердің тәуе лсіздік үшін соғысы және бостандық алуы өркениетті европа үшін керемет оқиға болған жоқ. Англиядан басқа мемлекеттер Америкамен достық қарым – қатынас орнатты. Самодержавиялық Россия Америкамен сауда қатынасын жасады. Солтүстік жарты шардағы тәуелсіз республика феодалдық – монархиялық Европаға ешқандай қауіп тудырған жоқ. Американ революциясы Ағылшын, француз буржуазиялық революциясына да ұқамай Нидерланд революциясына ұқсады, бұл революцияның негізі тәуелсіз негізі тәуелсіздік алу болды. бұл мемлекетте төңкерістер менр заговорлар әдісі мүлде болмады. Американ идеялы жекеменшік және бостандық идеясы болды.

Шейстий көтерілісінің өзін Пугачевпен теңестіруге болмайды. Континентальды конгерсс ешбір жазалау шараларын қолданбады, ал бас қолбасшы ДЖ Вашингтон болса жаңа Цезарь не Кромвель болғысы келмеді, соғыстан соң армия таратылды. Аса көрнекті американ тарихшылар А.Э. Морисон мен Г.С. Коммеджер революцияның халыққа берген игілігін өте жақсы ашып көрсете білді.


Баќылау с±раќтары:

  1. Ағылшын отарларының экономикалық және саяси дамуы.

  2. XVIII – ғасырлардың 70 – ші жылдарындағы метрополия мен отарлар арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі.

  3. “Тәуелсіздік декларациясы”

  4. Тәуелсіздік жолындағы күрестің басталуы.

  5. Соғыстың барысы.

  6. АҚШ Конституциясы қабылдануы. АҚШ – тың құрылымы.

  7. Тәуелсіздік жолындағы күрестің қорытындылары және тарихи маңызы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет