Лекция 24.
Тақырыбы: Соѓыстан кейінгі кезењдегі (1945-1955 ж.ж) Ќазаќстанныњ тарих ѓылымы.
Жоспары:
-
Соѓыстан кейінгі кезењде тарих жµніндегі мерзімді басылымдар.
-
Идеологиялыќ жаѓдайлардыњ шиеленісуі.
-
Ќудалау шараларыныњ к‰шеюі. Е. Бекмаѓановтыњ ісі.
-
1945-55 жылдардыњ тарихнамасыныњ басты µзгешеліктері жєне тарихи фактілермен жаба деректерді т‰сіндірудегі ерекшеліктері.
Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:
Негізгі
1.Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
2.Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
3.Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
4.К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
5.А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
1.Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.
2.Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.
3.Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.
4.Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.
Лекцияныњ мєтіні:
XX ғасырдың 50-жылдарынан бастап, әсіресе американ тарихшылары мен этнографтарының зерттеулерінде номадтар коғамына көшпелілердің коғамдық ұйымы мен олардың өндіріс жүйесі, күнделікті турмысы мен мөдениеті біртұтас дүние ретінде көрінетін күрделі өлеуметтік қүбылыс деген көзкарас басым бола бастады. Осыны негізге ала отырып Э. Бэкон, оның ізінше Л. Крадер кешпелі коғамды зерттеуге кешенді түрде карау қажеттігін үғынып, оған дәстүрлі казак номадизмін өзек етіп алды. Бүл орайда Э. Бэкон қазақтардын көшпелі қоғамы тарихын мәдениет тарихы ретінде қарастырды, ал Л. Крадер өзінің назарын көшпелілердің экологияға, сондай-ақмонғол-түрік халыктарының әлеуметтік үйымдасуына, олардағы этногенездік үрдістер мен мемлекеттіліктін калыптасуына байланысты проблемаларды жан-жақты зерттеуге шоғырландырды.
Э. Бэконның «Орыстар билігіндегі ортаазиялықхалықтар: мәдени өзгерістерді зерттеу» деген кітабында казак отбасының ұйымдастырылу сипатына, мұрагерлік жөне мүліктік кұкығына және т.б. қатысты мөселелер козғалады. Олтұрғын үй үлгісінің, азык-түліктің, ернекті әшекейдін, жиһаз сипаттары мен басқа да мәдениет күбылыстарының көшпелі тұрмыс салтына байланысты екенін атап өтеді.
Л. Крадердің «Монғол-түрік көшпелілерінің әлеуметтік ұйымы» деген монографиясы туыстас халықтардағы номадизм проблемаларын салыстыра отырып зерттеуге негізделген. Автор онда түрік-монғол халықтарының рулык катынастар құрылымындағы ортактық пен айырмашылықты, мөдени өзара байланыстарды, коғамдык катынастарды бөліп көрсетуге әрекетжасайды. «Зерттеудің негізгі міндеті... кешпелі қоғамдардың нақты бір принциптерге бағындырылған белгілі бір әлеуметтік және саяси ұйымының калай, қандай экономикалық жөне экологиялық аймақтарда дамығанын көрсету».
Э. Бэкон мен Л. Крадердін, методологиялық көзкарастары туралы айтылғандар оларды 1950—60 жылдарға карай кешпелі шаруашылық-мәдени үлгінің этноинтеграциялық кызметі туралы идеяға жақын келді деген түжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол былай тұрсын, Л. Крадер казак, халкы мен көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын баска да түрік халықтары этногенезінің етене байланысын аздап көмескі болса да түсінген.
1957 жылы «Қазақ ССР тарихының» жаңа екі томдық басылымының бірінші томы шыкгы. Онда XIII—XVII ғасырлар тарихына: Қазақстан монғ-ол үстемдігі кезеңінде; Қазақ халқы мен қазақ хандықгарының қүрылуы; Қазақстанның XV—XVII ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық қатынастары мен саяси құрьшысы; XV—XVII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті деген төрт тарау берілген. Соңғы орта ғасырлар кезіндегі Қазақстан тарихы-ның бұл негізгі проблемалары бойынша авторлар ұжымы ішінде көрнекті ғалымдар: Н. Г. Аполлова, М. 0. Әуезов, Г. Ф. Дахшлейгер, Ә. X. Марғүлан, В. Ф. Шахматов және басқалар болды
Көшпелілердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың феодалдық сипаты туралы пікір кеңестік тарихнамада 30—50-жылдары орнықты. Зерттеушілердегі пікір алалықтары көшпелілердегі феодалдық қатынас-тардың базистік негіздерін, көшпелі мал шаруашылығы үлгісіндегі ең басты.өндіріс құралдарын бағалауға ғана қатысты болды. Пікір алалықтары мен дау-дамайлар 50-жылдардың ортасында қазақтың көшпелі мал шару-ашылығы жағдайларындағы патриархаттық-феодалдық қатынастардың мәні мен ерекшелігі жайында ғана болды. Пікірсайыс барысында екі көзқарас аңғарылды. Бір зерттеушілер көшпелі мал шаруашылығы жағдайында негізгі ендіріс қүралы мал болды, ал жер небәрі өндіріс жағдайы болған деп санады. Негізгі өндірушіні, қатардағы көшпеліні қанау малды меншіктену негізінде жүзеге асырылды. Жер қауымдасып пайдаланылды, ал жерге жекеменшік көшпелілер отырықшылыққа көшкеннен кейін ғана пайда болды.
КСРО Ғылым академиясы мен Орта Азия және Қазақстан одақгас республикалары академияларының 1954 жылы Ташкентте өткен Біріккен ғылыми сессиясында пікірсайыстың қорытындылары шығарылды. Жалпы алғанда көшпелі тайпалар мен халықтар адамзаттың тарихи дамуының жалпы арна-сында жүріп етіп, өз эволюциясында таптық қатынастарға жетті деген тұжырым қабылданды. Пікірсайыста ХV ғасырлардағы қазақ қоғамының формациялық деңгейін патриархатгық феодаддық қоғам деген баға орнықгы. «Қазақ ССР тарихында» (1957 жылы шығарылған) да осы баға көрініс тапты.
Лекция 25.
Тақырыбы: 50 ж. екінші жартысы-60 жылдарындаѓы Ќазаќстанда тарих ѓылымыныњ дамуы.
Жоспары:
-
Тарих ѓылымыныњ негізгі баѓыттары, ерекшеліктер мен мєселелері.
-
Тарихи жєне ќоѓамдыќ ѓылымдарды дамытудаѓы компартияныњ жетекшілігі.
-
Ѓылыми-зерттеу мекемелерімен жоѓарѓы оќу орындары ж‰йесініњ дамуы мен ныѓаюы
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
2. М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.
3. М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы А., 1995 ж.
4.М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана Уроки истории. А.,1990 г.
Қосымша:
5.Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.
6. Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.
7. Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж.
Лекцияныњ мєтіні:
50-жылдары жазбаша деректемелер базасын кеңейту, шығыстанушы кадрларды даярлау проблемасы алға қойылды. Қазақ КСР Ғылым академиясын-да шығыстану секторы құрылып, ол кейіннен Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының шетелдік Шығыстың шектес елдері тарихы бөлімі етіп қайта құрылды. Кейініректе шығыстанушылар тобы осы Институттың ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы бөліміне шоғырландырылды. С. К. ИбрагамовҚазакотаншығыстанушылары-нан шығыс деректерінтауып, аударуға алғашқылардың бірі болып кірісті. Ол соңғы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы женівдегі негізгі деректемелерді — парсы және түрік еңбектерін анықтап, жариялау мен зерттеуге зор үлес қосты. С. К. Ибрагимов шығыстың, негізінен Орта Азия авторларының (Масуд бен Осман Кухистанидің, Фазлаллах Ибн Рузбихан Исфаханидің, Камал ад-дин Бинаидің және басқаларының) XV—XVI ғасырлардағы Қазақстанның этникалық, саяси және әлеуметтік-экономикалықтарихы женінде едәуір көп нақты мәліметтер бар шығармаларын тауып, олардың үзінділерін тарихтану-шылық щолулар мен мақалаларда жариялады.
60-жылдардың басында КСРО Ғьшым академиясы Шығыстану институты Ленинград бөлімшесінің жәрдемдесуімен Қазақ КСР Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтында XV—XVIII ғасырлардағы қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі шығыс деректемелерінен алынған материал жинағын жасау жұмысы басталды. С. К. Ибрагимов басылымның жоспарын және оған арнап Мас'уд бен Усман Кухистани шығармасы мен Би-наи қолжазбасы мәтіні бір бөлігінің аудармасын дайындады. Жұмысты В. П. Юдиннің жалпы басшылығымен және ленинградтық шығыстанушылар О. Ф. Акимушкин мен М. А. Салахетдинованың қатысуымен жинақты қүрастырушылар тобы (Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин) жалғастырып, ол 60-жылдардың аяғында аяқталды. Жинаққа қазақ хандықтарының тарихы жөніндегі негізгі түпнүсқа деректемелерінен — XV—XVIII ғасырлардағы пар-сы және түркі тілдес шығармалардан: «Таварихи гузида-йи нусрат-наме», «Фатх-наме», «ПІайбани-наме», «Тарихи Абулхайр-хани», «Тарихи Рашиди», «Тарихи Кыпчаки», «Бахр әл-асрар фи манакиб әл-ахйар» және басқаларынан орыс тіліне аударылған үзінділер енген. Нарративтік шығармалардан және хандар мен діни адамдардың ғұмырнамаларынан, тарихи оқиғалардың хроникалары мен сарай маңындағы әдебиетшілердің мемуарларынан басқа, жинаққа Сығанақтан вақфтықтерт қүжат енгізілген.
Кейінгі жылдарда Қазақстан медиевистикасьшың деректемелік базасы орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының нақты мәселелерін талдап шешкен зерттеушілер күшжігерімен де, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жұмыс істейтін белгілі шығыстанушылардың еңбектерімен де көтеріле түсті.
КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институты мен Қырғыз КСР Ғылым академиясының Тарих институты В. А. Ромодиннің редакциясымен басып шығарған X—XIX ғасырлардағы араб, парсы және түрік тарихи және географиялық шығармаларынан алынған, қырғыздар мен Қырғызстан тарихы женінде мәліметтер бар үзінділер аудармасының жинағы Қазақстан тарихын зерттеу үшін бағалы болып табылады. XIV—XVI ғасырлардағы парсы деректемелерінен — Низам ад-дин Шами, Шараф аддин Йазди, Му'ин аддин Натанзи және Абд ар-Раззақ Самарқанди шығармаларынан келтірілген үзінділер Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан аумағындағы XIV—XV ғасырлар шебіндегі саяси тарихты зерттеу үшін елеулі материал береді.
Лекция 26.
Тақырыбы: 50 ж. екінші жартысы-60 жылдарындаѓы Ќазаќстанда тарих ѓылымыныњ дамуы.
Жоспары:
-
Тарих ѓылымыныњ методологиялыќ принциптері.
-
Тарихи фактілермен жазба деректерді іріктеп алудыњ жєне мєнін терењ т‰сінудіњ концептуалды тєсілдері, зерттеудіњ жолдары.
-
Тарихи жєне ќоѓамдыќ ѓылымдарды дамытудаѓы компартияныњ жетекшілігі.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
2. М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.
3. М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы А., 1995 ж.
4. М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана Уроки истории. А.,1990 г.
Қосымша:
5. Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.
6. Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.
7. Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж.
8. Қозыбаев М. Казахстан – арсенал фронта Алматы 1970 ж.
9.Народное движение за освоение целинных земель в Казахстане. Сб материалов М.,1959г.
Лекцияныњ мєтіні:
1950—60 жылдарда шетелдік тарихнамада орныққан жаңғырту түжырымдамасы тарихшылардың 1917 жылға дейін аймактың әлеуметтік-экономикалық дамуын кешенді түрде жөне неғүрлым тереңдете зерттеуіне мүмкіндік берді. Жаңа теорияның «тартымдылығы» мынада болатын: ол тарихқа формальді көзкарасты теріске шығарды жөне Кеңестердің үлт саясатының «тарихи табыстары» туралы насихаттык. идеяларға тікелей карсы бағытталды. «Бұл табыстардың көбі кеңестік катаң төртіпсіз де орын алуына болатын еді, - деп жазады Р. Пирс. - Егер 1917 жылы Орта Азия тәуелсіз мемлекет немесе тіпті мандатты аумақ болса да, ортаазиялықтар наќ сол мерзімде дамудың нақ сол деңгейін камтамасыз етер еді. Қазіргі үздіксіз дамып келе жаткан дүние үшін прогресс қандай да бір жүйенің монополиясы емес».
Қазіргі зерттеушілердін негізгі тұжырымы бүгінгі экономикалык жетістіктердің іргетасы патша өкіметі кезінде-ак. каланған; бірақ оның білім беру саласы мен жер мәселесіндегі саясаты жергілікті халыкты этникалықжағынан сіңіріп алу және оны орыстандыру мақсатын кездеді деген пайымдауға келіп саяды.
Дж. Демко, С. Зенковски, нақ әлгі Д. Уильямс, Р. Пирс кдзактар үшін патша өкіметінің коныстандыру саясатының ең ауыр зардаптары болға-нын, шын мәнінде олардыңтарихындағы көптеген касіретті беттерді бастап бергенін мойындайды.
Патша өкіметі отарлау саясатынын, «кайырымдылық ықпалына» казақтар толып жаткан бой көрсетулермен жауап кайтарып, олар XVIII ғасыр-дың соңғы ширегінен тура 1917 жылға дейін жалғасты.
1960 жылы «Ортаазия шолуы» беттерінде «Қазақтар және Пугачевтің көтерілісі» деген макала жарияланды, біркатар еңбектерде Сырым Датов (1783-1797), Е. Кәтібаров пен Ж. Нүрмұхамедов (XIX ғасырдың 50-жыл-дарында), И. Тайманов пен М. Өтемісов (1836-1838) бастаған көтерілістер туралы айтылды.| Э. Саркисянц «казактардың отаршылдыққа қарсы бой көрсетулері үздіксіз болғанын» атап өтеді. Солардың ішінен ол Кенесары қозғалысын ерекше бөліп көрсетеді. «Кенесары казактың барлық үш жүзінде бүкаралык қозғалыс үйымдастырып, ол 1837-1847 жылдарда қазактардың өз жеріне орыстардың басып кіруіне карсы орасан зор көтеріліске үласты. Ол тіпті үлттык шеңберден де шығып кетті». 1916 жылғы көтеріліс шетелдік тарихшылардын назарын бәрінен де көп аудар-ды. М. Э. Чаплика 1918 жылы Оксфордта жарияланған «Орта Азия түріктері» деген кітабында былай деп жазған: «Самаркан облысындағы Жызакта және Жетісуда мейлінше кескілескен қақтығыстар болды. Со-ның салдарынан жергілікті әкімшілік байырғы халықтың барлык, жері мен мүлкін тәркіледі, әскер жасындағы барлык еркектер мобилизацияланып, ал калған түрғындар (20 мыңдай), негізінен әйелдерді аштан қыру үшін шөл далаға айдады». Казіргі тарихшылар Р. Пирс, Дж. Уилер, Л. Кра-дер, А. Спектор, С. Зенковски еңбектерінде көтеріліс тарихы тарихнамадағы белгілі «исламның христиан дініне карсы», «орманның - далаға карсы», «көшпелілердің отырықшылыкка карсы күресі» тұжырымдамасы тұрғысынан баяндалған. Американ тарихшысы Эдвард Деннис Соколдың «Орыстық Орта Азиядағы 1916 жылғы көтеріліс» деген еңбегі шетелдік тарихнамада елеулі күбылыс болды. Автордың пікірінше, «әр түрлі екі мәдениет, көшпелі жөне отырыкшы халыктоғысуының сәтсіздікке үшырағанын көтеріліс айнадағыдай көрсетті... ол көшпелі қоғамның өз бос-тандығына және тіршілік етуінің езіне қол сүккан отырықшы халыктың басып кіруіне қайтарған карымтасы болды. Бұл кыр кәрсетуге әркайсысы өзінше, өздерінің дәстүрлері мен тарихына сәйкес жауап кайтарды» Э. Сокол экономикалык факторларға «бірінші дәрежелі мән» беріп, көте-рілістің тікелей себептері «орыс қоныс аударушыларынын, көшпелілер жеріне үдайы басып кіруі» деп біледі." Еңбекке жазған рецензиясында А. Парк былай деп атап өткен: «дәстүрлі деректемелерді пайдалану зерттеуді терендететүсіп, ол кезде Орта Азия халыктарыныңорыс үстемдігіне қарсы тұрудың жалпы принциптерін әзірлеуге де, орыстарға карсы пиғылды жүмылдыра алатын көшбасшы шығаруға да шамасы болмағаны неліктен екеніне автордың берген бағасына иланымдылык берер еді».
Шетелдік ғалымдардын зерттеулері халықтың ұлт-азаттык күресіне марксист тарихшылардың таптық көзкарасының келешегі жок екенін көрсетеді, атап айтканда, мұны коныс аударушылардың патшалык жазалаушы әскерлермен бірге қазақ көтерілісшілеріне, сондай-ақ 1917 жылы өз жеріне қайтып оралған босқындарға қарсы шыққаны дәлелдейді.
Лекция 27.
Тақырыбы: 70-80 ж.ж. Ќазаќстан тарихнамасы.
Жоспары:
1. Кењестік тарихнаманыњ ерекшелік сипатымен негізгі баѓыттары.
2. Ќоѓамдыќ ѓылымдар саласы бойынша жєне ѓылыми педогогикалыќ кадрлар дайындаудаѓы СОКП мен Кењес ‰кіметініњ іс-шаралары.
3. Ѓылыми зерттеу мекемелерімен жоѓарѓы оќу орындарыныњ ж‰йелерін дамыту.
4. ЌарМУ-дыњ жєне т.б. оќу орындарыныњ ашылуы.
5. Тарихи журналдардыњ, жарнамалардыњ шыѓарылуы.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.
-
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.
-
Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.
-
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.
-
Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.
Лекцияныњ мєтіні:
70-жылдардағы тарих ғылымында этникалық-генетикалық проблемаларды этнофафияның, археологияның, филологияның жетістіктерін, фоль-клордағьукәне басқа деректерді пайдаланып зерттеуге кешеңці көзкдрас ор-нықты. Ол бұл проблемалардың Қазақстандағы тарихы жөніндегі зерттеулерде де ескеріле бастады. Этногенез проблемалары жөніңде теориялық еңбектер пайда болды; Орта Азия мен Қазақстан халықтарының этногенезі мен этникалықтарихының жалпы проблемалары конференцияларда қаралды.
Соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның этникалық проблемалары , жөніндегі зерттеулерде Қазақстанның этникалық-саяси тарихы басқа да түрік халықтарының тарихымен бір арнада, тікелей өзара қатынаста дамығандығы барған сайын көбірек ескеріле бастады. Өзбектердің, қырғыздардың, башкұ-рттардың, қаракалпақтардың, алтайлықтардың, ноғайлардың, сібір татарла-рының этникалық жағынан калыптасуына қатысқан тайпалардың көптеген топтарының шығу тегі мен этникалык қүрамының ортақтығы, тұтас алғанда шаруашылықгың бір тұрпатгылығы, тілдерінің, кептеген тұрмыс белгілерінің, материалдык және рухани мәдениетінің жақындығы қазак халқының этногенезі мен этникалықтарихының проблемаларын зерттеуге осы халықтардың этникалық, этникалық-саяси тарихы бойынша жетекші тарихшылар, шығыстанушылар, этнографтар С. М. Абрамзонның, С. Г. Агаджановтың, Т. А. Жданконың, Р. Г. Кузеевтің, Л. П. Потаповтың, Б. X. Кармышеваның, К. Шаниязовтың және басқаларының монографиялық еңбектерінің жасаған зор ықпалымен айқындалады. Бұл еңбектер тектес халықтардың этногенезі мен этникалық тарихы проблемаларын қою мен шешудің үлгісі ретінде ғана емес, сонымен қатар Қазақстан тарихынатікелей қатынасы бар бірқатар проблемаларды зерттеу тұрғысынан да маңызды. Мысалы, Қазақстан аумағындағы өзбектердің, көшпелі өзбектердің, сондай-ақмоғолдардыңтарихы осындай проблема.
И. Т. Сұлтановтың «Арал өңіріндегі көшпелі тайпалар» деген кітабывда Шығыс Дешті Қыпшақ пен Түркістанның түркі тілдес тайпаларының этникалықтарихы, іс жүзінде қазақхалкыныңтарихы қарастырылған. Бір жағы-нан Шығыс Дешті Қыпшақтың өзбек тайпаларының қолжазбаларында кездесетін ертеректегі тізімдеріне және екінші жағынан, 92 езбек тайпасының, яғни «илатийа тайпаларьшың» («көшпелі тайпалардың») неғұрлым кейінгі тізімдеріне талдау жасап, оларды салғастыру негізінде XV—XVIII ғасырлардың бойыңцағы Қазақстан халқының рулықтайпалық құрамы мен қазақ-өзбек этникалық байланыстары зерттелген.
Қазақстан этнографтары М. С. Мұқановтың, В. В. Востровтың монографиялық зерттеулері арнайы қазакгардың этникалықтарихьша арналған. Олар-да қазақ жүздерінің этникалық құрамы мен тайпалардың неғұрлым кейінгі кездегі (ХІХ-ХХ ғасырдың басы) орналасуы қарастырылады. Бұл монографияларда келтірілген және терең талдау жасалған материал ерте заманнан бастап, соңғы орта ғасырларға дейінгі негізгі казак рулары мен тайпаларының этникалық тарихының неғүрлым ертедегі кезендерін де керсетеді. Олардың Қазақстан аумағында пайда болған уақыты анықталып, тайпалардың (наймандардың, керейіттердің, қоңыраттардың) түркі тілдес екендігі әдеби деректемелердің пікірлерін салыстыру негізінде көрсетілген.
А. Ш. Қадырбаевтың сериялы еңбектерінде түрік тайпалары — қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар және басқалар тарихының алдыңғы орта ғасырлар-дағы кезендері, олардың Монғол империясы мен Юань империясының қоғамдық, әскери, саяси өмірінде атқарған рөлі мен алған орны, бүл тайпалардың Қазақстан аумағына қоныс аударуы (қытай деректемелері бойынша) көрсетілген Шығыстанушы В. П. Юдиннің мақаласы деректемелерде Монғолстан мен Моғолияның монголдары деген атпен белгілі XIV—XVII ғасырлардағы рулар мен тайпалар тобына арналған, ол моғолдардың қалыптасқан қазақ, қырғыз, ұйғыр халықгарымен, лобнорлықгармен этникалық байланыстарын керсеткен. В. П. Юдиннің пікірінше «моғолдар» термині, Дунайдан Ертіске дейінгі аумақта «өзбектер» термині сияқты этноним сипатында болған, ягаи халықты білдірген деген пікір айтты.
Моғолстан мен Жетісудың этникалықтарихының мәселелері, атап айтқ-анда, осы аумақтағы тайпалардың тарихы, олардың қазак халқы қалыптасуының соңғы кезеңінде атқарған рөлі К. А. Пищулинаның аталған еңбегінде қарастырылған. Оңтүстік-ІІІығыс Қазақстан халқының соңғы орта ғасырларда қазақ тайпаларының этникалық аумағы шеңберінде болған этникалық проце-стерде алған орны анықталған. Қазақстан аумағының далалық бөлігіндегі, сондай-ақ Түркістандағы этникалық процестердің барысы туралы да пікір айтылып, қазақ халқы қалыптасуының XIV—XV ғасырларда іс жүзінде аяқталғаны туралы түжырым жасалған.
Б.-А. Б. Кочекаевтың еңбегі мен ноғайлар туралы арнайы тарихи-этнографиялық зертгеуде ноғайлардың қазақхалқымен этникалық, мәдени өзара байланыстары керсетілген. Қазақгар мен ноғайларда этникалық түп-тамырдың, халықғүрыптарының, нанымдарының, шаруашылықнысандарының ортақ-тығы, аңыздарының (мысалы, Едіге туралы), эпикалық шығармаларының ортақгығы ашып айтылған,
Көшпелі халықтардың тарихнамасында дәстүрлі номадизмнің қоғамдық қатынастарының, әлеуметтік қүрылымының проблемалары 70—80-жылдары мейлінше күрделі әрі ақырына дейін талдап шешілмеген болып келді. Көшпелі халықтардың қоғамдық-экономикалық құрылысының сипаты туралы түжы-рымдама қайтадан қак жарылды. Ендігі дау кешпелілерде ненің ең басты өндіріс құрал-жабдықтары болғаны және қатардағы малшыларды канаудың неге негізделгені жайында болған жоқ, жер немесе мал меншігі феодалдық (немесе патриархаттық-феодалдық) қатынастардың негізі болды, оны 50—60 жылдардың бас кезіндегі пікірсайысқа қатысушылардың іс жүзінде бәрі мойындады. Енді 70—90-жылдардың басывда әңгіме көшпелілердің формациялык, сатылық дамуы жайында: олар езінің қоғамдық дамуында таптық деңгейге жете ме, кәшпелі мал шаруашылығының үлгісі өзінің әлеуметтік релі жағы-нан шаруашылықтың тап қүрайтын үлгісі болып табыла ма, көшпелілер ез мемлекетін құруға қабілетті ме деген өлшемдер жайында болды. Негізгі екі көзқарас, екі тұжырымдама айқындалды. Олардың біреуі көшпелі қоғамда таптық қатынастар мен мемлекеттілік болғанын мойындау, оны жақтаушы-лар тарихи материализмнің негізгі принциптерін үстанды. Екінші түжырымдама: көшпелі қоғам өзінің әлеуметгік-экономикалық дамуында алдыңғы таптық немесе таптық қоғамға дейінгі, мемлекеттік қоғамға дейінгі деңгейде тоқ-тап қалады. Бұл ереже «көшпелілер қоғамы тарихы жоқ қоғам болып табылады» деп санаған және оны «кенже қалған», дамымаған өркениетке жатқызған А. Дж. Тойнбвдің көптеген ізбасарларының батыс тарихнамасында болып келген тұжырымдамасына ұштасады
Лекция 28.
Тақырыбы: 70-80 ж.ж. Ќазаќстан тарихнамасы.
Жоспары:
-
Тарих ѓылымыныњ дамуындаѓы тоќыраушылыќтыњ белењ алуы.
-
70-80 ж.ж. тарихнамасыныњ негізгі µзгешеліктері.
-
Тарих ѓылымындаѓы кейбір субьективизмдер жєне олардыњ тарихи материалдарды с±рыптаудаѓы жєне мєнін ашып кµрсетудегі єсері.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
Негізгі:
-
Қазақстан тарихы. Очерктер. Көне заманнан бүгінге дейін. Алматы 1994ж.
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Сапаргалиев К. Карательная политика царизма в Казахстане (1905-1917г.г.) Алматы 1995ж.
-
Иностранная военная интервенция и гражданская война в Средней Азий и Казахстане. Алматы 1986ж.
-
Покровский С.И. Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контреволюций в Казахстане (1918-1920г.г.). Алматы 87ж.
-
Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты А.,1994 ж.
-
Маданов Х. Ұлы дала тарихы А., 1994 ж.
-
Асфендияров С. История Казахстана ( с древнейших времен) Алматы 1993ж.
Достарыңызбен бөлісу: |