Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 21 Сабақтың типтері мен құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар. Сабаққа талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы



бет30/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 21 Сабақтың типтері мен құрылымы. Дәстүрлі емес сабақтар. Сабаққа талдау жасау. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы
Жоспар:

  1. Сабақтың типтері мен құрылымы.

  2. Дәстүрлі емес сабақтар.

  3. Сабаққа талдау жасау.

  4. Мұғалімнің сабаққа дайындалуы

Мақсаты: сабақтың типтері мен құрылымы туралы мағлұмат беру. Дәстүрлі емес сабақ түрлерімен және оларды жоспарлау мен өткізу ерекшеліктерімен таныстыру. Тақырыптық және күнделікті сабақ жоспарларын құруға үйрету, мұғалімнің сабаққа дайындығының маңызын түсіндіру
Сабақтың типтері мен құрылымы маңызды проблемалардың бірі. Әсіресе сабақтың жіктелуі жайлы әр түрлі көзқарастар бар. Мысалы:

    • И.Н.Казанцев - оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына қарай 10 түрге бөледі:

      1. Алғашқы сабақ

      2. Кіріспе сабақ

      3. Жаңа сабақ

      4. Пысықтау сабағы

      5. Жаттығу сабағы

      6. Тәжірибелі сабақ

      7. Қайталау-қорыту сабағы

      8. Тексеру сбағы

      9. Бағалау сабағы

      10. Қорытынды сабақ

  • С.В.Иванов - оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай 7 түрге бөледі:

  1. Кіріспе сабақ

  2. Оқу материалымен алғаш танысу сабағы

  3. Жаңа сабақ

  4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы

  5. Дағдылану сабағы

  6. Қайталау, пысықтау, қорыту сабағы

  7. Бақылау сабағы

  • Данилов пен Есипов - сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына қарай 6 түрге бөледі:

  1. Аралас сабақ

  2. Жаңа сабақ

  3. Пысықтау сабағы

  4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы

  5. Жаттықтыру сабағы

  6. Білімді сынау сабағы

Шет елдердің арасында Чехословакиядағы сабақтың жіктелуі бізге ұқсас:

  1. Жаңа сабақ

  2. Жаттығу сабағы

  3. Қорыту сабағы

  4. Қайталау, білім сынау сабағы

  5. Аралас сабақ

Сабақтың құрылымы деп сабақтың барысында оның құрамдас бөліктерінің, кезеңдерінің бір-бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын айтады. Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет