Лекция: 30 сағат Практикалық семинар: 15 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат



бет8/12
Дата09.06.2016
өлшемі1.3 Mb.
#125401
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А.Амоношвилиді–бастауыш сынып оқушыларын эксперименталды оқыту-жаңашалап атау керек. Ш.А.Амоношвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын, жеке тұлғалық бабын табу бағытын, тіл мен математиканы, есепті оқытудың бір реттілік әдістемесі кµрнекті. Оның педагогикалық іс–әрекетінің өзіндік қорытындысы, “О начальной ступени образования, построенного на принципах гуманноличностной педагогики” деген еңбегінде баяндалған.

Академик М.П.Иванов–коммунарлық тәрбие әдістемесінің, коллективтік істің әдістемесінің авторы- қазіргі жағдайда А.С.Маренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл–педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік колективтік еңбек ісінің ерекшелігі–ол тұлғаның субъктивтік позициясы.

Санкт–Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н.Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік–этикалық курс ретінде берудің, жүргізудің бірегейлі, соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектесті. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып, жасөспірімге өз күшін тексеруге, оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін дамытуѓа, гуманизмнен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н.Ильиннің әдебиет сабақтары–ол жай жұмыс емес кестедегі сағат емес.

СССР халық мұғалімі В.Ф.Шаталов дәстүрлі сынып–сабақ тәсілімен оқытудың әлі де болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың интенсивтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс–әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға , дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілік сезімін, өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.

Жаңашыл–педагог И.П.Волков творчестволық дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырады, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс іс–әрекетін еркін таңдап алу негізінде бірізді қалыптасады.

Қ.О.Бітібаева (¤скемен ) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы-ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Олар әдебиетті, Қ.О.Бітібаеваның ойлауынша, даналық сабағын аттап өте алмайды.

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық құнды іс–әрекеттің субьектісі ретінде бағалайды.

Жаңашыл педагог Н.А.Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыққа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген.Н.А.Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуын табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс–әрекет арқылы болатын танымдық күшін жан –жақты үдету арқылы жасайды.

“Преемственность ” бағдарламасының авторы В.Н. Зайцев бастауыш мектептегі жалпы оқу біліктерін дамыту технологиясын негіздеді. Бұл технологияның негізінде –дигностика және өзін–өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен денгейді тұрақты қолдау жатыр.

Қазіргі замандағы білім беру технологиялары компьютерлік оқыту (жаңа информатиктік ) технологиясы жатады.

Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар информациялық технологиялар, алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.

Дистанциондық білім беру жүйесі университетердің ғылымижәне білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін толқ қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.

Дистанциондық білім беру (Д.Б.б) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әр түрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.

Біздің республикамызда 1998 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа білім беру министрлігі бекіткен “Республикалық иесі аталған мектептердің ережелері ” негізінде ашылды. Олар СССР халық мұғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнермектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш сыныптарыныњ мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі. Республикалық иесі аталған мекептердің мақсаты тұлғаның өзін –өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың бірегейлі және тиімді “технологиясын” іздеуге қолдану жасау болады.



30-лекция.

Тақырыбы: Оқушының ақыл- ой мүмкіншіліктернің диагностикасының әдіснамасы.

Жоспары:

1.Өзін- өзі бағалау негізіндегі тұлғалық қасиеттерді айқындау әдіснамасы.

2.Психикалық қасиеттерді бағалау әдіснамалары.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Ананьев Б.Г. О проблемах современного человекознания. – М, 1996.

  2. Асмолов А.Г. Психоолгия личности.- М, 1990.

  3. Бабанский Ю.К. Проблемы повышения эффективности педагогических исследований. М, 1982.

  4. Басов М. Я. Методика психологических наблюдений над детьми/ Избранные психологические произведения/ Под ред. В.Н. Мясищева и В.С. Мерлина. – М. 1975.

  5. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возросте. М, 1971.

Лекция мәтіні.

I.Оқушының аты- жөні , туған жылы , денсаулығы, отбасындағы тұрмыс – тіршілігі, үлкендермен қарым – қатынасы, отбасы тәрбиесіндегі негізгі бағыттың дұрыстығы.



II.Мектепке қатынасы және оқушылар ұжымымне өзара қарым – қатынасы :

            1. Сыныпқа жалпы мінездеме ( оқушылардың жетілуі, тәрбиелігі, дәстүрлер мен сынып ұжымына талап деңгейі т. б.)

            2. Ұжымдағы жағдайы ( беделі , жауапкершілігі, көрінісі )

            3. Сыныпқа қатынасы ( оны жақсы, немқұрайды немесе жек көреді, ұжым пікірін бағалауы, кіммен дос және неге негізделген, балалармне жиі ренжісе ме, болса оның себебі неде?)

            4. Ұжымдағы өзінің жағдайына қанағаттама , немесе қандай жағдайда болғысы келеді?

            5. Мектепте болған кезін бағалайма, ондай жағдайда негізінен ненібағалайды?

            6. Тәрбиешілер мен мұғалімдерге қатынасы (оларды жақсы көре ме, сыйлай ма, олармен қарым – қатынас жасай ма ? т.б)

Оқу әрекеті.

              1. Үлгерімі, пәндерге ықыласы мен қызығушылығы, білім деңгейі.

              2. Ой -өрісі , көп оқығандығы.

              3. Тіл байлығы (көркем сөйлеуі , сөз қоры, өз ойын жеткізе білуі)

              4. Оқуға қатынасы мен білімге қызығушылығы ( ынтасы , қай пәнге қыласы жоғары, бағаға көз қарасы, оқу әрекетінің негізгі түрткісі т.б.)

              5. Оқу қабілеті :




  • зейін ерекшелігі ( зейіннің ырықты даму дәрежесі, оның шоғырлануы, тұрақтылығы , бөлінуі)

  • оқу материалын ұғынып, байыптап, саналық пен қабылдауы.

  • есте сақтаудың дәрежесі мен сипаты (түсінбей , ықтиярсыз немесе ұғынып , саналы жаттап алу, ықтиярлы есте сақтаудың т.б. жеке –дара ерекшеліктері)

  • ойдың дамуы (құбылыс пен заттың негізгі және қосалқы көрінісін айыра білуі, шешімнің жолдарын тез арада таба алуы)

  • қиялдың дамуы (әр түрлі оқу -әрекетіндегі қиялдың шығармашылық қайта жасау бейнелерінің көрінісі)

6. Оқу әрекетіндегі ынта – жігері.

Еңбек әрекеті


                1. Еңбеке қатысы ( ыждағатты, ыждағатсыз көңіл бөлуі, өз пайдасы үшін ынтығама? Еңбек етуге құштарлығы жәнет оны нақты не нәрсе қызықтырады т.б)

                2. Еңбек дағдысымен шеберлігін меңгеруі

                3. Еңбек процесіндегі жауапкершілігімен тәртібі

                4. Ұзақ еңбек дағдысына машықтануы

                5. Еңбек әрекетінің түрін қалауы.



Жеке бастың бағыты және арнайы қабілеті

                  1. Қызығушылығы (не нәрсеге қызығады, бәрін көрсету)

                  2. Сенімі, арманы. Мінезінде асқақтық байқала ма?

                  3. Қайсыбір әрекетінде қабілеті ерекше ( ән күйге, сурет салуға т.б)

                  4. Нені армандайды және келешекте не істеуге ниет етіп жүр


Тәртібі

  1. Мінез – құлқына сипаттама (өзін байсалды, ұстамды ұстай ала ма, немесе артық қимыл көрсетеді ме?)

  2. Мектеп ережесін орындауы (тәртіпті сақтайды, әдейілеп немесе байқамай бұзады, т.б.)

  3. Үлкендердің талабын орындауы шын ниетпен немесе зорлықпен: оларды орандауда жиі қарсылық көрсетеді ме, атап айтқанда олар қандай. (Тәртіп бұзу түрін көрсету)


Темпераменті мен мінезіндегі ерекшеліктері

1. Мінезіндегі оң және теріс қасиеттері:




  • Адамдарға, оқуға, еңбекке, тіпті өзіне бағытталған мінезіндегі ерекшеліктері;

  • Қайырымдылығы, кішіпейілділігі, ұжымшылдығы, өзімшілдігі, жауапкершілігі, қарапайымдылығы, тәкәппарлығы, ұстамдығы, дөрекілігі, қызбалылығы, қызғаншақтығы, күйгелектігі, сылбырлылығы, мемендігі;

  • Мінезіндегі жігер келбеті ( қайсарлығы, дербестігі, қиқарлығы, тез иланғыштығы);
2. Темперамент ерекшелігінің көрінісі (әсерлену, қызығушылық өрісі, еңбек қорлығы, алғырлығы, ептілігі, ширақтығы, көпшілдігі)

3. Көңіл – күй көтеріңкілігі (ақжарқын, көңілді, солғын, жабырқаңғы т.б.) Көңіл – күйінің өзгеруіне қандай жағдай әсер етеді.

Жалпы психологиялық – педагогикалық қорытынды.

  1. Оқушының жеке басының қалыптасуындағы негізгі жетістік пен кемшіліктер, оның ақыл – ой деңгейінің дамуын (төмен, орташа, жоғары) және адамгершілік тәрбиесінің сапасын анықтау)

  2. Мұғалімнің алдында тұрған негізгі психолгиялық – педагогикалық міндеттерді және келешекте оқушылармен актқарылатын тәрбие жұмыстарының бағыттарын анықтау.

2. Оқушының жеке тұлғасының психологиялық мінездемесін анықтайтын бағдар.

Бағдар кесте оқытушының уақытын үнемдеу арқылы оқушының толық психологиялық мінездемесін айқындайды. Психологиялық педагогикалық мінездемені құрастыруда оқу жұмысының түрі ретінде ғана қарамай, оны сынып жетекшсінің міндеттерінің бірі деп қарау керек.

Педагог тәрбиеші өзінің сынып оқушыларының әр қайсысына дара ерекшеліктерін аша білуі керек. Сыныппен жұмыс жасау мерзіімі аралығында оқушылардың қызығушылығын, білімдігін, іс -әрекетке көзқарасын, қоғамдық келбетін, үлгермеушілігі мен, қызбалылығының себептерін анықтап, әрі қарай әсер ету жолдарын белгілейді.

Кесте үш бөлімнен тұрады:


  1. бала туралы жалпы мәлімет (сауалнамалық мағлұмат: баланың денсаулығы, сабақ үлгерімі, сабақтан тыс шұғылданатын іс - әрекет туралы берілуі керек)

  2. баланың мінез –құлқында өзіне тән қасиеттердің айқындалуы

  3. психикалық құбылыспен эмоциядағы ерекшеліктер.

Кестені толтыру, “керек жерлердің астын сызу” түріндегі әдіспен орындалады. Яғни оқытушы оқушының бойындағы қасиеттерін ашу мәніне сәйкес келетін бөлімдердің астын сызуы керек.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі
«Сырдария » университеті

“Гуманитарлық білім” факультеті.

“Педагогика және психология” кафедрасы.

“Педагогика және психология” пәні бойынша «Биология” мамандықтарының студенттері үшін.


Семинар сабақтары.

Жетісай – 2007 ж


Семинар сабақтары.




Практикалық сабақтың тақырыбы, жоспары.


Сағат саны

Әдебиеттер

1

Педагогикалық процесс білім берудің ағартушылық, тәрбиелік және дамыту функциясы.

  1. Білім берудің ағартушылық функциясы.

  2. Білім берудің тәрбиелік функциясы.

Білім берудің дамыту функциясы.

1

№ 5 10-12бет

№2 22-24 бет



2

Тұтас педагогикалық процестің мәні, мазмұны.

  1. Педагогикалық процестің мәні, мазмұны.

2.Педагогикалық процестің әдістері, құралдары.

1

№1 16-17 бет

№4 23-24 бет



3

Педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың жалпы формалары.

  1. Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру түрлері.

Педагогикалық жұмысты ұйымдастыру формалары.

1

№1 36-37 бет

№10 12-13 бет



4

Қазіргі кездегі білім беру жүйесі.

  1. Білім беру жүйесі туралы түсінік.

Білім беру жүйесінің құрлымы.

2

№13 5-6 бет

№6 10-12 бет



5

Оқыту әдістері мен құралдары. Оқыту әдістемесіне сипаттама. Оқытуды ұйымдастыру мен басқару.

1.Оқыту әдістерінің жіктелуі.

2. Оқыту құралдары.

1

№12 32 бет

№1 45 бет



6

Мектеп жұмысын жоспарлау.

1.Мектептегі педагогикалық және әдістемелік жұмыс түрлері.

2.Мектепішілік бақылау формалары

1

№15 39-46 бет

№5 28 бет



7

Сабақ оқытудың негізгі формасы ретінде.

1.Оқытудың негізгі формасы- сабақ.

2. Оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі формалары.

1

№14 6-7 бет

№2 45 бет



8

Әлеуметтендіру- жеке тұлғаны тәрбиелеу.

  1. Жеке тұлғаның әлеуметтенуі.

Әлеуметтік орта және жеке тұлға.

1

№13 2-5 бет

№3 35-37 бет



9

Тәрбие теориясы . Тәрбиенің теориялық негіздері. Тәрбие түрлері. Отбасы тәрбие ошағы.

  1. Тәрбиенің теориялық негіздері.

  2. Жеке тұлғаны жан- жақты қалыптастырып дамытудағы тәрбиенің түрлері.

отбасы тәрбиенің маңызы мен міндеттері.

1

№ 5 10-12бет

№2 22-24 бет



10

Кәсіби қарым- қатынас мәдениеті.

  1. Кәсіптік баулу маңызы мен міндеттері.

Кәсіптік баулудағы қарым- қатынас мәдениеті.

1

№1 16-17 бет

№4 23-24 бет



11

Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуы.

1.жеке тұлғаның қалыптасып дамуына ықпал ететін факторлар.

2. жеке тұлғаның қалыптасып дамуында жас және дербес ерекшеліктерді ескеру.

1

№1 36-37 бет

№10 12-13 бет



12

ҚР-ғы білім даму перспективасы мен негізгі тенденциялары.Білім беру жүйесіндегі инновациялар.

  1. ҚР-ғы білім даму перспективасы.

Инновациялар туралы түсінік.

1

№13 5-6 бет

№6 10-12 бет



13

Психика және сана. Сана құрлымы. Мінез- құлық және іс- әрекет.негізгі психикалық процестердің байланысы.

1.Психика, оның құрлымы.

2.Мінез- құлық оның қалыптасуы ,түрлері.

3. Тұлға психологиясы.

1

№12 32 бет

№1 45 бет



14

Оқушылар ұжымындағы тұлғалар арасындағы қатынастар. Тұлғаның ұжымда дамуы.

1.Ұжым ,белгілері, даму сатылары, перспективалары.

2. Тұлағның дамуынадағы ұжымның ролі.

1

№15 39-46 бет

№5 28 бет



15

Сынып жетекшісінің ең маңызды қызметтері негізгі міндеттері. Сынып жетекшісінің жұмысындағы оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру.

  1. Сынып жетекшісінің қызмет ерекшелігі, міндеттері.

Оқушылар тұлғасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің ролі.

1

№12 32 бет

№1 45 бет









15





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет