Портер – Лоулер моделі.
Лайман Портер мен Эдвард Лоулер күту теориясы мен әділеттілік теориясының элементтеріне қарай отырып мотивацияның кешенді процессуалдық (іс-жүргізушілік) теориясын жасап шығарады.
Олардың үлгісінен бес өзгергіштерді, құбылмалыларды, атауға болады:
-
Жұмсалған күш – жігер;
-
Сезіну;
-
Алынған нәтижелер;
-
Марапаттау;
-
Қанағаттану дәрежесі.
Мотивация = Ш – Н х Н – М валенттілік.
Жұмсалған күш жігерлер қажетті нәтижелерді беретінін күту.
Нәтижелерге жеткеннен кейінгі марапаттаудың болатындығын күту.
Марапаттаудың мүмкін болатын бағалылығы.
Мо-
ти-
ва-
ця ция.
Ш – Н Н – М Валенттілік.
Е - Р Р - О
Портер – Лоулер моделіне сәйкес қол жеткен нәтижелер қызметкерлердің жұмсаған күш – жігеріне, оның қабілетіне, мінез – құлқына және еңбек процесіндегі өз орны сезінуіне тәуелді.
Сонымен қатар Портер – Лаулер теориясында марапаттаумен нәтижелердің арақатынасы тағайындалады, яғни адам өз қажеттіліктерін қол жеткізген нәтижелері үшін көрсетілетін марапаттау арқылы қанағаттандырады.
Портер – Лоулер моделі бойынша еңбек нәтижелері үш ауыспалыққа байланысты өзгереді: біріншіден, күш – жігерден; екіншіден, қабілеттілік пен мінез – құлықтан; үшіншіден, - еңбек процесінде өз бейнесін сезінуі.
Ал ауспалық өз кезеңінің марапаттаудың бағалылығын және күш – жігер марапаттар қатынастарының ықтималдығын бағалаумен байланысты.
Орындалған жұмыс нәтижелері ішкі және сыртқы марапаттауға байланысты.
Лекция №23.
Тақырыбы.. Менеджмент жүйесіндегі бақылау
Жоспары.
1. Реттеудің маңызы мен мәні.
2.Бақылаудың қажеттілігі.
3.Бақылаудың түрлері мен сипаттамалары.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
К.Бердалиев. “Қазақстан экономикасын басқару негіздері” Алматы 2001ж.
-
К.Бердалиев, Е.Мырзалиев. “Басқару негіздері” Алматы 2000ж.
-
М.Мескон. “Басқару негіздері” Москва 1999ж
-
К.Бердалиев “Менеджмент” Алматы 2005ж
-
Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
-
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
-
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
-
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
-
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
-
Э.Уткин “Управление фирмы” Москва “Анализ” 1998г
Лекция мақсаты - экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесін қалыптастыру.
Лекцияның мәтіні:
1.Қазақстан Республикасының нарық қатынастарына өтудегі нақты мүмкіндіктері, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын реттеудегі кездесетін сұрақтарға көп көңіл бөлуге мәжбүр етуде. Мемлекеттік реттеу сұрақтарына басқару жүйесінің негізгі қызметі ретінде атақты батыс экономисі Д. Кейнс еңбектерінен бастап әр түрлі экономист-ғалымдардың бірқатар теориялық зерттеулері жатады. Әлеуметтік – экономикалық дамуды реттеу дүние жүзінің дамыған елдерінің барлығында да қолданылады деп айтуымызға болады.
Реттеу – бұл экономиканың өсуіне жағдай жасауға бағытталған экономикалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік шаралар жүйесі.
Экономикаға мемлекеттің араласуы басқару кадрларының құрылуына, мәліметтер технологиясының дамуына, экономикалық ғылымдардың қолданбалы сипаттама негізінде пайда болуына мүмкіндік туғызады. Бұл жағжайда, Д. Кейнстің көрсетуі бойынша, капитализмнің қарама-қайшылықтарын шиеленістіре түсті.
Нарық экономикасы дамыған алдынғы қатарлы дүние жүзі елдерінің тәжірибелерін зерттей келе, әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекет тарапынан реттеуде пайда болатын қарама-қайшылықтарды жеңілдету мүмкіншілігінің пайда болатынына көз жеткізуге болады. Мұндай реттеу – мемлекеттік кәсіпкерлік, ғылыми жұмыстар мен тәжірибелік- конструкторлық зерттеулерді өткізу, инфрақұрылымды және халық шаруашылығына қажетті қатынастарды құруға байланысты қызметтің негізгі түрлеріне ие болады.
2.Мемлекеттік реттеу негізінен екі әдіспен жүзеге асады. Оның біріншісі – тура жолмен, яғни әкімшілік-әміршілдік, ал екіншісі – жанама жолмен (салықтар, несиелер, проценттік төлемдер, жеңілдіктер, субсидиялар және т.б.).
Бұрынғы одақ республикаларының өткен жылдарғы тәжірибелерінің зерттеулері негізінде әкімшілік-әміршілдік әдіспен мемлекетті реттеу қажетті нәтижеге жету үшін тиімсіз екенін көрсетті, яғни тура әсер етудің жанама әсер ету шараларымен үйлесімділігінің қажет екенін айқындады. Тура және жанама шараларды мемлекет тарапынан реттеп отыру АҚШ, Жапония және басқа дамыған елдердің экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелерін тереңрек зерттегенде көруге болады. Қазіргі жағдайда капиталистік мемлекет амортизациялық есептен шығару мерзімін белгілейді, капиталдың шығарылу көлемін анықтайды, тауар әкелуге сандық шектеулер мен кедендік салық енгізеді, жұмыс күнінің ұзақтығын шектейді, мемлекеттік стандартты белгілейді және т.б. бұл шараларда мемлекет экономикаға тек қана әкімшілік әдіспен ықпал етеді, ол - өзінің жеке капиталын қоспайды және қазынадан қаражат алмайды. Экономиканы жақсарту үшін тек қана әкімшілік шаралардың болуы жеткіліксіз. Экономиканың өсу жағдайын жасау үшін ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыруға, инфрақұрылым құруға, әлеуметтік орта саласына қажет құрылыммен қамтамасыз ету үшін айтарлықтай көп қаражат керек. Бұл мақсаттарға қажет қаражаттарды мемлекеттің ұлттық табысты қайта бөлуі арқылы қатысуы – реттеудің барлық жүйелерінің негізі болып табылады. Мемлекет қысым жасап табыстың біршама бөлігін салық салу арқылы алады. Мұндай елеулі қаражаттардың мемлекет бюджетіне бөлінуі ұлғаймалы өндіріс процесіне ықпал етуге мүмкіндік береді.
Қазіргі жағдайда әлеуметтік қарама-қайшылықтарды жою үшін мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарға араласуға мәжбүр болып отыр. Мемлекет еңбек пен капитал арасындағы қатынастарды жалақыны реттеу жолымен, жұмыссыздыққа байланысты зейнеткерлік және әлеуметтік қамтамасыз етілулермен, аурулар мен өндірістік жарақаттарды ескеру арқылы реттеп отырады. Елдің заңды мекемелерінің күшін ескере отырып, жұмысшы мен капиталистің арасындағы қарым-қатынас үлкен дәрежедегі мемлекеттік реттеу объектісі негізінде қарастырылып отыр. Ретеудің жанама әдістері қатарына мемлекеттің несие саясатына араласуы, экономика жағдайына амортизациялық норманы өзгерту арқылы әсер етуі (амортизацияны жеделдету жүйесі кәсіпкерлерге пайданың бір бөлігін салық салудан жасырып қалуға мүмкіндік береді), ұсыныс пен сұраныс қатынасының ықпалын ескере отырып, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы мен өндірістің дамуын жатқызуға болады.
Мемлекет ұлғаймалы өндіріс процесі мен экономикалық қатынастардың барлық жақтарына - өнеркәсіптер мен ішкі сауда министрлігі; қаржы, еңбек министрліктері;экономикалық жоспарлауды басқару, қоршаған ортаны қорғау қызметтерін басқару мекемелері арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, ол экономикалық өрлеуге, оның құрылымы мен өсу деңгейіне, ірі және кіші меншіктердің ара қатынасына, бәсекеге, өнеркәсіп өндірісінің құрылымына, капитал мен еңбектің өзара қатынасы мен еңбекпен қамтылуына, несие – ақша айналымына, баға белгілеу мен сыртқы экономикалық байланыстарға да ықпалын тигізеді.
3.Бақылау – ұйым мақсатына жетуді қамтамасыз ететін процесс. Ол мәселелерді анықтап, оны шешу жолдарын іздестіру үшін қажет. Сонымен бірге, бақылау жақсы істелініп жүрген қызметті ынталандыру үшін де қажет болып саналады.
Бақылау процесінің құрамы мына төмендегілерден тұрады:
Бақылау функциясы – бұл мәселелерді анықтауға мүмкіндік беретін және де ұйым қызметін осы мәселелерге сай жинақтап, реттейтін басқарудың сиапттамасы.
Ұйым мақсатына жетуге зиянын тигізбестен бұрын, оның қателіктерін дер кезінде анықтап, сол мезетте жөндей білу қаблеттілігіне ие болу бақылауды жүзеге асыру қажеттілігінің бірден-бір маңызды себебі болып табылады.
Ұйымның ортақ мақсатына жетуге тиімді көмек көрсететін ұйым қызметтерінің бағытын анықтау, бақылаудың ең қажетті жақтарының бірі болып саналады. Жетістіктер мен кемшіліктерді біле отырып ұйым басшылығы сыртқы ортаның құбылмалы талаптарына ұйымды тез бейімдеу мүмкіншілігіне ие болады. Сонымен бірге, бұл мүмкіндіктер ұйым мақсаттарының негізін қалайтын қозғалыстардың жеделдетуін қамтамасыз етеді.
Бақылаудың кең көлемде жүруі – оның ең маңызды ерекшеліктерінің бірі болып саналады. әр басшы дәрежесіне қарамастан, бақылауды қызмет міндеттемелерінің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыруы тиіс.
Бақылаудың негізгі үш түрі бар. Олар:
-
алдын ала бақылау;
-
ағымдағы бақылау;
-
қорытынды бақылау.
Алдын-ала бақылау – жұмыстың нақты басталуынан бұрын жүргізіледі.
Алдын ала бақылауды жүргізу құралы ретінде – белгіленген ережелерді, процедуралар мен іс-әрекеттер тізбегін қолдану қарастырылады.
Ережелер мен іс-әрекеттер тізбегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалынады. Ал оның қатаң түрде сақталынуы жұмыстың көрсетіліп берілген бағытта өсіп-өркендеп келе жатқанын көрсетеді.
Ағымдағы бақылау - жұмыс процесі жүріп жатқан кезде жүргізіледі. Бұл бақылаудың нысанасы ретінде – бағынушы қызметкерлер қарастырылады. Бағынушылардың жұмысын тексеріп отыру, жұмысты одан тереңірек зерттеп-жетілдіру үшін пайда болып отыратын мәселелер мен ұсыныстарға талдау жасау арқылы белгіленген жоспарлар мен ережелердін аутқуы мүмкіндігін толығыменен жоюға болады.
Ағымдағы бақылау көзделген мақсатқа жету үшін бағытталған жұмыстар орындалғаннан кейінгі қолда бар нақты нәтижелерге негізделеді.
Басқару аппаратына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру үшін міндетті түрде кері байланыс қажет.
Сыртқы факторларға – ұйымды қоршаған ортаға әсер ететін элементтердің барлығы да жатады, яғни бәсеке, жаңа заңдардың қабылдануы, экономикалық жағдайдың нашарлауы және т.б.
Ағымдағы бақылау кезінде кері байланыс аз шығын жұмсап, алға қойған мақсатқа жету мен пайда болған мәселелерді шешу жұмыстары кезінде қолданылады.
Кері байланыс қорытынды бақылау кезінде, жұмыс орындалып болғаннан соң қолданылады.
Қорытынды бақылау - өте кеш қолданылғандықтан, пайда болған мәселелерді дер кезінде шешу үшін оның екі негізгі қызметін атап көрсетуге болады.
Қорытынды бақылау жоспарлау процесін жүзеге асыру үшін, ұйым басшылығын қажетті мәліметтермен қамтамасыз етеді. Нақты алынған нәтижемен алынуға тиіс, қажетті нәтижелерді салыстыра отырып, басшылар құрасытылған жоспарлардың қаншалықты іске асатынына баға беру мүмкіндігіне ие болады. Бұл іс пайда болған мәселелер жөніндегі мәліметтер мен қамтамасыз етуді және осы мәселелерді болдырмау әрекетерін жасау арқылы жаңа жоспарлар құруға мүмкіндік береді. Осының барлығы қорытынды бақылаудың бірінші қызметін сипаттайды.
Ал оның екінші қызметі мотивацияға мүмкін жағдайлар жасау болып табылады.
Бақылау процесінде оның негізгі үш кезеңін атап көрсетуге болады:
-
стандарт пен оның өлшемдерін жасап шығару;
-
жасалған стандарттар мен нақты нәтижелерді салыстыру;
-
керек болған жағдайда қажетті өзгерістер енгізу.
Алғашқы кезең бақылау функциясы мен жоспарлау функциясының өте тығыз байланысын көрсетеді.
Стандарттар - бұл өлшеу мүмкіндігі бар нақты мақсаттар. Мұндай мақсаттар жоспарлау процесінен кейін пайда болады. Бақылау кезінде қолданылатын барлық стандарттар ұйымның көптеген стратегиясы мен мақсаттарының арасынан таңдап алынуы тиіс.
Бақылаудың стандарты негізінде қолданылатын мақсаттардың екі ерекшелігін көрсетуімізге болады. Оның біріншісі:
-
жұмыстың орындалуын реттейтін, бақылайтын уақыт шектеулілігінің болуы, ал екіншісі:
-
жұмыстың орындалу дәрежесінің бағалануына қатысты нақты нақты өлшемдердің болуы.
Нақты өлшемдер мен анықталған уақыт көлемін – нәтижелік көрсеткіштер деп атайды. Бұл көрсеткіш алға қойылған мақсатқа жету үшін ненің қажет екендігін дәл анықтайды. Мұндай көрсеткіштер басшыларға нақты істелінген жұмыс пен жоспарланған жұмысты салыстыруға мүмкіндік береді.
Бақылау процесінің екінші кезеңінде қол жеткен нақты нәтижелерді белгіленген стандарттармен салыстыру ісі жүргізіледі. Бұл кезеңде менеджер қол жеткен нақты нәтижелердің қаншалықты күткен нәтижелерге сәйкес келетінін анықтауы қажет және іс-әрекеттердің басталуы жөнінде шешім қабылдаудың негізі болатын баға қояды. Масштабтың ауытқуын анықтау, нәтижелерді өлшеу, мәліметтер беру мен оның бағалануын анықтау осы кезеңнің қызметтері болып табылады.
Жоғарғы буынның басшылары нақты алынған нәтижелердің белгіленген стандарттан ауытқуы көп болмас үшін мүмкін болатын ауытқулар шегін белгілейді.
Лекция №24.
Тақырыбы.. Бақылаудың ұйымдастыру формалары.
Жоспары.
1. Бақылау процесінің кезеңдері.
2.Бақылау тиімділігі.
3.Бақылау тиімділігіне әсер ететін факторлар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
-
К.Бердалиев “Менеджмент” Алматы 2005ж
-
Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
-
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
-
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
б). қосымша
-
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
-
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекция мақсаты – басқару қызметінде бақылау тиімділігін қамтамасыз ету.
Лекцияның мәтіні:
1.Бақылау тиімді болуы үшін үнемді болуы қажет. Оның экономикалық тиімділігін арттыру әдістерінің бірі болып – басқарудың шығарып тастау қағидасы бойынша қоданылатын әдіс сан алады. Белгіленген стандарттан үлкен дәрежеде ауытқуы пайда болғанда бақылау жүйесінде жоғарыда айтылған әдіс қолданылады.
Белгіленген стандарттың қаншалықты қолданылғанын анықтау үшін – нәтижелерді өлшеу көрсеткіші пайдаланылады. Сонымен қатар, бұл көрсеткіш бақылау элементерінің бірі болып саналады. өлшеу немесе салыстыру жүйесі бақылауға түсетін қызмет түріне сәйкес келуі тиіс.
Бастапқы кезде барлық көрсеткіштерді стандартты белгіленген өлшемге келтіріп алу қажет. Мысалы, егер белгіленген стандарт пайда болса, онда есептеу жұмыстарын стандарттың көрсетілуіне байланысты процентпен немесе теңгемен жүргізу қажет.
Мәліметтер тарату - бақылау тиімділігін қамтамасыз етуде басты роль атқарады. Бақылау жүйесінің тиімді жұмыс жасауы үшін, ұйымның қажет деген қызметкерлеріне белгіленген стандарт пен алынуға тиіс нәтижелер жөнінде мәліметтер берілуі қажет. Мұндай мәліметтер өте дәл болуы керек, көрсетілген уақытта жауаптықызметкерлерге кешікпей жетуі тиіс. Бұл алынған мәліметтер шешім қабылдау процесі кезінде басшыларға айтарлықтай үлкен көмегін тигізеді.
Бұл кезеңнің соңғы сатысы – салыстыру, яғни алынған нақты қолда бар нәтижелер жөніндегі мәліметтерді бағалау. Осы мәліметтердің қажеттілігі мен маңыздылығын менеджер анықтап беруі тиіс.
2. Мәліметтердің маңыздылығы дегеніміз – дұрыс шешім қабылдау үшін міндетті түрде қажетті және зерттелетін құбылыстарды сипаттайтын дәл, нақты мәлімет. Бұл бағалаудың мақсаты – шешім қабылдау және одан кейінгі іс-әрекеттерді негіздеу болып табылады.
Бақылау процесі баға белгіленгеннен кейін үшінші кезеңге өтеді. Үшінші кезеңде менеджер төменде көрсетілген іс-әрекеттердің біреуін таңдауы қажет:
-
ешқандай әрекет жасамау;
-
ауытқуларды жою;
-
стандартты қайта қарау.
Ешқандай әрекет жасамау. Бақылаудың негізгі
мақсаты-ұйымды басқару процесі жоспарға сәйкес міндетті түрдегі жұмыстың орындалуын қадағалайтындай дәрежеге жету болып саналады. Егер де нақты қолда бар нәтижелерді белгіленген стандартпен салыстырғаннан соң көздеген мақсатқа жеткенін білген жағдайда ешқандай да әрекет жасамаған жөн.
Аутқуларды жою. Маңызды аутқуларды дер кезінде жоя алмайтын бақылау жүйесі мүлдем тиімсіз. Негізінде стандарттан аутқу масштабы мен оның себебін дәл көрсету - өлшеу сатысына тән болуы керек.
өзгертулер енгізудің мағынасы аутқудың не себептен пайда болғанын және ұйымның іс-әрекеттерін қайтадан дұрыс жолға бағыттаумен сиаптталынады.
Ұйымның ішкі айнымалы факторларының қандай да бір мағналарын жақсарту жолдары арқылы және де басқару функциясын немесе технологиялық процестерді жетілдіру арқылы өзгертулер енгізу ісі жүзеге асырылады.
Стандартты қайта қарау. Стандарттан ауытқыған барлық аутқуларды жою қажет емес. Кейбір жағдайларда жоспарға негізделген стандарттар да дұрыс болмауы мүмкін, ал жоспар дегеніміз – ол болашақты болжау. Жоспарларды қайта қараған кезде, стандарттар да қайта қаралуы тиіс.
Көп жағдайларда бақылау жүйесі жоспарлардың қайта қаралу қажеттілігін көрсетеді. Осыған сәйкес стандарттарды қайта қараудың артық және кем жақтарын анықтау мүмкіншілігі пайда болады.
3. Бақылау процесі және оның тиімділігіне әсер ететін факторлар. Жоспарлау мен бақылаудағы мәліметтерді басқару жүйесі бақылаудың тиімділігі.
Бақылау тиімді болу үшін төменде көрсетілген бірнеше маңызды көрсеткіштермен сипатталынуы тиіс:
-
адамдардың тәртібі;
-
бақылаудың стратегиялық бағытталуы;
-
нәтижелерге бейімделу;
-
қызметке сәйкес келуі;
-
бақылаудың дер кезінде жүргізілуі;
-
бақылау икемділігі;
-
қарапайымдылығы;
-
үнемділігі.
Бақылаудың тиімділігіне әсер етеін бірінші фактор ретінде адамдардың тәртібі қарастырылады. Тиімді бақылау жүргізуге төмендегідей ұсыныстар жасалынып шығарылған:
-
қызметкерлер қабылдайтын, мағынасы бар стандарттар жасаңыз;
-
екі жақты қатынас орнатыңыз;
-
шамадан тыс бақылаудан аулақ болыңыз;
-
өте қатаң, бірақ мүмкін болатынстандарттар белгілеңіз;
-
көрсетілген стандартқа жеткені үшін марапаттаңыз.
Екінші фактор. Бақылау тиімді болу үшін стратегиялық сипатта болуы керек, яғни ұйымның алғашқы алғы шарттарын бейнелеп, оларды қолдану.
Үшінші фактор. Бақылаудың түпкілікті мақсаты мәліметтер жинап, мәселелерді айқындап, стандарт белгілеу емес, ұйым алдындағы міндеттерді шешу болып табылады. Өлшеу іс-әрекеттері мен олардың нәтижелері жөніндегі хабарландырулар тек қана мақсатқа жетудің құралы ретінде қарастырылады.
Төртінші фактор. Егер бақылау басқарудың басқа түрлері мен қарым-қатынаста болса тиімді болады.
Беснші фактор. Баќылаудыњ дер кезінде немесе белгіленген уаќытында µткізілуі µте жоѓары жылдамдыѓымен, ж‰ргізілуі жиілігімен сипатталынбады. Ол баќыланып отырылѓан объектіде ж‰ргізілген µлшеу ж±мыстары мен оны баѓааалаудыњ арасындаѓы уаќыт аралыѓыменен кµрсетіледі.
Осыѓан сєикес уаќыт аралыѓыныњ мањыздылыѓы негізгі жоспардыњ уаќытша кµлемдегі есебімен, µлшеу ж±мыстарын ж‰ргізу мен алынѓан нєтижелерді таратуѓа ж±мсалатын шыѓындар, µзгерістер жылдамдыѓы арќылы аныќталынады.
Алтыншы фактор. Баќылау, жоспарларѓа ±ќсас едєуір икемді жєне болып жатќан µзгерістерге тез арада беімделуі тиіс.
Жетінші факатор. Єдетте, ењ тимді баќылау дегеніміз – б±л осы баќылауѓа арналѓан маќсаттар т±рѓысынан алып ќараѓандаѓы µте ќарапаым баќылау. Баќылаудыњ ќарапым єдістері аз кµлемдегі к‰ш-жігерді талап етеді жєне де тиімді болып келеді, ал соныњ к‰рделілігі ретсіздкке єкеліп соѓады.
Сегізінші фактор. Баќылау ж‰иесімен бірге єрекет жасап, оны ж‰зеге асырушы адамдардыњ ќажеттіліктері мен м‰мкіншіліктеріне сєикес болѓан жаѓдада – баќылау тиімді болады.
Баќылауаѓа наќты, дєл оныњ алынуына баланысты шыѓындарѓа сєикес тиімді жєне дєл уаќытында алынатын мєліметтер ќажет.
Мєліметтердіњ кµп бµлігі беиресми жолдармен алынады. Б±л жаѓдаида басќарушы – баѓынушыларымен араласу, серіктестерімен єњгімелесу арќылы, газет-журналдар жєне т.б. жолдар арќылы мєліметтер шешім ќабылдау ‰шін жеткіліксіз болады. Сондыќтан ресми єдістер арќылы да мєліметтер жинап, оларды µњдеуді ќолдану ќажет.
Мєліметтердіњ мµлшері ±иым кµлеміне баланысты болады. Сол себептен де мєліметтер мµлшерін реттеу баѓытында мєліметтерді басќару ж‰есі ќ±рылады. (МБЖ)
МБЖ – б±л шешім ќабылдауѓа ќажетті мєліметтердіњ єкімшілік арќылы берілуініњ ресми ж‰иесі.
Жоспарлау, баќылау жєне µндіріс қызметінің функцияларының тиімді орындалуын жеңілдету МБЖ – нің негізгі мақсаты болып табылады. Керек мәліметтерді қажетті адамдарға дер кезінде жеткізіп беру МБЖ-ның ең маңызды міндеттерінің бірі.
Басқарушылардың мәліметтер қажеттілігіне байланысты, басқару қызметтерінің төмендегідей түрлерін көрсетуімізге болады:
-
стратегиялық жоспарлау – ұйым мақсатына, осы мақсаттардың өзгеруіне және соған жету үшін ресурстарды қолдануына қатысты шешімдер қабылдау процесі;
-
басқару бақылауы – ұйымның ортақ мақсаттарына жетуі үшін басшылар ресурстардың алынуымен олардың тиімді қолданылуын қамтамасыз ететін процес;
-
оперативтік бақылау – бұл нақты міндеттердің тиімді жолмен және өте жоғарғы деңгейде орындалуын талап ететін процесс.
Бұл аталынған қызмет түрлері жоғарғы, ортаңғы және төменгі буындардағы басшылардың міндеттеріне сай келеді.
МБЖ-ін жобалау процесі бес кезеңнен тұрады. Олар:
-
Шешім қабылдау жүйесін талдау, бұл процесс мәліметтерді қажет ететін шешімдердің барлық түрлерін анықтаумен басталынады;
-
Мәліметтер талабына талдау жасау, бұл кезеңде әрбір шешімнің қабылдауына қандай мәлімет түрі қажет екені анықталынады;
-
Шешімдердің жинақталынуы – МБЖ ұйым құрылымы мен үйлестіріліп жасалынуы тиіс;
-
Мәліметтерді өңдеу процесін жобалау, бұл кезеңде мәліметтерді жинау, сақтау, жіберу және түрлендіру жүйесі жетілдіріледі;
-
Бақылау жүйесінен кейінгі жобалау мен бақылау, бұл МБЖ-ның берген мәліметтерін бағалау және жіберілген қателіктерді анықтау, жөндеу жұмыстарын жүргізу құру болып табылады.
МБЖ-нің тиімділігін арттыру жолдары:
-
жүйені жобалауға соны қолданушы-қызметкерлердің қатысуы;
-
қолданушы-қызметкерлерді оқытып-үйрету;
-
МБЖ-ны қолданудан түскен табыстың шығындардан артық болуы;
Лекция №25.
Тақырыбы. Топтың жұмысына әсерін тигізетін факторлар.
Жоспары.
1. Топ жұмысының тиімділігіне әсер ететін факторлар.
2.Топ мүшелерінің ролі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
а) негізгі.
-
Г.С.Смағұлова “Аймақтық экономиканы басқару негіздері” Алматы 2005ж
-
А. Үмбеталиев, Ғ.Керімбек “Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік” Алматы 2002ж
-
А.Б.Рахымбаев “Менеджмент” Алматы 2006ж
-
б). қосымша
-
К.Бердалиев “Менеджмент теориясы және тәжірибесі” Алматы 2005ж
-
Н.К. Мамыров “Менеджмент и рыног” Алматы 1998г
Лекция мақсаты- топ пен ұжым арасында қарым-қатынасты реттеу және оларға әсет ететін фокторларды анықтау.
Лекцияның мәтіні:
1.Топтың тиімді жұмыс жасауына ықпал ететін негізгі факторлар қатарына мыналар жатады:
-
көлемі;
-
құрылымы;
-
топ ережелері;
-
бірлігі мен ұйымшылдығы;
-
топ пікірлестігі;
-
қайшылықтар;
-
топ мүшелерінің мәртебесі;
-
топ мүшелерінің ролі.
Достарыңызбен бөлісу: |