Лекция жинағы Пәні: «Жаңа ақпараттық технологиялар»


HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары



бет58/59
Дата26.09.2023
өлшемі7.95 Mb.
#478719
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Жаңа ақпараттық технологиялар

HTML тілі элементтері. Веб-сайт құру жолдары.

Web-беттің негізгі қызметі – қажетті ақпаратты іздеу, жинастыру және оны экранға шығаруды ұйымдастыру. Web-беттер түрінде дайындалып сақталған электрондық құжаттарға – мәліметтер, графиктер, фотосуреттер жатады. Электрондық құжаттың қарапайым құжаттан айырмашылығы – оның жазылу форматында. Интернетте электрондық құжат құру үшін HTML арнайы тілі пайдаланылады және олар HTML форматында сақталады.
HTML (HyperText Markup Language-гипермәтіндік белгілеу тілі) – қатаң ережелері бар компьютерлік тіл. HTML тілінде құжаттың авторы өз мәтінін тегтер деп аталатын символдар көмегімен арнайы файлға – Web-бетке айналдырады. Web-беттің мазмұны әртүрлі болуы мүмкін, бірақ барлығы да арнаулы HTML тілінде жазылғандықтан бұл құжаттардың кеңейтілмесі .htm немесе .html болып келеді.
HTML тіліндегі құжат – құжаттың негізгі мәтінінен және тегтерден тұрады. Бұл файлды құру үшін қарапайым мәтіндік редактор Блокнотты қолдансақ та болады.
Барлық тегтер «кіші» () символынан басталады да «үлкен» () символымен аяқталады. Бұл символдар жұбын бұрыштық жақшалар деп те атайды. Ашылған бұрыштық символдан кейін тегті анықтайтын өзекті сөздер орналасады. HTML тілінің тегтері құжаттың арнаулы бөлігіне ғана, мысалы, абзацқа ғана әсер етеді. Сондықтан да ашылатын және жабылатынжұп тегтер қолданылады. Ашылатын тег құжаттың бөлігіне қандай да бір әсер береді, ал жабылатын тег осы әсерді доғарады. Жабылатын тегтер – «/» - символымен басталады.


Бақылау сұрақтары:



  1. Турбо Паскаль программалау тілі.

  2. Программалаудың жалпы түрі атаңыз.

  3. Шартты, шартсыз өту, таңдау командаларын түсіндіріңіз.

  4. Паскаль тілінде қайталану (цикл) командасы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет