Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 20 Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары



бет29/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 20 Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары.
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы.
Мақсаты: оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формаларымен таныстыру, олардың ерекшеліктерін анықтау.
Жоспар:

  1. Оқытуды ұйымдастырудың қазіргі кездегі формалары

  2. Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы

  3. Сабаққа қойылатын талаптар

  4. Сабақта оқушылардың жеке, топтық және ұжымдық жұмыстарын ұйымдастыру

Негізгі ұғымдар: оқыту формалары, сабақ, экскурсия, семинар, факультатив, үйірме, үй жұмысы, конференция.
Қазіргі кезде оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формалары бар. Олар: семинар, экскурсия, факультатив, конференция, үйірме, үйдегі оқу жұмысы, өзіндік жұмыстар, өздігінен білім алу, т.б. Экскурсия - табиғатта, өндіріс орындарында, музейде, т.б. жерлерде өткізілетін сабақ. Оның мақсаты-оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін практикада жалғастыру, бекіту. Экскурсия алдын-ала дайындықты талап етеді. Қайда барамыз? Қандай мақсатпен? Экскурсияның тақырыбы мен мақсаты, қауіпсіздік шаралары оқушыларға түсіндіріледі. Экскурсия жоспары жасалады. Семинар көбінесе жоғары сыныптарда, өтілген лекциялардағы өзекті мәселені талқылау үшін ұйымдастырылады. Семинардың тақырыбы, сұрақтары мен әдебиеттер тізімі оқушыларға ерте беріледі. Тақырыпқа байланысты баяндама, реферат дайындауға болады. Семинарда сұрақтар ретімен талқыланады, оқушылар өз пікірлерін айтады, тыңдайды, сұрақ қояды, пікір алмастырады. Факультатив оқушылардың қызығушылығы мен сұранысы негізінде әр түрлі пәндерге сәйкес ұйымдастырылады. Онда оқушылардың пәнге бейімділігін ескере отырып, ғылым негіздерімен кеңірек таныстырады, кәсіби бағдар береді, кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады. Конференция тақырыптың ғылыми деңгейін көтеру мақсатын көздейді. Ол семинарға ұқсас, тек баяндамалардың саны көбірек болуы керек. Конференцияға бірнеше сыныпты біріктіруге болады. Үйірме жұмысының өзіндік ерекшеліктері бар. Ол оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жетілдіреді, тапсырмаларды орындауға қолайлы жағдайлар жасайды. Оқушылардың үйдегі оқу жұмысы сыныптағы сабақтың жалғасы болып саналады. Үй жұмысының тәрбиелік мәні зор. Себебі, үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушы ұқыптылыққа, тәртіпке үйренеді, дербестігі артады, жауапкершілігі дамиды. Үй тапсырмасын дұрыс ұйымдастыру үшін мұғалім белгілі шарттарды ескеруі керек. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай үй жұмысының көлемі де әр түрлі болады. Оқушының өзіндік жұмыстары (самостоятельная работа) оқыту процесінің әрбір кезеңінде және үйдегі оқу жұмысында да орын алады. Өзіндік жұмыстар оқушының ойлау қабілеттерін арттырады, іскерліктері мен дағдысын қалыптастырады, өз бетімен қызмет етуге үйретеді. Өздігінен білім алу (самообразование) оқушыны өз уақытын тиімді жоспарлауға, үнемді пайдалануға, өзіне керек мәліметті іздеуге, кітапханада жұмыс істеуге үйретеді. Өздігінен білім алудың негізгі көздері: кітап, газет-журналдар, радио, теледидар.
Сабақ дегеніміз - оқушылардың топқа ұйымдасқан класс деп аталатын тұрақты тобымен, мұғалімнің басшылығымен жүретін оқу жұмысы. Сабақтың оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы болатын себебі - ол алдымен мұғалімге оқытатын пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ сабақ оқушының оқу әрекетінің кластан тыс және үйдегі түрлеріне бағыт-бағдар беріп, жетекшілік роль атқарады.
Қазіргі мектептегі сабаққа мынадай талаптар қойылады:

  1. Әр сабақтың айқын мақсаты, мазмұны, жоспары болуы керек.

  2. Сабақ оқыту принциптерінің ережелері мен талаптарына сәйкес болуы керек.

  3. Сабақтың ғылыми мазмұны оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сай түсінікті болуы керек. Сондай-ақ сабақта оқушылардың бойында біліктер мен дағдыларды қалыптастыру міндеті жүзеге асырылуы тиіс.

  4. Сабақтың мазмұны оқытылатын пәннің бағдарламасына сәйкес болуы және әрбір сабақ басқа сабақтар жүйесінің буыны болуы міндетті нәрсе.

  5. Сабақта оқушылардың білімге ынтасы мен қызығушылықтарын арттыру үшін сабақтың құрылымы мен әдістерін түрлендіріп, көрнекі және техникалық құралдарды, ойындарды тиімді қолдануы керек.

  6. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін проблемалық ситуациялар туғызып, проблемалық міндеттер мен тапсырмаларды орындауға басшылық ету қажет.

  7. Сабақтың сапасын жақсарту үшін мұғалім оқушылармен қарым-қатынас жасау шеберлігін арттырып отыруы қажет.

  8. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, оларды өздігінен білім алудың әдіс-тәсілдеріне үйрету міндет.

  9. Сабақ оқытудың білім беру, тәрбиелеу, дамыту қызметін біртұтастық принципіне сай жүргізілуі керек.

  10. Сабақтың дидактикалық құрылымы немесе кезеңдері бірізділікте, бір-бірімен өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып тұрулары қажет.

  11. Сабаққа дайындалу және оны өткізу барысында мұғалім сыныптағы, мектептегі нақтылы жағдайды (оқу кабинетінің жабдықталуы, оқу-техникалық, көрнекілік құралдарының болуы, тұрғылықты жердің табиғаты, т.с.с.) ескеріп отыруы шарт.

Мұғалім сабақты бекіту, қайталау кезінде оқушылардың белсенділігін оятуы тиіс. Ол үшін оқушылардың жеке, топпен, ұжыммен бірлесіп орындайтын түрлі жұмыстарын ұйымдастырады. Жеке дара жұмыс оқушыны өз бетімен білім алуға ынталандырады. Топтық жұмыс оқушыларды міндетті ақылдасып шешуге үйретеді. Ұжымдық жұмыс әрбір оқушыға алдына қойылған міндетті түсінуге көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет