Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 6 Оқушылардың жас ерекшелік кезеңдері



бет9/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 6 Оқушылардың жас ерекшелік кезеңдері
Мақсаты: тәрбие барысында баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескерудің қажеттілігін түсіндіру.
Жоспар:
1. Жас ерекшелігі жайлы түсінік
2. Ғылымдағы жас кезеңдеріне сипаттама
3. Акселерация құбылысы
4. Тәрбиеде дербес ерекшеліктерді ескеру
Негізгі ұғымдар: жас және дербес ерекшелік, темперамент, жас кезеңдері, акселерация.
Балалардың жас ерекшеліктерін ескеру - оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі принциптердің бірі. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай мектептің ішкі ережесі, сабақ және тәрбие жұмыстарының кестелері, оқу жоспарлары мен бағдарламалары жасалынады.
Жас кезеңдері жеті сатыдан тұрады:
1. Жаңа туған бала (туғаннан 1-2 айға дейін).
2. Нәрестелік шақ (1-2 айдан 1 жасқа дейін).
3. Ерте сәбилік шақ (1-3 жас).
4. Мектепке дейінгі балалық шақ (4-7 жас).
5. Бастауыш мектеп шағы (7-11 жас).
6. Жеткіншек шақ (12-15 жас).
7. Жасөспірімдік шақ (16-18 жас).
Акселерация - баланың дене және психикалық дамуының тездеуі. Бұл құбылыс ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында байқалды. Бұл жан-жақты зерттеуді талап ететін құбылыс.
Зерттеулерге қарағанда 13 жастағы акселераттардың өз құрбыларына қарағанда бойы 6-7 см-дей биік, салмағы 6-7 кг-дай артық болса, 16 жастағылардың бойы 15-20 см-дей биік, ал салмағы 15-16 кг-дай артық болады. Алайда бұл балалардың денесінің дамуы мен жыныстық жетілуі тездегенімен, олардың психикалық дамуы құрдастарымен бірдей болады. Әрі күні бұрын жетілген организм түрлі ауруларға төзімсіз келетіні анықталды.
Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау, мінез-құлық, темперамент, т.б. қасиеттер жатады. Психологияда темпераменттің төрт түрі бар: холерик, сангвинник, меланхолик, флегматик. Күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушылардың осы ерекшеліктерін ескеріп отыру маңызды. Холерик - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті тұрақты. Ол белсенді, істі тез бастап, тез аяқтайды, бірақ шыдамсыз, ашуланщақ болады. Тәрбие барысында холериктерді өзін ұстауға, шыдамдылыққа тәрбиелеу керек. Сангвинник - эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Ол іске тез кіріскенімен. қиындық кездессе бастаған ісін аяқтамайды, уәде бергіш. Сангвинниктерге тапсырма бергенде үнемі қадағалап, тексеріп отырса, ол істі соңына дейін жеткізеді. Флегматик - эмоциялық қозуы әлсіз, күшті, тұрақты. Флегматиктер өз-өздеріне сенімсіз, істі баяу бастайды, ұзақ бірақ тиянақты орындайды. Тапсырма бергенде флегматиктердің өз күшіне деген сенімділіктерін туғызу керек. Меланхолик - эмоциялық қозуы баяу, әлсіз. Олар момақан, тұйық, жасқаншақ, көбінесе оңаша болғанды ұнатады. Меланхоликтерге топпен бірге орындайтын тапсырмаларды беріп, оларды белсенділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеген дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет