Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет15/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Сілтеуіш (Проводник) Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған. Сілтеуіштің негізгі жұмыс өрісі екі тақтадан (кейде үш) тұрады. Оң тақтада, орналасуы мекен-жай жолында көрсетілген, буманың құрылымы шығады. Осы тақтадағы буманы тышқанмен екі шертсе, онда бума ашылып, онын құрылымы осы тақтада көрсетіледі. Сол жақ тақтада бумалар деңгейлерінің иерархиялық құрылымы көрсетіледі. Бума есімі алдындағы "+" белгісі, бумада ендірілген бумалар бар екендігін көрсетеді. Осы буынды тышқанмен шертсе, бума ашылады да, онда ендірілген бумалар көрсетіледі, ал буын белгісі "-" ауысады. Бұл белгіні шертсе, буын бұрынғы қалыпқа келіп, бума жабылады. Егер сол жақ тақтадағы буманы шертсе (белгілесе), оның құрылымы толығымен оң жақ тақтада көрсетіледі. Сілтеуіш программасындағы негізгі жылдам шақыру батырмалары:



CTRL + Z – болдырмау
CTRL + X- кесіп алу



CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V- қою
CTRL + А- бәрін белгілеу

WordPad мәтіндік редакторы.
Word Pad– редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді. Алайда кейінгі шығып жатқан маман дандырылған мәтіндік редакторға қарағанда оның мүмкіндігі төмендеу болып келеді. Мәтіндік редактор WordPad, барлық мәтіндік редактор сыяқты мәтіндік құжаттарды кұруға, өңдеуге және қарастыруға арналған. Блокнот редакторымен салыстырғанда тағы да бір маңызды функцияны - құжатты форматтауды жүргізе алады. Құжатты форматтау ол - шрифтердің бірнеше түрін қолдану, мәтіннің шеттерін теңестіру, құжатқа басқа табиғатты объектіні (мысалы, сурет) енгізу, ағып өту мүмкіндіктерінің болуы. WordPad құжаттарға өз бетімен PTF кеңейтуін береді. Сонымен қатар WordPad МS DOS мәтіндік форматымен және Unicode мәтіндік форматтарымен жұмыс істей алады және осы форматтарда сақтай алады. WordPad программасы кұрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде ғана емес, қолданба-қабылдаушы ретінде де пайдаланылады, қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді және ОLЕ объектілерді ендіру және байланыстыру технологияларын қолдануға мүмкіндік береді. WordPad мәтіндік редакторында пернетақта арқылы басқару жүргізу үшін мына жылдам шақыру батырмаларын қолдануға болады:

CTRL + N – кұру
CTRL + O- ашу
CTRL + S- сақтау
CTRL + P –басу
CTRL + Z – болдырмау

CTRL + Y- қайталау CTRL + X- кесіп алу
CTRL + C – көшірме алу
CTRL + V – қою
CTRL + F – табу
CTRL + Н- алмастыру (ауыстыру)
CTRL + А – барлығын белгілеу





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет