Word терезесінің элементтері:
1 -тақырып жолы, 2- негізгі мәзір, 3-аспаптар панелі, 4-форматтау панелі, 5-көлденең сызғыш, 6-құжат терезесі, 7-тік сызғыш, 8- құжат пішінінің режим түймелері, 9-қалып күй жолы.
Word редакторының мәзірі
Файл –файлдармен жұмыс істеу мәзірі
Құру… - жаңа файл құру
Ашу…- сақтаулы файлды ашу
Жабу…- құжатты жабу
Бет параметрлері – басып шығу үшін бет параметрлерін (жоғару, төменгі, оң жақ, сол жақ бос аралықтар ұзындығын және т.б. орнату)
Басылымды алдын ала көріп шығу- құжаттың басылып шығатын үлгісін алдын ала экранда көріп шығу.
Басу – Құжатты басып шығару
Шығу- программадан шығу
Қасиеттер – файл жөнінде мәлімет, т,б,
Редакциялау (Правка)- Құжатпен жұмыс істеу мәзірі
Бұзу- берілген команданы алып тастау (болдырмау).
Кесіп алу- таңдалған үзіндіні буферге көшіріп, өзін өшіру.
Көшіру- таңдалған үзіндінің көшірмесін буферге енгізу.
Кірістіру- буферден кірістіру.
Тазалау- таңдалған үзіндіні өшіру.
Бәрін ерекшелеу- құжатты ерекшелеу.
Өту…- белгілі бетке тез өту.
Сыртқы түр (Вид)- экранға шығару мәзірі
Аспаптар панельдері- аспаптар панелін экранға шығаруды басқару.
Сызғыш- көлденең сызғышты қосу, жасыру.
Колонтитулдар- сұхбаттық терезеде шыққан жақтауға колонтитул енгізу.
Сілтемелер… - сұхбаттық терезедегі терминдерге түсіндірмелік.
Масштаб- құжатты масштабтау.
Кірістіру (Вставка)- құжатқа кірістіру мәзірі
Бет нөмірлері…- бет не бет нөмірлерін орнату.
Мезгіл және уақыт- курсор орналастырылған орынннан бастап күнтізбелік уақытты кірістіру.
Өріс…- құжат беттеріне өрістерді кірістіру.
Символ… - пернтақтада жоқ математикалық және т.б. символдарды кірістіру.
Достарыңызбен бөлісу: |