І. Не іздеу керек?
1. Оқу әдебиеті: оқулықтар, лекциялар, оқу құралдары, әдістемелік құралдар.
2. Ғылыми әдебиет: монографиялар, диссертациялар, авторефераттар, конференция материалдары.
3. Анықтамалық әдебиет: энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар.
ІІ. Қайдан іздеу керек?
1. Библиографиялық көрсеткіштер
2. Компьютерлік каталогтар
3.Кітапханалық каталогтар
ІІІ. Қалай іздеу керек?
1-кезең : Әдебиеттер тізімін құрастыру.
2-кезең: Библиографиялық көрсеткіштермен жұмыс істеу .
3-кезең: Керек әдебиеттерді іздеп табу.
Керекті әдебиеттермен жұмыс барысында оқумен қатар жоспар құру, конспектілеу, аннотация, тезис жазу сияқты жұмыстар қатар жүреді.
Конспект - тексттің қысқаша мазмұны. Конспектіде тексттен үзінділер келтіруге болады.
Тезис - тексттің ең маңызды жерін қысқаша мазмұндау.
Жоспар - негізгі тұжырымдарды, ойларды ретімен жазу.
Аннотация - тексттің мазмұнын бірнеше сөйлеммен беру.
Цитата - әдебиеттегі, тесттегі пікірді өзгертпей, сол күйінде беру.
Библиография - зерттелетін мәселе бойынша әдебиеттер тізімін құру.
Мемлекеттік стандарт талаптарына сай пайдаланылған әдебиеттер тізімі былай көрсетіледі:
Авторы. Мақаланың аты // Журналдың аты. - Шыққан жылы. - Номері (мысалы №3.) Беті (мысалы 34б немесе 15-24б)
Авторы. Кітаптың аты. - Басылған жері (мысалы А.:) Баспасы (мысалы Рауан,) Шыққан жылы. - Кітаптың көлемі (мысалы 239б) немесе нақты беті (мысалы 69б)
Зерттеу жұмысы жұмысты безендірумен аяқталады. Зерттеу жұмысын безендіру онымен басқалардың танысуына мүмкіндік береді. Кез келген жұмысты безендіру белгілі талаптарға сәйкес жүргізіледі:
Жазба жұмысы стандартты А4 форматты парақта орындалады.
Парақтың сол жағынан - 2,5 см, оң жағынан - 1,5 см, жоғарғы және төменгі жағынан - 2,5 см бос орын қалдырылады.
Жұмыс таза, ұқыпты, түзетулерсіз орындалуы керек.
Әр бетке номері қойылады.
Ғылыми-зерттеу жұмысы студентті ғылыми зерттеуге баулудың неғұрлым жоғары дәрежесімен сипатталады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын, өзіндік жұмыс тапсырмаларын дайындағанда алдын-ала мынандай екі міндетті шешу керек:
Оқылып отырған пәннің құрылымдық ерекшеліктерін ескере отырып, оқу кезеңінің дидактикалық міндеттеріне сәйкес, студенттерге күрделілігі түрлі дәрежедегі тапсырмалар дайындау;
Тапсырмаларды орындауды ұйымдастыруда студенттердің ізденімпаздығының түрлі деңгейлерін анықтау;
Ғылыми ізденістер жүйесі студенттердің көзқарасын кеңейтуде, интеллектін дамытуда, болашақ маманның әлеуметтік психологиялық сипаты мен жеке қасиеттерінің дамуына елеулі әсер етеді. Студенттерде ортақ іске деген жауапкершілік сезімі артады, бірлесіп қызмет етуге үйренеді, бірін-бірі жақсырақ білуіне әсер етеді, әрі осындай жұмыс түрлері ертеңгі педагогикалық қызметінде қажеттігін түсінеді. Еңбексүйгіштігі, танымдық белсенділігі, ғылымға үлесі, оған қызығушылығы артады. Ғылымға қажетті ізденімпаздық, табандылық сияқты қасиеттері қалыптасады. Сөйтіп, студенттің қажетті бағытты таңдауына, өзінде әлеуметтік құндылықтарды қалыптастыруына жағымды әсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |