Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Лекция № 4 Windows-тың стандартты программалары



бет13/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Лекция № 4

Windows-тың стандартты программалары




1. Windows- тың негізгі ұғымдары
2. Windows –тың стандартты программалары
3. Блокнот.

Блокнот-кішігірім мәтіндік файлдар мен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.


Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді. Бұл программаны іске қосу үшін
І ске қосу Программалар Стандартты Блокнот - командалар тізбегін орындау керек.
Блокнот мәтінді форматтамай (шрифтін өзгертпей, безендірмей) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дискіде сақтайды. Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем арқылы жіберілетін мәтінді дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын программа екеніне көзіміз жетеді. Блокнот тек бір ғана шрифт түрін (жүйелік шрифт) ғана пайдаланады. Мұнда мәтін фрагменттері мен жұмыс істеу ісі, керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.

Блокнот программасы қарапайым мәтіндік редактор болып табылады. Ол АNSI форматтағы, яғни форматы жоқ, мәтіндік құжаттарды дайындауға және өңдеуге арналған. Мұндай формат қызметтік файлдарға, мысалы АutoЕХЕС. ВАТ және ІNI кеңейтулі файлдар, беріледі. Блокнота мәтінді өңдеуге қажетті әрекеттердің ең аз мөлшері қолданылады. Бұл программаның негізгі қасиеті оның өте жылдам жұмысқа қосылуы және жұмыс істеуі. Бұл ортада кұрылған файлдарға tхt. кеңейтуі беріледі. Блокнот программасы құрамды құжаттарды дайындауда қолданба-көз ретінде пайдаланылады және қолданба программалар арасында деректер алмасуды алмасу буфері арқылы жүргізеді. Көптеген әрекеттерді пернетақтаны жылдам шақыру батырмаларын басу арқылы орындатуға болады:

CTRL + N – құру CTRL + Y- қайталау CTRL + Н –алмастыру (ауыстыру)
CTRL + O - ашу CTRL + X-кесіп алу CTRL + G - өту
CTRL + S - сақтау CTRL + C – көшірме алу CTRL + A - барлығын белгілеу
CTRL + P – басу CTRL + V – қою
CTRL + Z – болдырмау CTRL + F - табу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет