Бақылаудың қызметі:
1. Білімдік – Оқушылар жаңа білімді қабылдайды, бұрынғы білімдерін толықтырады.
2. Тәрбиелік – Бақылау нәтижесінде күнделікті сабаққа дайындалады, жауапкершілігі артады.
3. Дамытушылық - өз бетімен жаңа білімді қабылдайды, қорытынды жасайды, баяндамалар дайындайды.
Бағалаудың қызметі:
1. Білімдік – Оқушылар обьективті білім алады, іскерлік пен дағдыны игереді.
2. Әділ қойылған баға оқушылардың жауапкершілігін, ынтасын арттырады, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелейді.
3. Ой-өрісін кеңейтеді, ойлау тәсілдеріне үйретеді, кемшілікті жоюдың жолдарын іздестіреді.
Бақылау мен бағалау сабақтың әр кезеңінде жүзеге асырылады.
Педагогикада бақылаудың көптеген түрлері бар. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский, Н.А.Сорокина бақылауды 3-ке бөледі:
* күнделікті бақылау
* оқтын-оқтын бақылау
* қорытынды бақылау.
Ал Г.И.Щукина бақылауды 5 түрге бөледі:
* күнделікті бақылау
* оқтын-оқтын бақылау
* тақырыптық бақылау
* қорытынды бақылау
* емтихан
Педагог –ғалым Е.А.Дмитриев 4-ке бөледі:
күнделікті бақылау
тақырыптық бақылау
қорытынды бақылау
нәтижесі
Ал профессорлар Ж.Б.Қоянбаев пен Р.М.Қоянбаевтың «Педагогика» (Алматы, 1998ж.) оқулығында:
тарау бойынша бақылау (оқтын-оқтын)
тақырыптық бақылау
қорытынды бақылау
деп бөлінген. Енді бақылаудың кейбір түрлеріне тоқталайық:
Күнделікті бақылау – оқыту процесінде күнделікті қолоданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық қызметіне басшылық жасайды. Күнделікті бақылау – мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылардың жұмысына жүйелі түрде бақылау жасауы.
Тарау бойынша оқтын-оқтын бақылау әрбір тоқсанның соңында оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін жүргізіледі. Мақсаты - әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша оқушылардың алған білімінің көлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |