Лекция 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Ќорытынды емтихан 7 семестр Аралыќ баќылау -2 (60)



бет7/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#140076
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Күнтізбек тақырыптық жоспар. III- тоқсан 7- сынып

Оқу жылының тақырыптық жоспары.

Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесі мектептің жағдайына, өзінің және мектептің мүмкіншілігіне оқушылардың дайындығына қарай дене тәрбиесі мұғалімі жазады



Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.


Лекция № 11

ДТ үрдісіндегі интеллектуалдық бағыт

  1. Дене тәрбиесінің сабақ жоспары

Сабақты күнделікті жоспарлау мұғалімнің міндеті. *

Сабақ жоспарына қойылатын талаптар:

-жылдық 68 сабақтың жоспары қатар сыныптар бойынша арнаулы дәптерге жазылады;

-жоспарда әр сабақтың нөмері, өтетін орыны , уақыты және оқу-тәрбие жүмыстарының мақсаты көрсетіледі.

Сабақта 2-3 мақсат қойылады; жаңа жаттығуларды үйрету, өткенді қайталау, жетілдіру. Әр сабақта қайраттылық, шешімділік, жолдастық, достық тәлім-т рбие жүмыстар тәртіптілік қасиеттерінің дамуына назар аударылады. Сонымен қатар, төзімділік, жылдамдықты, күш-қуатты, айла-тәсілді дамыту сабақтың негізгі мақсаты болып табылады.

Сабақтың мақсаты анықталған соң, оның өтетін орыны және қажетті құрал-жабдықтары ескеріледі.

Сабақ жоспарының бірінші /дайындық/ бөлімінде оның ұйымдастырылуы, оқушылардың спорт залға кіруі /қоңырау кезінде немесе сабақтан бүрын, топ ағасының немесе кезекшісінің бұйрығымен т.б./ рапорттың қалай берілетіні көрсетіледі.

Х-ХІ сыныпта кезекші баяндамасының қүрылымы :

Жолдас оқытушы 9а сынып оқушылары құрамында 30 адам дене тәрбиесі сабағын өту үшін сапта тұр !

Медеуов - ауыру, Әбенов-себепсіз, сабақта жоқ.

Кезекші Мақсатов.

Егер сабақтардың мақсаты бірдей болса, онда жоспарда олардың бәрін толық жазу міндет емес.

Қажет жағдайда жоспардың дайындық бөлімінде сапта орындалмайтын жаттығулар тобымен теориялық мәліметтерді жазуға болады. Жоспарда жалпы дамыту жаттығулары міндетті түрде жазылады.

Бұл жаттығуларды жоспарға көрсеткенде олардың құрылымын қысқаша жазу, адамдардың мүсінінің графикалык көрінісін түсіру, немесе жаттығулардың нөмерін көрсету әдістері пайдаланылады. Жаттығулардың толық мазмүнын арнайы дәптерге жазуға болады, онда қолданылған жаттығулар топтамасының кітапшасы немесе оқу карточкаларының нөмері көрсетіледі.

Жоспардың екінші /негізгі/ бөлімінде , оқушыларды «ұйымдастыру түрлері, сабақта оқу-тәрбие жұмыстарын орындау мақсатында қолданылатын әдістер мен шаралар көрсетіледі.

Негізгі қозғалыс әдістерін дамытатын дайындық және мақсатын орындалуына арналған жаттығулар топтамасымен қоса қозғалыс сапасын дамытатын жаттығулар көрсетіледі. Жаттығуларды орындау кезінде жіберілетін қателіктер, сақтану және өзін-өзі сақтандыру кезеңдері ескеріледі. Орындалуы күрделі жэне орындауға қиын жаттығулар тобының мөлшерін реттеу анықталады.

Жоспардың 3-ші /қорытынды/ бөлімінде оқушылардың организмін бастапқы тыныштықтағы қалпына келтіріп олардың- көңіл-күйін көтеретін жаттығулар көрсетіледі. 5-8 оқушыға баға қою, үй тапсырмасын беру, сабақтың қорытындысын шығару мәселелері ескеріледі.

Тәжирбелі мұғалімдер жоспарды қысқаша жазғанымен оның

негізгі мазмұны толық қамтылуы тиіс. Мектеп басшылары мүғалімнен сабақты жоспарлдауды талап етеді. Сабақтың барлық бөлімдерін бірімен-бірін байланыстыра отырып, берілген уақытты толық пайдалануға міндетті.

Мысалы: 1-ші бөлім 4-6 мин, 2-ші бөлім 30-35 мин, 3-ші бөлім 3-5 мин.

Үй тапсырмасы: жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ережесі негізінде оқу бағдарламасына «Үй тапсырмасын» орындауды енгізеді. Осы талаптардың орындалуы, оқушылардың қозғалыс белсенділігінің көлемін жоғарлатуға олардың шынығуы дайындық деңгейінің жоғарлауына, денсаулығының нығайуына, дене тәрбиесін жанұяға енгізуіне жағдай туғызады.

Үй тапсырмалары оқушылардың шынығуы деңгейінің жоғарлауына, жаттығуларды қайталауға яғни сабаққа дайындалуына мүмкіншілік туғызады. Жаттығулар орындауға қолайлы, сабақта пысықталған, құрал-жабдықтарсыз орындалатын, қауіпсіздік сақтануды талап етпейтіндей болуы керек. Үй тапсырмасы оқушы топтарына немесе және оқушыға сабақтың кез-келген бөлімінде беріледі. Оның мазмүны түсінікті,үйде орындауға қолайлы қайталау уақыты шектелетін жаттығулар топтамасынан қүрастырылады. Мысалы: таңертеңгілік бой жазу жаттығулар топтамасын сабақтың дайындық бөлімінде берген дүрыс. Үй тапсырмаларын сабақтың қорытынды бөлімінде еске салу керек. Мысалы: 3-6- сыныптарды бой жазу жаттығулары оқушылардың икемділігін, жылдамдығын қозғалыс тірегін, қозғалыс сапасын дамытатын жаттығуларда құрастырылады.

7-8- сыныптарда тепе-теңдік сақтау, секіргіштік, төзімділік, жылдамдық, күш-қуат қасиетін дамытатын жаттығулар қолданылады.

9-11- сыныптарда төменгі сынып оқушыларымен өз бетінше жұмыс /жаттығулар топтамасын құрастыру, сыныптармен сабақтың дайындық бөлімін, денсаулық сағатын т.б./ өткізу. жүгіргенде және шаңғымен жүгіргенде жылдамдық және күш қуат төзімділігін дамытуға арналған жаттығулар тобын пайдалану керек. Үй тапсырмасын орындауға 15-20 минут уақыт беріледі. Жаттығулар үзілістерде үйретіледі.

Үй тапсырмалары мүғалімнің қалауыны байланысты күнделікті немесе ішінара тексеріледі. Күнделікті тексерілгенде баға қойылмайды. Бұл тексеру оқушыларды мақтау, тапсырманы орындауға қызықтыру мақсатында қолданылады. Алдымен жаттығуды жақсы игерген оқушыларға баға қойылады.

Қорытында баға сыныптағы барлық оқушылары белгілен мерзімде қойылады. Әдетте үй тапсырмасы сабақтың бас кезінде тексеріледі. /Сабақтың дайындық бөліміне дайындаған сияқіы Мысалы : оқушылар қарама-қарсы екі қатарға түрғызылады, бірінші қатардағы оқушылар тапсырманы орындайды да екінші: қатардағылар оларды тексеріп бағалайды.

Оқушылардың дайындық деңгейіне қарай тапсырмалар жеңілдетіліп немесе күрделілендіріп беріледі.

Үй тапсырмасын тексеру әдістері: Жан-жақты /таңертеңгілік бой жазу жаттығулары, кейбір акробатикалық жаттығулар және қозгалыс сапасын дамытатын еркін жаттығулар/ тексеріледі.

Іріктемелі - сабақ үстінде, оның барысын тоқтатпай оқушылардың жіберген қателері және жетістіктерін көрсетстін немесе жеке оқушыларды бақылауға алу арқылы өткізіледі.

Тексерудің түрлері. Жұптардағы әр оқушы өз әріптестерінің үй тапсырмасын қалай орындағанын бақылауды, қалғандары оны бағалайды;

бір оқушы немесе оқушылар тобын топ ағасы немесе денешынықтыруды үйымдастырушысы тексереді.

І-У сыныптарда бақылау жүмыстарына мектеп сыныпбасшылары, ата-аналар комитеті, денешынықтыру мұғалімдері, т.б. қоғамдық үжымдар жүмылдырылады. Ата -аналар жиналысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауында, тазалық-гигиенасын сақтауына, өз бетінше шұғылдануына, күн режимін орындауына қойылатын талаптар туралы түсініктеме беріледі.

Тәжірибе жүзінде үй тапсырмасын орындауға арнайы күнделік дәптер пайдалану кең таралған, онда оқушылар үй тапсырмасының толық мазмұнын көрсетеді. Мысалы : күніне әр оқушы секірмеден 100-200 рет секіреді, кермеде /ұлдар 25 рет тартылады, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар 30-35 рет/, әр аяқпен кезекпен отырып-түру 10-15 рет , орында түрып үзындыққа секіру 20 рет, орында түрып екі аяқпен итеріле секіру 30-35 рет, 10 15 минут жүгіреді. Күнделік дәптерде тапсырманың орындалу санымен сапасы көрсетіледі.

Ата-аналар үй тапсырмасын және күнделікті әрдайым тексеріп, оған қолдарын қояды. Кейбір жаттығулар сабақ үзілістерінде немесе сабақтан кейін орындалады.

Тапсырмалардың орындалу мерзімі. Тапсырманың негізгі бағыты қозғалыс сапасын дамытуға байланысты, сондықтан да олардың деңгейін уақытша өзгерту ескеріледі. Икемділікті жылдамдық, күш-қуат пен төзімділікке қарағанда тезірек өзгеретіні белгілі, сондықтанда тапсырмалардың орындалу\ мерзімі бір немесе екі жеті, кей жағдайда бір ай, одан да ұзақ бір тоқсан болуы мүмкін. Келесі тапсырмаларды бұрынғы тапсырманы мүқият тексерген соң беру керек.(кесте-З)

Сабақтың тақырыбы; Волейбол алацында орынды тез өзгерту.

Сабақтың мақсаты; Орынды тез өзгертуге уйрету.

Құрал-жабдықтар; доб.

Өткізетін орыны:

Өткізетін күні:

Сынып: 7-.

Өткізген: Айтуганов Ж.Ж.

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция №12

Білім жүйесі мен ДШ жалпы теориялық қалыптасуы
1. Оқу жұмысын талдау

2. Сабаққа қатысып, оны талдауды неден бастау керек ?



Оқу жұмысын талдау

Дене тәрбиесі сабағын тексерудің негізгі түрі - сабаққа қатысу. Сабаққа қатысу арқылы мүғалімнің жұмыс сапасын оның теориялық және методикалық дайындығын, бағдарламаны білуі «мен игергенін, іс жүзінде қолдана білуін, сабақты методика бойынша дұрыс өткізетінін анықтап, бағалауға болады.

Дене тәрбиесі сабағында оқу-тәрбие жүмыстарын тексерудің негізгі әдісі- бақылау.

Сабаққа қатысар алдында тексеруші бағдарламаның және жылдық, тақырыптық жоспар кестесінің мазмүнымен танысады. Онда бағдарламаның бөлімдері, сабақтың нәмері, өтетін спорт түрінің сағат саны, үйретілетін және жетілдіретін жаттығулар топтамасы көрсетіледі. Тақырыптық жоспар-кесте негізінде мұғалім сабақтың мазмұндық жоспарын жазады.



Сабаққа қатысып, оны талдауды неден бастау керек

І.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, сабақтың жоспары, бағдарламаға сәйкестігі, сабаққа қойылатын мақсаттың дүрыстығы және деректілігі, өткен сабақтармен байланысы, құрылымына сәйкес бөлінуі, сабқтың өтетін орыны және қажет құрал-жабдықтардың дайындығы анықталады.

2.Сынып журналында өткен сабақтардың жазылуы бағдарламаға, жоспар кестеге /үйрету, қайталау, жетілдіру/, сабақ құрылымының сәйкестігі, өткен сабақтың өз ара байланысы қарастырылады. Жаттығулар оқушылардың шынығу дайындығына қарай топтастырылуы ескеріледі.

З.Мұғалімнің сабақта алатын орыны оның оқушылар арасындағы беделіне, сыртқы пішініне, спорттық киімінің сай болуына оқушылармен қарым-қатынасына, шешімділігіне, өзіне-өзінің сенімділігіне, ұстамдылығына, бұйыруды дүрыс беруіне, спорт атауларын меңгеруіне, білуіне, тіл байлығына, әділеттілігіне дер кезінде оқушылардың қателіктерін түзете білуіне, тапсырманың дүрыс орындалуын талап етуіне, орынды ескерту) жасау және мадақтауына, сабақта оқу-тәрбие жүмыстарының және алдына қойған мақсатының орындалуына, оқушыларды әділ бағалауына байланысты.

4.Сабақтың ұйымдастырылуы барысын талдау.

Сабақтың дайындық /кіріспе/ бөлімінде, оқушылардын сабаққа әзірленген/ спорттық киімін, оның бар жоқтығын/ сабаққа қатысуын, ұйымдасқан түрде келуін, тәртіп сақтау және дер кезінде сапқа тұруын, рапорт беруін, сабақтың мақсатын міндетін, теория және тәжірбие жүзінде жете түсінуін олардын сабақтың мақсатын орындауға қалай жұмылдыратындығы бақылауға алынады.

Жалпы дамыту және арнайы дайындық жаттығуларының сабақтың негізгі бөлімінде оқушылардың организіміне тигізетін әсеріне көңіл аударылады.

Сабақтың негізгі бөлімі. Сабақтың бұл бөлімінде мұғалімнің алдына қойған мақсатын, қандай әдіс-тәсілдермен орындайтынын, уақытты қалай пайдаланатынын, оқушылардын жаттығуларды орындау деңгейіне, жынысына қарай іріктейтіні тексеріледі. Оқушылардың тыныс алуына, қозғалыс тірегнің қалыптасуына, орындалатын жаттығулардың дұрыс және тиімді орындалуына көңіл аударылады. Жаңа жаттығуларды үйрету және өткен жаттығуларды жетілдіру мақсатында : дайындық, жетекші және арнайы жаттығуларды қолдану, жүктемені оқушылардың шынығуы деңгейіне және қабілеттілігіне қарай қолдану-әсіресе денсаулығына байланысты дайындық тобына жататын оқушыларды естен шығармау. Сабақта көрнекті қүрал жабдықтарды пайдалану, түсіндіру, жаттығуларды іс жүзінде көрсету, көмектесу, қауіпсіздікті сақтау : спорттық құрал-жабдықтарды дер кезінде пайдалану және дайындау, үлгісіз жасалған спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану,

оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру бақылауға алынады.



Сабақтың қорытынды бөлімі. Мүғалімнің оқушылардып келесі сабаққа қалай дайындалатындығы, би, тыныс алуды қалыптастыру, назар аудару, сапта жүру, жаттығуларының орындалуы, ойындардың әділетті бағалануы, сабақтың қорытындысын дұрыс шығаруды, оның мақсаты мен міндетінің орындалуын дер кезінде аяқталуы ескеріледі.

Сабақты талдау.

Сабаққа қатынасқанда оның оқу мен қозғалыс тығыздығына көңіл аударылады.

Сабақтың қозғалыс тығыздығын анықтау үшін бір /немесе бір топ/ оқушының сабақ барысындағы жаттығуларды орындауға кететін уақыты алынады.

Оқушы жаттығуларды орындауға қаншама көп уақыт кетірсе, қозғалыс тығыздығы сонша жоғары бола / жаттығуларды орындауға кеткен уақыттың жалпы сабақ уақытына проценттік қатынасы/. Сабақтың қозғалыс тығызды жалпы уақытының 50% тең болуы керек. Ал кейбір әдісі мол оқытушылардың көрсеткіші 70-75% дейін жетеді.



Қан қысымын өлшеу

Қан қысымын өлшеу арқылы сабақтың тығыздығын, оқушылардың жүктемесін және дем алу сәттерін, уақытты сабақтың бөлімдерінде дұрыс бөліну реттері анықтылады.

Қан қысымын өлшеу арқылы талдау, оқушылардын жүктемесін және сабақтың тығыздығын дүрыс анықтау мақсатында жүргізіледі.

Дене тәрбиесі сабағында тамыр соғысын есептеу.

1. Күні. ?

2. Сынып


3. Сабақ міндеттері

4. Сабақ жүргізуші

5. Тамыр соғуын өлшеуші.

6. Бақылаудағы оқушы__

7. Сабақтың жүргізілетін орыны_

8. Сабақ түрі______________

Тамыр соғысын өлшеу мәліметтері.

Қорытынды:

Жаттығулардың орындалуын бағалау жэне сабақтың жалпы тығыздығы туралы ой-пікір.

Жаттығуларды орныдау кезінде қан қысымының өзгеруіне қарай оқушылардың бүлшық етеріне түскен күш анықталып бағаланады.

Сабақтың дұрыс ұйымдастырылу қарқыны жене жүктеменің дұрыс бөлінуін анықтау үшін бір немесе екі оқушының қан қысымын өлшеу керек.

Қан қысымы сабақтың алдында, /10 сек. Соғуы"Х" Імин./ Нәтижесі дайындық бөлімінен, жалпы дамыту жаттығуларын негізігі қозғалыстардан, қозғалмалы ойындардан кейін және сабақтың соңында көрсеткіштері жазылынып алынады.

Жүктеменің динамикалық көлемін анықтайтын қан тамыр -соғуының графикалық кескіні-физиологиялық қисық деп аталады.

Даладағы 2-3 мин, жүгірістен кейін жүректің соғу кысымы 140-150 ретке дейін көтеріледі, бүл көрсеткіш бастапкы 90-100 рет соғудың 40-60 ретке тең.


N


Тамыр соғуын

есептеу уақыты.



ж.с.ж.

Қимыл-әрекет

түрлері.


Ескерту.



10

1

1

Сабаққа дейін

14

84

Тыныштық

күйінде.


Жаттығуды

орындау


кезіндегі

2

3

16

96

Сапқа тұру, Сабақ міндетін хабарлау.

3

6

17

105

Жүру.

4

9

20

120

Ж.Д.Ж. орындау.

5

12

25

150

Жүгіру.

6

15

22

132

Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

7

18

24

144

Гантелмен отырып тұру.

8

21

27

162

Секіргішпен секіру.

Сабақтың негізгі бөлімінде, орташа жылдамдықтағы жүгірісте және қозғалмалы ойындар кезінде жүректің соғуы 140-180 ретке дейін көтерілсе, жүректің соғуы жалпы дамыту жаттығулар мен негізгі қозғалыстар кезінде 135-150 рет шамасында болады.

Сабақтың қорытынды бөлімінде жүректің соғуы 130-120 ретке дейін түседі.

Сөйтіп жалпы дамыту жаттығуларын орындаған кезде жүрек соғуы 35-45 % болса, негізгі жаттығуларды орындағанда 50-60% дейін көтеріледі, ал сабақтың қорытынды бөлімінде 20-30 % дейін төмендейді.

Сөйтіп сабақта жүректің соғуы орта есеппен 140-160 рет шамасында болуы керек.

Жүрек соғуы оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты 5 мин, уақытта бастапқы қалыпқа келеді.

Дене тәрбиесі мүғаліміне қажетті қүжаттар :

-бүйрықтар журналы ;

І-ХІ сынып оқушыларының дене тәрбиесі сабағының бағдарламасы;

-арнайы дәрігерлік топтағы оқушылардың бағдарламасы;

-мектеп оқушылары дене тәрбиесінің ережесі;

-әдістемелік оқу қүралдары;

-дене тәрбиесі пәніне қажетті күнделікті шығатын баспа материалдары ;

-оқыту жоспары мен жылдық сабақ кестесі;

-спорт үйірме жүмыстарының журналы ;

-уақытша дене тәрбиесі сабағынан босатылған және дснсаулығына байланысты арнайы дәрігерлік тотағы оқушылардың тізімі;

-БЖСМ -де спортпен шүғылданатын оқушылардың тізімі; ,.

-қауіпсіздікті сақтау туралы ; •';

-оқушыларды қауіпсіздікті сақтау ережесін өткендігі туралы қол қойған журналы ;

-мектеп спартакиадасының ережесі;

-спорт шараларын ұйымдастыратын белсенді оқушылардың тізімі;

-3 жылға статистикалық есеп баяндамасы ;

-денсаулық күнін өткізудің жоспары .


Әдебиеттер

1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция № 13

Мектап жасына дейінгі бөбектермен ДТ


  1. Мектептегі дене тәрбиесі сабағы

2. Қимылды дамыту ерекшеліктері
Дене тәрбиесі адамгершілік тәрбиеге де өз үлесін қосады адамгершілікке толы әрекеттер жасау, қажыр қайрат көрсету моральдық ұстамдылық пен шыдамдылық жасау үшін күш-қуат та, дене күшінің шыдамдылығы мен шынығуы да өте қажет.

Ең алдымен бірінші сыныптан оныншы сыныпқа дейін аптасына екі сағаттан өткізілетін дене шынықтыру сабақтары күн режиміндегі дене шынықтыру - сауықтыру және сыныптан тыс,, мектептен тыс жүргізілетін алуан түрлі дене тәрбиесі спорттық және туристік жұмыс мектепте оқушылардың денсаулығының нығайуына және дене тәрбиесінің басқа міндеттерін шешуге көмектеседі. Дене шынықтыру жөніндегі жаңа оқу бағдарламасындасында әрбір сынып үшін дене тәрбиесінің нақты міндеттерін қою көзделген. Оның үстіне бала ағзасының жас ерекшеліктері толығырақ ескерілетін болады. Мәселен, төменгі сынып оқушыларының қимыл анализаторы жедел дамиды. Сонымен бірге 8-13 жастағы ер балалармен, қыздардын да барлық буын қимылының саралану дәлдігі едәуір артады. Сондықтан бұлшық ет түйсіктерінің қабілеттерін дамыту үшін өте қолайлы болып келеді. Ендеше бұұл кезеңде әдейі іріктеліп алынған жаттығулардың көмегімен балалар негізгі қимылдардың бәрін және үйлесімді керек ететін қозғалыс қимылдарын жасауды үйрене алады.

Бастауыш мектепте бұл қимыл дағдыларына үйренудің негізі қозғалыстың табиғи түрлері мен жүріп ойналатын ойын. Сонымен бірге оқушылар сапқа түрудың ең қарапайым түрлерін үйренеді, Қол, аяқ, кеудеге жалпы даму жаттығуларын жасайды.

Симметриялық салмақ түсетін жаттығулар дұрыс сымбаттың қалыптасуына ерекше себепші болады. Сымбат дегеніміз - қимыл дағдысы. Ал қимылдың бұзылуы екінің бірінде иық тұсында және өкшеде кездеседі. Ал симметриялық салмақ түсіретін жаттығулар мұндай кемістерді түзеуге саптігін тигізеді. Жоғарғы кластарда қимылды ұдайы және ауысып үйлестіретін жаттығулар, жеңіл атлетика мен гимнастиканың түрлерін жасау техникасын үйрететін, сондай-ақ бірқатар спорт ойындарының (футболдың, баскетболдың, волейболдың,теннистің, хоккейдің) қимылдарын үйрететін арнаулы жаттығулар енгізіледі. Сонымен бірге 9-10 кластарда қыздар мен жасөспірімдерге арналған жаттығулар сараланады. Атап айтқанда, бүл кластарда оқитын қыздарға гимнастика енгізіледі.

Оқушылар, сондай-ақ, жергілікті жағдайларға байланысты, суда жүзу және шаңғы мен коньки тебуге үйренеді. Жаңа бағдарламада оқушыларға берілетін теориялық білімдердің көлемі үлғайтылады. Мәселен, бастауыш мектеп оқушыларға мектеп оқушысының жүріп тұру режимі, шынығу сымбаты туралы хабардар етіледі. Жеке бас гигиенасы туралы кейбір деректер беріледі.

Сегіз жылдық мектептің жоғарғы сыныптарында оқушылар дене шынықтыру жаттығуларының ағзаға, нерв, жүрек-тамыр, тыныс және бүлшық ет жүйелерінің дамуына жасайтын ықпалын хабардар болады.

9-10 сыныптарда теориялық материал мен жалпы спорт және арнаулы жаттығуларды қамтиды.

Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі міндеті қимылдың белгілі бір кешенін жасап үйрену болып табылады; осындай қимылдарды жасау процесінде оқушылар әрбір қимылдың, оның жылдамдығының, ырғағының, күшінің, т.б. әлементтері туралы, түснік алады. Дене шынықтыру сабақтары үйренетін қимылдардың комплексі алға қойған мақсатқа байланысты түрліше өткізіледі. Алайда, ереже ретінде, дене тәрбиесі сабақтарында әуелі кіріспе жаттығулар тобы беріледі. Содан кейін бұлшық еттің негізгі топтарының жалпы серігуін қамтамасыз ететін сапта тұру, жүру, жүгіру басталады. Осыдан кейін бұлшық еттің жаңа қимыл комплексін жасап үйренуге қатысатын бөлігін шынықтыруға бағытталған дайындық жаттығулары жасалады. Мүның өзі таяқтан секіру, доп лақтыру, жіптен секіру, орындықтан секіріп гимнастика жасау, гимнастика тұғырларында:, жаттығулар жасау болуы мүмкін.

Бұдан кейін сабақтың негізгі бөлігі - сабақтың жеке міндетке кіретін жаттығулардың арнаулы кешенін үйрену және орындау болады. Сабақ әдетте ағзаны тепе-тең күйіне түсіруге арналған жай жаттығулар тобын жасаумен, жүрумен, тұрып жаттығулар жасаумен, маршпен аяқталады. Сапта және қатарда жүру, дене шынықтыру жаттығулары, қолданымалы жаттығулары, негізгі гимнастикалық жаттығулар болып табылады. Әдетте қолданымалы сипаттағы гимнастикалық жаттығулар жеңіл атлетика бойынша үйреніп жүрген қимыл түріне - жүргізуге, секіруге, лақтыруға немесе спорт ойындарының үйреніп жүрген қимылдарына - баскетболға, волейболға, т.б. - сай келеді.

Сапта тұрып жасалынатын жаттығулар дегеніміз - команда бойынша жасалынатын жаттығулар. Олар: сапқа тұр, қатарыңды түзе, тік тұр, жай тұр, солға бұрыл, айналып тұр, тура тұр, тоқта және басқалары. Кейбір мектептерде дене шынықтыру жаттығуларының ықпалын күшейту мақсатымен сабақтар бүкіл оқу жылы бойында, қыста да ашық далада өткізіледі.

Оқушылардың сымбатты болып, дұрыс жүріп-тұруына қамқорлық жасау - дене тәрбиесі сабағы мүғалімдерінің ғана ісі емес. Мүғалімдердің бәрі де оқушылардың партада дүрыс отыруын, жауап беруге қалай шығатынын, тақтаның алдында қалай тұратынын қадағалап жүруге тиіс. Үнемі ескертіп, мінін көрсетіп отыру оқушылардың сымбатындағы байқалған кемістіктерді түзеуге немесе кемшіліктің болуына жол бермеуге

көмсктесуі тиіс.

Барлық мектептерде дене тәрбиесі сабақтарымен қатар күн режимінде дене шынықтыру - сауықтыру шараларының тұтас бір комплексі жүргізіледі. Мәселен, сабақ басталғанға дейін дене шынықтыруға шығады, ал төменгі кластарда сабақ үстінде дене шынықтыру минуттары өткізіледі. Еңбек сабақтарында профилактикалық гимнастика жасалынады.

Үзіліс кездерінде теменгі класс оқушыларымен қимыл ойындары ұйымдастырылады. Әдетте олармен бүл ойындарды жоғарғы кластардағы ұйымдар өткізеді. Көктемде және жазда үзілісті аулада, таза ауада өткізу ұсынылады.

Жылына бірнеше рет денсаулық күндері өткізіледі: бұл күндері балалар сабақ оқымайды, қаланың сыртына шығады, немесе паркке барып, спорт және басқа қимыл ойындарын ойнайды.

Дене тәрбиесі жалпы сабақтарынан босатылған оқушылармен жүргізілетін жүмысқа ерекше назар аударылады. Олардың сабақтары әрбір оқушының науқасының ерекшелігін ескере отырып, арнаулы бағдарлама бойынша өткізілуге тиіс. Денесінің кемтарлығы бар (омыртқасы қисайған, сымбатында міні бар, табан аяқ, т.б.) балалар аудандық балалар емханаларының жанындағы емдеу гимнастикасының сабақтарына ғана тиімді. Бұл сабақтарды мамандар мектептерде де өткізуге болады. Ал жүрегі, өкпесі ауыратын және дімкәс балалар категориясына жатқызуға негіз болатын басқа да науқастары бар балалар сабақтан тыс уақытта аптасына бір-екі рет дене шынықтырумен шұғылданады. ( Олармен сабақты арнаулы бағдарлама бойынша көбіне дәрігердің бақылауымен өткізеді.Егер олар жалпы сабақтарға қатысатын болса дені сау } балалар орындайтын салмақ неғүрлым көп түсетін жаттығулардың орнына, оларға жаттығулардың айрықша түрін ұсынады. Алайда, бұл соңғы жағдайда мұғалім әрбір оқушы науқасының сипаты жөнінде әбден хабардар болуы және дараланған жаттығулар мен тапсырмалар берген кезде мұны ескеріп отыруы тиіс.

Бір нәрсе айқын - денсаулығы нашар балалардың бәріне шамасы келетін, әрі сараланған жаттығулар жасату пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет