Лекция 30 Семинар: 15 СӨЖ: 45 обсөЖ: 45 Барлық сағат саны: 135 Ќорытынды емтихан 7 семестр Аралыќ баќылау -2 (60)



бет3/12
Дата16.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#140076
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Әдебиеттер

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция №2

Дене тәрбиесі жүйесі


  1. Дене тәрбиесі жүйесі туралы жалпы түсінік

  2. Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Дене тәрбие жүйесі " дене мәдениеті ", " спорт ", "дене тәрбиесі " деп аталатын салалардан түрады.

Бұл құбылысты талдаудың әр түрлі бағыттары бар. Дене тәрбиесі, оның қызметі, байланысы жэне оның басқа бөліктермен ара қарым-қатынасы арқылы талдау нәтижесінде танылады. Кестеде көрінгендей "Дене мәдениеті" негізгі ұғым болып табылады. Спорт дене мәдениетінің бір саласы ғана. Дене тәрбиесі "дене мәдениетінің" қүрамына жалпы дене тәрбиесі , кәсіптік жәнс спорттық бағыттағы дене тәрбиесі деп аталатын педагогикалық басты үш бағыттары бойынша кіреді. Атап айтқанда, спорт өзінің "педагогикалық жағынан, яғни спорттық дайындық - білім мен тәрбиенің барлық мақсаттарына қызмет көрсететін дене тәрбиесінің бір саласын құрайды. Қазіргі әдебиеттердегі кездесетін физикалық рекреция" термині белсенді демалысты қамтамасыз-ету, жүмыстың басқа түріне күшті орнына келтіру үшін ауысу сияқты дене тәрбиесінің тапсырмаларының бірін айқындайды. Бүл тапсырманың шешімін ұйымдастыру жұмыстарының өзіне тән санқилығымен жалпы дене тәрбиесі (гигиеналық гимнастика , серуен және т.б.), кәсіптік бағыттағы дене тәрбиесі ( өндірістік гимнастика), спорттық бағыттағы дене тәрбиесі арқылы бейнеленеді.

"Физикалық реабилитация" термині уақытша жоғалғап немесе оқыс жағдайлар мен ауыру кезімде төмендеген дене қуатыіі калпына келтіру дегенді білдіреді. Дене жаттығуларын бүлай пайдаланудың медициналық емдік қасиеті бар.

Бүл дене тәрбиесінің үш бағытының қүндылығы - біріншіден, дене тәрбиесі жүйесінің тең қүқықтылығы , екіншіден, материалды қамтамасыз ету мен жаттығатындар санының әр түрлілігі, үшіншіден, әр бағыттың шартты шекарасы мен олардың ішкі қарым-қатынасы ( яғни жалпы білім беретін мектеп оқушысы ЖБСМ-ң спорт дайындығын ала алады).

Дене мәдениеті - дене табиғатын тәрбиелеудің нәтижесі. Бұл -адамдардың дене дамуын қалыптастырып оны пайдаланудағы материалдық және рухани байлық.

Спорт дегеніміз - түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғарғы дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік жасайтын материалдық, әрі рухани байлық.

Атап айтқанда, біріншіден, спорт қоғамның тәрбиелеуші, дайындаушы ролін атқарады. Екіншіден , спорт материалды өндірістік қажеттіліктермен тікелей байланысты емес. Үшіншіден, спорт күрделі арнайы дайындықсыз болуы мүмкін емес. Тертіншіден, жоғарғы көрсеткіштер сайыс түрінде ғана салыстырылып, ерекшеленеді. Спорт қызметі жарыстар үстінде ғана анықталады. Бүл балалар спортына да қатысты.

Спортта түбегейлі түсіндіретін белгілер балалар спортында да табылады. Оны арнайы дайындықпен жас ерекшеліктері ескерілген мектептен тыс жүмыс ретінде қабылдаймыз. Жасөспірімдер спорты дегеніміз - тек осы жас кезеңін қамтамасыз етеді. Бүл қыздарға да қатысты.-

Мектеп спорты жас ерекшелігіне қарай балалар спортымен сабақтас. Алайда балалар спорты мектепте жэне мектептен тыс үйымдасткгылса. мектеп спорты тек мектептерде ғана үйымдастырыоады.Спорттың сан алуан белгілері түрлі жарыстық ойындар мен гимнастикада және туризмде де кездеседі. Мысалы, кейбір мамандықтар өзінің дербестігін жойып, гимнастикаға немесе спорттың баска бір түрінің құрамына енді. Осындай жағдайда спорт белекше белгілерді өзімен бірге ала жүріп, ойынға тан әдістеріне пайдаланады.

Дене мәдениетің педагогика түрғысынан алып қарағанда дене тәрбиесі дене мәдениетінің негізгі саласы болып табылатыны жоғарыда айтылады. Педагогикада адамның саяси -әлуметтік құқықты эстетикалық жағынан қоғамға лайықты болуына жауап беретін мүмкіндіктердің дамуына бағытталған мақсатты тәрбие деп атайды. Дене тәрбиесі - адамның физиологиялық жағынан дамуын қалыптастыратын педагогикалық жүйе.

Дене тәрбиесінің міндетті адамның дене мәдениетінің өзіне лайықты мазмұнын меңгеруі . Дене тәрбиесі арқылы адам дене мәдениетінің жалпы нәтижесін өзінің жеке игілігіне бағындырады(денсаулығын жақсарту, т.б.) . Жеке адамның өзгеруі өз кезегінде дене мәдениетінің құрамының , оның басты нәтижелерінің өзгеруіне әсер етеді.

Балалар дене тәрбиесі - жеткіншектің дене дамытуыі педагогикалық жүйесі. Мектептегі дене тәрбиесі мектеп аясында ғана жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ал бала дене тәрбиесі мектепте және мектептен тыс та атқарыла береді.

Дене тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері

Дене тәрбиесінің мақсаты: қоғамдық талап пен оған қызмет көрсету үшін халықтың дене дамытуындағы күткен нәтижені білдіреді.

Күтілген нәтиже қоғам дамуының заңдылықтарымен тығыз байланысты. Бүл мақсат қоғамды құрап , оның байлығын қорғайтын әлеуметтің талаптарына сәйкестендіріледі. Дене тәрбиесінің мақсаты жан -дүниесі рухани бай , ар – ожданы таза, Отанды қорғауда ұзақ жылдар шығармашылық еңбек етуге жарамды адамдардың физикалық дамуын қалыптастыру болып табылады.Бұл мақсат еліміздегі әр адамның қоғамдық талаппен жеке қызығушылықтарына байланысты.

Дене дамуының жетілуі адамдардың ешқандай кемшліксіз жан-жақты жетілген тұлға туралы арманын бейнелейді. Дене тәрбиесінің міндеттері: алға қойған мақсаттың шарттар на сәйкес орындарға қол жеткізуге мүмкіншіліктер туғызу. Дене тәрбиесі жүмысында шешілуге тиіс міндеттер үш топқа бөлінеді: сауықтыру , тәрбиелік және білім беру міндеттері. Дене дамуы адамның жеке өміріндегі ағзаның пішіні мен қызметінің өзгеруі.

Адамның дене дамуына биологиялық, климатты- географиялық және әлуметтік факторлар әсер етеді. Биологиялық факторлар тобын тұқым-қуалаушылық құрайды(мысалы; ата- анасының бой ұзындықтарына қарап , балаларының бойын шамалауға болады.) Бүл әрекеттердің нәтижесінде дене дамуы жасына қарай бірте-бірте өзгеретүсетіні белгігі.

Климаттық - географиялық факторлар тобы еліміздің орналасқан түрлі аймақтардағы ерекшеліктеріне қарай қарастырылады . Мысалы : солтүстіктегі қысқа күн мен қатты аязды, оңтүстіктегі жоғарғы температура мен құрғашылық адамның физиологиялық жағынан қалыптасуына әр түрлі әсер

ететіні белгілі.

Әлеуметтік факторлар тобына материалды өмір шарттары , еңбек және оқу жүмыстары, тәрбиенің мазмүны т.б. кіреді. Әлуметтік факторлардың барлығы түгелімен елдің қоғамдық -экономикалық дамуына байланысты. Әлуметтік фактор, өз кезегінде жоғарыдағы екі факторға да әсер етеді. Мысалы: материалды жағдайдың түзелуі бой ұзаруына, салмаққа, кеуде клеткаларының жетілуіне және т.б. әсер етеді

Дене дамуының нәтижесі дене өлшемдегі арқылы дене салмағы мен ұзындығы дене білімінің сыртқы бейнесі аркылы ) сыртқы белгілеріне қарай жыныстық жетілуі , сондай-ақ окпенің өміршеңдігі, жеке бұлшық еттердің күші, жылдамдықты күшейту сиякты көрссткіштердің қызметі арқылы бағаланады . Дене дамуының осы көрсеткіштерін пайдаланып , олардың жоғары деңгейі денсаулықтың сапасын жақсартып , жақсы еңбек ету кабілеттілігі артып, жоғарғы спортты нәтижелерге жетуге болатыныны іс – тәжірибе дәлелдеген. Дене тәрбиесі осы айтылғандардын көпшілігіне айтарлықтай әсер етеді, ал дене дамуының жетілуі осының бір саласы.

Тәрбиелік міндеттер адамның жеке басының жан -жақты дамуына рухани және дене қуатының бірлігін береді. Дене тәрбиесі бүтіндей педагогикалық салаға бола түра өзінің арнайы заңдылыктарымен тәрбиенің жалпы міндеттерін атқара алады.

Білім беру міндеттері осы саладағы арнайы білімді меңгеріп, оны қимыл арқылы қолданысқа түсіру. Денелік білім деп арнайы жүйелі білімді. дене жаттығуларын игеріп, оны өмірде түрлі айла - тәсілдер арқылы өз бетінше қолдануды айтамыз. Арнайы білім дегеніміз - дене тәрбиесінің заңдылықтарын басшылыққа алатын білім. Бұл саланың мазмұнын денелік білімнің деңгейі мен бағыты карастырады. "Денелік білім " деген үғым ең алғаш П.Ф.Лесгафтың ғылыми еңбегінде айтылады.

Денелік білімде басқа білімдер сияқты қоғамға аса бағалы ғылымдардың бір саласы болып табылады.

Дене тәрбиесі ғылымында зерттеу объектісі: игертілетін педагогикалық фактор, ал субъектісі - дене жаттығуларын үйренуге әрекет , үстіндегі жеке адам. Сондықтан әрбір педагогикалық зерттеуде объектісі мен субъектісі ажырамайды. Дене т әрбиесі заңдылықтарын негіз еткен элеуметтік ілім жүйесі дене тәрбиесі пәні болып табылады. Жалпы заңдылыққа дене тәрбиесінің түрлі топтарындағы дене тәрбиесінің теңестірілуі кіреді ( балалар мен ересектер).

Дене тәрбиесі жетілдіру әдісі пәні өзіне тән заңдылықтары негізделген педагогикалық жүйе болып табылады .

Табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарының кейбірі -дене тәрбиесінің заңдылықтары. Атап айтқанда дене тәрбиесінің заңдылықтары адамның арнайы әдістері мен оны оқып үйренуімен қатар метадологияның бір бөлігі дене тәрбиесінін метадологиясын құрайды.,

Жалпы метадологиямен байланысы білім беру әдістері ғылыми білімнің зерттеу әдістерін дене тәрбиесінің заңдылықтары ретінде әлуметтік жағынан қолданыс табуы оның өміршеңдігшін танытады.

Бұдан шығатын қорытынды, дене тәрбиесін зертеуші басқа ғылымдар арасындағы бұл ғылымның өз дербестігін айқындап береді. Дене тәрбиесінің методологиясы оның ішкі заңдылықтарын түгел қарастырып, түрлі аспектілерін анықтаудағы негіз болады.

Сол себепті дене тәрбиесінің пәні мсн зерттеу оқу процесі ретінде методологиялық дайындықпен, қаруландырып маманға дене тәрбиесі міндеттерін еркін өтеуге мүмкіндік береді.

Дене тәрбиесі жүйесінің педагогикалық бағыты жалпы дене т әрбиесінің әдісі, мамандық бағыттағы дене тәрбиесінің, спорт бағытындағы дене тәрбиесі әдістерінен құралады.

Бұлар да өз ішіндс түрліше жіктеледі. Олардың әр түрлілігі айналысушылардыц жас ерекшелігіне, жынысына, кәсіби спорт жабдықтарына сәйкестендіріледі . Тек ғылыми және оқу барысындағы әдіс үғымы жалпылама мағына береді. Жеке әдіс түрлері ,өз бетінше ғылыми мазмұнды құрайды. Екі пән де бір бірінсіз өмір сүре алмайды.

Дене тәрбие ғылымы қазіргі дене тәрбиесінің динамикалық жүйесін құрайды сондықтан ғылым дене тәрбиесі білімнің негізі болады. Дене тәрбиесі ғылыми бұл құрылымының болашағын бүтіндей құрып, жеке заңдылықтарды біріктіреді, оларды дене тәрбиесінің барлық әдістеріне үлгі етеді.

Дене тәрбиесінің әдісі жеке заңдылықтарды орындап, ілімдік жалпылықтың негізін қалайды.

Сонымен бірге мұғалімдер мен оқушылардың жалпы міндеттерін нақты айқындап, педагогикалық жарнамаға айналдырады . Дене тәрбиесі әдісі нәтижесінде жалпы жетістік жекешеленеді . Сол үлгімен әрбір әдісті тек пайдаланып қоймай айналысатындардың ерекшеліктеріне қарай жеке заңдылықтар құру керек . Бұл екеуі қосылып" Дене тәрбиесінің пәні мен әдісі " деген оқу процесін құрайды. Үйрету пәндеріне қарай бұлар педагогика ғылымының құрамына енеді. Педагогиканың басқа салалары секілді дене тәрбиесі де әлуметтік психологиялық және биологиялық заңдылықтарға байланысты қарастырылады.


Әдебиеттер

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.



Лекция № 3

Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарламасы


  1. Дене шынықтыру сабақтарының міндеттері

2. Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің құжаттары
Дене шынықтыру сабағының білім беру, тәрбиелік және сауықтыру міндеттері бар. Білім беру міндеттеріне: балаларды бағдарламада қаралған дене шынықтыру жаттығуларын орындауға, үйреткен жаттығуларды қалыптастыру. Сол себептен дағды мен ептіліктерін дамытуда берілген жаттығуларды қолдану. Сол себептен білім беру міндетіне балаға дене шынықтыру және спорт жайлы білім алулары, денсаулықты сақтау, дене шынықтыру жаттығуын дұрыс орындау жатады. Дене шынықтыру сабақтарында тәртіптілік, зейінділік, ерік, үқыптық, сол сияқты достық сезімі, жолдастық, табандылық сияқты т.б. сапалар тәрбиеленеді. Дене шынықтыру сабағының дұрыс ұйымдастырылуы мен өткізілуіне үйлесімді костюмдер, сабақ өтетін жердің гигиеналық талаптарға сай болуы, сабақты ашық ауада өткізу - осының бәрі сауықтыру міндеттерін шешу үшін жағдайлар жасайды.

Дене шынықтыру сабағын уйымдастыру 3 бөлімнен турады:

I бөлім - үйымдастыру, Бүл оқушыларды сабақтың қиын тапсырмаларын орындауға дайындау, яғни кіріспе бөлім.

II бөлім - негізгі бөлім, Бүл сабақтың негізгі міндеттерін орындауға бағытталған.

III бөлім - қорытынды бөлімі. Сабақ ұйымдастырылған түрде аяқталады. Оның бар бөлімі бір-бірімен тығыз байланысты.

Кіріспе бөлім 5-10 минуттан, негізгі бөлім 25-30 минуттан, қорытынды бөлім 3-5 минуттан түрады.

Кіріспе бөлімде сапқа тұру элементтері, гимнастикалық сап түзеу, жалпы дамытатын би жаттығулары, ойындар ойналады.

Негізгі бөлімде құрал-жабдықтармен және жабдықтарсыз жалпы дамытатын жаттығулар, би жаттығулары: жүріс, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, асылу, акробатикалық жаттығулар, тепе-теңдік, үлкен қозғалыспен айналатын ойындар,сонымен бірге, сол кластың бағдарламасынан кез-келген материал енгізілуі мүмкін.

Қорытынды бөлімде организмді бірте-бірте тыныштық қалыпқа өткізу. Сапқа тұру, сабақты қорытындылау, \Үйге тапсырма беру, ұйымдасқан түрде залдан шығу жұмыстары жүргізіледі.

Мүғалім сабақтың барысында оқушылардың көңіл-күйі сергек болуын қадағалау керек және оларды жаттығуларды жаксы орындауға қалыптастырған мақұл.

Мүғалімнің сабаққа жақсы дайындығы оны жақсы өткізудің кепілі. Ол мүғалім бағдарлама материалымен толық таныс болуы тиіс. Методикалық әдебиеттерді қолдану, өз пәнін жетік меңгеру" басқа педагогтармен тәжірибе алмасып отыруы керек. Әрбір сабақтың жоспары болуы қажет. Сабақтағы денеге түсетін күш әр түрлі болады. Оқушыларға шамадан тыс артық күш түсіруге болмайды. Бүл олардың шаршауына, әлсіреуіне_ алып келеді, сондай-ақ жүктеме өте нашар, аз болмауы керек: Себебі ол кезде дене шынықтыру жаттығуларының әсері жеткіліксіз болады.

Біздің айналамызда дене тәрбиесінің орасан бай көздері бар. Оларды терең ойланып пайдалану керек. Бүған үлкендердің тәжірибесі мен мамандардың кеңесі көмектесе алады.

Дене тәрбиесі - жас адамның жалпы тәрбиенің бір бөлігі.

Мектеп жасындағы кезеңдер 3 топка бөлінеді:

1) төменгі 2) орта 3) жоғарғы.

Дене тәрбиесінің мақсаты: спорт жағынан жетілген, дене тәрбиесі саласында жоғарғы көрсеткіштер көрсете алатын адамды тәрбиелеу. Өз отанын қорғауда, еңбекте жоғарғы нәтиже, жететін түлғаны даярлау.

Мектептегі дене тәрбиесі пәнінің құжаттары

Мұғалім алдын ала оқушылардың білім деңгейі мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау құжаттарымен мұқият танысады.

1. Әр сыныптың жылдық сағат кестесі мектептің жабдықталуына, жергілікті ауа райына, әр тоқсанда бағдарламаның өтетін бөліміне, спортты түрлеріне бөлінген сағат санына байланысты құрастырылады .

2. Сабақтың жылдық жоспары.

3. Күнтізбелік жоспар.

4. Сабақтың мазмұндама жоспары.

5. Сынақ алу құжаттары.

Жылдық жоспар графигін құру ережесі.

Жылдық жоспар өз кезегімен өтілетін оқу бағдарламасының құжаты әрбір

2-сыныпқа және жас ерекшелігі тең сыныптарға жүргізіледі. 1-ден оқулықтың мүмкінділігімен сабақ өтілетін жер /жағдайына байланысты таңдау жасап, олардың бағдарлама талаптарына сәйкес, сағатын біліп алып, сол оқу жылына бағдарламалық бөлімдерінен өтілетін қүжаттан сағаттар саны құрылады. Кейбір жағдайлардың болмауына байланысты дене тәрбие мұғалімі мектеп басшыларымен келісе отырып, бағдарламаның бөлімдеріндегі берілген сағатты өзгертуіне болады. Бағдарламаға байланысты әрбір сыныпқа дене тәрбисі мынандай бөлімдерден тұрады: (кесте-1)

1) білім негіздері

2) дағды

3) оқушыларға қойылатын талаптар

4)дағдыны іскерлікті дамыту мақсатында оқу көрсеткіштері (нормативтер).

Білім негіздері төменгідей тақырыптарга топтастырылады:

Дене тәрбие мен спорттың маңызы, дене жаттығуының ағзаға тигізетін әсері, гигиена талаптары, сабақта тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, дене жаттығуын өз бетінше істей алу және жолдастарына жүргізе білу. Бастауыш сыныптарда, гимнастика қозғалмалы ойындар, ұлттық ойындар және жеңіл атлетика сабағының ең қарапайым түрлері қолданылады.


«Бекітемін»

Мектеп директоры:



Жылдық жоспар


Сынып

БАҒДАРЛАМА

БӨЛІМІ


1 - тоқсан.

2- тоқсан.

3 - тоқсан.

4 - тоқсан




1-18

1-14

1-20

1-16

1-4 сынып

Жеңіл атлетика.

1-10







1-10

Гимнастика.




1-14







Қозғал. ойындар.

11-12




1-20




Ұлттық ойындар.

13-18







11-16

5-8 сынып

Жеңіл атлетика.

1-11







7-15

Дала жарысы.

12-15







3-6

Гимнастика.




1-8







Спорттық ойындар.




9-14

1-18




Ұлттық ойындар.

16-18




19-20

1-2

9-11 сынып

Жеңіл атлетика.

1-11







7-15

Дала жарысы.

12-15







3-6

Гимнастика.




1-6







Спорттық ойындар.




7-14

1-20




Ұлттық ойындар

16-18







1-2

Күнтізбек тақырыптық жоспар. III- тоқсан 7- сынып



Оқу жылының тақырыптық жоспары.

Бағдарламаның тақырыптарын тоқсандарға бөлу кестесі - мектептің жағдайына, өзінің және мектептің мүмкіншілігіне оқушылардың дайындығына қарай дене тәрбиесі мүғалімі жазады.



Әдебиеттер

1. «Қазақстан Реепубликасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі

шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Перзидентінің 1995 жылғы 4 мамырдағы N 2261 Жарлығын жүзеге асыру туралы «Қазақстан Респубилкасы Үкіметінің 1995 жылғы 24 қарашадағы N 1593 қаулысын жүзеге асыру және Қазақстанда халықты дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымындағы N 774 «Қазақстан Республикасы тұрғындарының дене шынықтыру дайындығының Президенттік сынамалары туралы» қаулысы

3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030: Қазақстан Республикасы

Президентінің Қазақстан халқына үндеуі. Алматы 1997. 256 бет.

4. Дене тәрбиесі және спорт арқылы Қазақстан Республикасының халқын

сауықтыру бағдарламасы. Алматы 1999.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет