Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 17. Оқыту процесінің құрылымы, заңдылықтары, принциптері



бет22/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 17. Оқыту процесінің құрылымы, заңдылықтары, принциптері
Мақсаты: оқыту процесінің құрылымына заңдылықтарына сипаттама беру, оқыту принциптеріне сипаттама беру, принциптер туралы атақты педагогтардың пікірлерін салыстыру.
Жоспар:

  1. Оқыту процесінің құрылымы

  2. Оқыту процесінің заңдылықтары

  3. Оқыту процесінің принциптері

Негізгі ұғымдар: мақсат, мотив, құрылым, заңдылық, қоғаммен байланыс, оқыту принциптері.

Оқыту процесінің құрылымы: Білім алудың мақсаты мен мотивін анықтау, Жаңа оқу материалын қабылдау, Білімді бекіту, Білім мен дағдыны практикада қолдану, Оқушылардың БІД тексеру, бағалау


Мотив әрекеттің себебін, ал мақсат әрекеттің нәтижесі қандай болуға тиіс екенін анықтайды. Баланың оқудағы негізгі мотивінің бірі - қызығу. Өйткені бала білім алуға қызықпаса, талаптанбаса, оны зорлап оқытуға болмайды. Баланы қызықтыру үшін білімнің мақсаты мен қажеттілігін түсіндіру керек.
Оқушының білімді меңгеруі жаңа материалды қабылдаудан басталады. Оқушылардың бұрынғы біліміне сүйене отырып, мұғалім оларды жаңа білімді қабылдауға дайындайды.
Оқыту процесінде оқушылардың алған білімін бекітіп отыру маңызды. Ол үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыру қолданылады. Бекітуді ұйымдастырғанда түрлі жаттығулар, ойындар, көрнекі және техникалық құралдарды пайдалануға болады.
Білімді толық меңгеру оны практикада қолдануды керек етеді. Егер оқушы алған білімін практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағанын көрсетеді. Білім мен дағды түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады.
Тексеру мен бағалау оқытудың әрбір кезеңінде қолданылады. Бұл арқылы оқушының біліміндегі жетістіктер мен кемшіліктер анықталады. Оқушының білім алудағы жетістіктеріне талдау жасап, айтып отыру маңызды. Дұрыс, әділ қойылған баға оқушының ынтасын арттырады, өз күшіне деген сенімділігін тудырады.
Құбылыстар мен процестер арасындағы обьектілі, маңызды, қажетті, жалпы, берік, белгілі жағдайда қайталанатын өзара байланыс заңдылық деп аталады. Оқыту заңдылықтары сыртқы, ішкі, жалпы, жеке болып бөлінеді. Оқыту процесінің өзіне тән ерекшелігі бар: оқыту процесі тәрбиеге қарағанда оңай басқарылады, тез іске асырылады әрі нәтижесін тез байқауға болады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары Ю.К.Бабанскийдің, И.Я.Лернердің, И.Ф.Харламовтың еңбектерінде кең көлемде баяндалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет