2 – саты
Жалпы орта білім беру (5 – 10 – сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 6 жыл
Екінші сатының негізгі бағдары – негізгі жалпы білім алуға жағдай жасау, адамдар арасындағы және этносаралық қатынастар мәдениетін, тұлғаның біртұтас көзқарасын, өзін-өзі анықтауын қалыптастыру, тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру тетіктерін, кәсіби және танымдық ой-пікірінің туындауына, теориялық ойлау тәсілдері мен ғылыми таным әдістерін игеруіне ықпал ететін оқу әрекетін ұйымдастыру.
Негізгі мектеп оқытуды бейіндік мектепте немесе кәсіптік бастауыш және орта білім беру ұйымдарында жалғастырудың базасы болып табылады.
Бұл сатының ерекшелігі оқушының мектептегі үшінші сатыдағы бейіндік оқытуға саналы таңдау жасауға бағдар көрсететін бейіналды дайындықтың жүргізілуі болып есептеледі.
3 – саты
Жалпы орта білім беру (11 – 12 – сыныптар)
Оқыту ұзақтығы – 2 жыл
Үшінші сатының бағдары – жалпы орта білім берудің соңғы кезеңі болып табылатын, оқытудың саралануы мен даралануына, оқушылардың білімін жалғастыруға қатысты жеке және өмірлік өзін-өзі танытуына ықпал ететін талабымен, қызығушылық ниетімен сәйкес әлеуметтендіруге бағдарланған бейіндік оқытуды іске асыруға жағдай жасау.
Бейіндік оқыту жаратылыстану – математикалық, әлеуметтік – гуманитарлық және технологиялық бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Бейіндеу (профилизация) нысандары мектептің педагогикалық әлеуетін, білімдік инфрақұрылымының мүмкіндігін, облыстың, қаланың, ауданның сұранысын ескере отырып, анықталуы тиіс.
Бейіндік оқытуды іске асыру жалпы білім беретін мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектептерде жүзеге асырылады.
12 жылдық білім беруде оқушылар мектепті 18-19 жаста бітіріп, Қазақстан азаматтарының барлық конституциялық құқықтарын пайдалана алады.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен іскерліктер жүйесі. Білім мазмұнына қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық, ғылыми жетістіктер әсер етеді.
Білім берудің мазмұнының теориялық негізі ХҮІІ ғ. соңы ХІХ ғ. басында қалыптасты. Білім берудің мазмұны материалистік және формальдық болып бөлінді.
Материалистік білім мазмұнын Я.А.Коменский жақтаған. Ол балаларға ғылымның әр түрлі салаларынан кең көлемде білім беру керек деп есептеді.
Формальдық білім мазмұнын жақтаушылар И.Г.Песталоцци, А.Дистервег оқушылардың дұрыс ойлауын, танымдық қызығушылықтарын дамытуды көздеді.
Орыс педагогы К.Д.Ушинский материалдық және формальдық теориялардың бірлігін жақтады.
Жалпы білім - оқушылардың ғылым негіздерін игеру процесі және нәтижесі. Жалпы білім мазмұнына оқытылатын пәндердің негізгі үш циклі кіреді: ғылыми-жаратылыс, гуманитарлық, еңбек және дене дайындығы.Политехникалық білім беру оқушыларды аспаптармен, құралдармен жұмыс істеуге үйрету, компьютер, ЭЕМ -мен таныстыру, техника мен өндіріс жайлы түсінік беру, мамандық таңдау т.б. мәселелерді қамтиды. Кәсіптік білімнің негізі - жалпы және политехникалық білім. Осы білімнің енгізінде арнаулы орта және жоғары оқу орнын орнын бітіретін мамандардың жалпы ғылыми даярлығы кеңиді, сауаттылығы артады, өз мамандығын терең игереді.
Достарыңызбен бөлісу: |