* Оқытудың қоғаммен байланыс заңдылығы;
* Оқыту, білім беру және дамудың өзара байланыс заңдылығы;
* Оқыту процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру заңдылығы;
* Оқытудың міндеттері, мазмұны, формалары мен әдістерінің өзара байланыс заңдылығы;
«Принцип» термині латын тілінен аударғанда ереже, іс-әрекетке қойылатын негізгі талап деген мағынаны білдіреді. Сонда оқыту принциптері дегеніміз оқыту ережелері немесе оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Коменский. «Ұлы Дидактика» атты еңбегінде ол бірнеше оқыту принциптерін басшылыққа алуды ұсынады: табиғатқа сай болу, түсініктілік, көрнекілік. И.Г.Песталоцци ерекше бағалаған принцип - көрнекілік принципі. Көрнекілік баланың логикалық ойлауын жетілдіреді деп есептеген. К.Д.Ушинский оқытудың халықтық сипатына ерекше назар аударып, түсініктілік принципін жақтаған. Ы.Алтынсарин оқыту принциптерін қазақ мектептерінің ерекшеліктеріне сай пайдалану керек деген.
Оқыту принциптерінің жүйесі мына принциптерден құралған:
Ғылымилық
Жүйелілік және бірізділік
Саналылық және белсенділік
Көрнекілік
Беріктілік
Ынталандыру (мотивизация)
Ізгілендіру (гуманизациялау)
Проблемалық
Интеграциялау (кіріктіру)
Лекция 18. Білім берудің мазмұны, құрылымы, түрлері. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар.
Мақсаты: мектептегі білімнің мазмұнымен таныстыру, білім беру құжаттарымен таныстыру, оқыту процесінде құжаттарды қолдану жолдарын көрсету.
Жоспар: 1. Білім беру мазмұны туралы түсінік
2. Жалпы, политехникалық, кәсіптік білім
3. Білім беру құжаттары
Негізгі ұғымдар: білім беру мазмұны, жалпы білім, кәсіптік білім, политехникалық білім, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, стандарт, оқулық.
Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Білім беру жүйесі деп білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын мекемелердің жиынтығын айтады.
Білім беру жүйесінің негізгі міндеттері:
· жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
· азаматтықты, отбасының, халықтың, қоғамның және мемлекеттің алдындағы жеке адамның құқылары мен міндеттерін ұғынуды, сондай-ақ Республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысу қажеттігін тәрбиелеу;
· Республика тұрғындарына жалпы және кәсіптік білім алуға жағдай жасау;
· жеке адамның шығармашылық қабілеттерін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту;
· қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін оқып-үйренуге жағдай жасау;
Бұл міндеттерді жүзеге асыруға түрлі факторлар әсер етеді: қоғмның дамуы, ғылым мен техниканың дамуы, педагогикалық фактор - баланың мектепке дайындығы.
Білім беру жүйесінің құрылымы:
Отбасындағы тәрбие;