Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 3. Қазіргі педагогиканың әдіснамасы. Философиялық заңдар, заңдылықтар



бет3/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 3. Қазіргі педагогиканың әдіснамасы. Философиялық заңдар, заңдылықтар
Мақсаты: ғылым әдіснамасы, педагогиканың әдіснамалық негіздері туралы түсінік беру. студенттердің болашақ маман ретінде қалыптасуында зерттеу жұмысының маңызын көрсету, ғылыми-зерттеу мәдениеттерін қалыптастыру.
Жоспар:
1. Педагогиканың әдіснамасы туралы түсінік
2. Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық проблемалары
3. Педагогикалық зерттеудің құрылымы
4. Болашақ маманның ғылыми-зерттеу мәдениеті
Негізгі ұғымдар: әдіснама, педагогикалық зерттеу, зерттеу проблемасы, зерттеудің құрылымы.

Ғылым әдіснамасы бұл - табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болған, әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндірмесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы. Ұзақ уақыт философияның бір бөлігі болған педагогика екі негізгі философиялық әдіснама, идеалистік және материалистік тұжырымдамаларға арқа сүйеп дамыды және қазір де дамып отыр. Ғылыми методология (әдіснама) өзіне барлық зерттеу әдістерін қамтиды. Ғылыми методология әдістерді таңдауды, оларды ұштастыруды, әрбір әдісті жинақтауды анықтайды, зерттеу нәтижелерін салыстыру мен оларға баға беруді белгілейді.


Педагогикалық зерттеудің бес кезеңі бар:

  1. Диагностикалық кезең - мәселенің пайда болуы мен қазіргі кездегі жайы анықталады;

  2. Прогностикалық кезең - зерттеу пәні мен обьектісі анықталады, гипотеза қойылады;

  3. Ұйымдастыру кезеңі - зерттеу мерзімі, базасы анықталады;

  4. Практикалық кезең - эксперимент жүргізіледі;

  5. Қорытынды кезең - нәтижені талдау, безендіру;

Қазіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау жалпы білім беру жүйесіне, мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Бұл орайда, болашақ маман-педагогтардың кәсіптік деңгейін арттыруға қойылатын талап, олардың жалпы педагогикалық және арнаулы білімі мен қабілет сапасын заман талабына сай жан-жақты жетілдіру айрықша маңызға ие болуда. Болашақ мамандар алған білімін жадында сақтаумен қатар, шығармашылық қызметке, кеңінен ойлауға қабілетті болулары тиіс. Алайда, қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оқу орнын бітірген жас мамандардың кәсіптік міндеттерді шеше білуге бейімділігі, шығармашылық ізденісінің аздығы жиі ұшырасады.
Оқытушының бағыттаушы ролі арқасында студенттердің білімді игеруге бағытталған, әрі қарай өз бетімен білім алуды қажетсінуі, өз бетімен және шығармашылық түрде ойлауы қалыптасады. Болашақ мұғалімдердің теориялық білімінің жоғары деңгейіне, танымдық ізденімпаздығына, шығармашылыққа ұмтылуына, мәдениеттілігіне дұрыс ұйымдастырылған оқу жұмысы мен аудиториядан тыс жүретін өзіндік жұмыс арқылы қол жеткізуге болады.
Студентердің өзіндік жұмысы әрі күрделі, әрі жан-жақты. Ол оның танымдық іс-әрекеттерінің барлық жағын қамтиды: жүйелі түрде оқылатын лекция курсын тыңдау және лекция материалдарын толықтырудан бастап, курстық және дипломдық жұмыстарды дайындап қорғау, керекті әдебиеттерді іздеп табу мен оларды зерттеу, проблемаларды қоя білу мен оларды шешуге дейін. Білікті маманның сипаты оның жалпы білімінің ауқымынан ғана емес, сол білімді зерттеу әдістеріне пайдалана білуінен, алға қойған міндеттерді өздігінен шеше білу қабілетінен көрінуге тиіс. Сондықтан педагог студенттерге білім берумен қатар, оларды өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеуі қажет. Студенттердің танымдық ізденімпаздығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығы мен белсенділігін тәрбиелеу - негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

  • Студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу оқу орнындағы алғашқы күндерден басталғаны дұрыс. Ғылыми жұмыстың қажеті қанша? Бәрібір ғалым болмаймыз деген сұрақ студентте тууы мүмкін. Бұл, әрине, солай. Студенттердің бәрі болашақта ғылыми жұмыспен айналысып, ғалым болмауы мүмкін. Бірақ ғылыми жұмыспен айналысу маманның толық қалыптасуына әсер етеді. Ғылыми жұмыспен айналысқанда адам ғылымның әдіс-тәсілдерін меңгереді, ғылыми тұрғыдан ойлау білімді терең игеруге көмектеседі, дүниеге деген ғылыми көзқарасты қалыптастырады, құбылыстардың заңдылығын анықтауға үйретеді. Бұл кез келген маманға қажет. Студенттердің орындайтын негізгі ғылыми жұмыстарының түрлері мынадай: реферат, баяндама, курстық және дипломдық жұмыстар.

Көлемі мен күрделілігіне қарай 1-курстағылар реферат, баяндама жазудан бастап, соңғы курстарда курстық және дипломдық жұмыстар орындайды. Алайда студенттердің көпшілігі реферат пен баяндаманың айырмашылығын біле бермейді.
Баяндама - белгілі тақырыптың мазмұнын көпшіліктің алдында толық баяндау. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспеде баяндаманың тақырыбы, қарастырылатын мәселенің маңыздылығы айтылады. Негізгі бөлімде материал жүйелі, дәлелді түрде, бірізділікпен баяндалады. Ал баяндаманың қорытынды бөлімінде қарастырылған мәселенің шешілу жолдары, ұсыныстар, қорытынды жасалады.
Ал реферат (латынша refferre - хабарлау) - белгілі бір ғылыми материалды жазбаша түрде жеткізу. Реферат студенттің бірнеше ғылыми жұмыстарды, әдебиеттерді зерттеуінің нәтижесін көрсетеді. Рефераттың нақты құрылымы болады: жоспар, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Кіріспеде тақырыптың маңыздылығы айтылады. Негізгі бөлімде кітаптың негізгі мазмұнын ашады. Алайда рефератта қорытынды бөлім міндетті
Курстық жұмыс - оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің ғылыми зерттеу жұмысы. Ол ғылыми жетекшінің басшылығымен дайындалып, берілген талаптарға сәйкес безендіріліп, соңында қорғалады. Курстық жұмыстың тақырыбы мен жетекшіні студент өзі таңдайды. Курстық жұмысты дайындау барысында студент тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттермен жұмыс істейді, өзінің зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Курстық жұмысты қорғауда студент тақырыбы бойынша 10 минуттық тезис жасайды. Онда жұмыстың тақырыбын, мақсатын, теориялық негіздерін, қорытындысын баяндайды. Қорғау жетекшілерден құралған комиссияның алдында өтеді. Қорғауға басқа студенттер қатыса алады.
Дипломдық жұмыс курстық жұмысқа қарағанда көлемді, әрі студенттің ғылыми проблеманы шешуге қосқан үлесін көрсетеді. Дипломдық жұмыс мемлекеттік емтихан комиссиясының отырысында қорғалады. Қорғауға тілек білдірушілер қатыса алады. Дипломдық жұмысқа міндетті түрде рецензия жазылады. Дипломдық жұмыс қорғау мынадай ретпен жүреді: алдымен студент дипломдық жұмыстың тақырыбы, мақсаты, зерттеу әдістері, қорытынды жайлы 15-20 минуттық хабарлама жасайды. Одан кейін ғылыми жетекші студенттің зерттеу қызметі туралы, сосын рецензент жұмыстың жетістігі мен кемшілігі туралы айтады. Одан кейін дипломдық жұмысты қорғаушы студент сұрақтарға жауап береді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары кезінде оқу және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу қажеттілігі пайда болады. Әдебиеттермен жұмыс істеу төмендегідей схема бойынша жүреді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет