Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет16/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Бақылау сұрақтары

  1. Жүйелі қораптың компоненттерін атаңыз.

  2. Аналық тақшаны сипаттаңыз.

  3. Разрядтылық деген не?

  4. Такт жиілігі деген не?

  5. Жедел жадыны сипаттаңыз.

  6. Енгізу-шығару порттарын сипаттаңыз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. О.Сейітқұлов Есептеуіш жүйелер, желілер және телекоммуникациялар. Оқу құралы-Шымкент, 2012 (50д)

  2. Медетбекова Р. Информатика. Оқулық-Шымкент-2011 (20д)

  3. О.Ибрагимов WEB бағдарламалауға кіріспе. Оқу құралы-Шымкент, 2015 (30д)

  4. Зәуірбеков Н. Алгоритмдеу және программалау негіздері. Оқулық –Қарағанды, 2014 (15д)

  5. Соммервиль И. Бағдарламалық жасақтама. 1-бөлім. Оқулық-Алматы, 2013 (10д)

  6. Алдажаров Қ. Компьютерлік желілер. Оқу құралы-Алматы, 2010 (10д)

  7. Таненбаум Э. Компьютерлік желілер. Том-1. Оқу құралы-Алматы, 2013 (10д)

  8. Беркімбаев К. Информатика. Оқулық-Алматы-2010 (12д)

  9. Королева Н. Информатика. Оқулық-Алматы-2012 (10д)

Лекция №5


MS WORD мәтіндік редакторы туралы мағлұмат.

1. Жалпы түсінік
2. Word редакторының мәзірі
3. Word редакторында құжат құру
4. Word редакторында құжатты сақтау
5. Word редакторында құжатты ашу

Microsoft Word for Windows (Windows жүйесіндегі Word) – дүние жүзі елдеріне кең тараған мол мүмкіндікті мәтіндік редактор. MS WORD редакторы - текстік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған WINDOWS жүйесінің қосымша программасы. Ол текстік және графиктік мәліметтерді өндеу барысында жүзден аса операцияларды орындайтын ең кең тараған текстік редакторлардың бірі. Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез-келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді.


WORD редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал -макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады. Оларды көбейте отырып тарату мүмкіңдіктері де толық қамтылған.
Редактордың алғашқы нұсқасы Winword 2.0 атауы бойынша тоқсаныншы жылдардың бас кездерінде жарыққа шыққан болатын. Соңғы жылдары оның Word 6.0, Word 97, Word 2000 атаулы нұсқалары пайда болды. Көп жағдайларда Word 6.0-мен жұмыс істеу жеткілікті, тіпті оның көптеген мүмкіндіктері пайдаланыла берілмейді де. Бірақ Word 97 редакторымен жұмыс істеу жолы одан да ықшамды. Мұнда құжаттың абзацтарын, беттерін форматтау, кесте сызу және құжатты басып шығару әдістері жетілдірілген. Оның баспа жүйелерінде бірнеше бағандық материалдарды дайындау форматын құру мүмкіндігі де бар. Редактор құрамына графикалық кескіндер салуға, қателерді автоматты түрде жөндеуге, математикалық және т.б. пернетақтада жоқ символдарды құжатқа енгізуге арналған қосымша программалар да енгізілген. Word- көп терезелі редактор. Word іске қосылған кезде оның негізгі терезесінің үстіне мәтінмен жұмыс істеуге арналған “Құжат1” атаулы ішкі терезе орналастырылып қойылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет