Іріктемелі - сабақ үстінде, оның барысын тоқтатпай оқушылардың жіберген қателері және жетістіктерін көрсетстін немесе жеке оқушыларды бақылауға алу арқылы өткізіледі.
Тексерудің түрлері. Жұптардағы әр оқушы өз әріптестерінің үй тапсырмасын қалай орындағанын бақылауды, қалғандары оны бағалайды;
бір оқушы немесе оқушылар тобын топ ағасы немесе денешынықтыруды үйымдастырушысы тексереді.
І-У сыныптарда бақылау жүмыстарына мектеп сыныпбасшылары, ата-аналар комитеті, денешынықтыру мұғалімдері, т.б. қоғамдық үжымдар жүмылдырылады. Ата -аналар жиналысында оқушылардың үй тапсырмасын орындауында, тазалық-гигиенасын сақтауына, өз бетінше шұғылдануына, күн режимін орындауына қойылатын талаптар туралы түсініктеме беріледі.
Тәжірибе жүзінде үй тапсырмасын орындауға арнайы күнделік дәптер пайдалану кең таралған, онда оқушылар үй тапсырмасының толық мазмұнын көрсетеді. Мысалы : күніне әр оқушы секірмеден 100-200 рет секіреді, кермеде /ұлдар 25 рет тартылады, шалқадан жатып денені көтеру /қыздар 30-35 рет/, әр аяқпен кезекпен отырып-түру 10-15 рет , орында түрып үзындыққа секіру 20 рет, орында түрып екі аяқпен итеріле секіру 30-35 рет, 10 15 минут жүгіреді. Күнделік дәптерде тапсырманың орындалу санымен сапасы көрсетіледі.
Ата-аналар үй тапсырмасын және күнделікті әрдайым тексеріп, оған қолдарын қояды. Кейбір жаттығулар сабақ үзілістерінде немесе сабақтан кейін орындалады.
Тапсырмалардың орындалу мерзімі. Тапсырманың негізгі бағыты қозғалыс сапасын дамытуға байланысты, сондықтан да олардың деңгейін уақытша өзгерту ескеріледі. Икемділікті жылдамдық, күш-қуат пен төзімділікке қарағанда тезірек өзгеретіні белгілі, сондықтанда тапсырмалардың орындалу\ мерзімі бір немесе екі жеті, кей жағдайда бір ай, одан да ұзақ бір тоқсан болуы мүмкін. Келесі тапсырмаларды бұрынғы тапсырманы мүқият тексерген соң беру керек.(кесте-З)
Сабақтың тақырыбы; Волейбол алацында орынды тез өзгерту.
Сабақтың мақсаты; Орынды тез өзгертуге уйрету.
Құрал-жабдықтар; доб.
Өткізетін орыны:
Өткізетін күні:
Сынып: 7-.
Өткізген: Айтуганов Ж.Ж.
Оқу жұмысын талдау
Дене тәрбиесі сабағын тексерудің негізгі түрі - сабаққа қатысу. Сабаққа қатысу арқылы мүғалімнің жұмыс сапасын оның теориялық және методикалық дайындығын, бағдарламаны білуі «мен игергенін, іс жүзінде қолдана білуін, сабақты методика бойынша дұрыс өткізетінін анықтап, бағалауға болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқу-тәрбие жүмыстарын тексерудің негізгі әдісі- бақылау.
Сабаққа қатысар алдында тексеруші бағдарламаның және жылдық, тақырыптық жоспар кестесінің мазмүнымен танысады. Онда бағдарламаның бөлімдері, сабақтың нәмері, өтетін спорт түрінің сағат саны, үйретілетін және жетілдіретін жаттығулар топтамасы көрсетіледі. Тақырыптық жоспар-кесте негізінде мұғалім сабақтың мазмұндық жоспарын жазады.
Сабаққа қатысып, оны талдауды неден бастау керек ?
І.Мұғалімнің сабаққа дайындығы, сабақтың жоспары, бағдарламаға сәйкестігі, сабаққа қойылатын мақсаттың дүрыстығы және деректілігі, өткен сабақтармен байланысы, құрылымына сәйкес бөлінуі, сабқтың өтетін орыны және қажет құрал-жабдықтардың дайындығы анықталады.
2.Сынып журналында өткен сабақтардың жазылуы бағдарламаға, жоспар кестеге /үйрету, қайталау, жетілдіру/, сабақ құрылымының сәйкестігі, өткен сабақтың өз ара байланысы қарастырылады. Жаттығулар оқушылардың шынығу дайындығына қарай топтастырылуы ескеріледі.
З.Мұғалімнің сабақта алатын орыны оның оқушылар арасындағы беделіне, сыртқы пішініне, спорттық киімінің сай болуына оқушылармен қарым-қатынасына, шешімділігіне, өзіне-өзінің сенімділігіне, ұстамдылығына, бұйыруды дүрыс беруіне, спорт атауларын меңгеруіне, білуіне, тіл байлығына, әділеттілігіне дер кезінде оқушылардың қателіктерін түзете білуіне, тапсырманың дүрыс орындалуын талап етуіне, орынды ескерту) жасау және мадақтауына, сабақта оқу-тәрбие жүмыстарының және алдына қойған мақсатының орындалуына, оқушыларды әділ бағалауына байланысты.
4.Сабақтың ұйымдастырылуы барысын талдау.
Сабақтың дайындық /кіріспе/ бөлімінде, оқушылардын сабаққа әзірленген/ спорттық киімін, оның бар жоқтығын/ сабаққа қатысуын, ұйымдасқан түрде келуін, тәртіп сақтау және дер кезінде сапқа тұруын, рапорт беруін, сабақтың мақсатын міндетін, теория және тәжірбие жүзінде жете түсінуін олардын сабақтың мақсатын орындауға қалай жұмылдыратындығы бақылауға алынады.
Жалпы дамыту және арнайы дайындық жаттығуларының сабақтың негізгі бөлімінде оқушылардың организіміне тигізетін әсеріне көңіл аударылады.
Сабақтың негізгі бөлімі. Сабақтың бұл бөлімінде мұғалімнің алдына қойған мақсатын, қандай әдіс-тәсілдермен орындайтынын, уақытты қалай пайдаланатынын, оқушылардын жаттығуларды орындау деңгейіне, жынысына қарай іріктейтіні тексеріледі. Оқушылардың тыныс алуына, қозғалыс тірегнің қалыптасуына, орындалатын жаттығулардың дұрыс және тиімді орындалуына көңіл аударылады. Жаңа жаттығуларды үйрету және өткен жаттығуларды жетілдіру мақсатында : дайындық, жетекші және арнайы жаттығуларды қолдану, жүктемені оқушылардың шынығуы деңгейіне және қабілеттілігіне қарай қолдану-әсіресе денсаулығына байланысты дайындық тобына жататын оқушыларды естен шығармау. Сабақта көрнекті қүрал жабдықтарды пайдалану, түсіндіру, жаттығуларды іс жүзінде көрсету, көмектесу, қауіпсіздікті сақтау : спорттық құрал-жабдықтарды дер кезінде пайдалану және дайындау, үлгісіз жасалған спорттық құрал-жабдықтарды пайдалану,
оқушылардың білімі мен дағдысын тексеру бақылауға алынады.
Сабақтың қорытынды бөлімі. Мүғалімнің оқушылардып келесі сабаққа қалай дайындалатындығы, би, тыныс алуды қалыптастыру, назар аудару, сапта жүру, жаттығуларының орындалуы, ойындардың әділетті бағалануы, сабақтың қорытындысын дұрыс шығаруды, оның мақсаты мен міндетінің орындалуын дер кезінде аяқталуы ескеріледі.
Сабақты талдау.
Сабаққа қатынасқанда оның оқу мен қозғалыс тығыздығына көңіл аударылады.
Сабақтың қозғалыс тығыздығын анықтау үшін бір /немесе бір топ/ оқушының сабақ барысындағы жаттығуларды орындауға кететін уақыты алынады.
Оқушы жаттығуларды орындауға қаншама көп уақыт кетірсе, қозғалыс тығыздығы сонша жоғары бола / жаттығуларды орындауға кеткен уақыттың жалпы сабақ уақытына проценттік қатынасы/. Сабақтың қозғалыс тығызды жалпы уақытының 50% тең болуы керек. Ал кейбір әдісі мол оқытушылардың көрсеткіші 70-75% дейін жетеді.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.
Лекция № 18
Студент жастардың дене тәрбиесі
-
Мақсаты мен міндеті
2. Сабақтың мазмұны мен формалары
Қазіргі замана студентке шымырда шыныққан болуды талап етуде. Осыған байланысты ақыл-ой мен еңбекке қабілеттіліктің басты көзі дене тәрбиесі болып табылады. Сондықтан ЖОО-ғы дене тәрбиесінің мақсаты жеке адамды жан-жақты дамыту, жоғарғы сапалы мамандар дайындау болып есептеледі.
ЖОО-ғы дене тәрбиесінің мазмұны Білім министрлігі бекіткен Кешенді бағдарлама арқылы жүргізіледі. Дене тәрбиесі курсы төмендегі міндеттерді шешуге бағытталған:
- білім жүйесін, студенттерге дене тәрбие ұйымдарының ілімі, әдістемесі негіздері арқылы қоғамдық үйымдастырушы түлғалар , жаттықтырушылармен, спорт судьяларымен біріге жүмыс істеуді меңгерту.
- болашақ таңдаған мамандығының ерекшеліктеріне сай психофизикалық дайындық.
Студенттердің бүл дене тәрбиесінің міндеттері денсаулық есебімен, дене дайындығы деңгейімен, студенттердің қабілеттілігімен, сонымен қатар олардың мамандығына сай шешіледі.
Сабақтың мазмұны мен формалары
ЖОО-ғы дене тәрбиесі студенттерге оқу уақытының барлығында жүргізіледі. Дене тәрбиесінің негізгі түрі Кешен бағдарламаның ілімдік және іс-тәжірибелік бөлімдері болып табылады. Барлық сабақтар міндетті түрде ЖОО-н сабақ кестесіне енеді. Сабақтан тыс уақыттарда таңертеңгі бой жазу жаттығулары, дене тәрбиесі үзілістері, әр түрлі дене тәрсиелік-спорттық мәдени-көпшілік іс-шаралары жүргізіледі.
Бағдарламаның ілімдік бөлімінің мазмұны стуленттер: дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесін ұсынады. Дәрістік курс екі жылдық көлемге 20 сағ. есептелген. Бірінші курста дене тәрбиесінің негізгі түсініктерін беретін жүйемен таныстыратын 10 сағ. дәріс оқылады. Оның мақсаты мен міндеті ЕҚД кешенінің мөлшерлік талаптары, дене жаттығулары сабақтарының ұйымдастырылған түрлері, жеке бас тазалығы, спорттық киім, үйқы, тамақтану, дербес дайындықты ұйымдастыру, белсенді қимыл мен оның адамға қажеттілігі туралы мәліметтер беру болып табылады. Екінші курстағы 10 сағ. Дәрісте студенттер спорттық жаттығудың мақсаты, міндетімен, оның негізгі бөліктерімен, қағидаларымен, құралдарымен, әдістерімен танысады. Негізгі зейін педагогикалық шеберлік дайындығына аударылады, студенттер мектептен тыс, сыныптан тыс өткізілетін шараларды үйренеді.
Іс-тәжірибелік бөлімдегі оқу барысы жан-жақты даму барысын педагогикалық-шеберлікті меңгеруді, дене жаттығуымен жүйелі айналысуға қызығушылығын тудыруға тәрбиелеуді қарастырады. Ер балалар тобына өтілетін сабақта әскердегі қызметпен сәйкестендіріле жүргізіледі. Оқу материалдары спорттың барлық түрлеріне жіктелген. Мысалы: гимнастика, жеңіл атлетика, жүзу, шаңғы тебу және т.б. Әр бөлімнің мазмүны белгілі бір спорт түрінің міндетін ашады. Мысалы, гимнастикада - дене қуаты дамиды, ептілікке, иілгіштікке үйретеді.
Спорттық бөлімде дене тәрбиесінің жаллы міндеттері сияқты спорт шеберлігін көтеру (спорт түрінен) күн тәртібіне қойылады. Оқу сабақтарының мазмүны спорт жаттығларының заңдылықтарына сәйкес, түсдіріледі. Алайда оқу жылының есебімен жарты жылдық бағдарламаға сай жасалады. Дайындық кезеңі оқу семестрімен, ал жарыстар - қысқы, жазғы демалыстармен сәйкес құрылады. Дербес бағдарламада оқу уақыттары, сынақ тапсыруы, емтихан тапсыруы, жарыстарға, жиындарға баруы қарастырылады. Ескерту жағдайында снорттық бөлімдердегі студенттерге демалыс беріледі.
Арнайы бөлімде сабақтар денсаулықты нығайтуға ағзаны шыңдауға, дене дамуын көтеруге, педагогикалық шеберлікті арттыруға, сырқатын жеңуге, көмектесуге бағыттылған. Сырқат адамның емделу құралдарына қарай бағдарламаның ілімдік бөлім тақырыбы кеңейтілген. Мысалы: III курс - "Дене тәрбиесі қүралдарымен науқасты бірінші және екінші рет емдеу".
Студенттерге арналған оқудың жүмыс бағдарламасын "Л", "Б", "В" топтарындағы студснттсрдің денсаулығының ауытқушылығына қарай жасау қажет.
ЖОО-ғы дене тәрбиесінің міндетті және қосымша сабақтарынан басқа студенттердің өз бетінше жүргізілетін сабақтарда кездеседі. Негізгі міндет студенттердің қимыл белсенділігін кеңейтуге бағытталады. Емтихан, демалыс, өндірістік тәжірибе кезінде академиялық демалыстағы студенттерге сабақ өтілмейтін уақытта, өз бетінше жұмыс істеу ұсынылады. Мысалы, шаңғы тебу, таңертеңгілік бой жазу. Бүл үшін студентке спорттық клубтардан құралдар беріледі. Ал
арнайы топ үшін бүл үй тапсырмасы ретінде орындалады. Үй тапсырмасы әр 2-3 аптада жаңартылып отырады.
Толықтыру сабақтары үлгермеуші студенттер үшін ұйымдастырылады. Оның міндетіі - денсаулықты нығайту, дене сапасын тәрбиелеу.
Күн тәртібіндегі дене жаттығулары ұйқыдан соң жүмыс күнінің алдында жасалады. Ол күні бойғы түсетін жүктемеге қарсы түруға, шаршамауға, ақыл-ойды, белсенділікті арттыруға көмектеседі. Ол таңертең 10-15 мин.уақытта орындалады.
Дене тәрбиесі үзілісі - оқу (еңбек) барысындағы қажудан, жалығудан сақтандыратын, еңбекке қабілеттілікті тудыратын дене жаттығуларының кешені болып есептеледі.
Дене тәрбиесі көпшілік спорттық іс-шаралары сабақтан тыс уақыттарда студенттерді қызықтыра жүмылдырып өткізіледі.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 19
Спорттың мәні мен әлеуметтік қызметтері
-
Спорттық жарыстар ,туристік жорықтар
2. Спорт мейрамдары.
Спорттық жарыстардың негізі жеңіл атлетикалық көп сайыстардан, дала жарысынан, футбол, баскетбол, волейбол, гандбол, асық, ат, бес тас, күрес эстафеталарымен қоса ережесі бар қозғалмалы ойындардан, шаңғы, коньки жарыстарынан тұрады. Бүл ойындар мен спорт түрлері мектептің мүліктік қорына, ұлт ерекшелігіне, түрғылықты халықтың әдет - ғұрпына байланысты жоспарланып, алдын-ала мүғалімдер кеңесінде бекітіледі. Жарыстар І-ІУ сыныптарда 2-2,5с. Ү-УІІІ сыныптарда 3-3,5с. жоғары сыныитарда 4 сағат шамасында өткізіледі. Жарысқа қатысатын әр оқушының дәрігерден алған рұқсат қағазы, жарысқа дайындығы алдын-ала төрешілер комиссиясы анықтайды. Спорттық киімі жоқ оқушылар жарысқа қатыстырылмайды.
Туристік жорықтар.
Төменгі сынып оқушылары үшін бір күндік жорықтар 3-4 шақырым қашықтыққа өткізілсе,10-11 жастағы оқушыларға 6 шақырым қашықтыққа бір күндік жаяу жорықтар ұйымдастырылады. 12-14 жэне 15-17 жастағы оқушыларға 12-15 .'шақырымға 2-3 күндік жорықтарға шығуға рүқсат етіледі. Жорықтың қай түрі болмасын оған мұқият дайындалу қажет, оқушылардың киімімен, иыққап, ыдыс-аяғын, дәрі-дәрмегін, тамағын жорық басқарушылары алдын ала тексереді. Жорықта дәрігер, жорық кескіндемесі және бағдар жоспары міндетті түрде болады. Бұл құжаттар мектеп директорының мөрімен бекітіледі.
Жорыққа шығар алдында оның бағдарламасын мүғалімдер кеңесінде, ата-аналардың қатысуымен талқыланып, мектеп бойынша бүйрық шығарылады. Онда жауапты адамдардың аты, жөні, түратын мекен - жайы, үйінің телефон нөмері көрсетіледі. Жорықтан қайтқан соң, оған жауапты адамдар мүғалімдер кеңесімен ата-аналар алдында есепті баяндама жасап, жетістіктер мен кемшіліктерді талқылайды. 2-3 күндік жорықтарға ата-аналарлардың қатысуына болады. Жорық кезінде шынығу деңгейі төмен оқушыларға жетекшілер айрықша көңіл аударады. Жорықта ауыру сырқауға душар болған оқушыларға бірінші дәрігерлік көмек көрсетіп, оларды жақын жердегі ауруханаға немесе үйлеріне қайтарылады.
Спорт мейрамдары.
Мейрамдар топтар мен сыныптар арасында немесе бір мезгілде барлық мектеп оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылып өткізіледі.
Мейрам "Қыз сыны ", "Жігіт сыны " жарыстарына ұқсас, гимнастикалық орындаулар, құрал-жабдықтармен және еркін орындалатын гимнастикалық жаттығулардан басталады.
Пирамидалар орындалып, спорттық қозғалмалы, ұлттык ойындармен жеңіл атлетика түрлері, дала жарысы және әскери қолданбалы түрлерінен өткізіледі.
Мейрамдардың негізгі мақсаты : оқушылардың шынығу дайындығын анықтау, үгіт - насихат жұмысын жүргізу. Жарыс қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 20
Спорттық жарыстардың жүйесі
-
Спорт бағыттындағы дене тәрбиесі.
2. Кәсіби бағыттағы дене тәрбиесі.
Спорт бағыттындағы дене тәрбиесі дене жаттығуларымен шыңдалып, үлкен нәтижелерге жетуге жол ашалы. Спорттың таңдалған түрімен айналысып, жоғарғы дәрежеге жетудегі дене тәрбиесі спортты жаттығу деп аталады. Спортты жаттығу, спортты бағдарлау, іріктеп алу, спортшыға теориялық білім берумен спорттық дайындықты қүрайды. Спорт жаттығуында шартты түрде басқа салаларға бөледі, онын ішінде таңдаған спорт түрінде спортшының жоғары дәрежеге жетуі үшін ағзаның нығайтатын дене жаттығулары бар. Атап айтқанда, спорт жаттығуындағы дене дайындығы спорттың нақты түрінің талаптарының мазмүнымен байлаиысында арнайы дербестікке ие. Барлық үш бағыт бір мақсатқа, ортақ міндеттерге жэне дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына бағынады. Айырмашылығы тек жеке міндеттерді атқаруда. Мысалы : спорт шеберлігіне жету, міндеті спорт жаттығуларының жемісі. Ол сауықтыру, тәрбие , білім беру міндеттері мен адамды еңбек, әскери жүмыстарға дайындауды қамтамасыз ететін кең көлемді үжымдық шеңберге бірігуі керек. Дене тәрбиесінің іс-тәжирбесінде бүл бағыттардың бәрі бірігіп кетеді. Мысалы : университет студенті жалпы білім беретін мектепте жалпы дене тәрбиесін оқып, университет қабырғасында дене тәрбиесінің міндетті курсынан кәсіби бағытта дәріс алып. сонымен бірге бос уақытта спорт дайындығымен айналысады.
Кәсіби бағыттағы дене тәрбиесі.
Кәсіби бағыттағы дене тәрбиесі еңбек немесе әскери жүмыстағы адамға қажетті дене дайындығының жағдайы меп денгейін қамтамасыз етеді.(Бүл жерде жалпы білім беретін мектептегі мүғалімнің арнайы дене тәрбиесі, космонавтың арнайы дене тәрбиесі туралы) . Адамды өзі таңдаған еңбек немесе әскери жұмысына бағытталған дене тәрбиесі, дене дайындығы деп аталады. Ал таңдаған мамандығына лайықты " дайындықты менгеру нәтижесі дене дайындалған дегенді білдіреді.
Дене дайындығы мен дайындалғанының мазмүны әрқашан кәсіби жұмыстың нақты талаптарына сәйкестендіріледі. Сондықтан дене жаттығулары үшін алдағы еңбек жұмыстары шарттарымен үйлесетіндей ең қажеттілері таңдалып алынады.
Адамды еңбекке дайындау үшін пайдаланылатын дене жаттығулары еңбек пен дене тәрбиесі міндетінің талаптарына сай негізделген. Мүндай байланыстардың ең негізі адамның іскерлігіне және дене мен рухани қажеттіліктерінің өтелуіне қызмет ететін жалпы әлуметтік бағыт. Еңбек жүмыстары экономикалык база қүруға негізделген. Дене тәрбиесі адамның денсаулығын нығайтып, қабілетін дамытады және отан алдындағы борышын өтеуге жоғары деңгейде дайындайды. Еңбек әрекеті мен дене тәрбиесі арасындағы жүйелілікті мынадай кезеңге бөлуге болады:
1. Енбек әрекетінде де, дене тәрбиесінде де қозғалысты басқару жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы арқылы іскс асырылады. 2. Екі жағдайда да адамның іскерлігі үжымға әсер етеді. Енбекте де, спортта да ортақ мақсат пен міндет үжымының құқықтары іскерлік кестесі және адамдардың қарым-қатынасы болады.
3. Еңбек пен спортта адамды еңбек етуге тәрбиелеу. түсіндіру, білім беру, байланыс жасау, өндірістік кубылыстарға бейімдеу сияқты заңдылықтардан түрады.
4. Көзі ашықтық, таңдаулы мамандығында белсенділік таныту, үйымшыл болу, ұжымда өз орнын табу. дене және ақыл-ой еңбегін ұштастыру, тәжирбе жинақтау - еңбек жүмысында да, дене тәрбиесінде де шеберлікті шыңдау болып табылады.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі
шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы
Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.
4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын
сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999
Лекция № 21
Спорттық жаттығулардың сипаттамасы
-
Толқынды ауырлық түсіру
2. Қайталау жүйесі
Жаттығудағы ауырлықты біртіндеп жоғарлату жағдайы су толқыны тәрізді қозғалыста кең орын алады. Спорттық жаттығуды бұл бағытта жүргізу соңғы жылдарда ғана пайдалана бастады. Қазірдің өзінде әр түрлі фазадағы жалпы ауырлықты көтеруге байланысты келесі кезектегі "толқындар" да пайда болады.
1. кіші толқындар бірнеше күндердің жаттығуларына тұратын микроциклды ауырлықты түсіруді көрсетеді.
2. орташа толқындар жаттығу микроцикліндегі бірнеше кіші толқындардын. ауырлық бағытын көрсетеді.
3. үлкен толқындар жаттығудың үлкен циклдерінде жалпы өсу жағдайын қамтиды.
Толқын тәрізді ауырлықтың өзгеруі көлемі, сонымен қатар ауыртпалық жылдамдығына ортақтығы көп жағдайда бірдей бола бермейді. Орташа және үлкен толқындардың алғашқы көлемдік көрсеткіштері көтеріліп, кейін бір қалыпқа көшіп біртіндеп төмендей бастайды. Бұл уақытта жылдамдык көрсеткіштері өзгереді. Кіші толқындарда көлемі мен жылдамдық көрсеткіші керісінше болады, Микроциклын алғашқы бөлігінде жылдамдығы жоғары, аз көлемді жаттығулар жүргізіледі, екінші жартысында шамалы ғана өзгеріс болады. Жаттықтырудағы ауырлықтың толқын тәрізді болуы, оның көлемі мен қарқынының арасындағы қарама қайшылықты көрсетеді. Бұдан қозғалыс көлемі мен жылдамдық "толқындарының" уақытында олардың күшеюінс мүмкіндік бермейді, бұл организмнің алғашқы қалыпқа тез келуіне жағдай жасайды. Ауырлық динамикасының толқындары спортта әр түрлі жағдайда болғандықтан, онша байқала бермейді. Оның анықтайтын арнайы әдістер бар. Жаттығу кезеңнің жекелеген уақытында толқын тәрізді ауырлық сатылы, "тік сызықты сияқты түрлерге ауысып отырады. Бірақ бұл жағдайда жиі болмады, көбіне ауырлықтың динамикасы толқын тәрізді болып, не соған үқсас келіп жаттығудың көлемі мен өту кезеңдеріне байланысты ғана өзгереді.
Қайталау жүйесі
Спорттық жаттығу кезіндегі басты заңдылықтарға кей жаттығуларды қайталап отыру да кіреді.Уақыт көлеміне қарай жаттығуды микроцикл "апталық" мезоцикл "айлық" және микроциклдерге "жылдық" болып бөлінеді. Ал бүл жаттығулар бірін-бірі жай қайталау емес, жаттығуды орындау кездерінде ауырлықтың үнемі өсіп отыруын көздейді. Жаттығу циклдері ұйымдастырудың жалпы түрі болғандықтан спорт зерттеушілері аса зор көңіл аударуда. Оған екі жағдай себеп болады.
1. Ауырлықтың көлемі мен қарқынының тез өсуі. Жоғары көрсеткіштерге бағытталған спортта олар дененің биологиялық мүмкіндіктерін пайдалануда жоғарғы деңгейге жетті. 2. Дүние жүзіндегі спортшылардың шеберлігін шыңдау мен жаттығу деңгейі бірдей болады. Бұл екеуі де спорт жаттығуын ұтымды ұйымдастыруды талап етеді. Бұлай үйымдаструдың алатын орны жоғарғы әдістік қозғалысты қайталауды орындауға негіз болады.
Спорттық жаттығулардың басты заңдылықтары мсн қағидалары және ерекшеліктері жалпы педагогикалық талаптарды, спорттық дайындықты пайдалауға қарсы бола алмайды. Тек спорттық жаттығудағы үйрету мен тәрбиелеудің жалпы талаптарын біріктіре отырып қана жоғары спорттық шеберлікке жетуге болады.
Спорттық жаттығулардың түрі мен ерекшеліктері өзінің кейбір шарттылықтарымен сипатталады. Оның жинақтылығы белгілі бір түрақты біріккен бөлімдердің бір-біріне қарасты заңды және жалпы үқсастығы сияқты белгілі бір құрылым негізінде іске асырылады. Атап айтқанда:
- жаттығу түрлеріндегі элементтерінің байланыс тәртібі бойынша (жалпы жэне арнаулы дене тәрбиесінің, дене тәрбиесі мен айлалық бөліктері т.б.).
- жаттығу тапсырмаларның өзара байланыс қажеттілігі бойынша (жұмыс көлемі мен қарқыны)
- заңды түрде қамтитын жекеленген тапсырмалар және олардың бөлімдері бойынша (әтаптары, кезеңдері, циклі).
Спорттық жаттықтыру көбіне спортшының жасына байланысты бірнеше кезеңді қамтитын көп жылдық сала ретінде қүрылады. Оның мазмүны мен құрылымы жас ерекшеліктері мен дененің жалпы жетілуіне байланысты өзгеріп отырады. Спортпен көп жыл айналысқанда төрт ірі кезеңнің көрінісін байқауға болады. Оның әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар мынадай сатылардан түрады:
- алғашқы спорттық дайындықтың ұқсастығы,
- бастапқы мамандану сатысы "базалық",
- спорттық жетілдіруді кеңейту сатысы
- "көп жылдық спорт" сатысы. Бұл сатылардағы жас шегі мейілінше айнымалы болады (спорттың түріне, спортшының екшеліктеріне байланысты).
Қазіргі кезде жоғары дәрежелі спортшыларда дайындықтың үшінші сатысы ерекше орын алып отыр. Маңызды халықаралық жарыстарға ұлттық құрама топты дайындау міндеттеріне байланысты зерттеушілердің назары бірінші кезекте осы мәселеге аударылып отыр. Ғылыми болжамдарда басқа да сатылар туралы шешілмеген мәселелер де жеткілікті. Бұл спорттық жетістіктерге жетудің көп жылғы жолында зерттеу материалдарын жинақтау қиындығынан туып отыр. Төменде айтылған мәліметтерде осы мәселенің бағыттары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |