Лекция Философияның пайда болуы және дамуы- 4сағат. 1-2 апта


Лекция 10 Еркіндік философиясы 2 сағат- 10 апта



Pdf көрінісі
бет61/81
Дата21.11.2022
өлшемі3.51 Mb.
#465335
түріЛекция
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81
darister 1-15

Лекция 10 Еркіндік философиясы 2 сағат- 10 апта 
Жоспар
1.Адам, ерiк және сезiм қысымы( аффект ) мәселелерi
2. Ерік мәселелерінің аспектілері 
 


Б.Спинозаның ойынша, адам табиғаттың ажырамас бiр бөлiгi, олай болса, ол толығынан 
табиғат заңдылықтарына тәуелдi. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын 
болса, адам арқылы табиғаттың екiншi ойлау қасиетi өзiнiң көрiнiсiн табады. Бiрақ, адамның 
дене құрылысы толығынан табиөатқа бағынады. Сезiмдiк идеяларда да адамның денелiк, 
табиғи жақтары басым болады. Ал адамның жан-дүниесiнiң өзiнен шығатын идеялар, егер 
олар сезiмдiк танымнан анағұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза ,ақиқатты. Оның 
ойынша, “дене жан-дүниенi ойлауға итере алмайды, ал жан да дененi қозғалтып, иә болмаса 
тұрақтата алмайды . Яғни субстанцияның бұл екi қасиетi бiр-бiрiмен қатар өмiр сүрiп 
отырады.
Адамның жан-дүниесiнде бiр-бiрiнен бөлек неше-түрлi идеялар болғаннан кейiн, онда сую, 
керек қылу, ерiктiктi аңсау сияқты күрделi құбылыстар болуы мүмкiн емес дейдi Б.Спиноза. 
Табиғаттың ажырамас бөлiгi ретiнде адам бүкiл дүниелiк шытырман қарым-қатынастарға 
кiредi. Соның iшiнде ол ең алдымен өзiн сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзi оның неше-
түрлi сезiмдерi мен iңкәрларын тудырады. Оны философ аффектiлер (сезiм қысымы) дейдi. 
Олардың iшiндегi ең негiздiлерi - құштарлық (appetitus)- ол дененi сақтап қалу жолында пайда 
болады. Жан-дүние саласына кiрiп құштарлық iңкәрлiкке (cupiditas) айналады. Тағы екi күштi 
сезiм - ол қуаныш пен қайғы (laetitia & tristitia).
Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсап, барлық дұрыс емес iс-әрекеттер 
танымдағы қателiктермен байланысты деп есептеген. Адам өзiн қоршаған жағдайларды дұрыс 
түсiнсе, онда ол өзiнiң iс-әрекетiнде қаталаспайды, өзiн бақытты сезiнедi, бiрақ ол басқаларға 
бақытсыздық болып көрiнуi де мүмкiн.
Ойшыл Дүниедегi ең жоғарғы игiлiк - ол Құдайды танып-бiлiп оған деген зерделiк 
(интеллектуалдық) махаббат деңгейiне көтерiлу дейдi. Ал Құдайдың субстанция мен 
табиғатқа тең екенiн есiмiзде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы 
(көрiнiсi) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолына түсiп дүниетануы оның 
жүрегiнде бақыт сезiмiн тудырып, оны ләззатқа жетелейдi. Ерiктiк мәселесi  
И.Канттың ойынша, адам ерiктi түрде категорикалық императивтiң талаптарын мүмкiндiгiнше 
толық орындауы керек. Зорлықтың негiзiнде атқарылатын моральдық императивтер жоқ. 
Бiрақ, бұл теорияда ғана. Ал, нақтылы өмiрде, құбылыстар әлемiнде, адам көбiнесе 
гипотетикалық императивтермен кездеседi. Бұл жағдай оның жан-дүниесiнде үлкен 
қайшылықтарды тудырады.
Бұл қайшылықты шешу жолында И.Кант категорикалық императив шынайы өмiрде 
толығынан емес, тек соның талабына шексiз жақындау арқылы шешiледi деген пiкiр айтады. 
Ал мұндай жағдайда адам бақытқа жете ала ма?,- деген сұраққа ол былайша жауап бередi : 
“Мораль - бiз өзiмiздi қалайша бақытты қылуымыз керек жөнiндегi iлiм емес. Ол бiз қалайша 
бақытқа сай болуымыз керектiгiн көрсетедi .
Бақытты адам деп бiз өмiрден ләззат алғанды, иә болмаса барлық нәрсе соның еркi мен тiлегi 
арқылы орындалғанды емес, тек қана өзiнiң өмiрдегi парызын орындап, iс-қимылына қанағат 
еткендi айтамыз,- деп қорытады ұлы ойшыл.
И.Канттың ойынша, ешкiм және ешқашан тек қана парыз идеясының негiзiнде өмiр сүре 
алмайды. Жоғарыдағы айтқандай, тек қана трансценденттiк шексiздiктiң аясында ғана 
категорикалық императивтiң толық орындалуына үмiт артуға болады. Сондықтан, адамның 
жан-дүниесiнiң өлместiгi болуы қажет. Мiне, бұл практикалық зерденiң екiншi тұжырымы.
И.Канттың ойынша, тарихи, ғасырлар өткен сайын адамзаты моральдық идеалға жақындай 
түсуде, әсiресе, болашақ “этикалық мемлекет орнаған кезде бұл процесс тездеуi мүмкiн. Ал, 
бiрақ, трансценденттiк жағдайда идеалға жақындап жету басқаша болмақ, өйткенi адам 
өлместiк сатысына көшедi.


Жiгердiң ерiктiгi мен жан-дүниенiң өлместiгi үшiн қажеттi түрде белгiлi бiр онтологиялық 
(болмыстық) негiз керек. Ең болмағанда логикалық түрде адам Дүниеде құдiреттi күштiң бар 
екенiн мойындауы керек. Олай болса, мұндай негiз деп тек Құдайды атауға болады. Құдай, 
сондықтан, бар және болуы қажет.  
И.Канттың ойынша, Құдайға сенбеушiлiк адамдардың моральдық деңгейлерiн күрт 
төмендетер едi, олар табиғаттан әлсiз және жетiлмеген болып жаратылғаннан кейiн күнәға 
батып адамдық қасиеттерiнен жұрдай болуы мүмкiн. Сонымен, И.Кант “Мен не нәрсеге 
үмiттене аламын?,- деген сұраққа - “Дiни сенiмге ,- деп жауап қайтарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет