Лекцияныњ мєтіні:
Парсы деректемелерінде соңғы орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихын зертгеу негізінен алғанда Шығыстың шектес және алыс елдерінен шыққан авторлар жазған жазбаша деректемелердің материалдарына негізделеді. Нарративтік шығармаларда: ең алдымен парсы тілінде жазылған тарихи, ме-муарлық, географиялық шығармаларда аса маңызды материал бар, оларды шағатай, ескі өзбек (түркі), сондай-ақ араб тілдерінде жазылған еңбектер толықтырады. Бұл деректемелер ақпараттарының дәрежесі әр түрлі, көршілес Орта Азияның (Мауараннахрдың), сондай-ақ Иранның, Шығыс Түркістанның авторлары мейлінше хабардар, оның үстіне олардың неғүрлым көлемді де дәл мәліметтері Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанға қатысты. Мысалы, Моғолстаннан айырмашылығы арнайы Қазақ хандығы-ньіңтарихына арналған деректеме жоқ.
Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен езара қатынастарының тарихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық қүрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдык мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс деректемелерінің материалдарын батысевропалық, кейініректе орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.
Монғолдардың жаулап алуы түрлі тілдердегі ауқымды әдебиетті өмірге келтірді. Оңтүстік Қазақстандағы, сондай-ақ Орта Азиядағы монғолдар жау-лап алуын зерттеуде басты деректеме Ала ад-дин Ата Мәлік Жувейнидің «Тарих-иджахангуша» («Әлемді бағындырушының тарихы») деген еңбегі болып табылады. Шығарма 1260 жылы аяқталған. Автор Түркістанға, Үйғырияға, Монғолияға езі барған, монғолдардың ауызша әңгімелерін пайдаланған. Жувейни Отырарды қоршау, Сырдариядағы баскд калалардыңталкандалуыту-ралы хабарлайды, Шағатай, Жошы, Үгедей жұрттарыньщ Қазақстан аумағында орналасуы, XIII ғасырдың ортасында Шағатай үлысында болған қырк-ыстар мен бүліктер туралы деректер келтіреді.
; Фазлаллах Рашид ад-Диннің «Жами' аттаварих» («Жылнамалар жинағы», 1310—1311 жылдары аяқталған) деген тарихи еңбегі XII—XIII ғасырлардағы монғол және түрік тайпалары мен халықгарының тарихы жөніндегі мейлінше елеулі еңбек болыптабылады. Рашид ад-Дин шығармасының негізіне ресми монғол хроникалары, монғолдар жаулап алған түрлі елдердің тарихи шығар-малары, оқиғаларға қатысушы хабарламашылардың материалдары алынған.
Әдет-ғұрыптар, діни нанымдар, көшпелі тұрмыс туралы, түрік және монғол тайпаларының орналасуы туралы мәліметтер алуан түрлі. «Жылнамалар жи-нағының» екінші томында тайпалардың этникалық құрамы, Қазақстан монғол үлыстарының құрамына кірген кездегі оның топономикасы, тарихи географиясы, саяси тарихы женіндегі деректер, Орда-Ежен үлысының тарихы, оның ұрпақгарының, басқа да Жошы ұрпақгарының генеалогиясы жөнівдегі мәліметтер келтірілген.
Рашид ад-Диннің мәліметтері бүл тақырыпты кейінгі уақыт үшін дамытқан көптеген авторларға негіз болды. Олардың ішівде беймәлім автордың 1426 жылы Темір үрпағы Шахрухтың тапсыруы бойынша жазылған және Жошы ұрпақтарының генеалогиялық тармағы, атап айтқанда, Үрұс хан мен оның ұрпақтарының шежіресі келтірілген «Муизз әлансаб фи шаджарат салатин могул» деген еңбегін атап өткен жөн.
XIV—XV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақгары тобының (қабылданған әулетгер бойынша шартты жіктеуге сәйкес) шығармаларынан түрады. Оларда Темір мен оның ұрпақтарының көрші елдер мен халықтар жөніндегі саясаты ғана көрсетілмеген, со-нымен қатар олардың ішкі саяси, шаруашылык, этникалық-мәдени өмірі жөніндегі материал да көп. XV ғасырдың екінші жартысы — XVI ғасырға Монгол және Шайбани ұрпақгары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.
Евразия тарихнамасывда, жалпы шығыстануда Низам ад-дин Шамидің «За-фар-наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла'асса'даин ва маджма'әл-бахрайн» деген және басқа толып жатқан әмір Темір деректемелері кеңінен мәлім екеніне қарамастан, Орта Азияның, Иранның, шектес елдердің тарихын зерттеушілер оларға қай-та-қайта оралып, олардағы материалдың алуан түрлі екені соншалық, бұл деректемелердің жеткілікті дәрежеде толық және дәйекті түрде зертгелмегенін әділ атап өтуде. Бұл корытывды Темір ұрпақгары дәуірінің шығармаларында бар Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтерге де катысты.
Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазьшған деректемелер жатады. Низам ад-дин Шамидің, Шараф ад-дин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай-ак әмір Темір бағындырған еддердің өз еңбектерінде оның басқыншылықсаясатын бейнелеген авторлар (армян, грузин деректемелері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади сонғы топка жатады5. Клавихо өзінің 1403—1406 жылдардағы саяхатының күнделігінде6 Самарқандтағы орасан зор құрылыс жүмыстарын, онда товар-лардың, соның ішінде Русь пен оның Қазақстанды атайтынындай «Татариядан», Қытайдан және басқа елдерден әкелінген товарлардың молдығын атап өткен. Әмір Темір мен оның үрпақгары негізгі сауда жолдарын жаулап алып, көптеген елдермен сауда және дипломатиялык, қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді.
Лекция 10.
Тақырыбы: XVIII -XIX ғ.ғ. Шығыс авторларының хабарлары мен деректеріндегі Қазақстан тарихы
Жоспары:
-
Қазақтың түңғыш тарихшы-ғалымы, шығыстанушысы, этнографы, географы Ш. Ш. Уәлиханов зерттелінуі
-
Еуропаның көптеген кітап қоймаларынан жинаған аса кернекті шығыстанушы В. Г. Тизенгаузен еңбектері
-
1898 жылы В. В. Бартольдтің «Түркістан монғолдар шапқыншылығы дәуірінде» деген еңбегі
Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:
Негізгі
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.
-
Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.
-
Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.
-
Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.
Лекцияныњ мєтіні:
XIX ғасырдың екінші жартысында орыстың шығыстану ғылымы ойдағы-дай дамыды. В. В. Григорьев, П. И. Лерх, И. Н. Березин, В. Г. Тизенгаузен, Н. И. Веселовский, В. В. Радлов, В. Р. Розендердің енбектері «орыстың дүниежүзілік шығыстануда қүрметті орын алған тарихи-шығыстанушылықмектебініңпайда болғанын» керсетті.
Орыс шығыстанушылары есімдерінің арасында қазақтың түңғыш тарих-шы-ғалымы, шығыстанушысы, этнографы, географы Ш. Ш. Уәлиханов (1835— 1865) көрнекті орын алады. Ол Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Түркістан та-рихыньщ мәселелерін, қырғыз, ноғай, өзбек, үйғыр халықтарының тарихын зерттеді.Ш.Ш.Уәлихановөзініңкетеген: «Қырғызшежіресі»,«Қырғыздар туралы жазбалар», «Қырғыздардьщ көші-қоны туралы» деген еңбектерінде қазақтардың этногенезінің, жүздер қүрылуының, қазақтардың рулық-тай-палыққүрамының, орналасуыныңпроблемаларын зертгеген еді. Ол қазақгар мен ноғайлардын, этникалық жақындығы туралы пікір айтты. Біркатар еңбектерінде («Жоңғария очерктері», «Үлкен кьірғыз-қайсақ ордасының аңыз-әңгімелері») Үлы жүз қазақтарына тарихи-этнографиялық сипаттама берілген; ол қазақхандарыньщ генеалогиясы, Қазақхандығы мен Ноғай Ор-дасының саяси қатынастары туралы да жазды.
Ш. Ш. Уәлиханов өз зертгеулерінде қазақжәне ноғай эпостарын, аңыз-дарды, тарихи әңгімелерді, алуан түрлі фольклор материалдарын пайдаланғ-ан. Ол В. В. Вельяминов-Зерновтың еңбектері шыкқанға дейінақ, бірінші болып шығыстын, жазбаша деректемелеріне зор мән берді, соңғы орта ғасыр-I лардағы Қазақстан тарихын зертгеуде олардың ең маңыздыларын пайдалан-1 ды. Ол Қадырғали Жалаиридің «Жами ат-таварихынан», Мырза Мүхаммед Хайдардьщ « тарихи Рашидиінен» үзінділер келтірген. Орыс Географиялық қоғамы 19І4 жылы Ш. Ш. Уәлихановтың шығармалар жинағын шығарды. Қазақгын, аса кернекгі ғальмы, ағартушысы, ойшыл демократы еңбектерінің толық жинағын 60-жылдарда Қазақ КСР Ғылым академиясы дайындап басып , шығарды, ал 80-жылдарда олар қайта басып шығарылды.
Алтын Орда жөнінде мәлімет бар шығыс деректемелерінен алынған үзінділердің екі томдық жинағы шығуының монғол заманындағы Қазақстан тарихын зерттеу үшін зор маңызы болдьу. Араб тарихшылары мен географтарының еңбектерінен алынған материалдар енгізілген бірінші томын шығаруды бүл материалдарды Европаның көптеген кітап қоймаларынан жинаған аса кернекті шығыстанушы В. Г. Тизенгаузен (1825—1902 жж.) жүзеге асырды. Екінші томына нақ сол В. Г. Тизенгаузен іріктеп алған парсы шығармалары-нан үзінділер енгізілген, олар алпыс жылға жуық уақыт өткен соң, А. А. Ро-маскевич пен С. Л. Волиннің өндеуімен басып шығарылды. Баспагерлер алғы сезде табыс етілген материалдардың түпнүсқалылығын, хронологиялық жа-ғынан реттілігін, кейінгі деректемелердің аддыңғыларына байланыстылығын атап өткен. Бірінші томындағы араб деректемелері сияқты, ертеректегі парсы деректемелері де Алтын Орданың батыс бөлігіндегі үлкен оқиғаларды сипат-тайтынын, ал Иранның шығыс бөлігі мен Орта Азияда неғұрлым кейінгі кезде жазылғандарының Жошы ұлысының шығыс бөлігіндегі оқиғаларды, яғни қазақтар мен кәшпелі өзбектердіңтарихын жақсы білетінін керсеткен. Олар-дың арасында Низам аддин Шамидің, Шараф аддин Йаздидің, ' Муин аддин Натанзидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, Хайдар Разидің жөне басқаларының жоғарыда аталған шығармалары бар.
Алтын Орда тарихы жөніндегі материаддардың жинағы ұзак жылдар бойы XIII—XV ғасырлардағы Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтерінің сенімді кезі болып келді және осы кезге дейін солай болып қалып отыр.
XIX ғасырдың аяғына қарай Ресейде Орталық Азияның түрік-монғол халықтары тарихының аса маңызды проблемаларына арналған еңбектер шық-ты. Олардың ішінде Н. А. Аристовтың еңбектері мен В. В. Бартольдтің алға-шкы ірі еңбектері бар. Н. А. Аристов Батыс Европа және орыс тілдеріне аударылған шығыс деректемелерінің, сондай-ақ орыстың мұрағат материалдарының, фольклорлық, этнографиялық деректер негізінде түрік халықтарының этникалық қүрамы жөнінде еңбек жазды106. Онда қазақ халкының этникалық құрылымын неғұрлым егжейтегжейлі келтірген. Н. А. Аристов оның жүздері құрамыңда «қаңлы, қыпшақ, шу (дулат), арғын, найман, керей және алшын» тайпалары және басқа да рулар мен тайпалар бар деп көрсетеді. XIX ғасырдың аяғына дейінгі қазақ халқында ру және тайпа атауларының сақталуын зерттеуші көшпелі түрмыс салты, дағдылы шаруашылық нысандарында тіршілік етуі үшін ғасырлар бойы сыннан өткен халықтың рулық-тайпалық ұйымдасуы ықпал еткен деп түсіндіреді.
1898 жылы В. В. Бартольдтің «Түркістан монғолдар шапқыншылығы дәуірінде» деген іргелі еңбегінің бірінші бөлігі (деректемелерден үзінділер) болып шығарылды, ал 1900 жылы зерттеудің өзі басылып шықты. «Шыңғыс-хан және монғолдар» деген соңғы тарау Түркістан тарихының соңғы орта ғасырлардағы кезеңіне арналған. Кептеген еңбектері Таяу және Орта Шығыс елдерінің тарихына катысты болса да, орыстың шығыстану мектебінің аса кернекті екілі, академик (1913 ж.) В. В. Бартольд өзін-өзі «көбінесе Орта Азия тарихшысы» деп атаған. Бірақ Орта Азия женівдегі, түрік-монғол халықгары-ның тарихы жөніндегі барлық еңбектерінде қалай дегенмен де соңғы орта ғасырлардағы казақтар мен Қазақстан тарихының проблемалары ашып көрсетіледі. Олардың арасында «Түркістан тарихы» (1920 ж.), «Түрік-монғол халықтарының тарихы» (1927 ж.), «Орта Азияның түрік халықтарының тарихы женіндегі он екі дәріс» (1926 ж.) және басқа да кептеген туындылар бар.
В. В. Бартольдтің барлык еңбектері шығыс деректемелерін терең еңдеуге негізделген. Ол нумизматика, эпиграфика, этнография, археологая деректерін де деректемелер ауқымына қосты. Ол Орта Азияның, Европаның қолжазба-лар қоймаларындағы, жеке коллекциялар мен кітапханалардағы материалдарды үнемі іздестіріп жүрген, мұны «Орта Азияға ғылыми мақсатпен жасалған са-пар туралы есеп» дәлелдейді. Оның көптеген еңбектерінде қолжазбалар мате-риалдарының аудармалары, сипаттамалары, бағалары, өзі ғылыми айналымға алғаш рет енгізген деректемелердің үзінділері берілген. Кейінгі зертгеушілер үшін В. В. Бартольдтің еңбектері деректеметанушылық негіз, сондай-ақ жазбаша деректемелердің материалдарына сыни талдау жасаудың үлгісі болып саналады.
Академик В. В. Бартольдтің 60—70-жылдарда тоғыз томдық еңбегі шығарылғаннан кейін Қазақстанның соңғы орта ғасырлар кезеңіндегі тарихын зер-тгеу сенімді негіз алды. Ол Қазақстан тарихшылары үшін парсы және түрік тілдеріндегі жазбаша деректемелерді кең көлемде тарту үшін ғана емес, сонымен катар орта ғасырлардың кептеген проблемаларын алға қойып, талдап шешу үшін де бағытбағдар болды.
В. В. Бартольдтің шығармаларына алғы сөздердің авторлары (И. П. Петру-шевскиЙЛВ. А. Ромодин және басқалар) оның еддер мен халықгардыңтарихи тағдырларывдағы олардың географиялық өмір жағдайларының маңызын, сауда жолдарының, мәдени ықпалдар мен алмасулардың атқарған рөлін үлкеңді-кішілі империялар, атап айтқанда, Шыңғысхан империясы кұрылуының нәтижесі деп асыра бағалағанын атап етті. В. В. Бартольдтің билеушілердің (хандар, әмірлердің) өміртіршіліктеріне тым көңіл бөлгенін атап өткен; оның монғолдар жаулап алуының күйретушілік зардаптарын жете бағаламағанын атап көрсеткен. Алайда халықгардың тарихи өткен жолына жаңа көзқарастар қазіргі кезенде осы аса кернекті шығыстанушы тарихшының түріктер мен монғолдардың мәдени тарихи өткен кезінің белгілі бір кұбылыстарына берген бағаларымен көп жағынан алғанда келісуге мәжбүр етеді.
Лекция 11.
Тақырыбы: XI-XVIII ғ.ғ. Батыс Еуропалық, алдыңғы Азиялық және Шығыс Еуропалық автор деректемелеріндегі Қазақстан тарихы
Жоспары:
-
Шежіре мен шежірелік жинақтар- Рустегі тарихи шығармалардың негізгі түрлері
-
Түркі-тілдес халықтардың қоныс аударулары туралы армян, грузин деректеме көздерінің көздері
-
Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесі» еңбегінің парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығаруы
Пайдаланѓан әдебиеттер тізімі:
Негізгі
-
Қазақ ССР тарихы 5-томдық. 4-5 томдар. Алматы 1981 ж.
-
Х.Маданов Қазақ халқының арғы-бергі тарихы А., 1995
-
Ә.Әбдіәкімұлы Қазақстан тарихы А., 1997 ж.
-
К.Мамырұлы. Қазақ тарихы А.,1995ж.
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
Қосымша:
-
Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. М., 94 г.
-
Бердеяв Н.А. Истоки и смысл русского коммунизма А.,1990 г.
-
Абжанов Х. Сельская интелегенция в Казахстане: вчера, сегодня, завтра. А.,90 г.
-
Елеуов Т. Устоновление и упрочение Советской власти в Казахстане А., 1961 г.
Лекцияныњ мєтіні:
Қазақстан жөніндегі мәліметтер шығыс авторларының шығармаларында үзік-үзік келтірілген, негізінен алғанда саяси тарихқа, оның халқы мен билеушілерінің көрші мемлекеттердің халқымен езара қатынастарының . тарихына қатысты әр түрлі әулеттен тараған хандардың шежіресі келтірілген. Этникалық қүрамы, шаруашылық кәсібі, рухани және материалдык мәдениетінің элементтері жөнінде бытыраңқы мәліметтер де бар. Шығыс деректемелерініңматериалдарын — батысевропалық, кейініректе — орыс саяхатшыларының, елшілерінің, ғалымдарының хабарлары, сондай-ақ орыс жылнамалары мен мұрағаттарының мәліметтері толықтыра түседі.
Евразия тарихнамасывда, жалпы шығыстануда Низам ад-дин Шамидің «Зафар-наме», Шараф ад-дин Әли Йаздидің «Зафар-наме», Абд ар-Раззақ Самарқандидің «Матла'асса'даин ва маджма'әл-бахрайн» деген және басқа толып жатқан әмір Темір деректемелері кеңінен мәлім екеніне қарамастан, Орта Азияның, Иранның, шектес елдердің тарихын зерттеушілер оларға қайта-қайта оралып, олардағы материалдың алуан түрлі екені соншалық, бұл деректемелердің жеткілікті дәрежеде толық және дәйекті түрде зертгелмегенін әділ атап өтуде. Бұл корытывды Темір ұрпақгары дәуірінің шығармаларында бар Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтерге де катысты.
Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөледі. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазьшған деректемелер жатады. Низам ад-дин Шамидің, Шараф аддин Әли Йаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның қа да саяхатшылары жатады, сондай-ак әмір Темір бағындырған еддердің өз еңбектерінде оның басқыншылықсаясатын бейнелеген авторлар (армян, грузин деректемелері) жазған. Темірдің саясатына теріс сипаттама берген араб авторлары Ахмед ибн Мұхаммед ибн Арабшах, әл-Айни, әл-Асади сонғы топка жатады. Клавихо өзінің 1403—1406 жылдардағы саяхатының күнделігінде Самарқандтағы орасан зор құрылыс жүмыстарын, онда товар-лардың, соның ішінде Русь пен оның Қазақстанды атайтынындай «Татариядан», Қытайдан және басқа елдерден әкелінген товарлардың молдығын атап өткен. Әмір Темір мен оның үрпақгары негізгі сауда жолдарын жаулап алып, көптеген елдермен сауда және дипломатиялык, қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді.
Хронологиясы жағынан әмір Темірдін іс-әрекеттері туралы толып жатқан хикаялардың негізін салған алғашқы еңбек Низам ад-дин Шамидің «Зафар-намесі» болды, ол хижра бойынша 806 жылға (1403-1404 жж.) жеткізілген. Автор Темір Бағдатты алғаннан кейін соған қызмет етуге кешкен, оның жо-рықтарывда еріп жүріп, кеңсе кызметін атқарған. Ол өз еңбегіне ресми құжаттарды, Темірдін, жедістері туралы мәлімдемелерді, сол дәуірдегі оқиғаларға катысушылардың ауызша әңгімелерін, Темірдің үйғыр хатшысы жазған хро-никаларды пайдаланған. Шамидін, XIV ғасырдын. екінші жартысьшдағы Қазақ-станда болған оқиғалар туралы мәліметтері негізінен әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанның билеушілері Үрұс хан мен Тоғлық Темір ханға қарсы күресіне қатысты. Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы шаруашылықтың жай-күйі жөнінде деректер келтірілген, өлкеніңтарихи географиясын зерттеу ге арналған материаддар бар. Низам аддин Шами шығармасының парсыша мәтінін Ф. Тауэр басып шығарған. Екінші томында оның еңбегіне түсініктеме, сондай-ақ Хафиз-и Абрудың «Зубдат ат-таварих» деген шығармасына үзінділер бар.
Лекция 12.
Тақырыбы: XI-XVIII ғ.ғ. Батыс Еуропалық, алдыңғы Азиялық және Шығыс Еуропалық автор деректемелеріндегі Қазақстан тарихы
Жоспары:
1. Мырза Мұхаммед Хайдар деректемелік шыѓармалары
2. Тарихи материалдар мен деректемелерді іріктеу жолдарыныњ ерекшеліктері мен олардыњ мєнін ашу, ортаѓасырлыќ авторлардыњ кµзќарастары.
3. Тарихи білім ќорыныњ ќалыптасуы мен ой-µрістіњ дамуындаѓы XI-XVII ѓ.ѓ. тарихи шыѓармалардыњ мањызы.
Пайдаланѓан єдебиеттер тізімі:
-
Негізгі:
-
А.Күзембайұлы, Е.Әбіл История Республики Казахстан А.,1998 г.
-
М.Тынышпаев История казахского народа А.,1994 г.
-
М.Қойгелдиев Алаш қозғалысы А., 1995 ж.
-
М.Қ.Қозыбаев Историяграфия Казахстана Уроки истории. А.,1990 г.
Қосымша:
-
Т.Омарбеков. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Алматы 1997 ж.
-
Қызылдар қырғыны. Алматы 1993 ж.
Балақаев Т.Алдажұманов Х.С Қазақстан еңбекшілері – майданға. Алматы 1985 ж
Лекцияныњ мєтіні:
Мырза Мұхаммед Хайдар жақсы білім алған, ез дәуірінің саяси оқиғалары мен қайраткерлерінен хабардар болды. Ол түркі тілінде әдеби шығармалар жазғаньмен де, мұсылман тарихнамасына тарихи «Та'рихи Рашиди» еңбегінің авторы ретінде енді. Шығарма 1542-1546 жылдары Кашмирде ортаазиялық парсы тілінде жазылған. Екі бөлімнен — дафтарлардан тұрады.
I дафтар моғолдың Шағатай ұрпақтарынан шыққан хандарының тарихынан тұрады, онда әмір Болатшы дуғлат 1348 жылы Тоғлық-Темір ханды хан тағына көтерген уақыттан бастап, Мұхаммед Хайдар мырза Абд ар-Рашид ханның құрметіне арнаған өз шығармасы 1533 жылы Қашғарияда (Моғолияда) оның билік ете бастағанына дейін Моғолстанда болған оқиғаларды баяндаған.
II дафтар автор 1541 жылға дейін жеткізген мемуарлар болып табылады. Бұл бөлімде өз өмірбаяны және сол дәуірдің көптеген тарихи адамдары тура-лы емірбаяндық материалдармен қоса, бірінші бөлімде баяндалғандарына қосымша Сүлтан Сайид ханның Моғолстандағы билік үшін күресі, оның 1514 жылы Қашғарияның дуғлат әмірлерін басып алып, Моғолия мемлекетінің негізін қалағаны, Моғолстанның бұрынғы аумақгарыңда — Жетісу мен Тянь-Шань еңірінде Шағатай ұрпақтарының билігін қалпына келтіру әрекетгері туралы мәліметтер бар. II дафтарда Х^-ХУІ ғасырлар шебінде Орта Азияда, Шығыс,Түркістан, Ауганстаңда, Үңцістанда болған көптеген тарихи оқиғалар баяндалған.
Мүхаммед Хайдар мырза өз еңбегін моғолдар, атап айтқанда, өз бабалары - дуғлат әмірлері арасында белгілі ауызша аңыздарға, ұлысбек-дуғлаттардың қолы жететін ресми мемлекеттік кұжаттарға негіздеген. «Тарих-и Раши-ди» деректемелерінің арасында «сенім білдіруге лайықты адамдардың» әңгімелері замандастары мен оқиғаларға катысушылардың айғақтары маңызды орын алады. Мұхаммед Хайдар өзінің ізашарлары - Жамал аддин Қаршидің, Жувейнидің, Рашид ад-Диннің, Хамдаллах Казвинидің, Абд ар-Раззақ Самарқандидің, Шараф аддин Әли Йаздидің және басқа көптеген адамдардыңтарихи еңбектерін көптеп пайдаланған.
«Та'рих-и Рашиди» - XIV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырдың басындағы Моголстанның және XVI ғасырдың алғашқы он жылдыкгарындағы Қашғаришың Шағатай ұрпағынан шыкқан хандарыныңтарихы жөніндегі ғана емес, сонымен кдтар дуғлаттардан шыққан атақты адамдардың Шығыс Түркістан бөлігіндегі (Маңлай Сүбе) билік ету тарихы жөніндегі де негізгі түпнұсқа деректеме. Бұл шығармада соңғы орта ғасырларда Жетісуды, Шы-ғыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моголдардың, басқа да тайпалар мен халықгардың, атап айтқанда, қырғыздар-дың, үйғырлардың, өзбектердің, ойраттардың және басқалардың тарихы жөнінде бірегей материадцар бар. Онда алғаш реттарихнамада қазақхандары Жәнібек пен Керейдің кешіп кетуі туралы хабарланады (көшіп кету — жаңа қазақ хандығының өзінше бір өзін-өзі билеуінің, ерік білдіруінің нысаны), олардың этникалық сана-сезімін қабылдау себептері туралы пікірлер айтылып, қазақ хавдарының Шайбани ұрпақгарымен, моғол хавдарымен, қырғыздардың, ноғайлардың, қалмақтардың (ойратгардың) әміршілерімен өзара қатынастары айтылады.
Мұхаммед Хайдардың шығармасы медиевистикада кеңінен мәлім. Оны XVI—XVII ғасырлардағы кептеген шығыс авторлары мен соңғы орта ғасыр-лардағы Орталық, Орта Азия тарихын қазіргі зерттеушілер түпнұсқа ретінде павдаланды24.
«Тарихи Рашиди» қолжазбасы парсы тіліндегі көптеген тізімдерде, түрік тіліндегі аудармаларда сақгалған. Ағылшын және орыс тілдеріндегі аударма-лары жарияланған.
Шах-Махмүд Шорастың «Тарих» («Хроника») деген шығармасы қазақ хандары Бұйдаш, Хақназар, Тәуекел, Есім және оның үлы Жәңгір кезіндегі XVI-XVII ғасырлардағы қазақ-могол қатынастарының тарихы жөніндегі түпнүсқа болып табылады26. Мырза Мұхаммед Хайдар Дуғлаттың «Та' рих-и Рашидиі» сияқгы, Шах-Махмұд Шорастың «Хроникасы» да Шығыс Түркістанның (Монғолстанның және 1514 жылдан Моғолияның) Шағатай ұрпақгарына арналған деректемелер тобына жатады. Дуғлаттар тарихын жазған Мырза Хайдардың үлгісімен, Шах-Махмүд Шорас өз еңбегін өзі туған шорас тайпасының тари-хына арнаған. Құрама бөлігі «Тарихи Рашиди» негізінде, Абд ар-Рашид хан-ның уақытына (1533—60 жж.) немесе, дәлірек айтқанда, «Та'рихи Рашиди» біткен уақытқа дейінгі кезең негізінде жасалған. Одан кейінгі, XVII ғасырдың 70-жылдарына дейінгі уақыт түпнүсқа, көз көргендер мен автордың мәліметгеріне негізделген. Бұл бөлімнің жалпыға бірдей тарих, энциклопеди-ялар сипатындағы неғұрлым ертедегі үш шығармаға еш қатысы жоқ, ал оларда да Шығыс Түркістандағы моғол мемлекетінің әміршілері туралы мәліметтер бар. Бұлар - Әмин Ахмет Разидің «Хафт иклим» (1593-94 жылдары жазылғ-ан), Хайдар ибн Әли Разидің «Тарих-и Хайдари» (1611/12-1618-19 жж.) және Махмүд ибн Уәлидің «Бахр әл-асрар» (шамамен 1640—41 жылдарда бітірілген) деген шығармалары. Шах-Махмұд Мырза Фазил Шорастың шығармасы шамамен 1676-77 жылдарда жазылған. Ол Х^І-Х^П ғасырлардағы қазақ-монгол өзара катынастарының жекелеген жағдайларын көрсетеді.
Бұл мәліметтер үқсас, бірақ олар жоғарыда аталған деректемелердің мәліметтерімен (уақыты, хандардың есімдері, шайқастар өткен жерлер және басқа да егжей-тегжейлер жөнінен) сәйкес келмейді. Олар Абд ар-Рашид ханның орталық және батыс Моғолстанда, Жетісуда моғол әміршілерінің билігін қалпына келтіру, бұл жерлерден қазақтарды ығыс-тырып шығару әрекеттеріне қатысты. Шах-Махмүд Шорас Есім ханның Шалыш пен Турфан әміршісі Абд ар-Рахимнің Жаркенттегі орталық әміршімен күресіне қатысқаны туралы айтады. Қазақ хандығының Моғолиямен дипломатиялық қатынастары туралы айткднда қазақ ханы Жаһангер бастап, оның үлы, болашақтағы атақты хан Тәуке сұлтан қатысқан елшілік туралы мәліметтер ден қоюға лайық.
Достарыңызбен бөлісу: |