Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»



бет57/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

Outlook Express программасы бірқатар стандартты бумалардан тұрады (11-сурет) және қажетті буманы ашу үшін буманы белгілеп алып, тышқанның сол жақ батырмасын үздіксіз екі рет шерту керек.

11-сурет. Outlook Express программасы.
Сұхбаттық терезе мына бумалардан тұрады:
1)Входящие бумасы – қабылданған барлық мәліметтерден тұрады. Бұл мәліметтер жойылғанға немесе басқа бумаға сақталғанға дейін осы бума ішінде болады;
2)Удаленные бумасы – жойылған барлық хабарлар сақталады. Бұл мәліметтерді қайта қалпына келтіруге де болады;
3)Исходящие бумасы – арнаулы адреске салып жіберуге дайын барлық мәліметтер сақталады;
4)Отправленные бумасы – электрондық поштамен жіберілген барлық хабарлардың көшірмесі сақталатын бума. Осы бумалардың ішінде кез-келген хабарламаны оқуға, баспаға жіберуге, жоюға немесе басқа қолданушыға салып жіберуге болады. Жаңадан хабарлама құру үшін СообщениеСоздать сообщение командасын орындаймыз немесе CTRL+N пернелер комбинациясын басамыз (12-сурет).

12-сурет. СообщениеСоздать сообщение командасының
сұхбаттық терезесі.
Экран бетіне шыққан сұхбаттық терезенің жоғарғы бөлігінде хабарлама жіберілетін электрондық адрес, хабарлама көшірмесі және тақырыбы көрсетіледі. Терезенің төменгі бөлігінде хабарлама мәтіні жазылады. Кому... және Копия... бөлімдерінде шексіз түрде адрестерді көрсетуге болады және олар бір-бірінен «;» символы арқылы ажыратылады. Қажетті хабарламаны енгізіп болғаннан соң ФайлОтправить командасын немесе саймандар тақтасындағы Отправить батырмасын басамыз (13-сурет).

13-сурет. Хабарламаны жіберу терезесі.
Жаңадан келіп түскен хабарламалар Входящие бумасында қарайтылған шрифтпен жазылып тұрады. Хабарламаны оқып болғаннан соң кәдімгі шрифтке айналады. Келіп түскен хабарламаға жауап беру үшін СообщениеОтветить отправителю командасын таңдаймыз. Жауапты енгізіп болған соң ФайлОтправить командасын немесе саймандар тақтасындағы Отправить батырмасын басамыз.
Электрондық поштада жұмысты аяқтау үшін ФайлЖабу командасын орындаймыз немесе терезені басқару батырмасындағы Жабу (Х) батырмасын басамыз. Электрондық пошта көмегімен жіберілген хабарлама әлемнің түкпір-түкпіріне бірнеше сағатта жетеді. Қолданушы өз қалауы бойынша адресаттарымен күніне бірнеше рет хабарласуына болады, өйткені пошталық сервер күндіз-түні жұмыс істейді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет