Лекция Адам туралы ғылымдар жүйесіндегі педагогиканың алатын орны. Педагогика пәні мен міндеттері, негізгі категориялары


Лекция 8 ТПП заңдылықтары мен принциптері



бет11/47
Дата28.01.2024
өлшемі0.49 Mb.
#490087
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47
дәрістер (1)

Лекция 8 ТПП заңдылықтары мен принциптері.
Жоспар:

  1. Заң және заңдылық туралы түсінік

  2. ТПП заңдылықтары мен заңдары

  3. ТПП принциптері

Әр ғылымда қалыптасқан обьективті шындық заң деп аталады. Заңдар сол ғылымның теориясын құруға көмектеседі. теорияға категориялар, заңдар, заңдылықтар жатады. Педагогикалық заңдар педагогикалық процеспен байланысты. Пед. заңдар ХХғ. 20-шы жылдарынан бастап зерттелді. Заңдылықтар ТПП бөліктерінің ішкі және сыртқы байланыстарын құрайды. ПП-тің заңдары мен заңдылықтары принциптерде жүзеге асады. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Заңдар, заңдылықтар және принциптер өзара байланыста болады.


Лекция 9 Тәрбиенің мақсаты. Педагогикалық ой пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Мақсаты: тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, тәрбие әдістері жайлы әр түрлі пікірлерді салыстыру, анықтама беру, тәрбие әдістерінің түрлеріне сипаттама беру, оларды таңдау шарттарын түсіндіру.
Жоспар:

  1. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері.

  2. Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты

  3. Тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері



Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, жалпы адамзаттық мәдениет, жеке тұлғаны әлеуметтендіру және дербестендіру, жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту, тұлғаның шығармашылық мүмкіндігі,
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.
Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері:
а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу;
ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру;
б) кәсіптік бағдар беру;
Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, «Білім туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс. Ерекшеліктері: көпфакторлы процесс, ұзақ, үзіліссіз, комплексті, нәтижесінің бірмәнді және анық болмауы, екіжақты.
Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары:
1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы;
2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;
3) Іс-әрекеттің маңызы;
4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;
5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы;
«Принцип» сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиеші тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады.
Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет