Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет14/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Стандартты Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі класс оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятор болып табылады. Программаны іске қосу үшін: Іске қосу –Программалар-Стандартты –Калькулятор командалар тізбегін орындау керек.
Программа екі режимде жұмыс істейді:

  • Стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим;

  • Ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі.

Есептеуге қажет сандар "тышқанмен" немесе пернелер көмегімен енгізіледі. Енгізілген цифрлар мен де есептеулер нәтижелері индикаторда бейнеленеді.
Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір мен кері шаманы табудан басқа оның жады мен келесі әрекеттерді орындауға болады:
ЗП-индикатордағы санды жадқа жазады;
П+-жадтағы санға индикатордағы санды қосады;
ИП-жадта сақталған санды индикаторға шығарады;
ПО–жадты тазалайды.
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді. Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту, = - есептеуді аяқтау) батырмаларымен қатар, мынандай батырмалар бар:
С - жаңа есептеуді бастау
СЕ - терілген санды алдындағы арифметикалық амалмен бірге өшіреді,
МС - жадыдағы санды өшіреді,
МК - жадыда сақталған санды индикаторға шығарады,
МS - калькулятор индикаторындағы санды жадыға жібереді,
М+- индикатордағы санда жадыдағы санмен қосып, қосындыны жадыда сақтайды,
Васкsраsе - кейінгі терілген цифрды өшіреді. Стандартты калькуляторда бір жадылық регистр бар. Калькулятордың жадысында сан бар екендігін жоғарғы сол жақ бұрышта "М" әріпінің пайда болуы көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет