Лекция: 30 сағат Практикалық семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет2/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#125401
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Тәрбие


Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп , жаңа ұрпаққа қоғамдық- тарихи тәжірбиені беру процесі болып табылады.

Тәрбие –аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірбиені беру процесі.

Тәрбие ұғымы кең мағынада табиғат және әлеуметтікортаның, мектеп пен ата- ананың , бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалы деп түсінуі керек.

Білім беру - бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоцци.

Білім беру деп-табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. Қазіргі атом, космос халық шаруашылығының автоматтандыру дәуіріде білім беру ғылыми - техникалық үдеудің құдіретті факторы болып отыр. Халыққа білім беру ісінің негізі- жалпы орта білім. Білім беру барысында жеке адамның таным іс-әрекеттері дамиды, ой өрісі кеңіп, еңбекке дұрыс көзқарасы және мәдени деңгейі артады.



Оқыту –білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушыны мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс: біріншіден, оқытушы оқушыларға білім беріп , іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, оқушы таным міндеттерін жете түсініп , дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
ХIХ ғасырға дейінгі ғылыми ізденістердің пәндік саласын анықтауға байланысты ғылымдардың бөлінуі (даралануы) белсенді жүріп жатты. Педагогика да бірте-бірте жалпы пәнмен байланысты бола отыра, мақсаттары, жас ерекшеліктері, оқу- тәрбиелеу, оқу орындарындағы типтері бойынша ерекшілігі бар салалар айқындала түсті.

Педагогикалыќ ѓылымдарының жүйесіне: жалпы педагогика, жас ерекшілік педагогикасы, мектепке дейінгі педагогика, кәсіби педагогика, педагогика мен білім берудің тарихы, салалық педагогика, корекциялық педагогика, салыстырмалы педагогика , жеке пәндер әдіснамасы және т.б. жатады.

Жалпы педагогика педагогикалық процесс білім берудің негізгі заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшілік педагогика (мектепке дейінгі, мектеп, ересектер педагогикасы) анотомиялық және физиологиялық және әртүрлі жастағы топтардың психологиялық ерекшіліктеріне сәйкес педагогикалық процесс пен білім берудің ерекшелігін зерттейді.

Кәсіби –техникалық білім беру педагогикасы, арнаулы орта білім беру педагогикасы, жоғары білім беру педагогикасы –пәндері (дисциплины) ,олардың пәні педагогикалық процесс және жұмысшы кадрларын кәсіби және сонымен бірге әртүрлі деңгейдегі мамандарды даярлаудың заңдылыққтары б.т

Әскери педагогика әртүрлі рангтағы әскери қызмет атқаратындарды әскерге шақыру жасындағылардан бастап әскери мамандықты игергендер мен офицерлер құрамының тәрбиелік іс- әрекетінің тәрбиелік заңдылықтарын зерттейді.

Еңбекпен түзету педагогикасы түрмеде отырған азаматтарды қайта тәрбиелеудің теориясы мен практикасын құрастырады. Мұнда жас ерекшілігі ескеріледі, оларда әсіресе балалар мен жасөспірімдер қылмысына қатысты кездесетін заң бұзу зерттеледі.

Педагогика тарихы - адамзат тарихындағы педагогикалық идеялар мен мектептердің қалыптасуын зерттейтін ғылым.

Салыстырмалы педагогика әрбір елдегі білім беру және тәрбие жүйелерінің дамуын, олардың жалпы өзіндік ерекшіліктерін салыстыра , дамуын зерттейді.

Жеткілікті дәрежеде дербес педагогикалық пәндер тобын жеке немесе пәндік педагогика құрайды, онда жалпы - бұл педагогикалық заңдар мен заңдылықтар, танымдық әрекет әдістері, ал жеке ерекшілік берілетін сабақ пәнінің мазмұны.

Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдар мен байланысы.

Тәрбие мен оқыту ісінің дамуына байланысты педагогика ғылымының мынандай салалары бар: мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология, пәндерді оқыту әдістемесі, кәсіптік - техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп педагогикасы, әскери педагогика, мәдени – ағарту қызметкерлерінің педагогикасы, түзеліс – еңбек педагогикасы т.б. пайда болды.

Педагогика ғылымы басқа ғылымдармен тығыз байланысады. Өйткені, адамды жан – жанты тәрбиелеу проблемасын шешу үшін педагогика басқа ғылымдардың нақты мағлұматтарына сүйенеді. Олар: философия, психология, жас ерекшелігі физиологиясы, мектеп гигиенасы, социология, кибернетика т.б.

Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірбиесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.

Педагогикалық ой алғашқыда жалпы философиялық білімдер жүйесінде , діни ілімдерде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды.Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.

Педагогика ол организмнің материалды – энергиялық түрлілігіш ашып көрсететін физиологияға , соның ішінде жоғарғы нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П. Павлов, П.К. Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтану процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.

Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын (тәртіпсіздік, жалқаулық, еріксіздік, олақтық) балалардың денсаулығын зерттеу барысында ғана түсіндіруге мүмкін болады.

Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір проблеммаларды зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, этнографияға, юриспруденцияға, экономикаға, демографияға, экологияға және т.б. таралады.



2-лекция.

Тақырыбы: Психолгия пәні. Психологияның даму тарихы туралы мәліметтер

Жоспары:

1. Психология пәнінің зерттеу объектісі. Психологияның философия мен жаратылыстану ғылымдары қойнауынан бөлініп шығуы.

2. Ежелгі психология. Орта ғасырдағы жан туралы ілім.

3. психологияның дербес және тәжірибелік ғылымға айналуы. Қазіргі заманның психологиясы, оның міндеттері, ғылымдар жүйесіндегі орны.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гамезо М. В. Домашенко И.А. Атлас по психологии: Учеб. Пособие для студентов пед. Ин- тов. М, 1986.

  2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций. – М, 1996.

  3. Деятельность: теории, методология, проблемы.- М, 1990.

  4. Дидактика средней школы / ред. М.

Лекция мәтіні.

Біздің психикалық өмірімізді рухани дүниемізді психология ғылымы зерттейді. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болады: «псюхе»- жан, психика және «логос»- ғылым ілім. Олай болатын болса, психология- адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Психикалық өмірдің құбұлыстары жан- жақты, бірақ олар бір- бірінен томаға тұйық өмір сүрмейді, бір- бірімен байланысты.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі- барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек, олардың пайда болу, қалыптасу және даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі – бір шәкіртерді дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдісі дұрыс ұйымдастыруға болады.

Сонымен, психология- психика және оның қалыптасу және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотелді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдық түрде зерттеу шын мәнінде XlX ғ. Ортасынан бастап, қалыптаса бастады.



Психикалық құбылыстар 3 үлкен топқа жіктеуге болады:

Психикалық үрдістер.- бұл объективтік шындықты субъективтік бейнелеудің әртүрлі формасы. Психикалық үрдістерді сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдістердің көмегімен қоршаған ортаны тану іске асады, білім мен дағдыны, оқыту мен іс- әркетті меңгереді. Төмендегідей психикалық үрдістердің негізгі түрлері қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезім, және эмоция, ерік.

Психикалық қасиеттер- бұл адамдардың бір- бірінен айырмашылығын білдіретін жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшеліктері. Психикалық қасиеттерге темперамент, мінез, қабілеттілік жатады.

Психикалық жағдайлар психикалық іс- әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс- әрекеттің уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен іс- әрекеттің жамісі орындалуына ерекше ықпал ететін адамның ішкі дүниесінің негізгі саласы болып табылады. Мәселен, белсенділік немесғе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бір- бірімен өзара байланысты.

Ғылымдар жүйесінде психология ғылымына қандай орын беріледі, басқа ғылымдарда психологияның мәліметтерін пайдалану мүмкіншіліктерін түсінуге көп нәрсе байланысты немесе керісінше, қандай деңгейде психоолгия басқа ғылымдардың нәтижесінде пайда болады? Қоғамдық ғылымдардың ішінде философия , саяси экономика, тарих, өнертану, педагогика ғылымдарымен байланысты.



Психологияның негізгі міндеті адамның психикалық іс- әрекеттің заңдылықтарын зерттеу болып табылады.

Психоолгияның заңдылықтары көрсеткендей, адам миында объективтік дүниені қалай танып білуге болады? Психологиялық заңдылықтар, психикалық іс- әрекет қалай дамиды, жеке тұлғаның психикалық қасиеттері қалай қалыптасады, міне, осыларды ашып көрсетеді.

Психология психикалық үрдістерді мидың бейнелеу іс- әрекеттің негізі болып ьабылатын жүйке- физиологиялық үрдістермен бірлікте зерттейді.

Қазіргі адамзаттың алдында тұрған жаһандық проблемаларды шешуде де психологияның атқараар жүгі ерекше. Бүгінгі күннің ғаламдық проблемаларының психологиялық астарын анықтауда сақтау үшін күрес, қоршаған ортаны қорғау, космосты, оның ішінде, адамдардың күнделікті өмір мәселелері психология ғылымыныңалдында тұрған басты міндеттерінің бірі болып есептеледі. Психологияның адам туралы ғылымдар жүйесінде алатын орнын бағалай келіп, проф. Б.Ф.Ломовтың айтуынша, зерттеу нысаны адам туралы барлық ғылыми пәндердің интеграторы психологияның алатын орнын дұрыс бағалады.



3-лекция.

Тақырыбы: Педагогикалық және психологиялық зерттеу әдістері.

Жоспары:

1. Әдіснама ғылыми таным әдістиері туралы философиялық ілім ретінде.

2. Ғылыми- педагогиканың зерттеу әдістері.Психологияның зерттеу әдістері.

3.педагогиканың және психологияның зерттеу әдістерінің байланысы


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Гамезо М. В. Домашенко И.А. Атлас по психологии: Учеб. Пособие для студентов пед. Ин- тов. М, 1986.

  2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций. – М, 1996.

  3. Деятельность: теории, методология, проблемы.- М, 1990.

  4. Дидактика средней школы / ред. М.

Лекция мәтіні.

“Методология ” грек тілінен аударғанда “әдіс туралы ғылым” деген мағынаны береді. “Метод” “әдіс” термині тікелей нақты бір нәрсеге деген жол ретінде анықталады, яғни методология мағнасы жағынан бір нәрсені тану туралы ғылым болады. Сондықтан методология зерттеу процесі туралы ілім ретінде түсіндіріледі. Ғылыми метологияны жетілдірудің бастамасын және негізін Гегель салды, ол өз назарын бірінші болып философиялық әдістің ерекшелік сипатына, оның нақты ғылымдар әдістерінен айырмашылығына және методологияның олармен үйлесімсіздігі назар аударды. Гегель әдісі дегеніміз мазмұнының қозғалысы, құбылыстың мәнін ашып көрсету және оның мазмұнынан тыс жасалмайтындығын баса көрсетті.

Материалистік диалектика табиғатты үздіксіз қозғалыспен даму барысындағы біртұтастықтың бірлігі ретінде ашып көрсете отырып табиғат және адам тәжірибесі туралы ғылымдарының деректерімен толық сәйкестік барын көреді. Диалектикалық әдіс таным процесі арқылы заттар және олардың ойша (идеалды) бейнесі, яғни ұғым пайда болу процесінде, үздіксіз дамуда, олардың органикалық бірлігі мен өзара байланысында материалдық шындықтың заңдылықтарын ашады.

Педагогикалық методологияның мәні әртүрлі түсіндіріледі: әдіс туралы ғылым, философиялық қағидаларды тікелей ғылыми зерттеулерде қолдану ретінде; арнаулы зерттеу әдістерін жасауға арналған ғылыми пән ретінде. Бұл айтылған үш көзқарас педагогика методологиясының шекарасын мөлшерсіз кеңейтеді немесе тарылтады. Қазіргі педагогика методологиясының пәні болып педагогикалық құбылыстармен оның нәтижесі – педагогикалық білімдер жүйесін зерттеу процесі екендігі анықталған. Методологиялық білімдер жүйесінде: педогогика пәні, педогогиканың категориялары , педогогиканың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі, педогогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысты, педогогика ғылымдарының жүйесі; педогогикалық пәндердің жалпы және ерекшелік міндеттері, педогогиканың анықтамалы- терминдік жүйесі жатады.

Қандай да салада болмасын ғылыми таным, таным субъектісі (зерттеуші) зерттеу процесінің барлық элементтерін білуін талап етеді.


  • тақырыпты үйлестіре (дифференцировать) және оның көкейкестілігін дәлелдей біледі;

  • ғылымдағы тақырырыптың зерттелу жағдайын және пайда болған қайшылықтарын анықтай білуде оларды тәжірибеде піскен сұрақтардың, жасалған теориялардың (разработкалардың сәйкес келмеуі);

  • зерттеу нысанасын талдамалардың , үйлестіре біледі.

  • Мақсат (қандай нәтиже алуға болатындығын ) нысана зерттеу пәнін анықтай алады.


4-лекция.

Тақырыбы: Психика және сана

Жоспары:

1. Психиканың дамуы және сананың қоғамдық- тарихи сипаты. Өлі табиғаттың тірі табиғатқа айналуы.

2. Тітіргенгіштік, тропизмдер. Құлықтық инстинктті түрлері. Жануарлардың нителлектті әрекеті.

3. Психика және жүйке жүйесінің эволюциясы. Еңбек әректінде сананың, дыбысты анық тілдің дамып шығуы және олардың қоғамдық- тарихи сипаты.


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М, 1996.

  2. Асмолов А.Г. Психоолгия личности.- М, 1990.

  3. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М, 1982.

  4. Басов М. Я. Методика психологических наблюдений над детьми/ Избранные психологические произведения/ Под ред. В.Н. Мясищева и В.С. Мерлина. – М. 1975.

  5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возросте. М, 1971.

Лекция мәтіні.

Адамның даму тарихы сапалық жаңа саты, ол жануарлардың биологияфлық дамуының одан бұрынғы жолынан түбірлі ерекшеліктері бар. Адамның жануарлардың өмір сүруінен ерекшелігі қоғамдық- еңбек әрекетіне көшу болып табылады. Осы өмірдің нәтижесінде психиканың жаңа түрі- адамның санасы пайда болады.

Адам санасының қалыптасуы мен психологиялық сипаттамасы жаңаның басталуын, психика дамуының жоғары кезеңін білдіреді. Саналы бейнелеудің жануарларға тән психикалық бейнелеуден айырмашылығы- бұл заттық шындықты бейнелеу. Санаға жан- жақты сипаттаманы А.Н. Леонтьев өзінің “Іс- әрекет, Сана, Жеке тұлға” атты еңбегінде берген болатын- ды.

Сана – психика дамуының сапалы ереуше түрі. Жануарлар дүниесінің эволюцияда сананңы өзіндік ұзақ тарихы бар, алғаш рет адамда еңбек және қоғамдық қатынастардың қалыптасу үрдісінде пайда болады. Адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы негізгі үш белгіден тұрады: осы белгілердің ішінде біріншісі- адамның саналы қызметі, биологиялық мотивтерге байланысты міндетті емес. Кей жағдайда адамдардың адамдардың саналы қызметі, биологиялық ықпалдарға және қажеттіліктерге бағындайды, олармен қарама- қарсылықта болады немес оларды басып тастайды.

Адамдардың саналы қызметінің екінші ерекшілік белгісі ол ортаның жағдайын жануарлармен салыстырғанда терең бейнелей алатындығы.

Үшінші ерекшелігі- жануарлардың мінез- құлқынан адамның саналы іс- әрекетінің айырмашылығы білімі мен ептілігі, бұл қоғамдық тарихи жинақталғанг және оқуда берілетін жалпы қоғамдық адамзаттық тәжірибені меңгеру арқылы қалыптасады. Демек, адамдардың меңгерген білімдері, ептіліктері, мінез- құлық тәсілдері оның өз тәжірибесініңнәтижесі емес,ұрпақтардың қоғамдық- тарихи тәжірибесін меңгеру арқылы қалыптасады, адамның саналы қызметін жануарлардың мінез- құлқынан түбірінен ерекшелейді.

Адамның жануарлардан айырмашылығы тек еңбек құралдарын пайдаланып қана қоймай, сонымен қатар еңбек құралдарын жасайды.Еңбек құралдарын жасау арқылы алғашқы қауымдағы адамның іс- әрекетін түбірімен өзгертті.

Сана- психика дамуының жоғары түрі, еңбек іс- әрекетінде адамды қалыптастырудың қоғамдық- тарихи жағдайының нәтижесі. Сананың құрлымы, оның негізгі психологиялық сипатттамасы қандай? Адам санасы бізді қоршаған дүние туралы білімдердің жиынтығынан тұрады.

Сананың құрлымына, негізгі таным үрдістері кіреді, оның көмегімен адам өзінің білімін әруақытта байытып отырады. Осындай үрдістердің қатарына түйсіну және қабылдау, ес, қиял және ойлауды жатқызуға болады.



Сана – тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым- қатынасында қоғамдық еңбек іс- әрекетті үрдісінде пайда болатын психиканың жоғары түрі. Сана адамға табиғат пен қоғамның заңдарын жан- жақты білуге көмектеседі. Осы заңдарды білуге сүйене отырып, адам қоршаған ортаға қажетілігі мен керегін қанағаттандыру үшін өзгереді және бейімдейді. Демек, сана,- бейнелеудің белсенді танымдық және өзгертуші түрі.

Бір уақытта еңбектегі қажеттілікті дамыту және өзара ұжымдық еңбктің қарым- қатынасында тіл пайда болады. Тіл- адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы. Тіл мен сөйлеу адамдардың ұжымдық еңбек үрдісінде және бірлескен өмірінде бір-бірне қатынасы еңбек іс-әрекетінде бір-бірімен ой бөлісу, сезімін білдіру қажеттілігенен пайда болды.

Тіл мен сөйлеу еңбек үрдісінде, адамның одан әрі миын дамыту және санасын қалыптстыруда шешуші роль атқарды. Адам миы мен адам санасының одан әрі қалыптасуы тарихи өзгерістерге ұшыраған өмір жағдайларының әсерінен болды. Адамның кез-келген еңбегінің қоғамдық- тарихи мәні бар, сана оның жемісі ретінде қоғамдық- тарихи сана болып табылады.

Адамзат қоғамының тарихи көрсеткендей, сана, ой, сезім әртүрлі кезеңде әртүрлі сипатқа ие болды.


5-лекция.

Тақырыбы: Психикалық таным процестері.

Жоспары:

1.Таным процесі. Танымдық іс- әрекет. Психикалық таным процестері.

2. Түсінік, түйсіну туралы ұғым. Түйсінудің түрлері.

3. Ес туралы ұғым. Жеке тұлғаның есі және іс- әрекеті

4. Ақыл- ой, Қиял, Зейін туралы ұғымдар, түрлері мен қасиеттері.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Маленкова Л.И. Воспитание в современной школе: Книга для учителя- воспитателя. М, 1999.

  2. Мудрик А.В. Социальная педагогика. М, 1999.

  3. Муканова Б.И.Педагогическое руководство формированием социальной активности подростков. Алма- Ата, 1990.

  4. Немов Р.С. Психология. Учеб. Пособие для студентов Высш. Пед. Учеб. Заведений. В. – Кн. Общие основы психологии.2- е изд. – М, 1995.

Лекция мәтіні.

Түйсік- материялдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің бізідің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну-дегеніміз- дүниені танып білудегі бейнелеу процессінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды. Ол біздің айналамызда, ішкі жан дүниемзде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процес. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік- сыртқы әсердің сана фактіссіне айналуы, обьективтік дүниенің субьективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдағы- осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де дамға осы баспалдақ арқылы жетеді.

Адамның дүние шындығы мен болмысын танып білуі- диалектикалық жолмен дамитын аса күрделі процесс. Түйсік, қабылдау, елес бейнелері адамның “ нақты пайымдау ” не “ тікелей таным процессі” деп аталатын дүниетанымдық сатысына жатады. Мұндай таным процесстері сыртқы заттар мен құбылыстардың біздің сезім мүшелерімізге тікелей әсер етуінен пайда болып, шындықты, ақиқатты бейнелеудің сезімдік сатысы делінеді. Түйсік- тікелей танымдық процесс. Адамның дүниені танып білуінің жоғары сатысына жататын процесстер – ойлау, қиял-ес, те түйсікке сүйене отырып дамиды.

Түйсік қарапайым психикалық процесс деп аталғанымен, ол- адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнеленуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процессі бірінші сигнал жүйесінің қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік бейнелеу түрлері- түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес. Егер сезімдік процесстер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процесстері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады. Дүниетанудың, жлпы таным процессінің жоғары сатысы- абстрактылы-теориялық ойлау. Ол- тек адамға ғана тән қасиет. Абстрактылы- теориялық ойлау сезімдік танымға негізделіп, өзі танып білген бейнелердің мән мазмұнын еңбектену процессіндегі іс-әрекеттері мен ұштастырады. Бұл жайт адамның танымдық процессінің сезімдік танып білуден абстрактылы ойға, адан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі қайталанып дамып отыратындығы көрсетеді.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қаатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдар мен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер ( кітп және ұнқағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі- адамзат қоғамының қоғамдық- тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, һөзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу- бұл адамның белгілі бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой- өрісін кеңейтуге, адамды терең білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады. Жан-жақты, ауқымды тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады.


6- лекция

Тақырыбы: Балалардың жас мөлшері мен дербес ерекшеліктерін оқу- тәрбие процесінде ескерілуі.

Жоспары:

1. Мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдері. Бастауыш, жасөспірім, жоғары сынып кезеңдері.

2.Әр- бір кезеңдегі балалардың ерекшелігі мен дамуы.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Гамезо М. В. Домашенко И.А. Атлас по психологии: Учеб. Пособие для студентов пед. Ин- тов. М, 1986.

  2. Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию: Курс лекций. – М, 1996.

  3. Деятельность: теории, методология, проблемы.- М, 1990.

  4. Дидактика средней школы / ред. М.

Лекция мәтіні.

Бастауыш сынып жасындағы балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Оқыту және тәрбие беру ісінде осы принципті мұғалім әр уақытта басшылыққа алады. Балалардың жас ерекшеліктеріні сай мектептің ішкі тәртіп ережелері, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары және тәрбие жұмысының бағдарламасы жасалынады. Осылардың негізінде мектептегі оқу және тәрбие жұмысының мазмұны, формалары мен әдістеріоқушылардың жас ерекшеліктеріне сай іс жүзінде асырылады.

Бастуыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2 – 2,7 кг. өседі. Алты жастан он екі жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есеге артады, бала миының көлемі ұлғаяды, нерв жүйесінің жетілуі жалғасады.

Оқу мен тәрбие жұмыстарының барысында балалардың жас кезеңдерін еске алу қажетті шарттардың бірі.

Соңғы жылдардың ішінде бүкіл дүние жүзінің ғалымдары жас кезеңі проблемасына аса зор көңіл бөлуде. Бұл проблема жөнінде зерттеу мәліметтері әлі де болса біріңғай көзқарастың жоқ екендігін көрсетті. Жас кезеңдерінің шекарасын ажырату толық зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе жөнінде әдебиет беттерінде бірнеше талас пікірлер жазылып жүр. Мысалы, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша жас кезеңінің негізгі жыныс бездерінің жетілуіне, дененің қарқынды өсуіне байланысты, ал кейбіреулер адам жасын тіс аттарына қарап топтастырады.

Кейбір психологтар мен физиологтардың, әсіресе шетел ғалымдарының пікірлері бойынша балалардың жас ерекшеліктерін организмдегі қайсы бір мәңгі және өзгермейтін қасиеттермен анықтауға болатын сияқты. Бұл қасиеттерді балалардың табиғатына тән, олардың өмірі мен тәрбиесіне тәуелді емес деп түсіндіреді. Олар белгілі жас кезеңдерінде болып отыратын бойдың өсуін, дене салмағының артуын, жыныс мүшесінің жетілуін, яғни дамудың заңдылығын осылай дүниеәлелдегісі келеді. Бірақ ол балалардың психикалық дамуына байланысты жас кезеңдерінің жылжымалы шекарасын еске алмайды.

Біздің елдің ғылымдары – педагогтары балаларды тәрбие және білім беретін мекемелердің типтері бойынша жас кезеңдеріне бөледі. Мысалы, ясли жасындағы балалар, мектеп жасына дейінгі балалар, мектеп жасындғы балалар т.б. Балаларды осылай сатыға бөлу, практикада үйреншікті ұғымға айналған. Бірақ бұл ұғым да әлі ғылым негізінде толық дәлелденбеген.

1965 жылы сәуір айында Мәскеу қаласында бүкіл дүние жүзілік симпозум болды. Симпозиум жұмысына КСРО, Англия, Болгария, Польша, Чехословакия және Швеция елдерінің белгілі ғалымдары қатысты. Бірнеше күнге созылған жемісті талас пікірлерден кейін жас кезеңдерін бір ізге салу мақсатымен симпозиум шамамен 12 сатыдан тұратын схема ұсынды.

1. Жаңа туған бала 1күннен 10 күнге дейін

2. Емшек жасындағы бала 10 күннен 1 жасқа дейін

3. Ерте балалық шақ 1 жастан 3 жасқа дейін

4. Бірінші балалық шақ 4 жастан 7 жасқа дейін

5. Екінші балалық шақ 8 жастан 12 жасқа дейін (ер балалар)

8 жастан 11 жасқа дейін (қыз балалар)

6. Жеткіншектік жас 13 - тен 16 жасқа дейін (ер балалар)

12- ден 15 жасқа дейін (қыз балалар)


7. Жасөспірімдік шақ 17 – ден 21 жасқа дейін (ер балалар)

16 – дан 20 жасқа дейін (қыз балалар)

8. Кәмелеттік жастың бірінші кезеңі 22 – ден 35 жасқа дейін (ерлер)

21 – ден 35 жасқа дейін (әйелдер)

9. Кәмелеттік жастың екінші кезеңі 36 – дан 60 жасқа дейін (ерлер)

36 – дан 50 жасқа дейін (әйелдер)

10. Кексе жас 60 – дан 74 – ке дейін (ерлер)

56 – дан 74 – ке дейін (әйелдер)

11. Қарттық жас 75 – тен 90 – ға дейін

12. Ұзақ жасау 90 жас және одан жоғарылар.

Соңғы жылдары симпозиумда қабылданаған жас кезеңдерінің схемасына, яғни туған баладан бастап жасөспірімдік шаққа дейін өзгерістер кіреді. Олар жеті сатыдан тұрады.

1. Жаңа туғавн бала (туған сәттен 1 – 2айға дейін).

2. Нәрестелік шақ ( 1- 2 айдан 1 жылға дейін).

3. Ерте сәбилік шақ (1 жастан 3 жасқа дейін).

4. Мектепке дейінгі балалық шақ ( 4 жастан 7 жасқа дейін).

5. Бастауыш мектеп шағы (7 жастан 11 – 12 жасқа дейін).

6. Жеткіншектік шақ (11 – 12 жастан 14 – 15 жасқа дейін).

7. Жасөспіроімдік жас (14 – 15 жастан 17 жасқа дейін).

Мектепек балаларды алты жастан бастап қабылдауға байланысты төрт , бес, алты және жеті сатылардағы жас кезеңдері өзгереді. Осы жас кезеңдерінің әр бір жанұямен, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелері және мектептер басшылыққа алады. Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары. Мектепке дейінгі балалық шақ, бастауыш мектеп шағы, жеткіншектік және жасөспірімдік шақ кезеңдерінде балалардың өсу, даму және тәрбие барысынды болатын кейбір өзгешеліктері мен ерекшеліктерін еске ала отырып, мектеп және жанұя олардың іс - әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру тиіс.

Мектепке дейінгі балалық шақта балалардың сүйектері қатайып, бұлшық еттері өседі, дамиды. Бойы 90 сантиметрден 114 снтиметрге дейін өседі де, слмағы 14 килограмнан 22 килогамға дейін артады. Бұл кезде балалар күнгделікті тұрмысқа байланысты жеңіл еңбекке қатысады. Олардың сүйек, бұлшық ет жүйесі ұзақ уақытта еңбекті көтермейді. Сондықтан ата – аналар балалардың күш – қуатын еске алып, еңбек тәрбиесінің түрлеріне бірте – бірте үйрету тәсілдері арқылы жаттықтыруы қажет.

Бұл жастағы балалр ертегі немесе өлеңмен жазылған қысқа әңгімелерді тыңдауға, айтып беруге өте құштар болады. Негізгі іс - әрекеті ойын. Ойынның барысында баланың қабілеті айқын көрінеді. Бірінші сыныпқа келіп түскен балада кейбір ұнамды қасиеттердің бар екендігін мұғалімде, ата – аналардың өздері де сезе бастайды. Ол қасиеттер баланың оқуға ынталы, сөз қоры мен тіл дамуының дүниеәрежесі, табиғат және адамдар жөніндегі бірсыпыра мәліметтерді білу, дененің жетілуі т.б.



Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер бапйқалады. Олардың бұлшықеттері күші ртады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарықшарының функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантиметрге дейін өседі, салмағы 32 – 35 кг. Шамасында болады. Бұл жастығы балалардың іс - әрекеті - оқу. Осы оқу арқылы олардың таным процесі дамиды. Н.К.Крупская және А.С Макаренко 7 – 12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды ереітілікке-, ұйымшылдыққа, батылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесіне үшін әрекет жаауға тәрбиелейді.

Бұл жастағы балалар үшін еңбектің тәрбиелік мәні өте зор. Балаларды бірте – бірте еңбекке баулу, жанұя, ұжым және қоғамға пайдалы еңбектің (үй шаруашылығына қатысу, сынып бөлмесін жинау, сая бақта бақша өсіру, үй жанындағы бау -бақша учаскесінде, мектеп тәжірибе учаскесінде, спорт алаңында жұмыс істеу т.б түрлерін істей білуге үйрету қажет) 7 –12 жастағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінің барысында еске алынғаны жөн.

Тәрбие процесінде балалардың кейбір теріс қылықтарын байқауға болады. Мысалы, өзімшілдік, біреудің жақсы әдеттері мен істерін көре алмаушылық, түрлі болымсыз себептерді сылтау етіп үй тапсырмаын орындаудан қашушылық т.б. балалардың мұндай теріс қылықтарына жол бермеу, тәрбиешілердің, ата – аналардың беделіне, біліміне, өмір тәжірибесіне байланысты.

Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың мынандай ерекшеліктерін еске алған жөн: сөзбен істің сәйкесті болуын талап етеді; жөнсіз кінәлаудың жеркену сезімі туады; үлкен адапмдардың жібергшен қателерін тез байқайды; арманшыл, қиялшыл болады; ұйымшыл келеді; сенімді серік іздейді; өз мүмкіндіктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарында өте ықыласты болады т.б.

Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылдайды, зерттейді, тиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата – аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.

Жеткіншектік шақта балалардың бойының ұзындығы 134 – 155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшықеттері жетіліп дене қаңқасында сүйектену процесі жүреді.Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немесе қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес. Н.К. Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетеді.

Жасөспірімділік шақта жастардың организмі – қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшықеттері мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды. Бұл кезеңде жастар Отан, қоғамалдында тұрған әлеуметтік – саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамандығын санылы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамндыққа ықыласының бірте – бірте қалыптасуы түрлі іс - әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет