Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 23 Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті



бет33/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 23 Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті
Мақсаты: оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың қажеттігін негіздеу.
Жоспар:
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті жөнінде түсінік
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетінің тәрбиелік мәні
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру
Негізгі ұғымдар: даму, қарама-қайшылық, біріккен іс-әрекет, ұжымдық-танымдық іс-әрекет, ынтымақтастық, топтық жұмыс.
Оқушылардың ұжымдық-танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігімен және оқыту процесінің қарама-қайшылығымен сипатталады. Қарама-қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып-білуіне, өзінің тұлғалық ресурстарын іске асыруына, өзін-өзі танытуына көмектесуінде. Сондықтан мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиынщылықтарды, кедергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып, осы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады.
Оқыту процесінің субьектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің феномені педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет ретінде түсіндіріледі.
Қазіргі педагогикалық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда фронтальдық жұмыс ұғымымен қатар қояды.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Зерттеулерге қарағанда, жеке жұмыстарда оқу материалының 60-70%, ал ұжымдық жұмыста 89% меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамытуға барынша қолайлы жағдай жасайды.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекет оқытудың тәрбиелік тиімділігін арттырады, тұлғааралық қатынастарды қалыптастыруға оң әсер етеді, сыныпта қолайлы жағдай орнатуға, ұжымдық психологияның қалыптасуына көмектеседі. Ұжымдық жұмыс барысында оқушыларда достық, жолдастық, ұжымдық сезімдер қалыптасады.
Ұжымдық-танымдық іс-әрекеттің әртүрлі формаларына топтық жұмыс және оның түрлері жатады. Топта бес оқушының болғаны тиімді. Өйткені, үш оқушының талқылау жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, төрт және алты адамнан құралған топта жіктелу пайда болуы мүмкін, ал жеті оқушыдан құралған топта әрбір баланың өз пікірін айтуға мүмкіндігі болмайды. Топта оқушылардың бір-біріне қарсы отырғанда олардың арасында барынша белсенді байланыс орнайтындығын көрсетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет