Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


Менің компьютерім көмегімен бумалар құру



бет31/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

3. Менің компьютерім көмегімен бумалар құру Менің компьютерім терезесінде мәзір қатарынан Файл-Құру-Бума командасын таңдаңыз. Буманың жаңа атауы Самал2-ні енгізіп пернесін басыңыз. Самал2 бумасын ашыңыз. Файл-Құру-Бума командасын таңдаңыз. Буманың жаңа атауы Самал3 енгізіңіз. Самал3 бумасы Самал2 бумасының ішкі бумасы болып табылады. Менің компьютерім терезесін жабыңыз.
4. Бірнеше файлдарды немесе бумаларды ерекшелеу Бірінші файл немесе буманың белгішесін шертіңіз (таңбашаны басқаннан кейін ол ерекшеленеді). Пернетақтадағы пернесін басып жібермей ерекшелеу қажет болған соңғы файл немесе бума таңбашасын сілтемемен шертіңіз. Тізімдегі барлық элементтер ерекшеленеді.
5. Кез-келген файлдардың немесе бумалардың тобын ерекшелеу Файлдардың немесе бумалардың кез-келген тобын ерекшелеу үшін пернесін басып жібермей ерекшелендіру қажет. Тышқан сілтемесін апарып сол жақ батырмасын шерту арқылы жүзеге асыруға болады. Менің құжаттарым бумасын екі рет шерту арқылы ашыңыз. пернесін басып тұрып, осы терезедегі керекті файлдар мен бумаларды тышқан көмегімен таңдаңыз. Ерекшелеуді болдырмау үшін Сілтеуші немесе Менің компьютерім терезесінің кез-келген жеріне тышқанның сол жақ батырмасын бір шерту керек.
6. Файлдар мен бумаларды жылжыту және көшіру Жылжыту және көшіру бұйрықтарының ерекшеліктері. Файлдар немесе бумаларды жылжыту барысында олар бұрынғы орыннан өшіріліп жаңа орында пайда болады. Ал файлдарды немесе бумаларды көшіру барысында, олардың түпнұсқасы қалып, көшірмесі жаңа орынға қойылады.
Файлдар және бумаларды көшіру
Тышқан көмегімен көшіру: Сілтеуші немесе Менің компьютерім-ді ашып, Менің құжаттарым бумасын ашыңыз. Көшіру қажет файлды немесе буманы ерекшелеңіз. пернесін басып жібермей ерекшеленген файлды немесе буманы тышқан көмегімен Самал1 бумасына апарыңыз. Тышқан батырмасын және пернесін жіберіңіз. Осы іс-әрекеттен кейін сіздің файлыңыз немесе бумаңыз Самал1 бумасына орналасады.
Пернетақта көмегімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлдарды тауып, көшіру қажет файлдар тобын таңдап ерекшелеңіз. Түзету-Көшіру (Правка-Копировать) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ерекшелеңіз. Түзету-Енгізу (Правка-Вставить) командасын таңдаңыз. Самал2 бумасын ашып, сіздің файлдарыңыз осы бумада екеніне көз жеткізіңіз.
Аспаптар панеліндегі белгішелердің көмгімен көшіру: Кеңейтілуі «.doc» файлын ерекшелеңіз. Аспаптар панеліндегі Буферге көшіру пиктограммасын басыңыз. Содан кейін Самал1 бумасын ашып, Енгізу пиктограммасын басыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет