Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 5. Тұлға туралы ұғым. Тұлғаның дамуы, әлеуметтенуі. Тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға әсер ететін факторлар



бет8/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 5. Тұлға туралы ұғым. Тұлғаның дамуы, әлеуметтенуі. Тұлғаны дамытуға және қалыптастыруға әсер ететін факторлар
Мақсаты: даму және қалыптасу ұғымдары туралы түсінік беру, жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторларды анықтау, даму және қалыптасу жайлы түрлі идеяларды салыстыру.
Жоспар:
1. Даму және қалыптасу туралы түсінік
2. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін факторлар
3. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы жайлы түрлі идеялар


Негізгі ұғымдар: даму, қалыптасу, тұқым қуалаушылық, қоршаған орта, тәрбие.
Педагогика мен психологияда адам, жеке тұлға ұғымдарының әр түрлі анықтамалары бар. Адам – өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Даралық бір адамның екінші адамнан, бір тұлғаның екінші тұлғадан айырмашылығын, өзіне тән ерекшілігін сипаттайды. Индивид (лат. Жекелік) адамзаттың еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін білдіреді.
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы педагогикадағы маңызды мәселелердің бірі.Даму адамның анатомиялық және физиологиялық жетілуіндегі сандық және сапалық өзгерістерді білдіреді. Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық процесі. Баланың организмі бүкіл өмірінде әр түрлі дене және психикалық өзгерістер арқылы дамиды. Бала туғаннан бастап оның денесі дамиды, сөйлеуді үйренеді, іс-әрекеттерді меңгереді. Танымдық қызмет барысында ойлауы дамиды, көзқарастары қалыптасады. Ал қалыптасу деп жеке адамның дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін айтады.
Жеке адамның дамуына үш фактор әсер етеді:
а) Биологиялық - тұқым қуалаушылық;
ә) Әлеуметтік - қоршаған орта, табиғат;
б) Қоғамдық - тәрбие.
Тұқым қуалаушылық арқылы ата-анадан балаға тік жүруге бейімділігі, ақыл, сана, сезім мүшелерінің дамуы, сыртқы белгілерінің ұқсастығы, нәсілдік, ұлттық белгілері, сонымен қатар жүйке жүйесінің түрі, қабылеттердің нышаны беріледі.
Әлеуметтік орта бірнеше түрге бөлінеді: микро орта - ең жақын адамдар, отбасы, мезо орта - мектебі, ауылы, қаласы, макро орта - мемлекет, қоғам, мега орта - бүкіл әлем, космос. Табиғат, климат та адамның қалыптасуына белгілі бір дәрежеде әсер етеді.
Осы үш фактордың ішінде тәрбие ең маңызды болып есептеледі. кең мағынада тәрбие дегеніміз қоғамдық құбылыс, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан тәжірибе. Шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
Адамның дамуы мен қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялық көзқарастар бар.
а) Платон мен Аристотель - алдын ала тағдыр белгілеген табиғаттың заңы;
ә) Преформизм - баланың барлық қасиеттері анасының құрсағында жатқанда пайда болады (Америка психологы Э.Торндайк);
б) Экзистенциализм - туа пайда болатын инстинкт (Америка философы, психолог Д.Дьюи);
в) Алғашқы гуманистер - әлеуметтік жағдайға байланысты (Т.Мор, Т.Кампанелла);
г) Қиялшыл социалистер - білім мен тәрбиеге байланысты (Ш.Фурье, Р.Оуэн, Сен-Симон);
ғ) К.Маркс, Ф.Энгельс - жан-жақты дамыту, тәрбиелеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет